Этнопедагогика
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Аталған еңбектердiң маңыздылығына баға бере отырып, ұлттық тәлiм-тәрбие беру iсiн бүгiнгi таңдағы мектеп оқушыларының қоғамдық бiрлестiктерi мен ұйымдық жүйе арқылы ұйымдастыру және басқару жолдарының педагогикалық мәнi мен әдiстемелiк мүмкiндiктерiнiң толығынан ашылмағанын байқадық. Қорытындылай айтар болсақ, оқушылар ұйымының ұзақ жылдар бойы бірыңғай саяси тәртіпке негізделіп, ұйым жұмысының халықтық-демократиялық принципке сүйенген, ұлттық тәлім-тәрбие негізінде құрылған жаңа моделінің қажеттігі жөнінде арнайы зерттеу жұмыстарының жүргізілмегені “Қазақ этнопедагогикасы негізінде оқушыларға ұлттық тәлім – тәрбие беру” (1-4 сыныптар бойынша) атты шығармашылық зерттеу тақырыбымның өзектілігіне айғақ болды.
Ғылыми болжам: Егер халық педагогикасындағы ұлттық тәлiм-тәрбие берудің ғылыми педагогикалық негіздері айқындалса, онда оқушы-жастардың ұлттық сана-сезімі жетіліп, тұлғалық қасиеттері жан-жақты дамиды, өйткені оқушыларға әлемдік құндылықтар мен ұлттық ерекшеліктерді кіріктіре меңгертуге мүмкiндiк туғызылады.
Зерттеудің мақсаты: Мектептегі оқушыларға ұлттық тәрбие беруге негізделген жаңа моделін жасап, оны оқу-тәрбие үрдісінде іске асыру арқылы жан-жақты дамыған, ұлтжандылық қасиеттері қалыптасқан азамат тәрбиелеу.
Зерттеудің мiндеттерi:
Оқушылар ұйымының қалыптасу тарихы мен теориялық негіздерін ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерделеу;
Оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің жаңа моделін жасап, оны іске асырудың жолдарын айқындау;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
Оқушылар ұйымының қалыптасу тарихы сараланды;
Оқушылар ұйымы қалыптасуының ғылыми негіздері педагогикалық тұрғыда зерделенді;
Бүгінгі күн талаптары мен жалпыадамзаттық рухани-мәдени құндылықтарға сай оқушылар ұйымын қайта құрудың жаңа моделі жасалып, оны іске асырудың ғылыми-әдістемелік жолдары айқындалды;
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
Оқушылар ұйымында ұлттық тәрбие берудің жолдарын көрсететін бағдарламасы на нұсқау көрсетілді;
Бағдарламаны оқу-тәрбие үрдісіне ендірудің әдістемелік кешені жасауға, мектеп тәжірибесіне пайдалану жолдары көрсетілді.
Тәрбие саласындағы этнопедагогика.
Этнопедагогика - этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы. Педагогиканың дамуын халықтың педагогикалық дөстүрлерімен бірге қарастыру тек қызығушылық туғызып қана қоймайды, сондай-ақ тарихи-педагогикалық зерттеулердің нәтижелірек болуының, ғылыми педагогикалық теориялардың өмірге икемділігін, оларды келешекте зерттеудің қажетті екендігін тексерудің де айғағы. Алайда педагогика мен халықтық тәрбиенің мұндай бірлігі олардың бірдейлігі деген сөз емес. Этностық тәрбиенің сипаты жөнінен терең өзгешелігі болғандықтан оны мазмұңдау қазіргі тәрбие теориясы мен практикасы үшін аса қажет.
