Қазақ тілі | Синекдоха

 Қазақ тілі | Синекдоха

Сөздің синекдохалық мағынасы басқа стиль түрлеріне қарағанда әсіресе сөйлеу стилі мен көркем әдебиет, публицистикалық стильдерде көбірек байқалады. Ал ғылыми, ресми-кеңсе стильде-рінде ондай дәрежеде кездеспейді. Синекдоха өте-мөте көркем шы-ғармада неше алуан стильдік мақсатта жұмсалады. Бұл жеке жазушылардың тіл байлығымен, сөз қолдану шеберлігімен бай-ланысты.

.. .Құнын айтпаймын. Бірақ, Қарашоқыны қайтесің? Ол мына баланың сыбағасы емес пе еді? (М. Әуезов). Қарашолақпен алғаш тоғысқан жерде тайталаста, біздің қостың абыройын айрандай төк-ті-ау (сонда). Амандаса келген, қайырлы болсын айта келген Бай-сал, Құлыншақ дәл бүгінгі күн амандасу емес, Бөкенші, Борсаққа қыр көрсете келіп тұр (сонда).

Алдыңғы сөйлемде Қарашоқыны емес, сол жерде өлтірілген Қодарды қайтесің деген мағына берілген. Сондай-ақ қостың абыройы, Бөкенші, Борсақ деген жеке сөз тіркесі мен жалкы есім-дер де осындай ауыс мағынада қысқа қайырылған, яғни соңғы екі мысалда әңгіме қостың өзі туралы емес, онда тұратын адамдардың абыройы жөнінде және Борсақ, Бөкенші руларының адамдары жайында болады. Бұл сияқты сөздер көркем әдебиетте кейіпкер тілінде де, авторлық баяндауларда да келе береді. Әрине, “қостың абыройы” тіркесі қостағы адамдардың абыройы жөнінде айтылғаны түсінікті. “Қарашоқыны қайтесің”дегендегі Қарашоқы “Қодар өлтірілген жер” мағынасында қолданылып тұрғанын оқушы контекске, шығарманың сюжет желісіне қарап түсінеді.

Әдетте қандай бір зат не құбылысты дәл өз атауымен атамау, яғни оны басқа белгісімен, не бір бөлшегімен атау дағдысы күнделікті сөйлеу тілі аясында, сондай-ақ түрлі жазба еңбектерде, әсіресе көркем шығарма стилінде де кездеседі. Бірақ бір атауды осылай синекдохалық мағынада жұмсауда коммуникативтік функциядан гөрі, стильдік мақсат басым жатады. Синекдоха тәсілі арқылы жасалатын стильдік реңк қазіргі көркем шығарманың қай-қайсы-сының тілінен де аңғарылады.

Қонақ үйлер дағды бойынша көп жеді… Ділдә келісімен ас жа-салып, төр де, шымылдық іші де ас жеді (М. Әуезов). Менің ал-дымнан жемірілгенөкшелер жырым-жырым шалбар балақтары өтіп жатты (Ғ. Мүсірепов). Термостар біресе поселкеге қарай, біресе шықырауға қарай жөңкіледі. Өзге тамақтар азаяр емес (сонда).

Шынында да, синекдохалық сөз қолдану тәсілі көбіне-көп сөйлеу тілі табиғатына бейім тұрады. Сөздің метафоралық, метонимиялық мәнінен гөрі, синекдоханың білдіретін мағынасын оқушы әдетте оңай байқайды. Ол (синекдоха) осы ерекшелігіне байланысты көркем әдебиет стилінде көп те және барынша жан-жақты пай-даланылады. Жазушылар оны өзінің айтайын деген ойына әлде бір әзіл нышанын, юморлық өң беру үшін де жиі колданады. Мысалы: Үйлерінде қонақ жоқ, оцаша шығар дем ем. Жаңағы арбаның үстіне тиеп қойған сақалдарың немене? Сақалдарын тамашалайым деп, өздерін танымай да қалдым. Қайдан келген, қандай сақалдар бұлар?… Абай таңертеқ түрып, беті-қолын жуып, Дэмежанның шайына асықпай кеп отырғанда түндегі бұл сұраған сақалдар бірі артынан бірі шұбыра кеп еді… Жаңағысақалдар Абайдан бұрын қол қойып еңсере тиіскенде… (М. Әуезов). Сақал-мұртына мұз к;а-тып, шақыр-шұқыр басып келген кім десем, ауыл екен ғой(сонда). Синекдохалар сондай-ақ публицистикалық стильде де қолданы-лады. Олар күнделікті баспасөз бетінде әр тарап болып келеді. Мұнда да сол белгілі бір ойды ықшам түрде, ұғымға қонымды етіп жеткізу мяқсаты көзделеді. Мұндай мақсатта жұмсалған синек-дохалардың қай-кайсысы да жалпы халықтық сипат алған. Сон-дықтан оның мағынасын кім де болса бірден дәл түсінеді. Мысалы мына бір үзінділердің өзінен-ақ оны анық байқауға болады.

Бұл турнирге еліміздің 200-ден астам былғары қолғап шебер-лері қатысты (газеттен). Үлкен кілемнің айла-тәсіліне қанық аға буын спортшылармен бірге жастар да кубок жолындағы сынға тү-седі (сонда). Араб мемлекеттерінің нығая түсіп келе жатқан бірлігі Тел-Авивті ерекше алаңдатып отыр (сонда).Ақ үй президент

Р. Никсонньщ мэлімдемесін таратты (сонда). Тель-Авив арабтарды қорқытуға тырысып… (сонда). Бұл іс Пекиннің тым нашар бүркемеленген қытымырланушылығын да туғызды (сонда). Си-некдоха қолжазба түрінде жазылған публицистикалық мақалаларда да жиі қолданылады. Оның стильдік кызметінің өте әр тарап-тылығы, көркемдік жағынан да соншалықты ұтымдылығы публи-цистикада айқын көрінеді. Мысалы, бір колхоздағы екі Социалистік Еңбек Ері жөнінде жазылған мақаладағы жұлдыз деген синекдо-хаға көңіл аударайық.

— Аға, қай отарға тартамыз?
— “Қос жұлдыздың” аулына
-Бұл кісі біздің “Қос жұлдыздың” жасы үлкені—

Күнболат Сейітов… Серікті “Қос жұлдыздың” екіншісі — Нұртай Шаймерденовты шақырып келуге жіберді… “Қос жұлдызбен” әңгімелесе, пікірлесе келгенде шопан еқбегінің ауыр да абыройлы екеніне қанықтық… Осынау “Қос жұлдыздың” еқбек жолдары соның куәсы болғандай (газеттен).


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру