Экономика | ҚАРЖЫЛАЙ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ
ҚАРЖЫЛАЙ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ
Қаржылай инвестициялар дегеніміз – пайыздар, дивидендтер, роялти және жалақысы түрінде, инвестицияланған капиталды арттыру немесе коммерциялық қатынастардың нәтижесінде пайда табу мақсатында субъект ие болып отырған актив. Қаржылай инвестицияларға, сондай-ақ пайдаланылмай тұрған жылжымайтын мүлікке салынған инвестиция да жатады.
Мемлекеттік құнды қағаздарға және шаруашылық жүргізуші ұйымның жарғылық капиталына қаржылай инвестициялар салынады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс шетелдерде орналасқан басқа да шаруашылыққа қарыздар (зайымдар) беріледі.
Аудитор қаржылй инвестициялардың есебін тексеруге кірістердің алдында тексерудің сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында тексеру барысында анықтауды, назар аударуды, тексеруді талап ететін мәселелер бойынша бағдарлама жасайды:
- баланста инвестициялардың дұрыс көрсетілгендігін тексеру;
- инвестициялардың аналитикалық және синтетикалық есеп мәліметтерінің сәйкестігін тексеру;
- шаруашылық қаржылай инвестициялардың дұрыс сыныпталуын тексеру;
- инвестициялардың құнын анықтауда бағалану тәртіптерінің қолданылғандығын тексеру;
- нақты қолда бар құнды қағаздардың сақталу орнын анықтайтын бастапқы құжаттармен танысу;
- құнды қағаздарға сатып алу операцияларының бухгалтерлік есеп жазуларының дер кезінде жүзеге асырылғандығын тексеру;
- қаржылай инвестицияларды қайта бағалаудың нәтижесін қайта бағалаудың қайталану жиілігін тексеру;
- қаржылай инвестицияларды шығысқа шығару операцияларының бухгалтерлік есеп жазуларының дұрыс, дер кезінде жүзеге асырылғандығын тексеру;
- шаруашылықтың басқа заңды тұлғаларға берген қарыздарының (зайымдарының) құжаттарымен танысу.
Жасалған бағдарламаға сәйкес, аудитор жылдың басындағы және ағымдағы мәліметтерін салыстырып тексеруге міндетті. Тексеру барысында аудитор қаржылай инвестициялардың дұрыс сыныпталғандығына назар аударып, олардың есебінің шаруашылықтың қабылданған есеп жүргізу саясатына сәйкес ұйымдастырылғандығына көз жеткізуі тиіс. Қаржылай инвестициялар мақсаттық бағытына және салыну мерзіміне қарай ұзақ мерзімді (бір жылдан жоғары) немесе қысқа мерізмді (бір жалға дейін) болып екіге бөлінеді.
Аудитор қысқа мерзімді қаржылай инвестициялардың бухгалтерлік баланста ағымдағы құны бойынша немесе сатып алу құны мен ағымдағы құнының ең төмен бағалануы бойынша есепке алынып, олардың ағымдағы құнының өзгеруінен болған табыстың немесе зиянның сол есепті кезеңде танылғандығына тексеру жүргізеді.
Ұзақ мерзімді қаржылай инвестициялардың бухгалтерлік баланста сатып алу құны бойынша қайта бағалаудың нәтижесі ескеріліп, есепке алынған құны бойынша және қоржын негізінде айқындалатын сатып алу құны мен ағымдағы құнының ең төменгі бағалануы бойынша есепке алынғандығын тексереді.
Әдетте қаржылай инвестициялар операциялары онша көп болмағанымен, құндылығы жөнінен өте маңызды. Аудитор тәртіп бойынша бақылау тестін жүргізбегенімен, қаржылай инвестициялардың әрбір операциясын жеке-жеке мұқият зерттеуге және бағалауға міндетті.
Негізінен күрделі қаржы салымдарының ұйымдастырылуын аудиторлық тексеруді, аудиттің бес бағытына сәйкес жүргізуге тиісті: тіршілік ету немесе пайда болу; толықтық; бағалау; құқық және міндеттеме, тапсыру және ашу. Бұл аталған бағыттар субъектінің басшысының қаржылық саясатында іске асыратын шараларға көзқарасын білдіреді. Осы мәселелерге сүйене отырып, аудитор тексеруге тиісті сұрақтарын кәсіби биіктілікке және нақты дәл белгілеуге тиіс.
Алдыңғы үш бағыт бойынша (тіршілік ету, толықтық, бағалау) тексеруді ауызша сұрау салудан бастаған жөн. Аудитор инвестициялық құнды қағаздардың қайда сақталатынын және жыл бойында қандай өзгерістердің болғанын анықтауы қажет. Егер ол клиенттің өзінде сақталса, онда оларды қарап шығып, санау қажет. Егер құнды қағаздар сенімді тұлғада сақталса, онда олардың растығын дәлелдейтін анықтамалар алу керек. Сондай-ақ қажетті іс-әрекеттердің қатарына ішінәра бақылауды қолданып, оларды санау жатады. Инвестициялық мүліктер басқа да материалдық құндылықтар сияқты тексерілуі мүмкін. Қаржылық инвестиция құқығын аудитор тиісті шаттары, құнды қағаздары және басқа да құжаттары бойынша жүргізеді. Сондай-ақ аудитор инвестициялардың құнын бағалап, анықтағанда қандай әдісті қолданғандығын және бұл әдістің шаруашылықтың жүргізіп отырған есеп саясатына сәйкестігін тексеруге міндетті. Инвестиция жүргізу шығындары құжаттарында расталынып және аналитикалық есепте көрсетілгендігіне, кейібр қаржылай салымдардың (жарна) құны меншік құқығы көрсетілген накладнойларда және басқа да құжаттарында расталғандығына назар аударуы тиіс.
Аудитор қаржылай инвестицияларды тексерген кезде құнды қағаздардың түрлеріне қарай есеп мәліметтерінің жинақталып көрсетілгендігіне көз жеткізіп, олардың ерекшеліктеріне назар аударуға тиіс. Олардың түрлеріне қысқаша тоқталатын болсақ, олар былай жіктеледі:
1. Жәй акциялар (шаруашылық қызметінен табыс алуға және шаруашылықты басқаруға қатысуға құқық беретін). Акция ұстаушылар акцияларының санына қарай акционерлердің жиналысында сонша дауысқа ие болады.
2. Артықшылығы бар акциялар (тұрақты табыс алуға құқық берілген, бірақ шаруашылықты басқаруға араласуға құқық берілмеген.
3. Облигациялар (шығарған шаруашылықтың немесе мемлекеттік органның қарыз міндеттемесі, оларды ұстаушыларға белгіленген табыс төлеуге, белгілі бір жұлдызға облигацияның құнын қайтаруға).
Вексель бір жақты бұлжытпай орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын қатаң бекітілген нысанды құжат.
Вексельдер жәй және аударма болып бөлінеді:
Жәй вексель (соло) дегеніміз - талап ету бойынша немесе белгіленген мерзімінде вексельді берушінің, вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы төлейтіні жөнінде ешбір құжатта мақұлданбаған міндеттемесі.
Аударма вексель (тратта) – бұл несиеленушінің (трассанттың) борышкердің (трассаттың) және төлемді алушының (ремитенттің) үш жақты вексельдік қатынастарын реттеуші құжат. Бұл қатынастырадың мағынасы трассант трассатқа вексель жазып беріп, ремитентке белгілі бір сомадағы ақшаны, белгілі бір орында, мерзіммде төлеп беруге ұсыныс жасауды білдіреді.
Аудитор вексель (тратта) дегеніміз – вексель берушінің (трассанттың) үшінші тұлғаға (трассатқа), бірінші вексель ұстаушыға (ремитентке) немесе оның бұйрығы бойынша келешекте белгілі бір уақытта ұсынған кезде вексельде көрсетілген соманы төлейтіні жөнінде ешбір құжатта мақұлданбаған міндеттемесі.
Аудитор алынған акциялар, әр түрлі сертификаттар, акциялар салынған үлестердің сомасының куәлігі қарыз беруге байланысты шарттар сияқты жасалған қаржылай инвестицияларды растайтын құжаттармен танысуға тиіс. Құнды қағаздардың сатылғандығын растайтын құжаттар – бұл сатып алу, сату актісі, облигациялардың сөндірілгендігін және берілген қарыздардың қайтарылғандығын растайтын патенттік табыстаулар.
Шаруашылық жүргізуші субъектінің басқа субъектілердегі құнды қағаздарынң нақты қолда бар ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қаржылай инвестициялардың қозғалысының ақпараттын жинақтау үшін 40 “Қаржылай инвестициялар” бөлімшесінің 401 “Акциялар”, 402 “Облигациялар”, 403 “Басқа да” деп аталатын синтетикалық шоттар қаралған. Бұл шоттарда ұзақ мерзімді инвестициялар мен қысқа мерзімді инвестицияларды да көрсететін болғандықтан, сәйкес екі аралық шотқа бөлінеді: ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді.
Жоғарыда келтірілген дебетінде құнды қағаздарды сатып алу операцияларының сәйкес шоттарының 68 “Басқадай несиелік борыштар және есептеулер” бөлімшесінің 687 “Басқа да” шоттарының кредитімен корреспонденциялау арқылы көрсетіледі. 40”Қаржылық инвестициялар” бөлімшесінің сәйкес шоттарының кредитіне құнды қағаздарды сөндіруді /сатып алуды/ және сатуды, 84 “Негізгі емес қызметтер бойынша шығындар” бөлімшесінің шығындары” шотының дебетімен корреспонденциялау арқылы көрсетеді.
Аудитор 40 “Қаржылық инвестициялар” бөлімшесінің сәйкес шоттарына сатып алу құны бойынша делдалдарға және банк қызметіне жұмсалған құнды қағаздарды сатып алуға байланысты шығындарының қосқан кіріске алынғандығын, олардың сатып алу құнына сатып алуға дейінгі кезеңге есептелген пайыздарын, дивидендтерін қоса, сатып алушының сатушыға төлеген пайыздарының көлеміне кемітіп сатып алу құны бойынша көрсетілгендігін, құнды қағаздар түріндегі инвестицияларды сатып алу құнымен өндіру құнының арасындағы айырмасын, сатып алу кезінде шегерімдердің пайда болғанын немесе инвестор оған иелік ету кезеңінде амортизацияланғанын, сатып алғанын, облигациялардың және осыған ұқсас айырмасының шығысқа шығарылғандығын, төсен болған жағдайда оны қосып есептегендігін тексеруге тиісті.
Сатып алу және номиналдық құны арасындағы қүнды қағаздарға тиісті әрбір табысты есептеген кезде шығысқа шығарылатын (қосып есептелетін) айырма сомасын, жалпы айырма сомасына және құнды қағаздар бойынша белгіленген табыстарын төлеу кезеңдеріне қарай анықталатындығын естен шығармаған жөн. Құнды қағаздарды сөндірген (сатып алғанда) сәтінде 402 “Облигациялар” шотында көрсетілген номиналды құны бойынша шығыс жасалғандығына көз жеткізу керек.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар анда-санда қайта бағаланып тұратын болғандықтан, аудитор оның материалдарымен танысып, жүргізілген қайта бағалау нәтижесінің бухгалтерлік есеп шоттарында дұрыс көрсетілгендігін тексеру қажет. Ұзақ мерзімді инвестициялардың қымбаттаған сомасының меншіктік капиталды ұлғайтуға, ал арзандағанда – негізгі емес қызметтердің шығындарына жатқызылғандығын анықтауға тиісті.
40 “Қаржылық инвестициялар” бөлімшесінің 403 “ Басқа да” шотында субъектілердің берешек қарыздарын /зайымдарын/ көрсетеді.
Аудитор шаруашылықтың басқа да заңды тұлғаларға берген қарыздарын тексеруге ерекше назар аударып, көңіл бөлуге міндетті. Банк қызметін жүргізуге құқық беретін лицензия болмаған жағдайда бұндай қарыздар ешқандай және несиелік борыштарды қатыстырмай тек қана алынған табыстың есебінен субъектінің өз қаражатынан берілуі мүмкін екендігін естен шығармаған жөн.
Аудитор, сондай-ақ инвестицияларды соңғы мүліктік түгендеудің материалдарымен танысуға тиіс. Шаруашылықтағы сақталған құнды қағаздарды мүліктік түгендеу шаруашылықтың басшысының белгіленген мерзімінде және мүліктік түгендеуді өткізу міндетті болған жағдайда субъектінің кассасындағы ақша-қаражаттарын мүліктік түгендеумен бір мезгілде түгендеу жүргізілгендігін анықтауы қажет. Шаруашылықтағы құнды қағаздарды мүліктік түгендеу материалдары онша қанағаттандырмаған жағдайда, аудитор шаруашылықтың басшысына құнды қағаздарды мүліктік түгендеу жүргізу үшін комиссия құруға бұйрық беруін өтінеді. Шаруашылықтың басшысының келісімін алғаннан кейін, құрылған комиссия мүшелерімен бірге шаруашылықтың ішіндегі құнды қағаздарды түгелдей санап шығады. Шаруашылықтан тыс бантке немесе депозиторийге (құнды қағаздарды сақтайтын арнайы орын) сақтауға өткізілген құнды қағаздарды мүліктік түгендеу кезінде шаруашылықтың бухгалтерлік есебінің тиісті шоттарындағы сомалардың қалдықтарын банктен немесе депозитарийден алынған мәліметтермен салыстырады.
Бұндай мәліметтер мүліктік түгендеу кезінде шаруашылықтың басшысы арқылы аудиторлық тексеруге қажетті материал ретінде банктен немесе депозитарийден сұратылып алынады.
Ел ішінде және шетелдерде құрылған басқа шаруашылықтың жарғылық капиталдарына шаруашылықтың аударған ұзақ мерзімді қаржылай инвестиция салым қаражаттарын, сондай-ақ басқа шаруашылықтарға берілген ұзақ мерзімді қаржылай және басқа займдарды мүліктік түгендеу кезінде аударылған салымдарды куәландыратын және шаруашылықтың тиісті құқықтарын растайтын құжаттармен танысуға тиісті.
Қаржылай инвестицияларды мүліктік түгендеудің нәтижелері “құндылықтармен қатаң есеп беру құжаттары беттерінің мүліктік түгендеу” тізбесінде (Ү.№ТҮГ 16) көрсетіледі.
Аудитор жүргізілген мүліктік түгендеудің материалдарымен шаруашылықтың басшысын таныстырып, тиісті шешім қабылдауы ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат ҚАРЖЫЛАЙ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат ҚАРЖЫЛАЙ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, ҚАРЖЫЛАЙ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