Этнопедагогика (ұлттық дәстүр)
Әр халықтың ғасырлар бойы мысқылдап жиналып, бейне бір арнасы кең өзендей асқар таудай болып қалыптасқан өзіне тән салт-сана, дәстүрлері болады. Бұл салт-сана, достүрлер сол халқықтың адам тәрбиесі, адамгершілік дүниеге, өмірге көзқарасы мен рухани күйінен туған. Сол үшін де ол халықтың жан дүниесінің айнасы, ұрпақтарының кәдір тұтар мұрасы болып қалады.Бірақ салт-сана, дәстүр біткеннің бәрі тапжылмайтын, өзгермейтін, қатып қалған дүние деп қарауға әсте болмайды, ол дәуірден-дәуірге, ұрпақтан-ұрпаққа өткен сайын, сол өзі өмір сүрген заманның, ортаның көзқарасына, қажетіне қарай мазмұнмағына алып, байып, жаңғырып отырады, жаңа, жас сипат алады. Яғни керектісі сақталады да, тозғаны өмір кешіне ілеспей қала береді. Мұның өзі табиғи тұрғыдан алып қарағанда заңды да.
Өйткені адамның тыныс-тіршілігі сол өмір сүрген қоғам өмірімен тұтасқан. Кісі өзінің жеке басының қамы үшін емес, қоғам мүддесі, ұрпақ болашағы үшін өмір сүруге, сол үшін игілік жасауы керек. Адамның, қуаныш, қайғысы да, салтанат, көргісі де, барлық байлық, ырыс-дәулеті де сол болмақ.
Қай дәстүр болмасын халықтың көз қарасынан туып, тұрмыстық қажеттілік сынынан етіп барып қалыптасады.
Алексей Максимович Горький халықтың тек материалдық байлықтарды жасаушы күш қана емес, рухани байлықтардың бірден-бір сарқылмас көзі, барлық ұлы поэмаларды, жердің барлық қайғы-қасіреті мен қуаныш-шаттығын, солардың ішінде ең ұлысы – дүние жүзілік мәдениет тарихын жасаушы, уақыт бойыншада, сулулығы мен данышпандығы бойынша да, тұңғыш философ және ақын екендігін айтқан.
Ес біліп ақыл ұштауда, ой дүниесін толықтырып білім алуда ұрпақтан-ұрпаққа талай қилы кезең сындардан өтіп өз мағынасын сақтап келе жатқан халықтың жақсы салт-сана, әдет-дәстүрлерінің ұрпаққа берері мол. Әрбір даналық парасаттың өшпейтін себебі — сол халықтың рухани, мәдени мұраларын сақтап, оны жаңартып, жаңа өмір, жаңа адам, жаңа қоғам талаптарына қарай бағыттап, байытып қызмет істетіп отырғандықтан екені түсінікті. Сондықтан да оны қадірлеп-ардақтап таза ұстау, оған қиянат жасамау қай ұрпақтың болсын қасиетті борышы.
Ешбір қағаз бетіне жазылып, указбен (жарлықпен) бекітілмей-ақ түтас бір халықтың рухани қажетіне айналып кеткен мұндай дәстүрлерді неміс философы Э.Канттың, біздің арымыз, ұятымыз деп есептегені де содан болуы керек.
«Халық алдында ұялу деген жақсы сезім – өзіңнен өзің ұялу, бәрінен де жақсы», дейді. Л.Толстой. Халықтың, ғасырлар бойы асыл ой тамшысынан жинап, алмас казынадай сақтаған мұрасын құрмсттеу, адамгершілігін, ұяттың не екенін естен шығармау қасиетті сезім. Халық дәстүрлері жас ұрпақты өз халқының тарихын, мәдениетін, рухани, табиғи байлығын, жерін, елін сүюге, айналасын қоршаған дүниеге адамгершілікпен қарауға, құбылыс-болмысты парасатпен тапуға, әділет шапағатқа баулиды. И.Ньютон, менің басқадан алысырақ керетін себебім – алып-тариығының үстінде тұрмын деп тегін айтпаған ғой. Сол алып, даналық пен данышпандық биігі – қадірлі халық одан үйрене жүріп үйретесің, үйрете жүріп үйренесің.
Әр халықтың дәстүрі де әр түрлі. Оған себеп: сол халықтың ежелдсн келе жатқан тұрмысы, мен тіршілік еткен географиялық ортасы, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, өмірге көз қарасы, шаруашылық тіршілігі т.б. Сондықтан да халық дәстүрінің қай-қайсысы болсын ортақ ой, ортақ өмірден туған ортақ қазынаға жатады. Қазақ халқы ежелден, көшпелі, ортақшыл ел, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп, басқа түскен қайғы-қасірет, куаныш-шаттық болсын бірге көтеріп келеді. Қолда барды бірден бөліп пайдаланған, өзара бір-біріне көмектесу сияқты белгілі бір коллективке тән дұрыс әдет-ғұрыпты туғызған. Сол әдет-ғұрыптар ұзақ замандарға талмай жетіп, сол халықтар өзіне тен берік дәстүрінің негізін салған.
Қазақ Халқының ұлттық дәстүрлері көп салалы «Өнер алды қызыл тіл» деп, әуелі аталы сөзді құрметтеген. Мұнысы даналықты, ақыл-парасатты, тапқырлықты құрметтегені. Не бір асыл ой, ардақты сезім тілмен айтылған ғой.
«Қырдағы көшпелі халықтың шешендік тапқырлыққа бейім келетіні — алаңсыз көшпелі өмір сүргенінен шығар, әлде өз көз алдыпдағы табиғаттың көп жұлдызды ашық аспан мен ұшы қиырсыз жасыл даланың шабытты әсерінен шығар… Дала тұрғыны – қазақ мораль жағынан да, ой өрісінің қабілеттілігі жағынан да… жоғары тұрады. Поэзияға бейімділік әсіресе суырып салма шешендік барлық көшпелі нәсілдерге тән қасиет» – деген еді ұлы ғалым Шоқан Уәлиханов.
Расында да халқымыз-атамзаманынан бері кешірімсіз, өте ауыр жағдай деп санап келе жатқан жер дауы, қүн, дауы, жесір дауы, мал дауы т.б. сияқты оқиғаларда көбіне ақылды ұл-қызының аталы айтылған бір ауыз сөзімен ғана бітімге келтіріп шешім тапқызған.
Сан-саналы ұлттық дәстүр атаулының мән-мағынасына үңіле қарасақ, онда адалдық, адамгершілік, ізеттілік, үлкенге құрмет, кішіге шапағат т.б. сияқты аса қасиетті этикалық және эстетикалық тәрбие жатқанын аңғару қиын емес.
Л.Толстой айтқандай тәрбие — бір адамның екінші адамға белгілі адамгершілік әдеттерді дарыту үшін жасайтын ықпалы. Ешбір халық өз ұрпағын жаман болсын, мұрасыз-мұратсыз болсын демейді. Жақсы ғұрпын дәстүр-өнеге етіп ұстайды.
Өздерінің сезім өрісін кеңейтіп, эстетикалық талғамын оятқан қазақ халқының таң ғажайып әсем де әсерлі дәстүрлеріне халқымыз аса бір ілтифатпен қарап келген. Әр бір табиғат көрінісінің тұнығын бұзбай аялауды, «обал» деп сылап-сипап отырған. Туған жер, Отан, Ата мекен десе ең алдымен сол жердің өзен-көлін, тау-тасын, орман-тоғайын, ұшқан құс, жүгірген аңын есіне алған. Алыста жүріп аңсап сағынса соны жырға қосқан, қуаныш мерекссіне соны мақтан еткен. Адам бойындағы барлық асыл қасиетті сұлулықты мақтаса сол туған жер табиғатының тазалығынан теңеу тапқан. Ұшы-қиыры жоқ кең пейілді байтақ далаға, төбесі көк тіреген асқар туаға, шалқыған шалқар көлге, мөлдір бұлақ, кернелі өзенге шендестірген. Дәстүрлі той-думан, шілдеханаларда өнерпаз сөз шеберлері айтысса табиғаттың көркін, байлығын, соның құшағындағы ел тұрмысының салтанатын мақтан еткен.
Адамзат болсын ерте заманнан бері табиғат-ана асырап келеді. Алғашқы қоғамнан қазіргі космос дәуіріне дейін адам баласының азық-түлік, киім-кешек, басиана, көлік, өндіріс құралы мен қорғаныс қаруы – өмір сүруге қажетті барлық мұқтажын өтеп келе жатқан жомарт табиғат қазынасы. Бертін келе адамды тұрмыс түзеу, баю мұратына жеткізген де осы табиғат байлығы.
Күнделікті өміріне, экономикалық жағдайына, географиялық орналасуына, биологиялық* ерекшеліктеріне байланысты қазақ халқы табиғат қойнында бірге өсіп, біте қайнасып келе жатқан жұрт екенін байқаймыз. Мұндай жақындық оларды табиғатқа етене бауыр, жаңашыр етіп жіберген сияқты. Халықтың табиғатқа деген көркемдік сезімін, ілтипатын, қадірлеп-қасиеттеуін көрсетілетін дәрежелерді тарихтан, ғана емес, бүгінгі өмір тағылымынан, тұрмыстың сан сала, сан тарауларынан кездестіреміз. Қай қазақтың босағасына бас сұқсаңыз да оюлы сырмақ, текемет, түс кигіз немесе айшықты ер-тоқым, тұрман, ыдыс-аяқ, үй жиһаздары, я болмаса өрнекті киім-кешектің бір жұрнағын кездестіруіңіз мүмкін. Ол көзі қимай сақтаған секінің жұрнағы емес. Халық санасына терең ұялаған, туған табиғатына тән көркемдік сезімнің бүгінгі күнге қажетсінуінен туған, болашақ ұрпаққа да сол мән-мағынасымен барар даңғыл жолы бар дәстүрлі дүние. Әртүрлі бұйымдарға түсірілген ою, айшық-өрнектердің қай-қайсысы болмасын өзімізді қоршаған табиғаттың бір бөлшегін көз алдымызға тартады. Түс кигізден тау жолдары, бұлак сулары, даланың хош иісті гүл-бәйшешск жапырақтарын елестетсек, сырмақтардан малдың, аңдардың мүйіз-тұяқ үлгілерін, құстардың қанаты мен тұмсықтарының алуан суретін байқаймыз. Тұтас алғанда халықтың өзі мекен еткен тау мен даланың бай табиғаты, жыры сияқты. Демек, халық тұрмысқа керекті заттың қажетін ғана емес, рухани қажетін, творчеетволық шабыт кезін де табиғаттан тапқан.
Сүлулық пен көркемдікті түсіне білудің өзі үлкен эстетикалық тәрбие күші. Ұшқан құс, жүгірген аң, өзен-көл, тау-тас, өсімдіктер дүниесі бәрі де адамға ләззат береді. Олардың жазықсыз жәбірлеуге, елтіруге, отауға арамдауға, бүлдіруге, құртуға болмайды — дейді халық дәстүрлерінде.
Ес білгеннен бастап ата-ангасынан ел ағасынан, үлкендерден ене бойы айтылатын өсиеттермен тәрбиеленген ұрпақ өзі де табиғатқа нұсқан келтірмей, келешек ұрпақтарды да сол тәрбие талабына қалыптастырып, алдындағы малы мен айналасындағы табиғаттың игілігін көруге баулиды.
Жазықсыз аң мен құсқа мейірлене қарағаннан әр замандағы махаббат сезімі де біреуден біреуге, «ақсұңқарым», «аққуым», «ақмаральш», «балапаным», «бұлбұлым», «тотым» сияқты теңеу-лермен айтылып, тарағанында да күмөн жоқ..
Адамды аңға, құсқа тигізбей, олардың өз бетімен еркін тіршілік етуіне мүмкіндік беру үшін. Жануардын, қанын босқа төкпеу үшін, адам баласын жыртқыштан, қанқұмарлықтан аяусыздықтан, жаны ашымастықтан бетбақтықтан аулақ ету мақсатымен, бұндай жаман әдеттен адам баласының қоғамын аман алып қалуы үшін, халқымыздың арасына кең тараған аңыздар, дәстүрлер, ертектер көп. Олардың бәрінің де, ойлап қараған кісіге тамыры терең, мазмұны кең, тәрибелік мәні зор, үлгі, есиет аларлық парасаты мол.
Халқымыз обал мен субапты, адалдық пен арамдықты ажырата біледі және бұл ұғымдар ел санасынан ерекше орын алған. Әрбір қазақ бір жұмысты істерде оны жаңағы айтқан төрт тұрғыдан қарайды.
Мысалы, қазақ халқы аққуды атпайды. Кім білсін, қай заманнан қалыптасқан дәстүр екенін, қазақтар әйтеуір аққуды қадірлейді. Табиғаттың жандысы болсын, жансызы болсын, қажеттігімен ғана емес, көркімен, айналадағы өмірге сән беріп жарасуымен құнды, өз алдына сырға толы таңғажайып әсері, тарту күні бар эстетика. Бір ғажабы сонан күнбе-күн ләззат, нор алып отырғанымызды байқамаймыз да.
Басқа хаиуанаттар мен құстар дүниесін былай қойғанда, бір ғана осы аққу атына байланысты біз ел аузынан, эпостардан неше түрлі аяулы сөздер естиміз. әйел қауымының жан нәзіктігін, тазалығы мен сұлулық сипатын, аяулылығын «Аққудай ару» деген бір ауыз теңеу сөздің құдіретінен түсінеміз. Адамның көңіл күйінің жығылуын суреттеген «Аққуы қайтып оралмаған құлазыған көлдсй болдым» деген сөздердің құдіретін тағы да аққу атынан табамыз.
Міне мұның бәрі табиғат пен етене бауыр болып кеткен халықтың өз айналасындағы аңдар мен құстардың психологиялық күйіне қаншама қанық болғанын, олардың сырт көрінісін қызықтаушы ғана емес, ішкі сырын, өмірін байқап, зерттеп түсінгендігін аңғартады.
Тау-тас, орман-тоғай, шеп пен су сияқты андар мен құстар да адамзаттың қажеттін өтеп, сән-салтанатын жарастырып келе жатқан ежелгі досы, сырласы. Тарихқа үңілсек, бұлардың ерте заманда адамзат мәдениетімен өнерінің тапқырлық, ақыл-парасатының өсуіне де көп әсері тигенін көреміз.
Аққу серігі мерт болған жерге өзі жанын құрбан ететін оның ұлы қасиеті халық көңіліне ұнаған. Оның аты — опалы, мейірімді, әділетті болу қиянат пен зорлыққа немқұрайды қарамау. Халыққа ұнаған бұл қасиеттің жас ұрпақты опасыздықтан жиіркендіріп, патриоттыққа тәрбиелеуде философиялық үлкен мән-мағынасы бар екені түсінікті. Әрйне аққуға тисең бақытсыздыққа ұшырайсың дегендей сез тындамас тентектерді қорқыту ( жасқандыру үшін қосылған қоспалар болуы мүмкін. Атақты ақын және халық композиторы Ыбырай Сандыбаевтың «Гәкку» атты әйгілі әнінің шығу тарихы да Көкшенің көгілдір көлінде салтанат құрған аққу әсерінен туған деседі — халық.
Қазақ жалпы құс атаулыны аяиды, оларға жанашырлық білдіреді. Тұмсығы тесік құстар бәрі табиғаттың азат перзенті. Оның бостығына, өсіп көбеюіне қиянат етпеу керек, оларды жәбірлемеу керек деп түсінеді. Балалар ойнап жүріп торғайдың балапанын ұстап алса да дереу қоя бергізеді.
