Физика | Көру елестері
Кіріспе.
Ежелден - ақ адамдар көзге көрінетін алдамшы дүниелерге қызығып қана қойған жоқ, оларды саналы түрде өз тәжірибелерінде пайдалануға ұмтылып отырды. Кеңістіктің тереңдігі сезілу үшін жазықтықтағы зор денелерді бейнелеуге тырысты. Мыңдаған жылдар бойы көру елестерін белгілі бір кеңістік ұғымын жасау үшін сәулет өнерінде мақсатты түрде пайдаланылып келеді. Мысалы: залдардың биіктігі мен аумағын ұлғайтудың мүмкіндігін көрсету үшін. Көру елестерін бейнелеу және цирк өнерінде тиімді пайдалануда. Сондай - ақ көру елестері кинематография мен телевидениенің негізі болса, баспа ісі мен әскери істе де қолданылады. Қазіргі адам өмірінде көру нақтылығы үлкен орын алып отыр, әрі ақиқатпен де үндеседі.
Бүгінгі таңда ғылым мен техниканың дамығандығына қарамастан адам барлық бағытта да өзінің субъективті бағалауын жалғастыра түсуде. Әрине бүл нақты ғылымдарға қатысты болмаса ештеңе де етпейді, ал өлшеуіш құралдарды керек ететін бағалауларды қажет ететін ғылым салаларында үлкен қателікке ұрындыруы мүмкін. Бұл жалпы "көз мөлшері" деген бағаға қатысты, ел арасында "көз алдайды" деген сөз кең таралған. Өкінішке орай көз әлемдегі нақты құрал емес болғандықтан оған қателесу де тән. Осы қателіктер - оптикалық елестер(оптикалық иллюзиялар) деп аталады. Басқаша айтқанда бұл нақтылықтың қате көрінісі, олардың шығу себептері әр түрлі болатындықтан да оптикалық елестердің де саны өте көп болады. Мен сабақта аса қызығушылық туғызатын осы тақырыпты зерттеуді мақсат еттім.
Өмірде біздің қабылдауымыз да алдамшы, көп нәрсе алғаш байқағанымыздан әлдеқайда бөлек шығып жатады. Тіпті қарапайым заттардың өзі күтпеген тосын жайттарды жасырып тұрады.
Көргеніміздің бәріне сенуге бола ма? Ешкімнің көрмегенін біреу көре ала ма? Жылжымайтын заттардың қозғалуы мүмкін бе? Оптикалық елестердің түрлері қандай? Міне осы сұрақтардың бәріне жауап табуды көздей отырып, өз зерттеуіме мен төмендегі мақсаттарды алдым.
1. Жобаның мақсаты; Көру елестерінің неғұрлым танымал түрлері мен олардың табиғатын білу, көзбен қабылдау елесін тәжірибе жүзінде зерттеу.
Оптикалық елесті өз бетінше құруға әрекет ету.
2. Жобаны жүзеге асыру үшін: түрлі ақпарат көздерін зерттеу;
Оптикалық елестердің түрлерін жинақтау;
Виртуальды елестер сайттарын ашу;
Тәжірибе жүзінде адамның оптикалық елестерді қабылдауға қарсылық таныта алуын анықтау
Оптикалық елестің фото суреттерін құру
Негізгі бөлім
1. Көру елестерінің табиғаты
Көру елестері көру жүйесінің ақпаратты өндеуден өткізу үдерісіндегі кейбір шектеулері мен қателіктеріне байланысты болады. Шынында да арнайы ортады нақты нысандарды қарағанда немесе кейбір ерекше жағдайларда адам нысанның көлемі, формасы, түсі, қозғалу сипаты, жарықтану жағдайы тб туралы толыққанды бағалау жасай алмауы мүмкін.
"Адамшы "бейнелер кейде өте сенімді көрінетіні соншалық адам оны өз қалауына сай "түзете" алмайды. Сонымен бірге көру елестеріне қабылдаудың қате жүйелері ғана емес адамдар қолдан жасаған көптеген көру тиімділіктері де жатады. Ал олардың негізінде олардың кемшіліктері емес көру тетіктерінің іргелі қасиеттері алынады.
Ғылыми және көпшілік әдебиеттерде көру елестері жүздеп сипатталған. Олардың кейбіреулерінің себептері ежелден белгілі болса, біразы бүгінге дейін жұмбақ күйінде. Адамның көру аппараты - аса күрделі жүйе. Оған: көз, жүйке жасушалары, көру арқылы қабылдауға жауапты ми бөліктері кіреді. Сондықтан елестердің негізгі үш себебі ерекшелене түседі:
* Біздің көздеріміз заттан шығатын жарықты қабылдаған кезде миға жалған ақпарат беріледі.
* ақпараттық белгілердің жүйке арқылы берілу бұзылған кезде тағы да қабылдаудың қателігіне ұрындыратын әрекеттер жүреді;
* Ми көзден келген барлық белгілерді үнемі дұрыс қабылдай бермейді; Оптикалық елестер бірден екі себеп бойынша пайда болады;
көздің арнаулы жұмысының нәтижесі; белгіні мидың қате қабылдауы.
