Педагогика | Ғылыми педагогикалық зерттеудің жүргізілу процесі және қорытынды кезеңі

Педагогика | Ғылыми педагогикалық зерттеудің жүргізілу процесі және қорытынды кезеңі

Мақсаты: Педагогикалық зерттеудің жүргізілу кезеңдерін ажыратуға дағдыландырып, қорытынды кезеңнің жазылуы жайлы жалпы мағлұмат беру.
Жоспар:
1.Ғылыми педагогикалық зерттеуді жүргізу процесі.
2. Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының басқа түрлері.

1. Қазіргі жоғары оқу орындарының алдында тұрған күрделі
міндеттердің бірі – студенттердің ғылыми ойлау дәрежесін барынша шығармашылықпен, өзіндік жұмыстармен байланстыра отырып дамыту. Яғни, студенттер жоғары оқу орындарында білім алып жүрген кездің өзінде – ақ ғылыми зерттеу жұмыстары, оның түрлері, оны жүргізу әдістемесі, әрбір жұмыстың негізі, тұп нұсқасы неде жатқанын анықтай алу үшін ғылыми – зерттеу жүргізудің маңызы зор. Бұл міндеттерді шешуде студенттер рефераттық жұмыстыр жасау, ғылыми баяндамалар әзірлеу, эксперимент жүргізу, кітапханаларда картотека, библиографиямен жұмыс істей білу, курстық және дипломдық жұмыстар орындаудың әдіс – тәсілдерін, жүргізу ерекшеліктерін өз дәрежесінде меңгерулері қажет.
Осыдан келіп, студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың оңтайлы әдістері мен тәсілдерін, оқыту түрлерін, нысандарын іздестіру өзекті сипатқа ие болады. Сондықтан, студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстарын орындауда олардың дағдыларын қалыптастыру жүйесін оқу және оқудан тыс арнайы ұйымдастыру – білім беру үдерісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады.
Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмысы – алынған білімдерді, біліктер мен дағдыларды тәжірибеде қолдана алуға қабілетті, жоғары білімді мамандар даярлау сапасын арттырудың маңызды құралдарының бірі. Студенттерді ғылыми – зерттеу жұмысына тарту олардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін қазіргі ғылымның көкейкесті міндеттерін шешу үшін пайдалануға мүмкіндік береді.
2. Ғылыми баяндамалар – аудиторияда оқылатын немесе мақала ретінде жарияланатын ғылыми – зерттеу мен тәжірибелік эксперимент жұмысының мазмұнын баяндайтын ғылыми құжат.

Рефераттық жұмыс – ғылыми еңбектер, ғылыми зерттеулердің қысқаша мазмұнын сипаттайтын, жазбаша немесе басылым түрінде берілетін жұмыс. Реферат ғылыми – ақпараттық бағытта болады. Тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар рефератта ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында қолданылады.
1. Ақпараттық рефераттар. Мұнда автор бір немесе бірнеше жұмыстың мазмұнын қысқаша баяндайды.
2. Бағалаушы рефераттар белгілі бір проблема бойынша бірнеше ғылыми әдебиеттер негізінде жазылады және проблемаға түрлі көзқарастар, түрлі жұмыстардағы ғылыми тұжырымдамалардың сыни талдамасы келтіріледі, реферат авторының ұстанымы анықталады.
Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстарының негізгі міндеті – барлық студенттерді таңдаған мамандығы аясында ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізудің теориялық негіздерімен және практикалық дағдыларымен таныстыру. Бұл функциялардың орындалуына оқу үдерісіне енгізілген, сондай – ақ оқудан тыс уақытта орындалатын ғылыми – зерттеу жұмыстарының түрлі формаларының үйлесімі арқылы қол жеткізіледі.
Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:
1. Студенттер үшін ғылыми зерттеу жұмыстар жүргізу маңызы?
2. Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарын сипаттаңыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жайлауова М.К., Керейбаева А.Ө. Студенттердің ғылыми – зерттеу
2. жұмыстары. Үздіксіз педагогикалық практика: дәстүрлер мен инновациялар. Республикалық ғылыми – практикалық конференция материалдары. – Ақтөбе, 2009
3. Керейбаева А.Ө. Асылбекова Ж.О. Студенттердің зерттеушілік
4. мәдениетін қалыптастыру. Оқыту үрдісінде жаңа инновациялық технологияларды қолдану мәселелері. Халықаралық ғылыми – практикалық конференция еңбектері. І том. Ғылыми басылым. – Шымкент, 2009
5. Кухарев Н.В.Педагог-мастер,педагог-исследователь.Гомель,1992.
6. Скаткин М.Н.Методология и методика педагогического исследования. – М.,1986.
7. Краевский В.В.Методология педагогического исследования. – Самара 1994.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру