Экономика | Инвестициялық қорлардың бөлінуі

Экономика | Инвестициялық қорлардың бөлінуі

Инвестициялық қорлар – жеке және ұжымдық тұлғалар ақша қаражаттарын немесе активтерін басқару үшін кәсіпқой инвестициялық менеджерлерге беруге мүмкіндік беретін механизм. Мыңдаған инвесторлардың инвестициялық қорға салған салымдары бір портфель ретінде басқарылып, әр инвестордың инвестициялық қорларға қосқан инвестициясына пропорционалды үлестері болады. Бұл келесідей артықшылықтар береді:
- Кәсіби басқару – акцияларды таңдау процедурасы мен қор нарығындағы жұмысқа ұсақ жеке инвесторлардың не білімі, не уақыты жетісе бермейді, бірақ олар акциялар мен облигацияларға салынған қаражаттан артықшылық алғылары келеді:
- Диверсификация – портфельді басқаруда диверсификация қауіптілікті төмендетеді. Бірақ ұсақ инвесторлар операцияны өткізудің шығыны көп болуына байланысты және аз акция санымен бұған экономикалық жолмен қол жеткізе алмайды;
- Шығындарды төмендету – көп санды ұсақ инвестицияны бір үлкен портфель ретінде басқарғанда операциялардың ауқымының азаю есебінен үнемге жетуге болады. Осыдан ұсақ инвесторлар басқару төлемінің аздығынан тиімділікке қол жеткізулеріне болады;
- Сенімділік – барлық елдерде іс жүзінде инвестициялық қорлар ұсақинвесторлардың мүдделерін қорғауға бағытталған заңмен реттеудің объектісі болып табылғандықтан, инвестор өз қаражаттарының дұрыс деңгейде басқарылып, айтарлықтай дәрежеде қорғалатынына сенімді болуы керек.
Негізгі бөлім
Инвестициялық қорлар бағалы қағаздар нарығына оң әсерін тигізеді. Халықтың, институтталынған инвесторлардың, жарналық қорлардың уақытша бос ақша қаражаттары инвестициялық сұранысты көбейтіп, бағалы қағаздардың айналымын ынталандырып, ақырында инвестициялық ресурстардың өндіріске құйылуына мүмкіндік туғызады. Инвестициялық қорлардың қызметі «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы» заңмен реттелініп, инвестициялық қорларды ұйымдастырудың негізгі принциптерін белгілеп, бағалы қағаздар уәкілетті органның нормативтік актілерімен реттеледі. Инвестициялық қорлар ашық акционерлік қоғам түрінде құрылады және қаражаттарын болашақта бағалы қағаздарға инвестициялау мақсатында өз акцияларын шығарып, оны ашық орналастырып ақшалай қаражаттарды тарту арқылы ерекше қызметті жүзеге асырады. Инвестициялық қорлар бағалы қағаздардың басқа түрлерін шығара алмайды. Акционерлермен өзара қарым-қатынасына байланысты инвестицияық қорлар төмендегідей болады:
- Өзара инвестициялық қорлар - бұл ашық инвестициялық қорлар, олар өздерінің эмитенттелінген акцияларын заңмен белгіленген бағамен кері сатып алуға міндетті. Олар дамыған елдерде кең тараған, ол соңғы жылдары неғұрлым динамикалық жолмен дамитын қаржылық институттар болып табылады.
- Инвестициялық компаниялар – бұл жабық инвестициялық қорлар, акционерлер қорынан өзі эмиссияланған акцияларды кері сатып алуға міндетті емес.
Инвестициялық қорлар типі қорлардың жарғысында көрсетілуі керек. Инвестициялыққорлардың типтерінің өзгеруі заңға сәйкес уәкілетті органға тіркеледі. Инвестициялық қорлардың құрылуы мен қызметі ашық акционерлік қоғам құруға арналған заңдамамен және «Қ.Р-ғы инвестициялық қорлар туралы» Заң ережелерін есепке ала отырып реттеледі. Инвестициялық қорлардың портфелінде акциялары бар, акционерлік қоғамдар оны басқаруға қатысуға құқығы бар. Бұл құқықтарды шектеу заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Инвестициялық қорлардың акционерлері кез-келген тұлға бола алады.