Құстың ұясын бұзбау, жұмыртқасын сындырмау, балапанын жәбірлемеу егде тартқан адамдардың қашаннан бергі балаларына айтып отыратын өсиет. Олар мұндай қиянатқа тиым салып отырды. Ілуде бір тентекті қөрсе жағасын ұстап жек көріп кетеді. Өзіңе зияны тимеген, аңға, жәндікке тиіспе деп үйретеді.
Табиғатта өз міндетін етемейтін басы артық ештеңе жок, бәрі де адам үшін қызмет істейді. Тырна келсе «Жыл құсы». «Қаз қайтса күз», «Қарға келсе қар қалмайды», «Ұзақ келсе қыс аяғы ұзамайды», «Көкек кслсе көктем», «Сауысқан келсе суық болады» т.б. деген қағидалар халық көңілінен мықты орнаған. Осы айтылғандардың жастарға тәлім-тәрбие беруде атқаратын ролі орасан зор.
Жылан – қазақ елінің және басқа халықтардың ұғымында ең жауыз жәндік. Кейде жайлау үстінде жыланның үйге кіріп кететін жайы да болады. Сонда оның ештеңеге зияны тимеесе, бірдеңеден қорқып келген шығар деи, мүсәпір етіп, қиянат жасамай, басына ақ құйып шығарады. «Таспен атқанды аспен ат, өзің мейірімді, жақсы болсаң өзгеге жақсылық жасасаң сағанда біреу қастық ойламайды» – деп жыланға да адамгершілік, жанашырлықпен қарайды. Бұл ең алдымен, жоғары гуманистік қасиеттен туған дәстүр, халықтың кең пейілдігін, бейбіт өмірді, жан иесінің азаттығын қасиеттеуді өздеріне парыз санап, қас-күнемдікке, қанды қолдықка, өздерін де, ұрпақтарын да, сол сияқты бүкіл замана атаулыға қиянатқа бастырмауды ниет тұтқанын көрсетеді.
Табиғат құшағындағы көшпелі елдің тұрмыс-тіршілігі, ішсе асы, кисе киімі, мінсе көлігі, алдындағы малы ғана болды. Мал да табиғаттың адамға тартқан үлкен сиы. Оны ысыран етпей, тұрмыс керегіне жаратып пайдалануды, мейлінше өсіруді ежелден төл ісіміз деп санаған.
Малды қорлау, жебірлеу үлкен қиянат. Кейбір тентектердің мінген атын сабағынан көрсе ақсақалдар жерлеп, ұрысып тастайды. Тамақ-тұрмыс қажетіне мал сойса, қастерлеп, қадірлеп, жақсы сөздерімен батасын айтып таза, қинамай сояды. Қанжынына дейін кісі аяғы баспайтын таза жерлерге төгіп, көмеді. Бүл дәстүр, біріншіден, хайуанды қорламау болса, екіншіден, тазалықты сақтау, ауыл маңына, ас-суға шыбын-шіркей үймелетпеу — жалпы мәдениет этикасы болып табылады.
Аңға, құсқа деген халықтың көзқарасы, оларды жақсы көрушілікті біз күні бүгінге дейін еліміздің өмірінен, тұрмысынан көреміз. Олардың сүйкімділігін, көріктілігін, момындығы мен жәбірсіздігін жақсы көріп, солардай болсын деп перзенттерінің есімін де солардың атымен атаған. Ел ішінен Ақмарал, Құралай, Ботакөз, Бұлғын, Қарлығаш, ал ата-анасы ер жүрек, қайратты азамат болсын деген тілекпен қойған Арыстан, Бүркіт, Қаршыға деген аттарды естігенде тапқырлығына сүйсінеміз......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: гылыми Этнопедагогика гылыми жұмыс дайын жоба научная работа, сборник готовых научных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые научные работы проекты на казахском, дайын гылыми жумыстар жобалар Этнопедагогика ғылыми жұмыстар пән, Этнопедагогика