ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫ

ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ  ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫ

Өндірілетін өнімнің өзіндік құны

Кәсіпорынның іс-әрекетіндегі басты көрсеткіштердің бірі - өнімнің өзіндік құны. Бұл өнімді өндіруге және оны сатудағы ақшалай нысанында көрсетілетін шығындардың жиынтығы. Сөйтіп, жалпы өндірістік тиімділігін анықтайды.
Өзіндік құнның экономикалық мазмұны – жұмсалған шығындардың орнын толыру және соның есебінен өндірілетін барлық элеметтердегі жай ұдайы өндірісті, өндірістік қорларды және жұмыс күштерін қамтамасыз ету. Осы арада, кәсіпорынның өзіндік құнының маңызды элементтері: амортизация, жұмсалған материалдық ресурстардың құны, еңбекақы – бұл шығындардың басты статьялары.
Сонымен қатар, кәсіпорын бір уақытта басқа да шығындарды іске асырады: өздерінің қызметкерлеріне сыйлық, банктік несиеге процент төлеу, әлеуметтік объектілерді ұстау, бюджеттен тыс қорларға аударым жанрларын жасау – бұл шығындар кәсіпорынның қосымща щығындарын құрайды.
Өзіндік құн тиімділіктің мынадай маңызды көрсеткіштері: пайда және пайдалылығының деңгейі мен серпінін анықтайды. Өзіндік құнның маңызы оның орындалу функцияларымен анықталады.
1. Өзіндік құн өнім құнының кең бөлігі болып табылады. Мұның мәнісі, өнімнің өзіндік құны арқылы өндіріс қаражаттарын жұмсауды қамтамасыз етеді.
2. Өзіндік құн көтерме сауда бағасын қалыптастырудың негізі болып табылады, оның есепсіз жүргізілуі бағаның құрылуына негіздеме бола алмайды.
3. Өзіндік құнның негізінде пайданы, кейбір бұйымдардың пайдалылығын, яғни оларды шығарудың мақсатқа сай екендігін есептеу.

Кәсіпорынның өзіндік құны, жалпы табысы және пайдасы

Жалпы табыс
Материалдық шығындар Еңбекақы Пайда
Өндірістің шығындары (өзіндік құн) Таза табыс
Ө т к і з у к ө л е м і

Бұл айтылғандардан өнімнің өзіндік құнына деген көзқарасты төмендетуге болмайтындығын көруге болмайды. Өзіндік құнның деңгейіне кәсіпорынға қатысы бар және қатысы жоқ факторлар ықпал етеді. Мысалы, кәсіпорынға табиғи жағдайлар, оның ішінде шикізат көздерін және өнім тұтынушыларда теориялық қашықтығы, шикізатқа баға деңгейі, отын, жабдықтар, электроэнергия және көлік тарифтері және т.б.

Өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтерінің сыныптамасы
Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар екі негізгі белгілермен топтастырылады:
• Шығындардың бастапқы элементтерімен;
• Пайда болу және міндет жүктеу сипатымен.
Экономикалық элементтердің шығыстарын топтастыру өндіріс шығындар сметасын дайындағанда қолданылады. Бұл топтастырудың мәні - әрбір шығынның элементі өнімнің өзіндік құнының жиынтығына қосылады. Сонымен, мына төмендегі шығын элементтері бөлінеді:
• Материалдық шығындар (қайтарылма қалдықтар құрамынан шегерілуі);
• Еңбекақыға жұмсалған шығындар
• Әлеуметтік сақтандыруға аударым;
• Зейнетақы қорына аударым;
• Амортизация
• Басқа да шығындар.

Өндіріс шығындары төмендеудің негізгі бағыттары

Шығындарды жүйелі түрде төмендету – кәсіпорындардың жұмыс істеу тиімділігін арттырудың негізгі құралы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында заллды кәсіпорындарды қаржылай қолдау қағидаға жатпайды.
Ұлттық экономиканың барлық салаларында өндіріс шығындарын төмендетудің мына төмендегі негізгі бағыттарын айтуға болады:
• Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану;
• Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
• Экономикалық процестерді мемлекет тарапынан реттеу.

Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін іске асыру - бұл бір жағынан өндіріс қуатын, шикізат және материалдар, оның ішінде отын- энергия ресурстарын көптен-көп пайдалану, ал екінші жағынан тиімді жаңа машиналарды, жаңа технологиялық процестерді іске асыру.
Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімді ету – шаруашылықты жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгендігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің бұлайша қойылуы мынаны аңғартады: шикізат пен материалдарды жұмсай отырып немесе машиналар мен механизмдерді пайдалана отырып, шикізаттардың әрбір бөлігін неғұрлым көп өнім алуға, әрбір станок пен технологиялық процестердің түсімін өсіруге, шығындарын бұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек.
Егер кәсіпорын ұжымдарының ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдаланудың негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда оларды үш топқа бөлуге болады. Өндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі өндіріс қорлардың пайдалануын жақсартудың, екіншіден, айналмалы өндіріс қорларды неғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындарының нәтижелілігін жақсартудың негізінен арттыру.
Өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіруге келсек, онда бұл процесс ысырапты қысқарту есебімен шығындарды үнемдеумен қатар барлығы да тәжірибе жүзіндегідей болады, яғни нақты еңбектің шығынын үнемдеу. Қазіргі кезеңде анқты еңбекті үнемдеудің экономикалық дамуы қоғамдық еңбекті үнемдеумен салыстырғанда едәуір салмақты нәтиже береді. Қазіргі таңда ұйымдастыруды жетілдірудің екі негізгі мектебі бар: америкалық және жапондық. Бұл өндірісті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, оларды экономикалық жағынан ынталандыру және т.б. көптеген жүйелер. Ө¬ндіріс шығындарын төмендетуде мемлекеттік ғылыми-техникалық прогресс жөніндегі бағдарламалары мен мемлекеттік стандарттар елеулі орын алады.
Өнімнің өзіндік құнын арзандату – еңбек өнімділігін арттырудыңшартқа айналған объективті бейнесі, экономикалық заң әрекетінің нақты нысаны, осыған сәйкес өндірістік шығын үнемі кеміп, жанды еңбек үнемі өнімдірек болып отырады. Өзіндік құнның арзандау көрсеткіштері өндіргіш күштердің дамуын сәйкес өткен және қазіргі еңбектің үнемделу дәрежесін бейнелейді.
Өзіндік құнды кемітудің басты факторлары:
• өндірістің техникалық деңгейін көтеру
• өндірістің материал, отын, энегрия және еңбек сиымдылықтарын төмендету;
• басқару және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
• технологиялық процестерді қуаттылықпен негізгі қорлады пайдалануды жақсарту, т.б.

• Өндіріс шығыны – бұл кәсіпорынның өндіруге және өнімді сатуға кетекен барлық шығындардың сомасы, яғни өнімді өндіруге кеткен еңбек шығындарының (нақты еңбек, өткендегі еңбек) жиынтығы.
• Кәсіпорынның қызметін айқындайтын экономикалық көрсеткіштердің жиынтығы өнімнің өзіндік құны болып табылады. Бұл оның пайдаланылған өндіріс құралдарының шығынын және еңбекке ақы төлеуді қоса есептегендегі оның ақшаға айналдырылған құнының бір бөлігі.
• Өнімнің өзіндік құны белгілі бір өнім өлшемін өндірудің және сатудың кәсіпорынға қаншаға түсетіндігін көрсетеді.
• Өндірілеген өнімді сатудан түскен қаржының есебінен өзіндік құнның құрамына кірген, өндірісте тұтынылған элементтер шығынының орны толтырылады, ал қалған қаржының бір бөлігі ұлғаймалы өндірісті дамытуға жұмсалады.
• Өндіріс тәсілінің негізгі экономикалық санатының бірі бола отырып, өнімнің өзіндік құны кәсіпорынның экономикалық тиімділігін анықтайтын неғұрлым толық көрсеткіш болып саналады.
• Өзіндік құнға жолдама жасағанда оған кеткен шығындарға мұқият талдау жасау, өндірісті дәл ұйымдастыру, техниканы және технологияны материалдар мен шикізаттарды және т.б. материалдық ресурстардың барлық резервтерін табу, сөйтіп, өнімсіз еңбек шығындарын анықтау және алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың өзіндік құнды азайту жөніндегі тәжірибелерін үйрену қажет.

Экономикалық санатты ретіндегі бағаның мәні мен бернесі

Көптеген сөздіктерде баға – бұл тауар өлшемінің ақшалай түріндегі құны деп түсіндіріледі. «Баға – бұл ақша сомасы, осы үшін сатып алушы тауарды сатып алуға дайын» деген ұғымды да кездестіруге болады.
Нарықтық қатынастар жағдайында бағаның ролі кез келген коммерциялық ұйымдар үшін кенет артады. Мұндай жағдай көптеген себептерге себепші болады.
Бағаның деңгейінен тәуелді болатындар:
• Коммерциялық ұйымның пайда мөлшері;
• Ұйымның бәсекеге жарамдылығы және оның өнімдері;
• Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығы.

Баға экономикалық санаты ретінде бірнеше маңызды бернелерді (функцияларды) атқарады:
Бағаның есептік бернесі – небір өнімді өнддіру мен сатуға кететін қоғамның қажетті еңбек шығындарын қамтып көрсетеді. Баға еңбек шығындарын қанша, шикізат материалдар, тауарларды дайындауда бұйым жиынтылығын анықтайды. Ең ақырында, баға тек өндіріс шығындарының жиынтық мөлшерін және тауар айналымын қамтып қана қоймайды, сонымен қатар пайда мөлшерін де қамтиды.
Баға нұсқалары
Қисын бар баға
Ең төмен баға (өндіріс шығындары) Өзіндік құн + үстеме баға. Бәсекелестік баға есебі Өндіріс шығындары + тауардың бірегей мүмкіндігі Ең жоғарғы баға
Баға деңгейін анықтайтын жағдайлар мен фактор
Бағаның үлестіргіш бернесіне – баға құрылымы арқылы мемлекеттік ұлттық табысты экономика салалары, мемлекеттік және басқа да секторлар, аймақтар, қорлану және тұтыну қорлары, халықтың әлеуметтік топтары арасында үлестіруді қамтамасыз етеді.
Сұраныс және ұсыныс бернелерін теңгеру – баға арқылы өндіру және тұтыну, сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланысты жүзеге асыруды білдіреді. Баға өндіріс арасындағы үйлесімсіздікті және айналысты айқындайды және олардың ұсыныстары жөнінде нақты шешімдер қабылдауды қажет етеді.
Бағаның өндірісті ұтымды орналастырудағы бернесі - нарықтық экономика жағдайында барынша толық көрінеді. Баға тетігі көмегімен капиталдың экономика секторларына және өндіріске пайданың ең жоғары мөлшерінің қайта құрылымы пайда болды.
Бағаның ынталандыру бернесі – кейбір жағдайларда ғылыми- техникалық прогресті жеделдету, өнімді шығару және оған деген сұранысты арттыруда ынталандырудың қажет екендігі белгілі. Мұнда техникалық деңгейіне және өнімнің сомасына байланысты баға сараланады. Осы себептерге байланысты бағалар өндірісті ынталандыруға ықпал етпеуі де мүмкін.
Нарықтық экономика жағдайында тауар бағалары үнемі ауытқып отырады. Тауарлардың нақтылы түрлері және нақтылы кезеңдері үшін бағаның өзгеру бағыты әр түрлі болуы мүмкін.
Сонымен, еліміздің экономикасының жалпы дамуына және шаруашылық жүргізушілердің әрбір субъектілеріне баға ерекше рөь ойнайды. Осыдан барып, баға құрылымы жөніндегі саясаттың мәнділігі туады.

Кәсіпорынның баға саясаты

Кәсіпорын шығарған өнімнің бағасы, оны анықтайтын пайдасының маңызды фактор ғана емес, сонымен қатар тауарларды ойдағыдай өткізудің жағдайына да байланысты болады. Баға бұл жағдайда тактикалық құрал ретінде кәсіпорынға бірқатар артықшылықтар әкеледі:
• Біріншіден, сұранысты ынталандырудағы көптеген әдістерден ерекшелігі, бағаны пайдалану қосымша қаражатты қажет етпейді, жарнама шараларын жүргізуде орын алатын өнімді дараландыру, жылжыту және т.б.;
• Екіншіден, тұтынушылар белгіленген бағаны, жарнама негізінде қарағанда оңай, өнімді дараландыру сияқты өздеріне тауарлардың тартымдылығын табады;
• Үшіншіден, соңында тіпті, басқа да ынталандыру әдісі, атап айтқанда, дербес сату және жарнаманы ұйымдастыру ең бастысы болады, оларды қолдауда ең қуатты құралы болып табылады.

Бағаның тұтынушыға ықпалы қандай болмақ? Ол деңгейге сай өзінің белгілерін табады. Сөз болып отырған мәселе, белігіленетін бағаның деңгейі сатып алушылардың артықшылығын, оларды сол немесе басқа да өнімді сатудан алатын болжалды пайданы көрсетеді.
Шыныда, егер де тауарға тым жоғары белгіленсе, онда мұндай тауарлар сатып алынбайды, ал сатып алынған күнде ол аз мөлшерде өтеді. Практикада баға стратегиясының тұтас сериясы болады:

• жоғары баға стратегиясы әуелі өндіріс шығындарынан әлдеқайда жоғары сатады, ал содан соң бағаны төмендетеді;

• төменгі баға стратегиясы. Бұл сұраныс ынталандыру мақсатында жасалады, не өткізудің көп мөлшерінің рыноктағы тиімділігі және сұраныстың жоғары икемділігі, сатып алушылар бағаның төмендеуін қашан шұғыл сезінеді және сұраныс та сол уақытта көбейеді. Кәсіпорын жаппай өндірудің есебінен бағаның төмен деңгейін ұстап тұрады;


• сараланған баға стратегиясы бағаны белгілеуде түрлі рыноктар, олардың саралымдары және сатып алушылар үшін түрлі-түрлі үстемелерді бағаның орташа деңгейіне ұштастыруды көрсетеді;

• жеңілдікті баға стратегиясы сатып алушылармен жұмыс істеуге бағытталады. Мұнда оларға тауарларды жеңілдетілген баға ретінде ұсынуға құштар, икемді, икемділік баға стратегиясы. Баға сатып алушылардың мүмкіншілігіне, олардың сатып алу күштеріне байланысты белгіленеді;

• тұрақты, стандартты, өзгермес баға стратегиясы;

• жинақталмаған баға стратегиясы;

• жаппай сатып алу стратегиясы;

• баға деңгейінің тауар сапасының тығыз үйлестіру баға стратегиясы.

Баға саясатын дұрыс таңдау өзгеше қарапайым жұмыс емес. Ең алдымен оны және басқа да баға саясатын өндіріске енгізу үшін бағаның қазіргі жағдайдағы деңгейін күнделікті қадағалау қажет.

Бағаның құрылуының нарық үлгісіндегі ерекшелігі

Кәсіпорынның баға саясаты нарықтық бағаның бет алысы көптеген жағдайда нарық құрылымының бәсекеге жарамдылығына байланысты. Әдетте, нарық төрт тұрпатқа бөлінеді (еркін бәсеке, монополистік бәсеке, олигополистік бәсеке және таза бәсеке), олардың әрқайсысы салалық және кәсіпорындар шығарған өнімдердің бағаларын қалыптастырудың ерекше жағдайларын сипаттайды.

Еркін бәсекедегі нарық бағалары

Еркін бәсеке нарығы былай ипатталады:
• фирмалардың көптеп болуы, әр әрбір фирманың өнімге нырықтық ұсыныс көлеміндегі деңгейі соншалықты аз, не бағаның артуы немесе кемуі оның кез келген қимылы бағаның нарықтық тепе-теңдігін қамтып көрсетеалмайды;
• өндірілген бәсекелі тауарлардың бір тектілігі және өзара алмасушылығы;
• бағаның шектілігінің болмауы.
Еркін бәсеке жағдайында бірде бір кәсіпорын баға құрылымына елеулі ықпал ете алмайды, тауардың бағасы тек қана сұраныс пен ұсыныс жиынтығының ықпал жасауынан қалыптасады. Жеке кәсіпорындарда баға саясаты, яғни бағаны реттеу қабілеттілігі болмайды. Ол тек қана нарықтық бағаға бейімделеді.

Монополистік бәсеке жағдайындағы баға құрылымы

Монополистік бәсеке нарығы нарықтық бағаға бірыңғай емес мәлімет, сонымен қатар кең түрдегі ауқымды баға жасайтын көптеген сатып алушылар мен сатушылардан тұрады. Баға мәселесінің бар болуы сатушылардың сатып алушыларға тауарлардың түрлі нұсқауларын ұсыну қабілетінің болмауын түсіндіреді.
Нақты бұйымдар бір-бірімен сапасы, ерекшелігі және сыртқы ресімдеуімен көзге көрінеді.
Бәсекелестердің көп болуы олардың әрқайсысы бағаны бақылауға шек қояды. Өндірілген тауарды елеулі саралау кәсіпорынның баға саясаты арасындағы өзара тығыз тәуелділігінің жоқтығын түсіндіреді және бағаның жеке деңгейі жөніндегі келісімге шек қойылады.
Олигополия жағдайындағы баға құрылымы

Олигополия түрлі нарықтық жағдайларды қосады, аз санды сатушылар, жалпыға бірдей өндірушілердің өзара тәуелділігі, сол сияқты кейбір кәсіпорындардың бағаларының өзгеруіне немесе өндіріс көлеміне бәсекелестердің жауапты әрекет жасауларын алдын ала болжау болып табылады.
Әдетінше, олигополиялық баға құрылымының бірнеше жалпы шегі бөлінеді:
• олигопоиялық бағалар толымды бәсеке жғдайындағы бағаларға монополиялық бәсеке немесе тіпті кейбір жағдайда таза монополияға қарағанда аз өзгереді;
• олигополиялық жағдайда баға «қатал» немесе икемділік тенденциясында болады;
• егер де баға бір өндірушіде өзгеруі ықтимл болған жағдайда, сонымен қатар одан басқа өндірушілер де бағларын өзгертеді;
• олигополия бағаларды ынталандырудағы және бағаны бекіту немесе өзгерту кезіндегі әрекетін құптайды.

Таза монополия жағдайындағы бағалар
Нарықтағы таза монополия кезінде бір-ақ сатушы болады. Монополия болып мемлекеттік мекемелер, меншіктің реттейтін монополиясы немесе меншіктің реттелмейтін монополиясы. Келтірілген жағдайлардың әрқайсысында баға құрылымы түрліше құрылады.
Егер де тауар сатып алушылар үшін маңызды болып, оны толық құнына сатып алуға мүмкіншілігі болмаған жағдайда, мемлекеттік монополиядағы баға өзндік құнға қарағанда төмен белгіленуі мүмкін. Баға шығынды өтеуге немесе орта табыс алу есебінен бекітілуі мүмкін
Реттелетін монополия жағдайында мемлекет кәсіпорынға бағалу және тарифтерд белгілеуге рұқсат етеді. «Пайданң әділ нормасын» алуда қамтамасыз етеді. Бұл өндірістік қолдауға, ал қажет болған жағдайда оны кеңейтуге мүмкіндік жасайды.
Реттелмейтін монополия бағаға елеулі бақылауды жүзеге асырады және нарықтық бағаны ұсынуы мүмкін. Алайда кәсіпорын-монополист еш уақытта ең жоғары баға белгілей алмайды.
Сонымен, қорыта айтқанда, нақты экономикалық жағдайда көрсетілген баға үлгілерінің қайсысы болмасын таза түрінде анықтау едәуір қиын. Кәсіпорын өзінің бір тауарымен нарыққа таза монополиямен шығуы мүмкін, ал басқасымен – бәсекелестік нарықта. Қиындау болатын жай – ол олигополиямен, өйткен, жер қойнауында қалай монополия, солай еркін бәсекенің шығуы мүмкін. Бағаның бәсекелестік құрылымын талдау өзінен-өзі бағаны белгілеуде дайын рецептер бере алмайды; ол ең алдымен сұраныс пен ұсыныстың арақатынастарына байланыстылығы баға құрылымының заңдылықтарын анықтауда қажет. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру