Әдебиет | Қазақтың ырым тыйым сөздері

 Әдебиет | Қазақтың ырым тыйым сөздері

Тыйым – халықтың тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге, ақыл - кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі. Бұл негізінен балаларға арналған, оларды жаман әдеттен, жат пиғыл, ерсі қылық, әдепсіз істерден сақтандыруда өте үлкен қызмет атқарады. Кейде оғаштау іс істеп қойсақ, үлкен кісілер ылғи да: «Олай істеме, жаман болады» деп атайды. Халық арасында кең тараған осындай тыйым сөздерді зерттей отырып мен олардың жас балаларға арналғандарын жинақтадым. Сонымен бірге мағынасы, тәлім - тәрбиелік мазмұны жағынан бүгінгі заман талабына сай келетінін байқадым. Яғни біз ата - бабаларымыздың даналығы сол – қанша ғасырдан бері тыйым сөздердің мәні өзгермей, қасиеті кетпей бүгінгі заман жастарына беретін өнегесі көп. Ғұлама ғалым Әл - Фараби айтқан «Адамға бірінші білім емес тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген сөздеріне қазақтың тыйым сөздері толық мысал бола алады.

Тыйым сөздердің түрлеріне тоқтала кетсем тәрбиелік мағынасы қарай мына топтарға бөліп қарастырдым.
1. Үй тұрмысына, қоршаған ортаға байланысты
2. Іс - әрекетке байланысты
3. Қыз балаға қатысты
4. Нанға қатысты
5. Бесікке қатысты
6. Ыдыс - аяқ, тағамға қатысты
7. Киім киюге қатысты
8. Жол жүруге байланысты

Ұлттық киімдерге қатысты ырым - тыйымдар
1. Бас киімге қатысты ырым - тыйымдар
2. Сырт киімге қатысты ырым - тыйымдар
3. Той киіміне қатысты ырым - тыйымдар
4. Сәби киіміне қатысты ырым - тыйымдар
5. Аяқ киімге қатысты ырым - тыйымдар
6. Неке киіміне қатысты ырым - тыйымдар
Енді осы аталған тақырыптағы тыйымдарға жеке - жеке түсініктеме бере отырып, оның бүгінгі өмірдегі қажеттілігіне тоқталып кетейін.

Іс - әрекетке байланысты тыйымдар
Үйге қарай жүгіруге болмайды.
Әдетте оқыс оқиға, жамандық болғанда адам үйге қарай жүгіреді. Бұл, біріншіден балаларға жамандық шақырма деген ескерту болса, екіншіден үйде үлкен бар, жүрегі әлсіз адамдар бар, елді үркітпе, қорқытпа дегені.
Қонақ кете салысымен үйді қағып - сілкуге болмайды.
Себебі қонақпен бірге үйге жақсы тілек, ықылас - пейіл келеді. Екіншіден қонақ кете салысымен үйді қағып - сілку әдепке жатпайды. Ойлап қараған адамға бұл сендерден құтылдым ба, жоқ па деген ойға келтіреді.
Саусақ, қолды орынсыз ауызға салуға болмайды.
Әдепсіздік екенін былай қойғанда түрлі ауру шақыратын микробтар ауызға түсіруі мүмкін.
Құран оқығанда күлуге болмайды.
Құран адамға имандылық тәрбие бере отырып, бұл дүниеге қанағатпен қарауға, төзімділікке, пайымдылыққа, мейірімділікке тәрбиелейді. Дүниеден өткен адамдарды еске алып құран оқығанда күлу, сөйлеу, жалаңбас отыру - әдепсіздік.
Аманатқа қиянат жасама.
Бұл біреуге сөз берсең міндетті түрде орындау керек деген сөз. Аманатқа адалдық – адамның биік парасат иесі екендігін көрсетеді.

Қыз балаға қатысты тыйымдар.
Қыз бала шашын жайып жүрмейді.
Ата - баба салтында тек жақыны қайтыс болған әйел ғана шашын жайған. Бүгінгі таңдағы қыз балалардың шаштарын жалбыратып жайып жүргені әдептілік емес. Жиналған, өрілген шаш адамды ұқыпты көрсетеді, әрі жұмысқа да, оқуға да ыңғайлы.
Қыз баласы тамақ дайындағанда басына міндетті түрде орамал байлауы қажет. Өйткені тамаққа шаш түсіп кетуі мүмкін.
Әлем - жәлем киінбе.
Қазіргі таңда қыздарға ішін ашып жүру сәнге айналған. Бұл өте жағымсыз әдет, әрі қыздардың денсаулығына да зиян. Бүйрек аурулары, гинекологиялық аурулар пайда болуы әбден мүмкін.
Қызға қырық үйден тыю.
Қыз бала орынсыз күліп, орынсыз сөйлеп, бейуақытта қыдырмағаны абзал. Өйткені қыз балалар – болашақ аналар.

Бесікке қатысты тыйымдар.
Бос бесікті тербетуге болмайды.
Үйге келген адамға бос бесікті тербету арқылы өзінің ұрпақсыз қалғанын үндемей - ақ білдірген.
Бесікті саудалама
Бұл оның құны жоқ зат екендігін білдіреді. Ал, қазақ халқында бесік ұрпақ жалғастыратын қасиетті бұйым.
Жол жүруге қатысты тыйымдар.
Жолға шығып бара жатқан адамнан «қайда барасың?, қашан келесің?» деп сұрамайды. Бұл адамның көңілін алаңдатып, сәтсіз сапарға ұрындыруы мүмкін. Тек іштей тілектес болып қалуы керек.
Барып, қайтар жолдың уақытын кесіп айтуға болмайды, бұл астамшылық, күпірлік болады. «Алла жазса», «Құдай қаласа», «Барар жердің дәмі тартса» деп нысаппен сөйлеу керек. Қазіргі кезде болып жатқан көптеген автокөлік оқиғалары осындай қарапайым жол жүру қағидаларын ескермегендіктен деп ойлаймын.
Киім киюге қатысты тыйымдар.
Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Аяқ киімді де солай. Бұл тірлігінің барлығы оң болсын деген ниеттен туған.
Киімді желбегей жамылмайды. Себебі қолы жоқ адам ғана киімді желбегей жамылады. Әрі жұмыс істегенде де ыңғайсыздық туғызады.
Бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды. Жақсылықтың барлығы адамның маңдайына жазылады деп есептеледі. Сондықтан бас киімнің орны ерекше. Бас киімді әрқашан таза, ұқыпты ұстап, төрге іледі.
Ыдыс - аяқ тағамдарға қатысты тыйымдар.
Ыдыста беті ашық қалған тағамды жеуге болмайды. Өйткені зиянкестер, жәндіктер түсіп кетуі мүмкін......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру