Қазақ тілі |Метафора

 Қазақ тілі |Метафора

Метафораның (ауыс мағыналы не әсірелеу мағынасындағы сөз-дің) ен, көп қолданылатын жері — публицистикалық стиль мен әсі-ресе көркем әдебиет стилі. Сөздің метафоралық мағынасы шешен-дік сарындағы өсиет өлендерден, мақал-мәтелден, айтыс жырла-рынан, қиссалардан, жұмбақ пен жаңылтпаштардан, ауыз әдебиетінің өзге де үлгілерінен кездеседі. Бірақ осылардың ішінде өте-мөте көркем әдебиет стилінде жиі және әр тарап түрде келіп отырады.

Сөз бақпаган момын ағайынның бәрі де Қодарды қараламады

(М. Әуезов). Өмір бойы кімге кездессе де ылғи тарқап кеткен базардың соңына ілшумен өткені ме? Өткен соц базар, Қайқан соң ажар… Сен едіц базарым (Абай). Балуан қолы Ленинніц, Ұстады заман тұтқасын (А. Сүлейменов). Бұзау тіс қамшы құйрығын шан-шып алып қайқайып барады (Ғ. Мүсірепов).

Осы үзіндідегі қараламады деген етістік метафоралық тәсілмен өзінің тікелей мағынасынан шығып, стильдік жаңа ұғымда жұм-салған. Метафораның ең басты стильдік ерекшелігі — бейнелілігі, ойды бейнелі түрде жеткізетіндігі. Ол сондықтан да көркем әдебиет стилінде жиі қолданылады. Ал, ғылыми, кеңсе, ресми іс қағаздары стильдерінде метафора дәл мұндай дәрежеде кездеспейді. Поэтикалық метафора көркем әдебиет стилімен тығыз байланысты. Әрбір жазушы образ жасауда осы метафоралық сөз қолдану тәсіліне көбірек барады. Мысалы: Даусы гүжілдеңкіреп шығатын, жарықшақ үнді Ділдә Әйгерімнің жүзінен көз алмайды (М. Әуе-зов). Барлық жаңағы. жас эйелдердің шыншыл сезгіш жүздерінде жағалай дуылдап шапшаң толкын, жеңіл қызғылт нұр жүгірді (сонда).Сол кеште үнсіз қоңыр тартып, жайлау-жайлауларына қайтысты (сонда). Бұл мысалдардағы метафоралык сөз қолданыстар мыналар: жарықшақ (үн),жеңіл (нүтз), қоңыр тартып. Көркем шығармада метафоралардын, стильдік қызметі неше алуан болып келеді. Тіпті жалпы халықтық сипат алып кеткен метафораның өзін де жазушылар әдетте неше алуан сақта түрліше құбылтып, құлпырта пайдаланады.

Бұл қағазда Ғайша жүрегінің қайғысы мен өз өмірініц өкінішті арманын түгендеп, тізіп жазып еді (М. Әуезов). Сондай кездің қарсаңында өз елініц ішіменқағаздасып жату лайык, емес (сонда). Молдалар қызылды сезген қарақұстай жанталасып жүр (М. Әуе-зов). Ылғи қызыл бер деп, тағы керілмейді (сонда).Қызылы у қырманымның мая, қырдай (Керімбеков).

Қағаз, қызыл метафоралары тура мағынада да, метафоралық мағынада да қолданылған. Жалпы халықтық сипат алып кеткен мұндай метафоралар тілімізде өте көп, бұлардың қолданылу аясы; стильдік бояуы әр алуан болып келеді.

Аласы аз қара көзі нүр жайнайды…
Бұл іске кім виноват
Я Семейдіц қаласы?
Я қазақтың аласы?… (Абай).