Жарғылық капиталдың мөлшері өзара инвестициялық қорлар (ӨИҚ) үшін 50000 есептік көрсеткіштен, инвестициялық компаниялар үшін 30000 есептік көрсеткіштен кем болмау керек. Инвестициялық қордыңқұрылтайшылар жиналысында міндетті түрде инвестициялаудың мақсатын, стратегиясын, бағытын, бағалы қағаздар портфелінің диверсификациялау нормаларын және басқа да шектеулерді анықтайтын инвестициялық декларация (ИД) бекітіледі. Өзара қорлардың инвестициялық декларациясында портфелінің бағалы қағаз өтімділігі жөнінде шектеулер жазылады. Өзара қордың бағалы қағаздар портфеліне тиісті мәміле жасалар кезде орын алып отырған бағасы, олардың нарықтық құнының он пайызынан аспайтын мерзімде сатуға болатын бағалы қағаздар ғана енгізілуі мүмкін. Инвестициялық қорлардың ол шектеулері:
- инвестициялық қордың еншілес кәсіпорындарын құруға және осы қордың аффилирлендірілген тұлғаларымен мәміле жасауға;
- алты айдан артық мерзімге қарыз қаражаттарын тартуға;
- инвестициялық қорлардың акциясы бойынша табысты, сонымен қатар портфельдегі бағалы қағаздардың өтіділігін щектейтін, инвестициялық қорлардың жарғысына және Қ.Р. заңдарына қайшы келетін міндеттемелерді өзіне қабылдауға;
- бағалы қағаздардың портфелінде өзара қорлар үшін 10% және инвестициялық компаниялар үшін 20%-дан аспайтын бір элементтің бар болуына;
- инвестициялық қорлардың , аффилирлендірілген тұлғалардың, өздерінің кастодиалдары мен тіркеушілерінен бағалы қағаздарды алуға;
- меншік акцияларды сату және сатып алудың пирамидалық жүйесін құруға;
- таза активтердің 10%-нан артық мөлшерде кепіл зат мәмілесін жасауға және кез-келген кепілдіктер мен басқа да шектеулер беруге.
Портфельді басқару – бұл инвестициялық қорлардың инвестициялық декларациясына сәйкес компания басшысының нысаналы қызметі. Компанияның басшысы бағалы қағаздардың ұлттық уәкілетті органдарының берген лицензиясы бар және инвестициялық қормен оны басқару туралы жасалған шарт негізінде жұмыс істейтін заңды тұлға болуы мүмкін.
Қаржы нарығының ажырамас бөлігінің бірі бағалы қағаздар нарығы (БҚН) болып табылады. Инвестицияны (Бағалы қағаздарды) есепке алуды қарастырмас бұрын инвестиция, инвестор, эмитент т.с.с. түсініктерді анықтау керек.
Эмитенттер – бұл нақты өндірістік немесе әлеуметтік жобаларды қаржыландыру үшін қаражаттарды тарту мақсатында бағалы қағаздар шығаратын және бағалы қағаздардың иеленушілерінің алдында өз атына міндеттемелер алатын субъектілер.
Бағалы қағаздар акциялар, облигациялар, туынды бағалы қағаздар, сонымен қатар Қ.Р. заңыеа сәйкес бағалы қағаздардың статусы бар ипотекалық куәліктер, коносаменттер және құжаттардың басқа да түрлері болып табылады.
Мемлекеттік бағалы қағаздар – бұл Қ.Р. Үкіметі мен Ұлттық Банкінің ішкі және сыртқы борыштық міндеттемелері. Үкімет Қаржы Министрлігінің атынан бюджет тапшылығын инфляциялық емес жабу мақсатында мемлекеттік борыш шегінде бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асырады. Ұлттық банк айналыстағы ақша массасын реттеу мақсатында бағалы қағаздарды эмиссиялайды.
Қазіргі уақытта Қаржы Министрлігі мемлекеттік ішкі заемнің ұлттық жинақ облигацияларын, айналыс мерзімі 3, 6, 9,12 айлық мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер, айналыс мерзімі 1 жыл және одан жоғары индекстелген қазынашылық міндеттемелерін , айналыс мерзімі 5 жылдық арнайы мемлекеттік валюталық облигацияларын, Ұлттық Банк – қысқа мерзімді валюталық ноталар, айналыс мерзімі 90 күндік қысқа мерзімді ноталар шығарады.
Муниципалдық бағалы қағаздар – бұл жергілікті атқарушы органдардың қарыз міндеттемесі. Ол жергілікті бюджетпен және коммуналдық меншікпен кепілдікбереді. Муниципалдық бағалы қағаз аймақтық әлеуметтік бағдарламаны орындау мақсатында шығарылады. Ол құрылыс, ауруханалар мен бала-бақшасын және үйлер мен мектептерді, жолдарды жөндеу, керекті мүліктер сатып алу үшін пайдаланады.
Кооперативтік бағалы қағаздар – субъектінің заңға сәйкес жарғылық капиталды қалыптастыру немесе шаруашылық қызметін іске асыру үшін қаражаттарды тарту мақсатында шығаратын бағалы қағаздары.
Инвесторлар – ұзақ мерзімді пайдаланылатын активтер құру, өз қаражаттарын инфляциядан сақтау мен акциядан дивиденд түрінде, облигациялардан сыйақы түрінде табыс алу мақсатында өз қаражаттарын бағалы қағаздарға салатын субъектілер.
Егер эмитенттер – меншік және айналысатын қызметімен сала түрлеріне қарамастанәр уақытта тек заңды тұлғалар болса, инвесторлар өз алдына 2 топқа бөлінеді:
1. Жеке инвесторлар, яғни жеке және заңды тұлғалар;
2. Институттандырылған инвесторлар, яғни қаржы институттары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қорлары, сақтандыру ұйымдары т.б.
Инвестициялық мақсаттарын шешуге байланысты төте және портфелдік инвесторларға ажыратылады.
Венчурлік инвесторлар – қауіпті тәуекелге байланысты және тез қайтарымды күрделі салым инвесторлары. Бұл жаңа құрылып жатқан мұнай және газ компанияларына, жаңа компьютерлік жүйелер мен бағдарламалық өнімдерге, технологияларға т.б. салынатын салымдар.
Төте (тура) инвесторлар - белсенді басқару және табыс табу мақсатымен шаруашылық субъектісінің жарғылық капиталына қаражаттарын тура салатын инвесторлар.
Портфельдік инвестициялар – қауіпті тәуекелдік жағдайында өте жоғары табыс алуды қамтамасыз ету немесе төменгі тәуелділікпен белгіленген нормадағы табыс алу мақсатында активтерін тиімді үйлестіре отырып орналастыру, яғни әртүрлі санды инвестицияларға иемдене отырып оптималды табыс табу.
Инвестициялар – бұл ұйымның табыс алу (мысалы, сыйақы(мүдде), роялти, дивидендтер мен жал төлемі), инвестициялынған капиталды өсіру немесе басқа да пайда алу (мысалы, коммерциялық қатынастар нәтижесінде) мақсатында иеленетін активтері. Инвестицияларға сонымен қатарқолданылмай тұрған қозғалмайтын мүлік те жатады. Одан басқа тиімді инвестицияға инвестор өзі шығарып өндіретін өнімге қажет шикізат алатын жабдықтаушы кәсіпорындардың акциясын сатып алу жатады. Мұндай салым инвестордың өндіріс процесін бұзылудан, тоқтап қалудан сақтайды. Инвестициялар бухгалтерлік есептің стандартына сәйкес иелену мерзіміне қарай қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып жіктеледі.
Инвестициялар үлестік және борыштық бағалы қағаздармен берілу мүмкін.
Операцияларды есепке алу және инвестицияның қолда бар болуы мен қозғалысы туралы ақпаратты кеңірек түсіну үшін қаржылық-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есептің бас шоттар жоспарының 14 «Инвестициялар» және 40 «Қаржылық инвестициялар» бөлімшелерінің шоттары арналған.
Бухгалтерлік есеп стандартының инвестицияларды иелену мерзімдері туралы ақпараттарды ұсыну туралы талабы берілген бөлімшелердің шоттарына сәйкес субшоттардың ашылуымен орындалады. Үлестік бағалы қағаздар әдетте жай және артықшылығы бар акциялармен көрсетіледі. Бірақ үлестік бағалы қағаз ретінде акциядан басқа иелену мен мүліктегі үлесін сату құқығын растайтын кез-келген қаржылық құрал болуы мүмкін.
Борыштық бағалы қағаздар әдетте облигациялармен, қазынашылық вексельдермен, депозиттік сертификаттармен көрсетіледі.
Облигация – эмитенттің инвесторлар арасында орналастырылған қарыздың түрін білдіретін қаржылық құрал. Облигациялар белгілі бір мерзімде өтелуі керек және сыйақыны кезеңдік түрде төленуін талап етеді.
Ұйымның иелігіндегі бағалы қағаздардың жиынтығы инвестициялық портфель деп аталады.
Қысқа мерзімді инвестициялар тез өткізілуі мүмкін және бір жылдан көп сақталынбайды деп болжанатын инвестициялар.
Субъект өзінің есеп саясатында инвестицияны бағалау әдісін және қайта бағалау кезеңдерін белгілеулері керек. Олар есеп саясатын есеп беру кезеңдерінде басшылыққа алулары керек.
Кез-келген қаржылық инвестицияны есепте сатып алу құнымен есепке алады. Сатып алу құнына тек жеке қаржылық инвестицияның құны ғана кірмейді. Оған комиссиондық және дилерге, брокерге, қор биржасына, тәуелсіз тіркеушілерге төленетін сыйақылардан тұрады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру