Экономикалық теория пәні және оның зерттеу әдістері

Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Оқу пәнінде ғылымға тікелей қатысы жоқ нақтылы өмірлік мысалдар, түрлі түсіндірулер қолданылады. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де методология бірдей қажет. Методология дегеніміз – ғылыми танудың нысаны (формасы), әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім.
Экономикалық процестерді танып-білу әдістерінің жаратылыстану ғылымдарындағы зерттеу әдісінен айырмасы бар. Бірақ барлық жағдайда да зерттеу мен білім беруде диалектикалық тәсілді қолданады. Бұл әдістің негізін ежелгі гректер қаласа, ал оны ғылыми жүйеге слуда неміс философы Гегельдің еңбегі зор. Шын мәнісіндегі ғалым адам барлық процестерді даму үстінде ойлап қарайды, яғни диалектикалық тұрғыдан ойлайды деген сөз. Олай болса ғылыми тану процестер мен құбылыстардың мәніне, олардың арасындағы өзара байланысты, дамудың себебін және қозғаушы күшін зерттеуге тиіс. Ғылыми танудың нысаналары мен әдістері көп. Олар объективті жағынан есептелген (статистикалық), жинақталған материалдарды анализ және синтез, индукция, жүйе (система) түрінде қарау, болжамдар жасау және оны тексеру, эксперименттер жүргізу, логикалық және математикалық модельдер жасау.
Экономикалық зерттеулердің маңызды әдісі – ғылыми абстракция. Ол басқа да гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық ғылымдарда қолданылады. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу. Осылай болған жағдайда ғана объетіні мүмкіндігінше жан-жақты қамтуға, оның заңдарын белгілеуге, оларға материалдық нысан беруге болады. Мысалы, баға қозғалысын алсақ, бір қарағанда ол түсініксіз, шегі жоқ, шым-шытырық процесс тәрізді, бірақ та баға динамикасын (өрісі) нақтылы фактолар: сұраныс пен ұсыныс, сондай-ақ өндіріс және тасымал шығындары т.б. белгілейді.
Абстракция әдісінің де шегі бар. Оны зерттеушінің дарындылығы белгілейді. Абстракциялау процесінде категриялар, ұғымдар тұжырымдалады, олар құбылыстар мен процестердің жеке-дара жинақталған жағын білдіреді. Тану процесіндегі қозғалыс белгілі заңылықтар тұжырымдалғанда жалпыдан жекеге, абстракциядан нақтылыққа қарай жүреді.
II. Негізгі бөлім
II.1. Индукция мен дедукция.
Ғылымда, оның ішінде экономикалық ілімде жее процестерді білу ғана жеткіліксіз. Ол бастапқы қадам. Нақтылы өмірде бір-бірінен алшақ заттар мен құбылыстар жоқ. Бәрі де өзара байланысты, ғылымның іздегені шындық. Ғылыми жүйенің қалыптасуы индукция және дедукция деген методологиялық әдістермен жүзеге асады.
Индукция жеке оқиға, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, принциптер шығарады. Дедукцияда керісінше, жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердің, процестердің кейбір жеке алынған ерекшеліктері сипатталады. Тарихи және логикалық танудың бірлігі экономикалық ғылымда орын алады. Әрбір экономикалық жүйенің логикалық байланысы бар. Біріншіден, олар бір-бірімен динамикалық өзара әсер ететін қатынаста болады. Бүгін аргументті (дәлел) болған зат, ертеңінде қызмет ролін атқаруы мүмкін. Екіншіден, жүйенің әрбір элементі тарихи даму процесінде болады. Сондықтан тарихи және логикалық бірлікті сақтау проблемесының маңызы зор. Мұның өзі жүйенің және оның элементтерінің пайда болуын білу үшін ғана емес, әсіресе оның үрдісін (тенденциясын), сатыларын анықтауға қажет.
II. 2. Экономикалық-математикалық модель (үлгі) жасау
Экономикалық жүйені белгілі бір үлгіге түсіру өте күрделі де қиын міндет. Экономикалық жүйенің жекелеген элементтерін жан-жақты талдап, экономикалық заңдарды топшылап, оларға түрлі ат қоюға болады. Бірақ қазіргі таңда бұл ғылымға жеткіліксіз, экономикалық теорияны практикада пайдалану үшін экономикалық-математикалық модельдер қажет, оларды пайдалану арқылы ғана экономиканың жағдайын түсінесің, оған «диагноз» қойып емдеу әдістерін анықтай аласың, белгілі мерзімнен кейін экономикада не болатынын, қабылдаған шешімдерінің әлеуметтік-экономикалық нәтижесі қандай екенін дәлелдеп айтуға мүмкіндік туады. Экономиканы математикалық модельдеу өте қиын іс. Онымен бірге экономика дегеніміз күрделі жүйе, оның қызмет ету шарттары, реттелмейтін кездейсоқ байланыстармен ұштасады.
Ғылымда экономикалық процестер мен жүйелерді зертеу үшін математикалық әдістерді қолдануға ерекше көңіл бөлген бағыттың негізін қалаушылар – М.Вальрас, В.Парето, У.Джевонс. Оның қазіргі көрнекті өкілдері В.Леонтьев, Л.Конторович, С.Шаталин, В.Макаров, А.Аганбегян, К.Вальтух, А.Анчишкин. Онымен бірге ерекше атап айтылатын есім – математик, физик және кибернетик Дж.Нейман. Ол Пристон университетінің экономисі О.Маргенштермен бірлесіп көпшіліке белгілі «Жаттығу теориясы» және «Экономикалық мінез құлық» деген еңбек жазды. Бұл еңбекте экономикалық дамудың көптеген проблемалары «жаттығу теориясы» тұрғысынан зерттелген.
Саяси экономика ғылымы. Бұл ұғымды тұңғыш рет ғылымға енгізген меркантелист Антуан Монкретьен (1575-1631). Саяси экономиканың ерекше назар аударғаны материалдық игіліктерді өндіру. Оның себебі: өнеркәсіп төңкеріс дәуірі басталды, рыноктың кең өркендеуіне жол ашады. Қазіргі ғылыми – индустриалды өндіріске сәйкес қоғам тұрғысынан қарағанда саяси экономика ғылыми классиктерінің көптеген ой-пікірлері ескірген тәрізді. Бірақ У. Петти (1623-1687), Адам Смит(1723-1790), ДавидРикардо (1772-1823), Франсуа Кенэ (1694-1774) және А.Тюрго(17 27-1781) есімдері өз заманындағы асқан ойшыл-ғалымдар қатарынан саналды.
Олардың кейбір ғылыми қағидалары әлемдік экономикалық теорияға қосылған орасан зор үлесі. Ресейге саяси экономия ілімі XVIII ғасырдың соңы, XIX ғасырдың басында Адам Смиттің есімі және идеяларымен келгені мәлім. Қазақтың әйгілі ағартушылары Абай Құнанбаев (1845 – 1904), Шоқан Уәлиханов (1835 – 1865). Шоқан Орыс географиялық қоғамының толық мүшесі болып сайланғаны белгілі. Демек, Абай мен Шоқан Адам Смиттің және т.б. экономикалық ой- пікірлерінен хабардар болып, Қазақстан экономикасының мәселелеріне өз көзқарастарын жазды.
Оқулықта экономикалық ой – пікірдің көне заманнан- ақ бастап тарихи қысқа айтылды, себебі терең үңілуге мүмкіндік болмағандықтан аса көрнекті есімдер ғана аталып, олардың қағидаларына қысқаша шолу берілді. Батыс Еуропамен ерте араласқан ресейдің өзінде де саяси экономия ғылымы XVII ғасырдың бірінші ширегінен I Петр дәуірінен басталды. Саяси экономия тарихын зерттеуге айтарлықтай үлес қосқан тұңғыш орыс экономисі И. Т. Посошков болса, біздің топшылауымыз бойынша қазақ елінде ондай адамдар – Шоқан мен Абай.
Бұрын Ресейге қараған барлық аймақтарда, оның ішінде Қазақстанда заманында аты шыққан, кейін ұмытылған есімдер де аз емес. Қазақ халқының қазір есімдері жаңғыртылып жазба мұра қазыналарында жарық көрген, әдебиет, ғылым саласында, мемлекет басқаруға қатысқан қайраткерлердің экономикалық ой-пікірлерін зерттеу болашақтың ісі.
Маркстік емес деген саяси экономикада XIX ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында бірнеше экономикалық мектеп қалыптасты, олардың бір бөлігі соңғы уақытта елеулі дамып, кеңінен таныла бастады. Соларда XIX ғасырдың екінші жартысынды шекті пайдалық пен шекті өнімділік немесе маржинализм французша (marginal шекті) теориясы тұжырымдалды. Маржинализм теориясы – шаруашылық қатынастарға тартылған жеке субъектіні психология тұрғысынан экономикалық талдау. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Экономикалық теория пәні және оның зерттеу әдістері туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Экономикалық теория пәні және оның зерттеу әдістері на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Экономикалық теория пәні және оның зерттеу әдістері