Осындағы аласы сөзі екі түрлі мағынада: біріншіден, тура мағынада (аласы аз көз), екіншіден, метафора ретінде жұмсалып түр. Ол көбінесе жалпы халықтық сипаттағы метафорлық мағынада (ала ауыз, ала қол, мал аласы сыртында, адам аласы ішінде, алтау ала болса тәріздес түрақты тіркестер құрамында) жұмсалады. Ал көр-кем әдебиет стилінде белгілі бір көркемдік қажетке орай бүл тұ-рақтылық үнемі сақтала бермейді, яғни жоғарыдағы сияқты тір-кестердің ара жігі кейде ашылып, ондағы компоненттер ара-тұра өз алдарына жеке-жеке де қолданыладң. Абай ала сөзін әділдік, адалдық, береке-бірлік, жоқтық, алауызмағынасында, дағдылы сөз орамын өзгертіңкіреп, өзінше стильдік ыңғай беріп, жаңаша қолданып отыр. Бірақ-ол бұл жерде де (ала сөзі) өзінің жалпы халықтық ауыс мағынасынан ажырамаған. Осы тәріздес стильдік құбылу тәтті сын есімнің метафорлық мағынасында да айқын бай-қалады. Мысалы, оның мына бір өлең жолдарындағы қолданы-луына көңіл аударып көрейік.

Тәтті ауыздан дәм кетпей…
Уылжыған тәтті жас (М. Әуезов).

Жақынның сөзі тәтті деп…
Мінезі тәтті болмайды…
Жылы тәтті жауап айт.
Жақсы ән мен тәтті күй…
(Абай),

Бұл үзінділерде тәтті сөзі бес рет қолданылған. Алдыңғы екі мысалдағы ауыс мағынасы контекстік қана, яғни тәтті жас, мінезі тәтті орамдары жалпы халықтық аяда’ айтыла да, қолданыла да бермейді. Ал тэтті күй, сөзі тэтті тіркесіндегі тэтті сын есімінің ме-тафоралық мағынасы ондай емес. Мұнда олар жалпы халықтық ауыс мағынада қолданылып тұр. Олай дейтініміз жақсы ән мен тәтті күй деген сөз орамы казақ окушысының қазір қай-қайсысына да таныс, түсінікті. Тәтті сөзінің қолданылуындағы стильдік ерекшелік әсіресе мына бір контексте көрінеді.

Дәмі қайтпас, бұзылмас тәтті бар ма?

Бұл арада тәтті сөзі өзінің тура мағынасында ма, әлде жалпы ха-лықтық сипаттағы метафора ретінде қолданылып тұр ма — дәл айту қиын. Себебі оны дәл осы жолда тура мағынасында да, ауыс мағынада да алып қарауға болады. Жазушы екеуін қатарластыра, қабаттастыра пайдаланған. Автор тәтті сөзін стильдік мақсат үшін әдейі қолданып отыр. Тура мағына мен метафоралык мағына бір-бірін толықтырып, бірімен-бірі астасып кеткен. Тәтті сын есімінің мұндағы ең негізгі стильдік мәнінің өзі де осы.

Метафора біткеннің бәрі бірдей жалпылык сипат алып кете бермейді. Өйткені ол сөздің тура (лексикалық) мағынасымен және қандай стиль түріне бейім, соған байланысты. Демек, кей сөздің метафорлық мағынасы белгілі бір стильде контекстік қана болып келеді, яғни белгілі бір ғана аяда көрінеді. Мұндай, контекстік метафора көбінесе көркем әдебиет стилі мен публицистикалық стильден байқалады. Ол әр автордың өзіндік сөз қолдану шебер-лігмен байланысты мәселе. Себебі, метафора түрінде келген ондай сөз белгілі бір контексте бір-ақ рет қана ұшырасады да, басқа жерде қайтып колданылмайды. Жалпы тілдік аяда кездеспейді. Сөздің ‘ метафоралык мағынасы стильдік құбылыс дегенде, әсіресе оның осы контекстік мағынасы негізге алынады. Контекстік метафора сөздің жалпы халықтық ауыс мағынасынан бөлек тұрған нәрсе емес.

Р. А. Будагов атап көрсеткендей, көркем әдебиет стиліне тән контекстік ауыс мағына жалпы халықтық ауыс мағынадан келіп шығады1.

Р А Будагов Введение в науку о языке, М, 1965, 45-бет

Мұндай контекстік метафора үнемі жалпы халықтық сипат ала бермейді.
Жыртаң-тыртаң қызылдан шығады ерек…
Терін сатпай, телміріп көзін сатып,
Оқыған білер әр сөзді…
Әйтеуір ақсақалдар айтпады деп,
Жүрмесін деп, аз ғана сөз шығардык, (Абай).

Жоғарыдағы қызыл, тер және сөз есімдері контекстік метафо-ралар. Алдыңғысы, мысалы, сырты жылтырақ, ал ішінде түгі жоқ бос кеуде, ойсыз, жеңілтек адам деген мағынада қолданылған. Оның мұндай мағынада жұмсалып тұрғандығын жалпы контекске, яғни айналасындағы сөздердің өз ара мағыналық байланысына қарап та байқауға болады. Ақын терін зат есімі арқылы еңбегін дегенді айтпақшы. Ал сөз есімі екі түрлі метафоралық мағынада жұмсалып тұр. Біріншіден, оқыған адам әр түрлі нәрседен хабардар болады, көп біледі деген мәнді білдірсе, екіншіден, соңғы шумақта өлең (өлең шығардық) мағынасында қолданылған. Сөйтіп контекстік метафора көбінесе көркем әдебиет стилі мен публицистикалық стильге тән ерекшелік. Ол әрбір ақын, жазушының сөз қолдану қабілетімен, жеке өзінің ғана шеберлігімен тығыз байланысты.

Жүрсе екен өлецімде жаз көркіндей
Жасыл ой, жасыл сезім, жасыл ыргащ

Осы екі жол өлеңдегі жасыл сын есімі жас деген мағынада қол-даныльш тұр. Мұндай контекстік метафора ғылыми, кеңсе, ресми стильдерде сирек ұшырасады. Жасыл ой, жасыл сезім, жасыл ырғақ тәрізді контекстік мағынадағы метафоралар сөйлеу стилінде жалпы халықтық сипат алып кете алмайды. Міне, сондықтан да әрбір жазушы өзінің кейіпкерін сөйлеткенде, сөздің әлгі тәрізді мағынасьш, яғни контекстік мәнін де үнемі талғап отырады.

Мұқандай кең ақыл, кемеңгер
Мүрдеге сияды демеңдер.
Соны ойлап тайыздар тарынар
Тереңдер тереқге тереңдер (М. Әлімбаев).

Жоғарыдағы екі сөздің метафоралық мағынасы ерекше көңіл аударады. Олар — тайыздар, тереңдер. Алдыңғы сөз — ойсыз, па-сық адамдар мәнінде жұмсалып тұр. Соңғысы тереңдер, бұған ке-рісінше — ойлы, ақыл-парасаты мол, білімді адамдар деген ұғымда алынған. Екеуінің (тайыздар мен тереңдерсөзінің) тура, лексикалық мағынасы да сондай қарама-қарсы. Ақын карсы мәнді екі сөзді стильдік мақсат үшш катарластыра, әдейі осылай жұмсап отыр. Шағын өлеңдегі стильдік ұтымдылық — лексикалық мағынасы қарама-қарсы екі сөзді жарыстыра қолдану арқылы жасалуында. Соңғы жолда бір ғана тереңсөзі үш рет қайталанған. Үшеуі де метафоралық мағынада берілген: Тереңдер тереңге тереңдер…

Мұндай кейбір жеке сөздің ара-тұра осылай қайталанып келіп отыруы тілде жалпы бар құбылыс. Ол көбшесе көркем әдебиет пен публицистикалық стильдерде болады. Мысалы, терең сын есімін Абай қарсы мәндегі үстірт сөзімен қатар алып қолданады. Екеуі де өздерінін тура мағынасында емес, метафора ретінде шендестіріледі. Үстірт сөзі бұл арада ілгерідегі тайыз сөзімен мағыналас. Абай оны сондай-ак жеке алып та, қарсы мәнді сөзбен қатар қоймай да, қосарламай да жұмсайды. Қай-қайсысында да ол контекстік метафора ретінде келіп тұр.

Аспаса ақыл қайраттан
Тереңге бармас үстірттер…
Тіршіліктің несі сән
Тереңге бет қоймаса…
Көңілге түрлі ой түсер
Эр тереңге нусқасац

Осындағы тереңге есімінің өзекті, түкпірлі, терең ойға, парасатты-лыққа, үлкен мақсатқа, үлкен іске, әрекетке деген метафоралық мағынасы жалпы халықтық емес, контекстік қана. Көркем әдебиет стилінде кейбір метафораның мағынасы тұтас бір контекст ішінде ғана айқындалады. Бұл ретте ондай метафораның контексте әлде-неше рет кайталанып қолданылатын да кезі болады. Мысалы,

Ғ. Мусірепов бір ғана қоңыр сөзінің өзін бір контекст ішінде мына төмендегіше неше түрлі құбылтып қолданған. Қоңыр көлеңке үйдің қоңыр сәулесі Шайзаны да қоңырландырып, сурғылтқа таңдық түс береді. Үй де қоңыр, көлеңке де қоңыр. Қоңыр үйдегі түрмыста қоңыр. Қоңыр үйдегі жандар дақоңыр. Қоңыр ойлы Шайзаның әні де қоңыр. Қоңырлатып, ыңырсып өлең айтып отырады. Өлең емес, қоңыр күймен ішіндегі зарын төгіп отырады.

Осы үзіндіде қоңыр сын есімі он үш рет қайталанады. Екі-ақ жерде етістік түрінде (қоңырландырып, қоңырлатып) қолданыла-ды. Ал қалған жердің бәрінде есім қалпында жүмсалған. Алынған мысалдардағы қоңыр сөзі тоғыз жерде өзінің тура мағынасында, алты жерде метафора ретінде келген (түрмыс та қоңыр,жандар да қоңыр, қоңыр ойлы әні де қоңыр, қоңырлатып өлең айтады, қоңыр күймен). Осы метафоралар контекст арқылы бірінің стильдік сырын бірі аша түскен. Шебер суреткердің қоңыр сын есімін әр сөйлем сайын осылай жарыстыра қолдануы кездейсок емес. Контекске кірген әрбір сөйлемді жеке-жеке алып талдасак, қоңыр сөзінің шын мәніндегі стильдік қызметі толық ажыратылмай қалады. Автордың қоңыр сөзін бұлай әр түрлі құбылтып қолдануынан кейіпкердің бір сәткі көңіл күйін, ішкі жан дүниесін, айналасындағы өмір құбылысымен, сыртқы ортамен органикалық байланыста нанымды суреттегенін байқауға болады. Демек, жазушының қоңыр сөзін соншама көп қайталап қолдануындағы мақсаты біреу-ақ. Ол — өзінің суреттеп отырған кейіпкерінің тұрмыс жағдайындағы тапшылықты, осыған байланысты оның басындағы көңілсіздікті, көңілінде бұдан басқа да әлдеқандай алак бар екенін көрсету.

Қоңыр сөзінің тұтас контекстегі метафоралық мағынасы автордың осы мақсатына бағындырылған.

Кәрі әже күндегі машығы. бойынша бесік жырын айтады… Осындай қоңыр кештің қоңыр күйі. Бейуағына жеткен әженің өмірлік көй-көйі (М. Әуезов). Мұндағы қоңыр күт дегендегі метафораның (яғни қоңыр сөзінің) дәл мағынасын тұтас контекске қарап қана ажыратуға болады. Автор бұл арада оны сәл бір кірбің, мұң мәнінде қолданып отыр. Біз сөзді осылай метафоралық мәнде әлденеше рет қайталап қолдану арқылы белгілі бір көркемдік мақсатқа жету — көбінесе әдеби шығарма стиліне тән ерекшелік. Сөзді жалпы қайталап қолдану сөйлеу стилінде де жиі кездеседі. Бірақ, сөйлеу стиліндегі сөз қайталаудың сипаты басқарақ. Өйткені мұндағы қайталаулардан (яғни бір сөзді бірнеше рет қолданудан) көркем әдебиет тіліндегі қайталаулардағыдай көркемдік, стильдік астар байқалмайды. Бұл айырмашылық сөйлеу стилі сарынында жазылған шығармалардан, әсіресе ондағы авторлық баяндаулардан айқын көрінеді. Мұндай, сөйлеу стилі үлгісіндегі сөз қайталаулар ертерек ксзгі, мысалы, 1920—30 жылдардағы прозада көбірек. Олар мына тәрізді болып келеді. Көшенің кейбір бұрыштарындағы панар орнатқан бағаналардық цасына, панар жағушылар келіп, жоарыдан панарды бурап түсіріп май құйып, жағуға қамданысты

(Т. Жомартбаев). Иесіне еркелеген иттей бұлаңдап жаңа келгендер ояздың алдына барып бұлаң қақты. Олардьщ бұл бұлаңдауы ба-сымыздағы бағымыз қалса, сен арқылы қалар деген бұлаңдас еді
(Ә. Әбішев).

Метафоралар, яғни ауыс мағыналы не әсірелеу мәнінде алына-тын сөздер көбіне-көп көркем әдебиет стилінде қолданылғанмен, ара-тұра өзге стиль түрлерінде де кездеседі. Мысалы олар публи-цистикалық стильде де бірқатар жерде жұмсалады. Әдеби шығар-малардағы метафора мен публицистикалық, саяси еңбектердегі метафора стильдік қызметі жағынан өз ара бірдей болып келе бер-мейді. Себебі, көркем әдебиет стилінде жалпы халықтық сипаттағы метафоралармен қоса, контекстік те метафора қолданылады. Публицистикалық стильде негізінен жалпы халықтық сипаттағы метафора жиі пайдаланады, Ал публицистикалық стильден кон-текстік метафора оқта-текте ғана ұшырасады.

Бүкіл елді қамтыған бұқаралық стачкалардьң толқындары ғана қалың шаруа бұқараларын ауыр ұйқыдан оятты (В. И. Ленин. Жастар туралы, 190-бет). Әскери форма киген жүмысшылар мен шаруалар көтерілістердің жаны болды (сонда). Программага қарсы жорықты Мартынов жолдас бастады (В. И. Ленин. Таңдамалы шығармалары, „Үш томдық, I том, 317 бет).

Метафора (ауыс мағыналы сөздер) ғылыми стильде де қолда-нылады. Мұнда тек жалпы халықтық сипаттағы метафоралар, яғни ауыс мағынасы кімге болса да жақсы түсінікті, әбден орныққан сөздер ғана пайдаланылады. Контекстік метафоралар ғылыми стильде жалпы кездеспейді. Бұл — ғылыми стильдің өзіндік сипа-тымен, оған тән ерекшелікпен тығыз байланысты. Ғылыми әдеби-еттерде, оқулықтарда қолданылатын сөздердің мағынасы жұртқа жете таныс, жеңіл сөздермен, оңай тілмен жазылады. Сондықтан оларда үнемі жалпы халықтық сипаттағы метафоралар ғана қол-данылып отырады. Мысалы:Бірінші топқа масса, энергия, өріс тә-різді қазіргі физика ғылымының қаңқасын құрайтын негізгі ұғым-дар жатады (Ғылыми мақаладан). Игі бастамалардық тиегі жұ-мысшы табы болды (сонда). Пирамиданың табаны тең қабырғалы үш бұрыш (Тригонометрия). Берілген конусқа іштей сызылган шардың беті сол конустың табанымен тең шамалы (Геометрия).

Метафора сондай-ақ ресми кеңсе стилінде де қолданылады. Мұнда да негізінен сол жалпы халықтық сипаттағы метафоралар жұмсалады. Бірақ стиль түрлерінін ішінде метафора жалпы көркем әдебиет және публицистикалық стильдерден жиі байқалады. Ал басқаларға қарағанда ғылыми, ресми-кеңсе стильдерінде біршама аздау кездеседі. Мысалы, ресми-кеңсе стилінде мына тәрізді метафоралар қолданылады:

1-статья. Жалпы білім беретін орта мектептің міндеттері: …оқушыларды терец және баянды ғылым негіздерімен қарулан-дыру (ССР Одағы мен одақтас республикалардың халыққа білім беру туралы заңының негіздері). СССР-де халыққа білім берудің мақсаты — марксизм-ленинизм идеялары арқылы тәрбиеленген, совет заңдары мен социалистік право тэртібін құрметтеу (сонда). Халыққа білім беру жүйесінщ жэне оқу орындарының барлык, түр-лерінін,сабақтастығы… (сонда).


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру