Қазақ тілі | Сөздің көп мағыналылығы және омоним
Көп мағыналы сөздер өздерінің сырт формасы жағынан омо-нимдерге ұқсайды. Олардың осы сырт ұқсастығы бірінен-бірін ажыратуда көп ретте қиындық та келтіріп жүр. Студенттер сти-листика сабағындағы талдау жұмыстарында бұл екеуіне байла-нысты кейде қате де жіберіп жатады. Мысалы, ай_зат есімі — Қазақ тілінде әдетте көп мағыналы сөз де, сондай-ақ омоним ретінде де қаралады.
Ол көп мағыналы сөз ретінде астрономиялық атауды да (ай туды, ай батты), уақыт өлшемін де (екі ай, айдан асты), теңеу құралы қызметінде жұмсалып әдемілік, көрік үғымын да (айдай, ай десе аузы…, Айсұлу), ауыс мағына да (айға қолы жет-кендей) білдіреді. Демек, ай есімі төрт түрлі мағынада қатар қол-данылып тұр. Төрт жердегі айсөзінің ұғымы басқа-басқа болға-нымен, олардың арасында мағыналық байланыс бәрібір сақталған. Төрт жердегі ай да айналып келгенде бір-ақ сөз. Омоним де осын-дай, сырт формасы (тұлғасы) бірдей сөз. Осы жағынан алғанда, ай сөзі тілімізде омоним түрінде де айтылады: кәріліктің айы өтті, соның айы өтіп тұр; айАйша, бері келші; ай далада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау. Міне осылардағы “ай”-лар және әлгі көп мағына-лы сөз ретінде келген “ай”-лар өз ара омоним. Немесе ат сөзін алайық. Ат — зат есім, ат — етістік. Алайда, бұл екі “ат”-тың ара-сында да, сондай-ақ жоғарыдағы “ай”-лардың арасында да мағы-налық байланыс жоқ. Екеуі жеке-жеке екі сөз. Көп мағыналы сөз бен омоним стиль түрлеріне қатысы жөнінен де өзді-өзіне тән ерек-шеліктері, айырмашылығы бар, бір-бірінен алшақ тұрған құбы-лыстар. Енді осы екеуін стильдік сипаты жағынан жеке-жеке алып талдайық.
Сөздің көп мағыналыры жалпы халықтық ауыс мағынаның негізінде жасалады. Көп мағыналы сөз қай стильде болса да қол-данылады. Бірақ оның ең көп жұмсалатын жері — көркем шығарма.
Бер жағына бір кірпіштен соң бір кірпішті қойып, телмірген көздерден денесін жасыра бастады (М. Әуезов). Қалаға барып ескі көздерді көрген соң, қыресіңнен шығып кетті (сонда).
Бүгінгі күн түрленген қынаулымын
Айналамда көз де көп сынаулымын (сонда).
Әжесі тірі болған күн Қасымның көңілінен сұлу сағымдай, жазғы-тұрғы мамық түсті бұлттай болып, қайта оралмастай боп жоғала бастады. Қасымның үміті, жарық күні де батты,. Сізді мен күтке-мін, ол кезде сіз үшін кіммен болса да, кетісуге шыдағамын. Бірақ ол күндер өтті (сонда).
Бұл үзіндідегі көз және күн сөзінің екеуі де көп мағыналы. Екеуінің осылай түрлі-түрлі мән алуы көбінесе көркем әдебиет стилінің табиғатымен тығыз байланысты. Өйткені, жазушы мұнда әрбір тілдік құбылысты белгілі бір көркемдік мақсатта қолдануға тырысады. Ал ондайға әдетте көп мағыналы сөздер бейімірек. Мы-салы, жоғарыда келтірілген көз сөзі әуелі адам деген ұғымды, одан соң таныс мағынасын, соңғы сөйлемде ел (жұрт) мәнін білдіріп түр. Көз есімінің әр алуан мағынасын осылай түрліше ыңғайда пайдалану — жалпы сөз қайталаудан қашқандық. Көп мағыналы күн сөзінің стильдік қолданылу аясы бұдан да әр тарап. Соны авторлар көркем әдебиет стилінде өте шебер пайдаланады. Ілгерідегі мысалда күн сөзі кез, уақыт (шақ) мәнінде алынған. Бірақ стильдік жатықтығы жағынан әжесі тірі болған кез (уақыт) деуден гөрі әжесі тірі болған күн деген ұтымдырақ. Сондай-ақ қайғысыз, қамсыз шағы (кезі), ол кез (ондайга бел байлаған кез), ол уақыт дегенге қарағанда, үмітті жарық күні, ол күндер (өтті) деп алғанның көркемірек екенін, стильдік жағынан ұтымдылығын оңай байқауға болады. Әсіресе күн есімінің көп мағы-налылығы сөйлеу стилінде, өте-мөте көркем әдебиет стилінде жан-жақты көрінеді. Ол тіпті бір ғана Абай өлеңдерінің өзінде неше алуан стильдік астар береді. Солардың (бәрі емес) кейбірі мына тө-мендегі тәрізді:
Не күн туды басыңа…
Не қорлық, құр қылжаңмен күн өткізбек…
Ит қорлық немене екен сүйткен күні…
Сасып қалдым күн тығыз
Тың тұяқ күнім сүйтсе де
Қор болды жаным
Сенсіз де менің күнім…
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз (Абай).
Күн сөзі мұнда не зор (туды), қиын-қыспақ не жағдай, уақыт, кез, өмір, келешек деген тәрізді мағыналарда жұмсалған. Сөзді осылай әр қырынан алып, түрлі мәнде қолдану, яғни көп мағыналы сөзді бұлай пайдалану публицистикалық стильден де (жоғарыда айттық), сөйлеу стилінен де ара-тұра байқалады. Өзге стильдерде: ғылыми, ресми, кеңсе қағазы стильдерінде көп мағыналы сөздің қолданылуы мүлдем басқаша.
Көркем әдебиет стилінде ақын, жазушылар өздерінін, шығарма-ларында көп мағыналы кейбір сөзді екі не үш мағынасында қатар альш та жұмсай береді. Жарыстыра пайдаланады. Ресми, кеңсе, ғылыми стильдерде көп мағыналы сөзді пайдаланудың бұл түрі жалпы сирек кездеседі. Мысалы, жаңағы күн сөзінің, сондай-ақ көп мағыналы жан зат есімінін, бір сөйлемдегі қайталануына сәл көңіл аударып көрейік.
Сонымен кәрі әженің ықтиярынан бір күн шет жайлап көрмеген Жәмеш алдыңғы күнін өз бетімен ойлаған да жоқ-ты (М. Әуезов). Әжесі өлген соқ, көңілінде бір күн тіршілігіне сүйсінгендей ашық күн болған жоқ (сонда). Мейрам күннің түс мезгілтен бері қарай, бақшаға барамыз деп әзірленген бозбала мен әйелдер күн батардан-ақ бөлек-бөлек жайрақдаған топ болып, үзілместен келіп жатыр (сонда). Келер күні күн көтеріле бере… кәнігі Қөкқасқа көп ұзамай Құламаға кезігетіндерін сезінді (Ғ. Мүсірепов).
Бұл күніме бір күні
Боламын ғой деймін зар…
Менің де күнім күн емес…
Екі күймек бір жанға эділет пе,
Қаны қара бір жанмын, жаны жара (Абай).
Соңғы екі жол өлеңде жан сөзі үш рет келтірілген. Екі жерде адам мағынасында (бір жанға, бір жанмын) алынған. Одан соңғы, яғни ең кейінгі жолдағы жан көңіл, ақыл-ой, сана деген мәнді аң-ғартады (жаным жара, көңілім қаяу, уайымдымын, мұңдымын деген тәрізді мазмұнда айтылып тұр). Ал бірінші жолда автордың осы екі мағынаны қайсысында алып отырғанын дәл басып айту қиын. Өйткені оқушы оны адам ұғымында да, сондай-ақ тура жан мағынасында да түсінуіне болады. Автор бұл сөзді бірінші жолда осы екі мағынада тіпті бірдей алғанға да ұқсайды. Сөздің көп мағыналылығымен байланысты мұндай өзгешелік көркем әдебиет
..тілінен жиі ұшырасады. Осы ерекшелік ғылым мен техника жөнін-дегі зерттеулерден, оқулықтардан үнемі байқала бермейді.
Жоғарыдағы екі жол өлеңде үш рет қолданылған жан есімінің мағыналық сипаты әр басқа, яғни стильдік қолданылуы жағынан осы үш жердегі жан сөзі өз ара бір емес. Сөздің көп мағыналығы мен стилистиканың бір-біріне қатысы деген мәселе міне осы тұр-ғыда аңғарылады.
Бұл сөздің осы бір стильдік ұтымдылығы, яғни оны жоғарыда аталған екі мағынасында қатар қойып жұмсау тәсілі көркем әдебиет стилінде жалпы жиі кездесіп отырады. Жан есімі әлгі екі түрлі мағынасында, кейде бір өлең жолының өзінде-ақ бүлай іркес-тіркес келіп отырса, енді бірде ол басқарақ ыңғайда, бір-бірінен сәл алшақтау да қолданылып келеді. Мысалы:
Тән сүйгенін бермесе,
Жан шыдамас жаны ашып…
Сүйкімді тірі жанға неткен жансың?/..
Арамдықпен бар ма екен жаннан аспақ…
Сүйер жансып, “сүйкімді бет берем” деп…
Қысылған жерде жан жалдау…
Сол досты сая таппай іздейді жан.
Жау жабылса, бұзылмас жан көрмедім (Абай).
Жауымнан айырған жан алсын дейін,
Әлібек жаны болса іле қусын, (М. Әуезов).
Бір жанына сыйып тұр бар дүниенің мол жаны,
Талай жан өткен екен шамшырақтай
Айтыста ақылымен жан шыдатпай (О. һайям).
Бір сөзді осылайша қайталап қолданудың нәтижесінде оның стильдік қызметі, мағыналық аясы кейде сәл өзгере түседі. Сөйтіп, стильдік қолданылу ерекшелігіне қарай көп мағыналылығы барын-ша айқын көрінеді. Мұны ілгерідегі үзіндіден байқауға болады: Сүйкімді тірі жанға неткен жансың… Бұл жолдағы жан сөзінің бі-рінші қолданыстағы ұғымы ел дегенге бейімірек. Ол тірі есімімен мағыналық байланысқа түсіп, елдің бәріне (бар елге) дегенді біл-діріп тұр. Ал бұған жарыстыра қолданылған жан есімі кәдімгі адам мәнінде алынған. Демек, автордың айтайын дегені. елдің бәріне сүйкімді не еткен адамсың деу.Бірақ ақын бұл ойын осылай созалаңға салмайды, шұбалтпайды. Қайта көп мағыналы бір сөздің өзін әр түрлі мәнде қатарластыра алып жұмсайды. Солай еткендіктен өлең жолындағы әрбір сөз стильдік жағынан өз ара ұтымды орайласқан, ондағы ой да анық. Жан сөзінің көп мағына-лылығымен байланысты сөз қолданыстағы осындай стильдік ұтым-дылық прозалық шығармалардан да кездеседі. Жанды жеген азаппен қиналып шыққан Қарагөзді білген жан жоқ (М. Әуезов). Қостадым, жаным, жаныңмен үріккен зарыңды (сонда). Соңғы мысалда да жан есімі екі түрлі мәнде қолданылған, алдыңғысында айналайын, қарғам тәріздес мағынада алынған да, кейінгіде өзінің тура ұғымында жұмсалып тұр. Демек әр түрлі стильдік ыңғайда құбылтып қолданудың нәтижесінде жан сөзінің көп мағыналылығы бұл сөйлемде өзінің тағы бір қырын аша түскен.
Тілімізде сондай-ақ көп, мал сөздері де көп мағыналы болып кездеседі. Мұның да қолданылудағы стильдік аясы әр жақты. Жеке бір сөздін, әр түрлі мағыналары әдеби тілдегі стильдердін, бәрін-де де және сөйлеу стилінде де (рас бірінде аз, екіншісінде одан көбірек) қатар келтіріледі. Бірақ солардың ішінде көп мағыналы сөздің қолданылуындағы осы бір стильдік ерекшелік көбінесе жеке ақын, жазушылардың тілінде белгілі бір көркемдік мақсатқа байланысты барынша ерекшелене түседі. Мысалы:
Абұйыр, атақ сол жанда
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда
Көп мақтауын таппаса,
Көптің бәрі көп деме, көп те бөлек
Көп ит жеңіп көк итті күнде жемек…
Көптің аузын күзетсең күн көрмейсің…
Мал құмар көңлі — бек соқыр,
Ақыл таппак,, мал таппақ, адал жүрмек…
Арын сатқан мал үшін ант ұрғаннық (Абай).
Жоғарыдағы жолдардағы көп есімі де, мал сөзі де ғылыми стильде, кеңсе, ресми, іс қағазы стильдерінде дәл мұндай дәрежеде қолданылмайды. Жалпы көп мағыналы сөзді сан алуан құбылтып, көбінесе көркем әдебиетте, сондай-ақ публицистикалық стиль мен ара-тұра сөйлеу тілінде, қоғамдық ғылым саласындағы зерт-теулерде пайдалануға болады. Өйткені ауыс мағына да, ауыс ма-ғынадан келіп шығатын көп мағыналық та әуелі соларда жиірек қалыптасады.
Көркем әдебиет стиліндегіге қарағанда көп мағыналы сөзді әсіресе қатар алып қолдану жағы публицистикалық стильде сирек ұшырасады.
“Моральдық басымдықты” қайткен күнде де қолдай отырып, күн сайын шамалы болса да табыстарға жетіп отыру керек (В. И. Ленин. Жастар туралы, 219-бет). Сондықтан жұртшылық жұмысының болашағы бұлыңғыр, күні күңгірт еді (“Ғани Мұратбаев”, 1972). Ал СССР чемпионаты мен кубогы жолындағы жарыстар да көп көңілінен шығуда (газеттен).
Қөп мағыналы сөз кейде ғылыми стильде де қолданылады. Мы-салы сағат сөзі бір сөйлемде өзінің екі түрлі мағынасында да ара-тұра қолданылады.
Егер сағат әр сағат сайын согып отыратын болса, ол бір тәулік ішінде неше рет соғады (Алгебра).

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: омоним туралы реферат, омоним туралы реферат қазақша, сөздің көп мағыналылығы мысалдар, қазақ тілі реферат қазақша, қазақ тілі туралы реферат қазақша, Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Сөздің көп мағыналылығы және омоним Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы, Қазақша рефераттар жинағы, Қазақша Реферат, Қазақ тілі пәнінен қазақша реферат