2. Оптикалық елестердің кейбір түрлері
Оптикалық елестер құбылысын зерттеу ХІХ ғасырда - ақ басталғанымен, ғалымдар олардың қалай "жұмыс істейтінін" түсіндіре алмай келеді.
Латыншадан аударғанда "елестер - қате адам" дегенді білдіреді. Ерте заманнан - ақ елестердің көру жүйесінің жұмысындағы бұрмалауға байланысты екендігі белгілі болатын. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басындағы геометриялық фигуралардың көлемі мен формасын бағалаудағы үлкен қателіктерді көрсететін тестік бейнелеулер көптеп жасалды. Мұндай көру елестерінің негізіне нақты нысанның көрінетін бейнесінің қалыптасуына көру аймағында орналасқан нысандардың азды - көпті ықпал етуі алынады. Басқа сөзбен айтқанда нысанның көлемі мен формасы туралы көру жағдайымыз ол бақыланып жатқан контекске байланысты болады. Біздің осы бір көру қасиетіміз бұрыннан да белгілі екені рас, сызықтардың ұзындығын, қисықтығын қабылдауға фигуралардың көлемі мен оның айналасындағы сызықтардың бәрі де ықпал етеді.
Техниканың үздіксіз дамуы жаңа елестердің құрылуына мүмкіндік туғызады. Олардың көбі динамикалық тұрғыда, яғни жылжымалы және өзгермелі бейнелерді бақылаудан туады, оларды компьютерлік техника көмегімен генерировать етуге болады. Көру елестері олардың негізіне тән сипаттар мен себептерге байланысты алуан түрлі болады.
2. 1 Зат көлемін қате қабылдау.
Егер екі түзу сызықтың біреуінің ұштарындағы бұрыштар бір - біріне қарама - қарсы, ал екіншісі бір - біріне қарата сызылған болса екеуінің ұзындығы екі түрлі болып қабылданады. Өзара қосылуға қарай сызылған сызық қысқа, ал бұрыштары қарама - қарсы жатқан сызық ұзын көрінеді. Егер бірдей дөңгелектің айналасындағы дөңгелектердің үлкен - кішілігіне байланысты сол екі дөңгелектің көлемі де әртүрлі көрінуі мүмкін. Әрі олар орналасқан төртбұрыштың да көлемі олардың әр түрлі қабылдануына негіз болады. Алғашқы екі жағдайда сызықтар көлемінің қате қабылдануы олардың жеке - дара емес, біртұтас бүтін нәрсенің бөлшегі ретінде қабылдануына байланысты екені түсінікті.
Елестердің бұл түрлері жалпы заңға сай болады. Ол заң бойынша бүтінді қабылдау оның бөліктерінің (үлкен фигуралар құрамындағы сызықтар үлкен болып көрінеді, немесе керісінше) қабылдануына тән ерекшеліктерге байланысты болады.
Шеңберлерге байланысты елестер контраст заңына орай түсіндіріледі. Көздің көруімен қабылданатын заттардың үлкен кішілігі оның айналасындағы заттарға байланысты болады; ұсақ заттар қоршаған нысан үлкен болып көрінеді, немесе керісінше.
2. 2 Заттардың формасының бұзылуы.
Қатар жатқан сызықтарға өзара айқасып жатқан қисық сызықтар фонында қарасақ олар қатар жатқандай (параллель) көрінбейді.
Егер шеңберге қисық сызықтар фонында қараса, ол да өзінің дұрыс формасын жоғалтады.
Елестердің бұл түрінде түсінік беру үшін фонның айтқан көрінген ерекшеліктері сол фонда жатқан заттардың қабылдануына ықпал етеді деген қабылдау заңына сүйенеміз.
2. 3 Геометриялық перспективалар иллюзиясы
Бір - бірінен алыс тұрған бірдей екі зат әртүрлі көлемде көрінеді. Жақын тұрған зат кішілеу, ал алыстағысы үлкендеу көрінеді.
Оптикалық елестің ең жақсы мысалы әрі психолог, әрі офтамолог Адельберт Эймс жасаған Эймс бөлмесі болып табылады. Ол үшөлшемді оптикалық иллюзияны тудырады. Осы бөлменің бір бұрышында тұрған адам үлкен, ал екінші бұрышындағы тапал болып көрінеді. Бұның құпиясы - перспектива заңдарының пайдаланылуында. Бөлме едені шаршы болғандықтан Эймс бөлмесі дұрыс тік бұрышты форма сияқты көрінеді, ал шындығында оның бір қабырғасы қисық орналасқан. Бұл елес заттың көлемі емес, сол заттар орналасқан қашықтықты бағалауға сәйкес бағаланады деген қабылдау заңымен түсіндіріледі.
2. 2. 4 Вертикальды сызықтардың асыра бағалануы
Бірдей өлшемдегі екі сызықтың вертикалдысы қараған кезде горизонтальды сызыққа қарағанда үлкен болып қабылданады. Осы елеске сәйкес заттың биіктігі өзінің нақты көлемінен биік көрінеді. Бұл елестің тұрақты әрі заңды екені соншалық оны көптеген тәжірибеде ескеруге тура келеді, мысалы ғимараттың биіктігін есептегенде, баспа әріптерінің белгілі бір көлемін жасағанда т. б 3 және 8 сандарынан біз теңдей бөліктерді көретін себебіміз, шындығында бұл заңдардың жоғарғы бөліктері төменгісіне қарағанда кішілеу болады. Егер керісінше төңкеріп қарасақ, біз олардың жоғарғы және төменгі бөліктерінің тең емес екендігін байқаймыз.
2. 2. 5 Түсті қабылдау елестер
Жол қызметіндегілердің басылым беттеріндегі есептеріне талдау жасалғанда, апаттардың көбі жол қиылыстарында болады деген тұжырым айтылады. Жол оқиғалары әсіресе іңірде көп орын алады. Кез - келген жол қиылысында бағдаршам тұрады. Кешкі уақытта жарықтың көмескілене түсуіне байланысты негізгі қиындық түс пен жарықтың өзара бөлінуіне түседі. Түс пен жарықты тану жасушалары аса сезімтал келеді. Осы сезімтал жасушалардың бірі жұмыс істеп, қалғандары жұмыс істемей тұрған кезде апат көбейе түседі екен. Түнгі апаттар да жиі болады. Себебі, жүргізуші бағдаршам жарығын кенет көрген кезде ақпараттың көптігінен оны жай ғана қолшам (фонарь) ретінде қабылдап қалады(жарық ақ болып көрінеді). Сондықтан да бағдаршамдар көздің түсті ажыратып алуына мүмкіндік беру үшін арнаулы кідіріс тәртібін іріктейді. Кәдімгі бағдаршам (көлік қозғалысы жиі тұстарда ) жасыл түске 50 секунд, сарыға 5 секунд, қызылға 25 секунд уақыт бөледі. Көру ақпаратының қанық көздеріне ұзақ қарасақ, түстік елес (цветовая иллюзия ) пайда болады. Осы себептен де көптеген суретшілер картиналарында күнді ақ түспен бейнелейді. Біздің көру ерекшелігіміз сонда, егер барлық түстердің қанықтығы шегіне жетсе, қабылдау үшін тек қана ақ түс қалады. Көзде түстерді сезіну жасушаларының үш түрі - колбочек болады; біреулердің жоғарғы сезімталдығы - көк түске, кейбіреулердікі - жасылға, үшіншілердікі - қызылға қатысты болады. Әр түрдің қозу деңгейіне байланысты біз түстерді қабылдаймыз.
2. 2. 6. Жылжымалы иллюзиялар
Егер:
Қозғалыстағы теңдей екі допқа қарасақ, олардың көлемі әртүрлі болып көрінеді;
Айналып тұрған екі бетке екі бағытта айналуы тіпті теңселгендей қозғалыста болуы мүмкін.
Кейбір елестер түскен ақпаратты өңдеуге байланысты туындайды. Адам кейде әлемді (дүниені) сол тұрған қалпында емес, өзінің көргісі келген (қалыптасқан әдеттеріне, құпия арманына, тілегіне сай ) жағдайда көреді.
Қабылдау қалауына да байланыста болады. Әсіресе аса маңызды оқиғаларға қатысты. Мысалы, адамның бет - әлпеті ерекше қабылданады. Бет - әлпет негативінен адам танылмайды. Егер геометриялық фигуралар көлеңкесінің қалай жатқандығына байланысты бүгіңкі, шығыңқы көрінуі мүмкін, ал адамның бет жүзі үнемі томпақ, яғни адамның бет - әлпеті аса маңызды болғандықтан да, оны әдеттен тыс жағдайда қабылдау мүмкін емес. Қабылдауға іріктеу жүргізу қабылданатын нәрсеге деген сезімдік қатынас үлкен әсерін тигізеді. Ал сол затқа бейтарап қатынаста болса, ол сол затты не елемейді немесе атүсті ғана сипатта болады, ал қызығушылық туғызса онда сол нәрсе қабылдау нысанына айналады.
Қабылдау үшін адам басынан өткен тәжірибелер маңызды рөл атқарады. Ол адамның қалай қабылдауына да күшті әсер ете алады.
Алматы облысы,
Райымбек ауданы, Жаланаш селосы
Жамал Ермегияев атындағы орта мектеп
10 сынып оқушысы Жұмахан Айгерім
Жетекшісі: Утегенова Сауле Батжанова.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: гылыми Көру елестері жумыс гылыми жұмыс дайын жоба научная работа, сборник готовых научных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые научные работы проекты на казахском, дайын гылыми жумыстар жобалар Физика ғылыми жұмыстар пән, Көру елестері