Абу Ибрахим Ысқақ әль – Фараби (? - 951)

 Абу Ибрахим Ысқақ әль – Фараби (? - 951)

Абу Ибрахим Ысқақ әль-Фараби (туған жылы белгісіз – 951 ж.) — ағартушы ғалым, әдебиетші, тілші, мұғалім. Әбу Насыр әль-Фарабидің замандасы. Қазіргі оңтүстік Қазақстан облысының аймағында орналасқан ежелгі қала Фарабта (Отырар) туған. Бала кезінде туған ауылында сауатын ашып, содан кейін білім қуып араб елдеріне аттанған. Біраз уақыт Йемен аймағындағы Забид қаласында тұрып, оқыған. Бұл қала білім беру, ағарту салаларының орталығы саналған. Ибрахим Ысқақ өмірінің көп уақытын өзінің ғылыми еңбектерін жазған шығыс елдерінде тұрды. Содан кейін өз жеріне қайтып келіп, мұғалім болып сабақ берген.

Абу Ибрахим Ысқақ әль-Фарабидің есімі бүкіл араб еліне танымал. Оның еңбектері мен қолжазбалары Веймар, Париж, Лондон, Феса, Каир және басқа да көптеген үлкен қалалардың кітапханаларында сақталған. Ибрахим Ысқақ әль-Фарабидің ең үлкен еңбегі — «Диуан әл-адаб» («әдебиеттік топтама»), ғалым бұл еңбегінде әдебиет пен тілдің сұрақтарын жан-жақты жүйелеген. Абу Ибрахим Ысқақ әль-Фарабидің ғылыми еңбектерін неміс шығыстанушы К. Броккельман (1868–1959) зерттеген, ал олар Каирда 1974–1978 жылдары араб ғалымдары Ахмад Мұхтар Омар мен Ибрахим Аниспен 4 том болып жарыққа шыққан.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру