Әдебиет | ӘБУ НАСЫР әл ФАРАБИ
ӘБУ НАСР әл-ФАРАБИ
ӘБУ НАСР Мұхаммад Ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870, Отырар қ. – 950, Сирия, Шам) – қыпшақ даласынан шыққан, ұлы энциклопедист ғалым, ойшыл, философ, математик, астролог, музыка теоретигі. Әскербасының отбасында дүниеге келген. Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара, кейін Харран, Мысыр, Халеб, Бағдад шаһарларында білім алған. Ә.Н.әл-Ф. – түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, «Әлемнің 2-ұстазы» атанған ғұлама. Оның заманы «Жібек жолы» бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезінде дәл келді. Ә.Н. әл-Ф. Орта Азия, Парсы, Ирак, Араб елдері қаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, мед...
Тарихта аса қастерленетін екі ұлы ұстаздың бірі ретінде оның білім мен тәрбие берудегі теңдесі жоқ қызметі мынаған саяды: Ол бірінші рет «ғылым негіздерін баяндаудың әдістемесін» негіздеп, оны жеке ғылыми пән деңгейіне көтерді. Мұнда оның ойы құр сөз жүзінде емес, нақты аралық мысалдармен шебер ұштастырылған. Мысалы, Ә.Н. әл-Ф. өзінің «ғылымдар тізбесі» деген еңбегінде математика тарауларына: арифметика, оптика, математикалық астрономия, музыка, шеберлік амалдары туралы ғылымдарды қосады. Бұдан Ә.Н. әл-Ф. математиканы оның кең ауқымды қолданбалы салаларыныңсыз жалаң ғылым ретінде елестете алмайтыны көрінеді. Математиканың қолданбалы салаларының ішінде «шеберлік амалдары туралы ғылым» болып есептеледі. Оның білім мен тәрбие әдістемесіне байланысты «Рухани шеберлік амалдарының кітабы» атты жеке еңбегі де бар. Онда математика саларында қолданылатын әдістемелік амалдар туралы шебер айтылған. Ә.Н. әл-Ф, өзінен бұрынғы ұлы ғұламалардан өзгеше, білім мен тәрбиенің ерекше мән берді. Тәрбие мен білім «жас ұрпақтың қос қанаты» деп аталды. Ол «тәрбиесіз берілген білім адамзатты күйретеді» деп көргендікпен ескертті. Бұған адамзат тарихы өзінің басынан өткен ащы тәжірибесінде көз жеткізуде. Бүгінгі қоршаған табиғи, рухани ортаның бұзылуы адам мен табиғатты экологиялық апаттың ең шеткі құлау құрдымына алып келді. Бұл тәрбиеден ажыраған білімнің салдары сондықтан Ә.Н. әл-Ф. тәрбиелеуші білімнің ғылыми негізін қалаған екінші ұстаз атанды. Ә.Н. әл-Ф. сезім мен ойлау, тәрбие мен іс-әрекет жүйесі жетілдіру мәселесіне қайта айналып соғып отырған. Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан дүниені тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана, рухани салауаттылыққа жол ашылмақ. Мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейді деп ескертеді. Ә.Н. әл-Ф. ілімі шығыс ойшылдарына, аристотельдік және жаңа платоншылдық көзқарастарға сүйенеді. Оларға жаңа сипат береді. Ол өзінің философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат еңбегінде аристотельдің философиясын меңгеруге қажет болатын тоғыз шарт жайлы өз пікірлерін ортаға салып, бұл туралы былай дейді. Бірінші шарт – философиялық ағымдарды тану жеті нәрседен тұрады:
• Философиялық бағытқа (ағымға) бас болған ұстаздың аты-жөні ;
• Оның шыққан қаласы;
• Философияға мекен (медресе) болған орнының аты;
• Философиялық ағымды тудыаған басты себеп;
• Философиялық талдауға түскен мәселелер;
• Философияның алға қойған мақсаты туралы;
• Философияның практикалық мәні, нәтижесі;
Оның пікірінше, тұңғыш рет филсофиялық бағыттың алғаш негізін қалаушы – грек философы Пифагор, яғни Пифагористер мектебі. Бұл жерде Фараби ежелгі грекиядағы негізгі ғылыми философиялық мектептерге шолу жасап, өз пікірлерін ортаға салады.
Екінші шарт - өткендегі іріфилософтардың еңбектеріндегі негізгі ойларын, мақсаттарын тану. Мұнда Фараби ежелгі гректерден қалған логикалық шығармалардың, яғни формальдық дәлел (логика), силлогизм, аналитикалық мазмұн мен оқу ретін қысқаша айтып өтеді.
Үшінші шарт – философ болу үшін қажетті ғылымдарды тани білу.
Төртінші шарт – филсофия ғылымын үйретудегі мақсатты түсіну. Философия ғылымын үйренуде оның күттіретін мақсатын тану. Ол мақсат – жаратқан иені тану. Ол өзі – ауыспайтын, өзгермейтін жалғыз зат. Бүкіл дүниені, барлық нәрселерді барлыққа, болмысқа шығарған жаратушы. Жомартылығымен, хикметімен, әділеттілігімен осы әлемге тәртіп беруші Алла тағаланы тану. Барлық философ ғылымдардың істеген еңбектері - өздерінің шамасынша сол жаратқанға ұқсап бағу. Әрине, бұл жерде біз әл-Фарабидің өз заманының перзенті болғандығын дұрыс түсінуіміз қажет, өйткені заман талабын аттап өте алмау, қай кезде болсын тарихи табиғи нарсе.
Бесінші шарт – философия ғылымына кірісудің төте жолын тану. Бұл жерде Фараби білім, ғылымға жетудің ең бір дұрыс жолы аянбай еңбек ету дейді. Сонымен қатар философияы тек жаратылыстану ғылымдары арқылы ғана танып білуге болады деген пікірлер айтады.
Алтыншы шарт – Аристотель еңбектеріндегі қолданылған ғылыми ұғымдарды талдай білу.
Жетінші шарт – Аристотельдің өзінің еңбектерін оқыған адамнан терең жұмбақ сырларды шешуді талап етуінің себебін білу, Аристотель еңбекетерінде жұмбақ түрінде айтылған түсініктердің сырын ашу. Оның кейбір ғылыми түсініктердің терең жұмбақ түрінде келтіруінің үш түрлі себебі бар:
• Оқушының табиғи қабілетін сынап, үйретуге тұратынын немесе тұрмайтынын айыру.
• Философия ғылымын көрінген адамның бәріне бірдей рәсуә қылмай, оны алып жүретіндерге ғана пайдаландыру.
• Ғылым іздеу жолында адам бейнеттеніп, ой-пікірін шынықтыру керек. Осы үшін себептен Аристотель еңбектерінде жұмбақ (Аллегоия) қолданылады.
Сегізінші шарт – философ адамның міндеті мен тіршілік ережесін және қалпын түсіну.
Тоғызыншы шарт – Аристотель ілімін үйрену үшін нендей нәрселер қажет еткенін білу. Фараби бұл жерде Аристотельдің логика ғылымын, шығармаларын оқу тәртібін келтіріп, оны жоғары бағалайды.Бұл орайда тұйіндеп ата келгенде Фараби философияны үйрену үшін ежелгі грек ойшылдарынан бастап өзіне дейінгі ғалымдардың ой-пікірлерін сарапқа салады да, соңында өз ойларын айтады. Фарабидің пікірінше, ғылым мен философия адамы болуы үшін қойылатын ең бірінші талап:
• Ол адамның жан тазалығы, ар тазалығы, бүкіл адамға, өз халқына деген таза махаббаты, ғылым мен білімге деген қалтқысыз құштарлығы мен берілгендігі. Бұл шарт орындалмаған күнде, адам философияны үйрене алмайды, үйрете де алмайды деп көрсетеді Фараби.
Аристотельдің «Никомахтың этикасында» келтірілген схемапсын негізге ала отырып, Фараби философияны теориялық және практикалық деп екіге бөлді. Теориялық философия өзгермейтін, өткінші емес заттарды, практикалық философия өзгертуге немесе жасауға болатын заттарды зерттейді. Философия, әл-Фарабидің білуінше адамда ғана болатын «ең ерекше» игілік – ақыл, парасат меңгерілді. Ақыл, парасаттын қызметі қалай болса солай бет-алды жүргізілмеуге тиіс, онда мақсаттылық сипат алады. Оның негізін логика өнері қарастыратын ойлаудың дұрыс әдістері құрады. Фарабидің атап көрсетуінше, адам өзінің бақытқа жету жолын логикадан бастаған жөн. Бір сөзбен айтқанда, Фараби адамдардың өз көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам руханижағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс. Адам тек ақиқатты, айналадағы дүниені танып-білу арқылы жетіледі деп түйін жасайды. Фарабидің азаматтық, саяси, адам, қоғам жөніндегі ойлары «Фусул әл-мадани» трактатында қаралады. Бұл трактаттын тақырыптары әртүрлі болса да, негізінен, бір мақсатқа – адам мен қоғамның арақатынасы, оның жетілуіне арналған. Еңбектің өзіне тән ерекшелік сипаты – тәндік және рухани құбылыстардың салыстырылып отырылатындығы. Фараби «Азаматтық саясатты» қоғамды талдауды қаладан, ал «нақыл сөздерде» ең кішкене ұядан – отбасынан басталады. Аристотель сияқты ол да үйді бірнеше бөлікке – ері мен әйелі, қожайыны мен қызметшісі, ата-анасы мен баласы, мүлкі және иесі деп бөледі. Үй үйдің өзіне тән мақсаты болады, бірақ қаланың бір бөлшегі болғандықтан, ол қала белгілейтін ортақ мақсатқа қызмет етуге арналады, сөйтіп бұл арада адамның өз басының мүдделерін қоғам мұдделеріне бағындыру туралы пікір айтылады. Бұл жерде Фарабидің қала дегенің мемлекет деп түсіне отырып,оның ойларынан үлкен азаматтық биік көріністерін табамыз. Ә.Н. әл-Ф. адам міндетті түрде адал ниетті болу керек деп есептейді. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат ӘБУ НАСЫР әл ФАРАБИ туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат ӘБУ НАСЫР әл ФАРАБИ на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Адебиет жоспарымен, казакша реферат жоспар, ӘБУ НАСЫР әл ФАРАБИ