Әдебиет | Мүшелде бар жұмбақ сыр

 Әдебиет | Мүшелде бар жұмбақ сыр

Ғылыми жобаның тақырыбы: Мүшелде бар жұмбақ сыр
Ғылыми жобаның мақсаты:
Қазақ халқының жыл санау үлгісіне терең бойлап, мүшел жас жайында мағлұматтарды көпшілік қажеттілігіне жарату, Ата - бабамыз мүшел жасты ерекше тәрбие көзі ретінде пайдаланғанын, астрономиялық және математикалық теория тұрғысында ұтымды екенін дәлелдеу.
Міндеттері:
Жыл санау мен мүшел жасты жіптей білу, жасқа сипаттама беру
Өзектілігі:
Заман өзгергенмен халықтың сенімі құпиялыққа құштарлық сезімі өршімесе өшпейді. Мүшел жас ұғымына үңіліп, құпиясын түсіне білу, қашанда өзекті мәселенің бірі болмақ.
Болжам:
Егер мүшел жас туралы неғұрлым көп білсек, адам өміріне тигізер әсері мен ықпалының сырларын ашар едік.
Ұлы ғалым Пифагор: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен. Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену – сенбеу әркімнің өз еркінде дейтұрғанмен, әр санның адам өмірінде белгілі бір маңызы бар екенін жоққа шығара алмаспыз.
Дүние жүзінде шығыс күнтізбесіне қызығушылық артып келеді. Бұл оның өміршіл және сұранысқа сай екендігінің белгісі. Сондықтан, мүшелді ғұмырнама компасы ретінде күнделікті тұрмыста пайдалануға әбден болады. Мерейтойларға себеп болып жүрген дөңгелек даталар нөл мен 5 - ке аяқталғанымен, олар өмір кезеңдерінің сырын ашпайды.
Жыл санау мен қайырудың алғашқы деректері VІІІ ғасырдағы “Күлтегін ескерткіштері мен ХІ ғасыр ғұламасы Махмұт Қашқаридің еңбектерінде кездеседі”
Мүшел есебі қазақтарда ғана емес Жапониядан Болгарияға, Сібірден Бирмаға дейін тарап, Қытай арқылы әлемге кезеңінен танылып отыр.
Мүшел есебін кім ойлап тапты деген сұрақ көп ғылымдарды қатты толғандырады.
Ғалымдар: “Он екі жылдық мүшел есебі бұдан 2000 жылдай бұрын орта Азияда пайда болған” деп қорытындылады.
Ғалымдардың пайымдауынша 12 жылдық хайуанаттар мүшесі – басқа уақыт айналымдарынан әлдеқайда ұтымды.
Он екі жыл бір айналғанда мүшел болады. Алайда адамның алғашқы мүшелі - 13 жас. Содан бастап оған он екі жылды қосып отыру арқылы кейінгі мүшелерін анықтап отырады. Яғни бір мүшел 13, екі мүшел 25, үш мүшел 37, төрт мүшел 49, бес мүшел 61, алты мүшел 73, жеті мүшел 85, сегіз мүшел 97, он мүшел 109

Осы мүшел жастардың адам жасына сай аттары болады.
1. Балалық
2. Жасөспірім
3. Жастық
4. Аталық
5. Пайғамбарлық
6. Ақсақалдық
7. Қарттық кезең

Қазір болжамнамада да мүшел есебі жан - жақты пайдаланады. Астрономия ғылымының айтуы бойынша әрбір 12 жылда Юпитер өзінің орбитасын бір рет айналып шығады екен. сонда адамның мүшел жасы да әрбір он екі жыл сайын кіріп отырады. Бір жылда 12 ай бар. Мұнда да бір байланыстың бары анық.
Осыдан 5 ғасыр бұрын жазылған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” кітабы аса бағалы медициналық ғылыми еңбек қана емес, сонымен қатар астрономиялық және философиялық құнды шығарма. Кітапта адам мінезі мүшел жыл белгілерінің ерекшеліктеріне қарай әр түрлі сипатталған. Өтейбойдақ бабамызды “Мүшел жыл белгілерінің мінездемелік ерекшеліктері туралы” жазғандарынан үзінді келтірейік.

• Сумақы (тышқан)
• Мүшелдік жыл сумақыда жымысқы қулық, күндіз үйкүшік, әшкере харакеті аз, түнде жасырмалы харакеті көп, суыққолдылығымен қарақшылық жегіштігі мол, дәулет жиғыштығы күшті. Әлдіден қорыққыш, әлсізді басынғыш, һалал, һарам шикілі - пысылы талғаусыз жегені ас болатын, өсексіз болсада ұластырмалы айласымен елді шулатқыш, қырқыстырғыш. Ар - ұяты аз, шімірікпес, лыпылдаған сайқал, күлді - көмеш қулықтар мінездемелік әйгіленшілер көбірек болмақ.

• Маңғаз (сиыр)
Мүшелдік тектелгі саналғы бұл жылдағылар сусағыш, тамақсау, өзара шығысымы үй ішіндік болса да қағыспалы, бірақ зілсіз, кексіз, харакеті бір тоға, көмпіс, оңайлықша сөз өтпейтін, қамшы жүргізіп, таяқ шектейтін, тілге азбайтын, иісалмас болғанымен, жау тискенде айғай - аттанын естісе не қан көрсе болғаны намысы қозғыш, өлген - тірілгеніне, алды - артына қарамайтын, бір қалмай атқа қонатын, сонымен қоса бірауызды, қаратұяғынан хал кеткенше айқасатын, қауқарлы - қауқарсыздығына қарамайтын әрі өздерін және жастарын аялауға құштарлығы басым, не жеңіп, не өліп тынатын, досқа адал, ақ пейіл, достары мен туған жерінен әсте айырылғысы келмейтін, тек өлім ғана айыратын, ер көңілді желіп етпес сабаздар молаң болмақ.

• Айбар (барыс)
Тектелгі бұл мүшел жылда бардам мен жарлыны айырмайтын, обал - сауапы білмейтін, қатігез, қаражүрек, басынан сөз асырмайтын, асырғысы да келмейтін, торуылы көп, басқаларға тізесін батырмаса, ұйқысы келмейтін, жауына бөзек болғанша, өлгенді жақсы көретін, өзінен басқа адам пендесін көзге ілмейтін, өзін күшті, алып, шақ келтірмес, теңдессіз, шендессіз саналылықты. Басқаны әлжуаз, арғыжық қисапталғылық. Дүниенің тірегі мен ғана болсам дейтін қараниеті қағыныңқы, ержүрек, қайтпас, батыл, түпсіз құлқынды, «тістейін, жұлынса кетсін», дейтін өкше ізге түскіш, кекшіл, ұстамдыларлық құлақтағылар елеулілік көзге түспекті.

• Секем (қоян)
Мүшел тектелгі секем жылындағылар сөз аңдығыш, бірақ сыр сақтағыш, көңілі кірсіз, сезікшіл, сөзі нілсіз, кейі аңғал, айта салғыш, қулықты, сұмдықты білмейтін аңқау, біраз бұлтағы бар, ол бұлтағынан өзіне түсер қылтағы бар. Жауығыш көп, қорқақ. Басқаға жабір - жапа келтірмейтін, тіпті оны ойына келтіріп ойламайтын, жауына қарсылығы аз, жоқ дерлік, жәбір де сала алмайтын бейуаздар аудандырақ болмақ.

Иіртек (ұлу)
Міне осы тектелістік мүшелдік жылдылардың харакет мандымы болмайтын, көрнегі өндімейтін, қуаныш пен уайымының айырмашылығын жете ұғынбауыш, «несіне жырғап ыржалаңдайды екен»,- деп бетке айта алмай, қайда болса сонда, ел естіместе күңкілдеп тыжырынғыш, күйсіз күлік, байыпсыз тірлік. Су ішкіш, шайшыл, шайнамаға көп зауқы болмайтын, солай болса да өңін бермейтін, ешбір жанды ренжітпейтін, ренжіткісі келмейтін, елмен хақысы жоқ, қорғаншақ, секемшіл, болмашыдан қорқып, тықырдан шошып, үйінен шыққысы келмейтін, шошаңсыз, іште түйнегі, сыртында күйреуігі бар болмақ.
Енді бір топ бұл тектелгі мүшел жылдылар бітісі алып, жұтысы жалмауыздан кем емес, дос - қасын парықтамай, қарыны тойымдық құлқыны үшін адамгершілік ізгілікті парықтап - нарықтамай жұта бергісі келетін, жемеңгер, ылпа ілгісі, ұзақ жүргісі келмейтін, адам пендесі емес, хайуан деседе болғандай ашкөз астырғы болмақ ауқымдырақ.

Сумаң (жылан)
Тектелгі мүшел бұл жылдылар көп сөйлемейтін, бақырайып қарап, бадрая шоқшиатын, сыршыл, ылпылдақ, жарасымы сәнделгі, әдемі, күлгір, жасырын харакеті мен әшкере харакеті орасан парықталғы, ойы оң мен әлпеті және сөз лебізі айырмашылығы ерекше зор, тартпа, шүңет тілді, шақпа мінезді, тискенін оңдырмағыштығы, қаражүрек, сұрқияниет, ел - жұртқа тіксінетіндей жексұрын, сәйкескілі құбылымдығы таңқаларлық тез де шапшаң, алаяқтылық дендеңкі шықпақ.

Жобаны орындаған: Барлықова Айбар, Жұмахан Айеркем
Жобаның жетекшісі: Болысбаева Майгүл.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру