Экономика | Инвестиция туралы түсінік

Экономика | Инвестиция туралы түсінік

Капитал өндіріс факторларының бірі, яғни ресурс болып табылады, оны тауар өндіру үшін жұмсау керек, және материалдық игілік жасау үшін өндіріс, ақша және тауар формасындағы барлық жатады. Коммерциялық өндіріс ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар және өндірістік запастар сатып алудан басталады, ал ол өз кезегінде инвестициялық салымдарды қажет етеді. Басқа жағынан, пайда ұйымның қаржылық қызметтің нәтижесі ретінде, оны тиімді пайдалануды талап етеді, ол да инвестициялық қызметпен байланысты.иналған құралдардың запасын білдіреді.
Инвестициялар – макро және микро деңгейде жиі қолданылатын экономикалық жүйе категорияларының бірі.
"Инвестициялар түсінігі" – көп қырлы құбылыс. Оның бірнеше мағыналық анықтамасы бар:
Ең алдымен, инвестициялау жөнінде сөз еткенде, құрал- жабдық, технологиялар жөнінде айтылады. Оларды енгізу арқылы өндірістік процесс жүзеге асырылады.
Инвестициялар – халықтық шаруашылықтың барлық салаларының негізгі қорларын кеңейте қайта өндіруге бағытталған материалдық, еңбек және ақшалай ресурстар шығындарының жиынтығы. Инвестиция біздің экономика үшін жаңа түсінік.
Инвестициялар – кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда (табыс) құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған және интелектілік құндылықтарды барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.
Бір сөзбен айтқанда, инвестиция дегеніміз – пайда табу мақсатындағы капиталдың ұзақ мерзімдік салымы.
Инвестициялар- бұл бәрінен бұрын өндірістік шығындар, ол қоғамдағы адам өмірінің жағдайына қажетті материалдық және материалдық емес игіліктерін қайта өндіруге жұмсалатын шығындар. Бұл шығындар жұмыс істеп тұрған өндіріс тұрғысынан, өндірісті кеңейтуге және модернизациялауға жұмсалатын қалыпты шығындар. Бірақ қоғамда басқада өндірістік деп айтуға болмайтын шығын түрлері бар. Оларға қорғанысқа жұмсалатын шығындарды жатқызуға болады.
Шетелдік инвеситция дегеніміз- қабылдаушы елдегі компанияның қызметін бақылап, басқару үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы.
Қазіргі кезде инвестицияның бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге болады. Қаржылық инвестиция - бағалы қағаздарды, облигацияларды, акцияларды сатып алу, банктерге пайыз мөлшерлемесімен депозиттік шотқа ақша салу және т.б.
Қаржылық емес инвестиция – ақшалай емес инвестиция, ол инвестициялық жобаға материалдық емес активтерді (құқықтар, лицензиялар, ноу-хау) және материалдық активтерді (машиналар, құрал-жабдықтар, жер учаскелері және т.б.) салу.
Тікелей инвестиция – шаруашылық субъктінің жарғылық капиталына, акционерлік қоғамның акциаларына, дивиденд түрінде пайда табу мақсатында да, сонымен қатар акционерлік қоғамның мүлігін басқаруға қатысу құқығына ие болу мақсатында, ақшалай салымдар.
Тікелей инвестицияның келуінің Қазақстан үшін маңызы өте зор. Себебі бұл техникалық және басқару әдістерін алып келуге жол ашады. Бұл жерде технологияның келуі, капитал ағылуының пайдасынан артық деуге болады. Бұл ағылу инвестиция табысына байланысты. Шетел капиталының республикаға коммерциялық несие және халықаралық ұйымдардың заемы түрінде, сондай-ақ құнды қағаздар ретінде келеді.
Өндіргіш күштердің дамуына, интеллектуалдық потенциалына, ғылыми зерттеулерге, біліктілікті, білімді және жұмыскерлердің тәжірибесін жоғарылатуға жұмсалған салымдар шынайы инвестицияға жатады. Мысалы, АҚШ-та, Жапонияда және басқа да дамыған елдердің білімге және ғылымға жұмсалатын салымдары олардың өнім өндіруге салынған салымдарынан едәуір көп. Кей жағдайда мұндай инвестицияларды интеллектуалдық деп те атайды.
Қаржылық инвестициялар капиталдық салымдардың қосымша көзі бола алады, сонымен қатар құнды қағаздар нарығындағы биржалық ойының құралы да бола алады. Бірақ, портфельдік инвестициялардың бір бөлігі – материалдық өндірістің әр түрлі салаларындағы кәсіорындардың акциаларындағы салымдар - өзінің табиғаты жағынан өндірістегі тікелей инвестициялардан ешқандай айырмашылығы жоқ.
Кез-келген фирма қызметінің маңызды саласының бірі ретінде инвестициялық операциялар, яғни жобаларды жүзеге асыруға салынатын ақшалай құралардың салымымен байланысты операциялар.
Комммерциялық тәжірибеде инвестицияның келесі түрлерін бөліп көрсетеді:
Физикалық активтерге салынатын инвестициялар;
Ақшалай активтерге салынатын инветициялар;
Материалдық емес активтерге салынатын инвестициялар.
Физикалық активтерге өндірістік ғимараттар және құрылыстар, сонымен қатар кез-келген машиналар және құрал-жабдықтар, қолдану мерзімі бір жылдан жоғары, өндірісте қолданылатын кез-келген мүлікті жатқызуға болады.
Ақшалай активтерге басқа жеке тұлғалардан және заңды тұлғалардан ақша сомаларын алуға құқықтарды жатқызуға болады. Олар банктегі депозиттер, облигациялар, несиелер, қарыздар, залогтар және т.б.
Материалдық активтерге персонолдың біліктілігін көтеру және қайта оқыту бағдарламаларын жүргізу, сату белгілерін дайындау, өнеркәсіптік меншік құқықтарын беру лицензияларын алуды жатқызамыз.
Инвестицияның барлық түрлері фирманың өмір сүру қабілетін сақтап қалуға және ары қарай дамуына маңызы өте зор.
Қаржы иелері нарықта капиталды тұтынушыларын делдалдарсыз табуы мүмкін, басқаша айтқанда тікелей инвестицияларды жүзеге асыруы мүмкін. Бұл жерде қаржылардың иелерінен қарыз алушыларға тікелей ауысуы мүмкін. Бұл салымдар түрі инвесторға бағалы қағаздарға немесе шет елдердегі меншікке тікелей меншіктену құқығын береді. Тікелей инвестицияларға шетелдік инвестор компаниясының шет елдерде құрған немесе сатып алған, оған өз бақылауын орнатқан кәсіпорындар жатады. Тікелей инвестициялар құрамына жеке меншіктік компаниялардың шет елде салынған өз капиталы, қайта салынған пайдасы және қарыз бен несие түріндегі ішкі фималық аударулар кіреді.
Шетелдік инвестициялар халықаралық капитал қозғалысының формаларының ішінде ерекше роль атқарады. Тауар өндірісінің әлемдік нарықтан әлемдік шаруашылыққа өту барысында тек қана тауар қозғалысы ғана емес, сонымен бірге өндіріс факторларынын да, әсіресе капиталдың тікелей инвестиция түріндегі халықаралық қозғалысы пайда болады.
Тікелей инвестиция деп – капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтамыз. Мұның ішіне жергілікті тұрғындардан жұмысшы күшін дайындау мен оқыту, әлеуметтік жағдайларды орнықтыру да кіреді.
Халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша, тікелей инвестиция дегеніміз – инвестордың өз қаржысын жұмсаған объектіні басқару және оның қызметін бақылау сияқты құқықтарға ие болуы.
Инвестицияларды шет елден тартудың негізгі себебі ішкі нарықтың кенею кезіндегі капитал қажеттегі болып табылады. Оны тиімді пайдаланса, ол экономикалық өсу мен өндірісті жаңартудың маңызды көзі болады. Инвестициялар сыртқы қарызды ұлғайтпайды, олар жұмыс орындардың көбеюіне, жаңа технологиялардың келуіне, ұлттық өндірісті модернизациялауға, сыртқы экономикалық тиімді байланыстарды орнату процесін жылдамдатуға әсер етеді. Инвестор компания шетелдік компанияның бір бөлігін иемдену құқығының орнына технологияларды, маманданған кадрларды және нарықтарды беруі мүмкін.
Тікелей инвестициялар әлемдік экономикаға және оның жүрегі халықаралық бизнеске әсер етеді.
Шет елге дайын өнім өндіру үшін шетелдік инвестициялар түрінде өндіріс факторларының халықаралық ауысуы жүзеге асырылуда. Шетелдік инвестициялар шетелде меншікке иелену мен өз еліне қарағанда жоңарырақ пайда алу мақсатымен жүзеге асырылады. Капиталды шетке шығару арқылы елдер арасында тығыз экономикалық байланыстар қалыптасады.
Сөйтіп, фирмалар үшін, экономикалық тұрғысынан қарастырғанда, бұл:
өзі үшін қалыпты нарықты қамтамасыз ету немесе үшінші елдер нарығына шығудың бастамасы;
әр түрлі секторлары жекелеген елдерде орналасқан өзіндік ішкі нарықты құру;
аймақтық және халыаралық деңгейдегі мемлекеттік қатынастарға өзінің мүддесін қосу;
Тікелей инвестициялардың капиталды қабылдаушы елдегі негізгі түрлері болып:
шет елдегі кәсіпорын, оның ішінде филиалдар мен тәуелді кәсіпорындарды құру;
контракт негізінде бірлескен кәсіпорындарды құру;
табиғи ресурстарды бірлесіп өндіру;
елдің кәсіпорындарын сатып алу немесе жаулап алу болып табылады;
Тікелей инвестициялар әлемдік нарықта халықаралық корпорациялардың үстемдігінің негізін құрайды. Олар, оған шетелдік кәсіпорынды толық иеленуіне немесе акционерлік капиталдың инвестор тарапынан толық бақылауына мүмкіндік беретін бөлігін иемденуге қамтамасыз етеді. П. Х. Линдерт пікірі бойынша, «тікелей және портфельді инвестициялардағы айырмашылық ... ең алдымен бақылау мәселесінде».
Тікелей инвестициялар дегенде, компанияның акцияларының 10 және одан көп пайызына шетелдік бақылау немесе кәсіпорынды басқарудағы «тиімді дауысын» түсінеміз. Кейбіреулері үшін бұл тек меншікпен, акционерлік капиталдағы бөлігімен байланысты. Оны мына жолдармен жүзеге асыруға болады:
шет елде акциялар сатып алу;
пайданы қайта инвестициялау;
ішкі фирмалық қарыз беру мен қарыздану;
Одан басқа да әр түрлі акционерлік емес түрлері бар. Оған: субконтрактар, басқару келісімдері, франчайзинг, лицензиялар, келісім - шарттар, өнімді бөлісу және тағы басқалар кіреді. Шет елдік тікелей инвестициялардың әдістері мен түрлері түсінігінің кеңею процесі, глобальды мәні бар мәселелерді туындатып, оны шешу үшін жаңа тәсілдер мен шешімдерді қажет ететінін мойындауымыз қажет.
Капитал экспортының географиясының өзгеруі туралы айтқанда, бір қызық жәйтке көңәл аудару қажет. Қазіргі кезде капитал миграциясы тек өндірісі дамыған елдер арасында ғана емес, солар мен дамушы елдер арасында да өтуде. Біз дамушы елдерден, әсіресе ОПЕК ұйымының елдерінен дамыған елдерге капитал экспорьына куә болып отырмыз. Бұл бағыттағы капиталды шығару дамушы елдерге жоғары табыс әкелумен қатар, олардың өндірісі дамыған елдермен экономикалық байланысын нығайтады.
Бірақ бастапқы кезеңде капитал экспорты негізінен индустриалды елдерден, өздеріне тәуелді аграрлы елдерге бағытталған еді. Мысалға, Англия мен Франция өз қаржыларын Үндістан, Египет, Алжир, Сирия және тағы басқа да отарларына салған, АҚШ өз капиталын Латын Америкасына, ал Германия- Оңтүстік- Батыс Африкаға бағытталды.



Қазақстанның экономикалық дағдарысқа дейнгі инвестиция жағдайы

Соңғы жылдары экономикалық қызмет түрлері бойынша инвестициялық ағындар бағытының өзгермегеніне қарамастан, түсім динамикасы шетелдік инвесторлардың қызығушылығы экономиканың өңдеу салаларына төмендегенін көрсетеді. 2004 жылы жалпы тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі тау-кен өнеркәсібінде 2,6% өсті, ал өңдеу салаларында 1.9% кеміді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің аграрлық секторда жүргізіп отырған прогрессивтік реформаларына қарамастан. ауыл шаруашылық саласында да тікелей шетелдік инвестицияның төмендегенін көруге болады. Транспорт және байланыс салаларына шетелдік инвесторлардың тікелей капитал салымдары өсті, оның басты себебі транспорттық қызметтер нарығын демонополизациялау реформалары болып табылады.
Соңғы жылдардың ішінде Қазақстан экономикасындағы алдыңғы орындардағы донар елдердің де құрамы өзгерген жоқ. Тек Нидерланды Ұлыбританияны ығыстырып екінші орынға шықты.
Инвестиция салудан бірінші орынды АҚШ алады, ол Қазақстанда жиналған барлық шетелдік инвестициялардың -21.3% құрайды, одан кейін Нидерланды -19,9 % және Ұлыбритания -11.3% (3-кестеде көрсетілген).
Қазақстан экономикасына шетелдік инвестициялардың келуі, млн.
АҚШ $
Жиналғаны Оның ішінде
Барлығы 31.12.04 Тікелей Портфельдік Басқалары
Барлық инвестиция 38721,6 22399,1 1299,4 15023,1
Оның ішінде
АҚШ 8238,1 7551,2 119,4 567,5
Нидерланды 7686,7 3687,4 10,4 3988,9
Ұлыбритания 4387,6 3009,6 136,8 1241,1
Италия 1635,8 1570,1 0,3 65,4
Жапония 1377,2 558,9 2,5 815,8
Германия 1307,4 232,3 10,9 1064,1
Ресей 1260,2 717,3 11,4 531,5
Қытай 1099,6 892,4 1,0 206,2
Франция 822,0 711,4 0,2 110,4
Швейцария 720,6 219,6 26,3 474,6
Түркия 579,4 400,8 7,3 171,3
Австрия 509,8 21,1 29,5 459,1
Канада 387,2 283,8 0 103,4
Индонезия 359,2 358,1 0 1,2
Басқа елдер 6130 2144,5 933,3 3079,1

2004 жылдың баында АҚШ инвесторларымен 8238,1 млн. Доллар жиналған болатын, соның ішіндегі капиталдың үлкен бөлігі (78%) республиканың тау кен өнеркәсібі секторына негізделген. Ал басқа бөлігі республика терреториясындағы геологиялық барлау жұмыстарына бағытталған.
Жыл сайын Нидерланды инвесторларының қаржы салымдары өсіп келеді, қазір олар 7686.1 миллион АҚШ долларына жетті. Бұл ел донор елдердің арасында лидер болып, қаржылық қызмет көрсету секторы бойынша -3518.7 миллион АҚШ доллары, көлік-коммуникациялық кешенінде- 537.5 миллион АҚШ доллары, сонымен қатар кәсіпорындарға қызмет көрсету, жылжымайтын мүлік операциялары мен жалға беру – 1439.9 миллион АҚШ доллары, саналады.
Үшінші үлкен донор ел болып Ұлыбритания саналады, оның Қазақстан экономикасына қосқан үлесі 4387.6 миллион АҚШ доллары. Бұл елдің инвесторлары өңдеу өнеркәсібіне қосқан үлесі – 618.5 миллион АҚШ доллары үшін лидер болып саналады. Ұлыбритания тау-кен өнеркәсібінде тек АҚШ- қа ғана жол береді – 1697.6 миллион АҚШ доллары.
2004 жылы 40 астам әлем елдері Қазақстан экономикасына 1 миллионнан астам тікелей қаржы салымдарын жүзеге асырған болатын. Республикадағы тұрақты экономикалық өсу мен саяси тұрақтылық
Қазақстанның экономикалық дағдарыс кезіндегі инвестициялық өзгерістер мен жетістіктер
Әлемдік экономика мен халықаралық қатынастар үшін біраз өзгерістер әкелген 2008 жылға Қазақстан жаман жетістіктермен келген жоқ, экономика деңгейі жоғарылады, халықаралық қоғамдастық тарапынан оң бағалауларға ие болды. Өткен жылдың аяғында Мадридте қабылданған Қазақстанның 2010 жылғы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымына төрағалығы туралы шешім жайлы сөз болып отырғанын түсініп отырған шығарсыздар. Мадрид мәлімдемесінде біз Қазақстанның алдағы саяси реформаларын, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ға төрағалық етудегі басымдықтарын белгілеген болатынбыз. Қауіпсіздік жөніндегі ең үлкен және беделді еуропалық ұйымның төрағасы ретіндегі Қазақстанның жаңа және маңызды ролін қолдау үшін Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамашылығымен «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Аталмыш бағдарлама еуропалық елдермен экономикалық ынтымақтастықты дамытуды, технологиялар мен тәжірибелерді тартуды , ішкі заңнаманы жетілдіруді мақсат етіп отыр. Карнеги қоры өзінің «Еуропаға жол» жобасы аясында (Латвия, Литва, Эстония, Болгария және саяси-экономикалық даму жолындағы басқа да елдерге бағытталған) кезінде «дөңгелек үстел» отырыстарын өткізді. Осы салада да пікіралысудың маңызы зор деп білеміз. Ал саяси жаңару үдерістеріне келер болсақ, өткен жылдың соңынан бастап біздің елімізде сайлау, саяси партиялар және БАҚ салаларындағы заңнамаларды және олардың қолдану тәжірибелерін жетілдіру жөніндегі мақсатты жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстанның экономикалық реформалар саласында да жетістіктері мақтауға тұрарлық. Соңғы 7 жыл бойынша экономикалық өсім жыл сайын 9-10 пайыз деңгейінде сақталып отырды. Ағымдағы жылы да бұл көрсеткіш сақталып отыр және бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 5 пайыздан астамды құрады. Қазіргі қалыптасқан жағдай үшін - бұл жаман көрсеткіш емес. Ұлттық қорды қоса есептегенде, бүгінде еліміздің жалпы резерві 47 миллиард долларды құрап отыр, Жалпы ішкі өнім жан басына шаққанда 7 мың долларға жақындады, осыдан 10 жыл бұрын бұл көрсеткіш небәрі 400 доллар болатын. Бүгінгі күнгі жағдай бойынша 70 миллиард доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Қазақстан өзі де шет елдерге 4,5 миллиардтан астам инвестиция салып, белсенді инвесторға айналуда. Қаржы дағдарысына қарамастан, Қазақстан өзінің инвестициялық тартымдылығын сақтап қалды. Дамыған қаржы жүйесінің арқасында қазақстандық банктер капиталдардың әлемдік рыноктарына шығу мүмкіндігіне ие болып отыр. Соңғы 4-5 жылдың ішінде банк секторындағы инвестициялардың көпшілігі жылжымайтын мүлік рыногына жұмсалды. Қазақстанға да салдары жеткен, АҚШ-тағы ипотекалық дағдарысқа қарамастан, ел Үкіметі мен қаржы институттары сыртқы және ішкі төлемдер бойынша дефолтқа жол берген жоқ. Дағдарыс салдарларын жеңу мақсатында Үкімет жаңа Салық және Бюджет кодекстерін әзірлеп, ел Парламентінің қарауына ұсынып отыр. Жаңа Салық кодексінде өндіруші сектордың экономикалық кірісін арттыру есебінен экономиканың шикізатты емес секторына салынған жалпы салықтық жүктемені барынша төмендетуді, салықтық әкімшілікті және салықтық жеңілдіктер қазіргі жүйесін оңтайландыруды қарастырып отыр. Мысалы, корпоративтік салық қазіргі 30 пайыздан біртіндеп 15 пайызға дейін төмендетіледі. Бюджет қаржысы мен мемлекеттік активтердің тиімді қолданылуын арттыру үшін Парламенттің қарауына жаңа Бюджет кодексі ұсынылды. Қол жеткізіліп отырған экономикалық жетістіктер экономиканы әрі қарай түрлендіруге, орнықты даму мен сапалық құрылымдық өзгертулерге алғышарт болады. Қазақстан әлемдік рынокқа энергоресурстар жеткізуші ретіндегі өзінің артып келе жатқан ролін сезінеді және жауапты да, сенімді халықаралық серіктес болып қала береді. Ол үшін біз стратегиялық мәндегі қосымша шаралар қабылдамақпыз. Ең алдымен, халықаралық стандарттар мен тәжірибеге сәйкес келісімшарттардың сенімділігін қамтамасыз ететін заңнамалық базаны жетілдіру тұрғысында жұмыстар атқарылмақ. Қандай бір бағытты таңдау кезінде біз тек экономикалық мақсаттылық мен прагматизмді ұстанатын боламыз. Біздің еліміз барлық үлкен еуразиялық құбыр желілері жобаларына, оның ішінде Каспий құбыр желісі корсорциумы, Баку-Тбилиси-Жейһан, Қазақстан-Қытай, Бургас–Александропулис, Каспий жағалауы газ құбыры сияқты жобаларға қатыса береді. Көмірсутегі қорының молдығына қарамастан, біз орны қайта толатын энергия көздерін дамытуды ХХІ ғасырда еліміздің орнықты дамуына қажетті мәселе ретінде қарастырып отырмыз. Сондай-ақ Қазақстан бүгінде уранның анықталған қоры бойынша әлемдік екінші орында тұр (Австралиядан кейін), 2010 жылға қарай біз жылдық өндірісті 15 100 тоннаға жеткізуді жоспарлап, бірінші орынға таласымыз бар. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру