Қазақ әдебиеті | Ысқақ Ыбыраев

Қазақ әдебиеті | Ысқақ Ыбыраев

Ысқақ Ыбыраев (10.5.1911, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Қаратал ауылы - 13.7.1965, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Ыбыраев ауылы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, взвод командирі. Қазақ. Петропавл қаласындағы педагогикалық училищені (1930) бітіргеннен кейін Есіл ауданындағы Орталық, Бірлік, Жарқайың ауандарында 12 жыл мүғалім болды. 1942 жылдьщ шілдесінде Кеңес әскері қатарына шақырылып, Горький (қазіргі Нижний Новгород қаласы) қаласындағы әскери-саяси қызметкерлер курсын тәмамдады. Сол жылдың қазан айында Прибалтика майданына жіберіліп, 50-полктің рота командирінің саяси бөлімі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Могилев жаяу әскер училищесін бітіргеннен кейін (1944) 1-Беларусь майданының 5-екпінді армиясына қарасты 60-гвардиялық атқыштар дивизиясы 177-гвардиялық атқыштар полкінің взводын басқарды. 1945 жылдың қаңтарында Висланың батыс жағалауы плацдармдарынан 1-Беларусь және 1-Украина майдандары, ал оңтүстікке таяу 4-Украина майданының оң жақ қанатының құрамалары шабуылға көшіп, тарихқа Висла - Одер операциясы атымен енген ұрыс жолдары басталды. Осы операция барысында Ыбыраевтың взводы жаудың берік ірі қорғаныс тірегін басып алып, ерлік көрсетті. Ыбыраевқа КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (27.2.1945). Соғыстан кейін туған жеріне оралды. Жоғары партия мектебін бітіріп (1948), ұзақ жылдар осы салада қызмет етті. Ленин, «Қызыл Жұлдыз», «1941-45 жылы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Құрмет Белгісі» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру