Медицина | Тағам қауіпсіздігінің адам денсаулығына әсері

 Медицина | Тағам қауіпсіздігінің адам денсаулығына әсері

Мазмұны:
I. Аннотация
II. Кіріспе. «Ас адамның арқауы»
III. Негізгі бөлім
3. 1. ГМО дегеніміз не?
3. 2. ГМО өнімдерінің пайдасы қандай?
3. 3. ГМО өнімдерінің адам денсаулығына зияны қаншалықты?
3. 4. Тез дайындалатын фаст - фуд өнімдерінің адам денсаулығына зияны?
3. 5. Мектебіміздегі оқушылар арасындағы сауалнама қорытындысы.
IV. Ұсыныстар.
V. Қорытынды.
VI. Пайдаланған әдебиеттер.

1. Кіріспе.
Қазіргі таңда гендік инженерия таңқаларлық нәтижеге жетті. Солардың негізгілерінің бірі диагностикалық препараттар болып табылады. СПИД, қант диабетіне шалдыққан ауру түрін, сонымен бірге қатерлі ісік ауруларына қарсы дәрігерлер және 200 жаңа диагностикалық препараттар медициналық практикаға енгізілді. АҚШ - те гендік инженерия әдістерін қолдану арқылы көптеген препараттар жасалды.
Жыл сайын трансгендік ауылшаруашылық дақылдар егістігі жылдам қарқындылықпен арту үстінде. Биотехнологиялық корпороциялар жаңадан ГМО өнімдерін коммерциялық қолдану үшін ұстануда, бұл бәрін корпорацияның жоғары табысқа жетуімен байланысты.
ГМО өнімдерінің экожүйеге тигізер зиянды әсерлерін зерттеп қарастырмай, ондай жұмыстарды жүргізбейтіндіктері әрине алаңдатарлық жайт. Экожүйе күрделі әрі бір - бірімен байланысты қарастыру керек. Бұл зерттеулер қиын, әрі ұзақ уақытқа созылады және әр трансгендік ағза жан - жақты қамтитын ғылыми анализді қажет етеді.
Трансь ұлттық биотехникалық корпорациялар артық шығынға ұшырамас үшін бұл үлкен көлемді зерттеулерді жүргізбей - ақ жаңа ГМО өнімдерін қоршаған ортаға және адам денсаулығына қауіпсіз деп жарнамалап келуде. Ал адам денсаулығы мен өмір сүруі екінші орында тұр.
Жеңіл тағамдардың тарихы ежелгі Римнен белгілі. Ежелгі Римдіктер үйлерінен тамақ пісіріп ішпеген оның есесіне қалаларында жеңіл тағамдар дайындайтын орындар мен базарлар көп болған. Солардың бірі - ашытқыдан дайындалған және зәйтүн майы жағылған құймақтар мен шелпектер. Содан кейін гамбургер сатыла басталды.
Қытайда базарларда тез дайындалатын лапша пайдаланылса, Индияда, Ресейде, әртүрлі шелпектер мен бәліштер таралды.
Фастфуд өнімдері 1920 жылы Америкада шықты. 1921 жылы Канзаста White Castle компаниясы ашылды. Оның негізгі өнімі - гамбургер болды. Гамбургер осы кезде халық арасында кеңінен қолданылды, бірақ оның организмге әсері туралы белгісіз болды.
Қазіргі таңда өзінің жеңіл өнімдерді дайындайтын бірнеше орталықтары бар.

2. 1. ГМО дегеніміз не?
Гендік инженерия медицина, ауылшаруашылығы салаларында пайдалануға өте тиімді. Ғалымдардың пайымдауынша, гендік инженерия халықты азық - түлікпен қамтамасыз ету жағдайын жақсарта түседі әрі климаттық жағдайы нашар аумақтарда егіннің мол шығуына әсер етіп, ауылшаруашылығына пайдаланылатын химикаттар мен су қажеттілігін азайта түседі. Сол себепті әлемнің түкпір - түкпірінде азық - түлікті молынан өндіру үшін гендік - модифицерленген организмдерді қосады. Қазіргі таңда гендік инженерия таңқалалрлық нәтижеге жетті. Солардың негізгілерінің бірі диагностикалық препараттар болып табылады. СПИД, қант диабетіне шалдыққан ауру түрін, сонымен бірге қатерлі ісік ауруларына қарсы дәрігерлер және 200 жаңа диагностикалық препараттар медициналық практикаға енгізілді. АҚШ - те гендік инженерия әдістерін қолдану арқылы көптеген препараттар жасалды. Сол арқылы АҚШ бірнеше млрд. доллар пайда болды.
Жыл сайын ауыл шаруашылық дақылдар егістігі жылдам қарқындылықпен арту үстінде. Биотехнологиялық корпорациялар жаңадан ГМО өнімдерін коммерциялық қолдану үшін ұстануда, бұл бәрін корпорацияның жоғары табысқа жетуімен байланысты.
ГМО өнімдерінің экожүйеге тигізер зиянды әсерлерін зерттеп қарастырмай, ондай жұмыстарды жүргізбейтіндіктері әрине алаңдатарлық жайт. Экожүйе күрделі әрі бір - бірімен байланысты қарастыру керек. Бұл зерттеулер қиын, әрі ұзақ уақытқа созылады және әр трансгендік ағза жан - жақты қамтитын ғылыми анализді қажет етеді.
Ұлттық биотехникалық корпорациялар артық шығынға ұшырамас үшін бұл үлкен көлемді зерттеулерді жүргізбей - ақ жаңа ГМО өнімдерін қоршаған ортаға және адам денсаулығына қауіпсіз деп жарнамалап келуде. Ал адам денсаулығы мен өмір сүруі екінші орында тұр.
70 - жылдардың басында қоршаған ортаға, ауылшаруашылық қожалықтары өнімдерінің осындай формасы негативті әсер ететіндігі анық көрінді. Гендік модификацияға ұшыраған ағзаларға яғни болжам бойынша жер бетінде 2025 жылға дейін, тіршілік ету үшін олардың тағамдық рациондарын жақсарту, толықтыру мақсатында азық - түлік өндірісін екі есеге көбейту керек. Ірі сауда орталықтарының сөрелерінде азық - түліктің сыртқы қабатындағы «Без ГМО» деген жазуды жиі ұшырататын шығарсыз. Бұл жазу азық - түлік ешбір трансгендік қоспасыз өсірілді дегенді білдіреді. Ал бүгінде сапалы әрі зиянды заттардан ада өсімдікті өсіру үшін лабораторияда бар - жоғы бірнеше сағат отырып, трансгендік қоспа қоссаңыз жетіп жатыр. Әлем елдерінде гендік - моди - фицерленген организмдер жиі қолданылады.
Ал Қазақстанда...
Қазақстанда ел аумағында гендік модификацияға ұшыраған азық - түлікті бақылайтын «Гендік инженерия қызметін мемлекеттік бақылау» жөнінде заң жобасы құрылды. Ағымдағы жылдың наурызында аталмыш құжат Мәжілістің қарауына өтті. Заң жобасын Білім және ғылым министрлігі құрды. Әзірге елімізде гендік модификация қызметіне тосқауыл қоятын заңнама жоқ. Кей мамандардың айтуынша, азық - түлік қорабында ГМО қоспасы жөнінде ақпарат берілмегендіктен қазақстандықтар гендік өзгеріске ұшыраған өнімді шамадан тыс пайдаланады. Бұған елімізде трансгендік организмдерді анықтайтын арнайы лабораторияның жоқтығы сеп болып отыр. Егер жоғарыда аталған заң жобасы қабылданса, елімізде құрамында ГМО - сы бар балалар тағамы, өндіріске қажетті қоспаларды дайындауға, импорт пен экспортқа түбегейлі тыйым салынады. Қазақ - станға тек мемлекеттік тіркеуден өткен ГМО - сы бар азық - түліктер ғана кіргізіледі. Мемлекеттік тіркеуден өту үшін ғылыми дәйегі бар дәлелдемелер келтіріліп, ГМО қауіптілігі жан - жақты сарапқа салынуы тиіс. Дәлелдемелер мен арнайы сараптамалық құжатты импорттаушы немесе өндіруші ұсынуы тиіс. Елімізде өндірушінің өнімі түбегейлі тексерістен өткізілуі тиіс. Алайда адам ағзасы ГМО құрамының зияндылығы бар - жоғын қадағалайтын лабораторияның жоқтығы бұл істе қолды байлауы мүмкін дейді мамандар.
Кез келген нәрсенің пайдасы мен зияны қатар жүретіні белгілі. Гендік инженерияның дәрі - дәрмекті өндіруде пайдасы зор - ақ. Алайда күнделікті тағамға қосылатын геннің қандай екенін ешкім топшылап айта алмайды. Әйтеуір гендік модификация табиғат заңдылығына қарсы құбылыс екені аян
Ғаламның миллиондаған адамдары күн сайын ГМО бар тағамдарды қолдануда ГМО - ның денсаулыққа жеткілікті мөлшерде қолдануы қауіптілік әсері әлі толық зерттелмегендіктен, қазір экспериментті осындай тағамдар арқылы тамақтанып, біз өзімізге тәжірибе жасап жатырмыз деген сөз. Мысалы, өзіміз пайдаланатын «Гринписте» жарияланған ГМО ингредиенттерін қолданатын компаниялардың тізімі төменде көрсетілген:
Kellogg s (Келлогс) - дайын таңертеңгі асты, сонымен қатар жүгері мақталарын өндіреді.
Nestle (Нестле)- шоколад, кофе, кофейінді сусындар, балалар тағамын өндіреді.
Unilever (Юнилевер)- балалар тағамын, майонездер, сусындарды өндіреді.
Heins Foods (Хайенц - Фудс)- кетчуптер мен соустарды өндіреді.
Hersheys (Хершес)- шоколад және алкогольсіз сусындарын өндіреді.
Coca - Cola(Кока - Кола)- Кока - Кола, спрайт, Фанта.
McDonald s(Макдональде)- тез тамақтану мейрамханалар жүйесі.
Danon (Данон)- йогурттар, айран, ірімшік және балалар тағамын өндіреді.
Similac(Симилак)- балалар тағамын өндіреді.
Cadbury(Кэдбери)- Frut & Nut какаосын және шоколад өндіреді.
Mars(Марс)- M&M, Snickers, Twix, Milky Way шоколадтарын өндіреді.
Pepsi - Cola(пепси - кола)- Пепси, Миринда, Севен - Ап......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру