file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Ораз Мұхаммед хан Онданұлы (1573-1610)

 Ораз Мұхаммед хан Онданұлы (1573-1610)

Ораз Мұхаммед - Жошы әулетінен шыққан қазақ сұлтаны, Қасым хандығының ханы. Ондан сұлтанның баласы, Тәуекел ханның немере інісі, Орыс ханның жетінші ұрпағы. Ораз Мұхаммед орыс жылнамаларында «қазақ ордасының ханзадасы» деп аталған. Ораз Мұхаммед 1586 жылы өз қарашасы Қадырғали Жалаиримен бірге Сібір хандығының астанасына келеді. Сібір ханы Сейдахметпен (Сейдек, Сейдақ) Ертіс бойында қаршыға салып жүргенде орыс жасақтарының қолына түсті (1588ж). Сол жылдың қыркүйек айында Мәскеуге жөнелтіледі. Мәскеу патшасы оны жылы жүзбен қарсы алып, қызметке тартты, патша сарайындағы салтанатты қабылдауларда болады. Ораз Мұхаммед орыстардың шведтерге (1590ж), Қырым хандығына (1598 ж) қарсы соғыстарына қатысты. 1595 жылы Тәуекел хан Мәскеуге Құлмұхаммет (Құлмамбет) бастаған елшілік жіберіп, Қазақ хандығын Ресей қол астына алуға сұраған кезде патшадан Ораз Мұхаммедті елге қайтаруды да өтінген еді, бірақ Тәуекелдің өлімі бұл өтініштің орындалуына кедергі жасады. Орыс патшасы Борис Годунов Ораз Мұхаммедті 1600 жылы Ока өзенінің бойындағы Қасым (Касимово) хандығының ханы етіп тағайындады. Шығыс билеушілерінің өкілдерін патша қызметіне осылайша пайдалану сол кезде Ресей патшаларының кәдуілгі қаруы болып саналған. Ораз Мұхаммед 1608 жылы Лжедмитрий II жағына шығып, жалған патшаның сарайында атақты адамдардың бірі болды. Ораз Мұхаммедтің өзіне тән адал қызмет етпейтінін сезген Лжедмитрий II оны Ока өзенінің бойына аң аулауға ертіп апарып, жалдамалыларына өлтіртеді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру