Экономика | ҚАРЖЫЛЫҚ ДАҒДАРЫС ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС
ҚАРЖЫЛЫҚ ДАҒДАРЫС ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС
Әлемдiк нарықтың қазiргi жағдайы халықаралық сарапшыларды шынымен алаңдатып отыр. АҚШ Федералдық қор жүйесiнiң бұрынғы жетекшiсi Алан Гринспен: «Бүгiнгi дағдарыс – ХХ ғасырдың ең күштi қаржылық дағдарысы» деп мәлiмдедi. Кезiнде инвесторлардың көзiн қызықтырып, активтердiң бiрiнен кейiн бiрiн сатып алуға жетелеген қомағайлықтың соңы байлардың қолындағы барынан айырылып қалу қаупiне ұласқан. Дүниежүзiлiк нарықттағы ахуалды 1987 және 1998 жылдардағы дағдарыстармен салыстырған Гринспен 1837 және 1907 жылдардағы банк саласындағы қиын кезеңдi еске алды. Жалпы халықаралық қор нарығындағы жағымсыз жайттар Американың ипотека нарығындағы ахуалмен тығыз байланысты. Ипотекалық делдалдардың төлемдердiң уақытылы өтелмеуiнен есi шықты. Қаржыларының басым бөлiгiн ипотекаға қатысты құнды қағаздарға салған қорлар құлдыраудың шарықтау шегiне жеттi. Ең сорақысы, америкалық ипотекалық дағдарыс барлық халықаралық сауда алаңдарына кесiрiн тигiздi: Ұлыбритания, Франция, Германия мен Азия елдерiнiң биржалық индекстерi күрт төмендедi. Iрi инвесторлар банкротқа ұшырамас үшiн ресейлiк активтерге салған ақшаларын қайтарып алып, америкалық қазыналық қағаздарға ауыстыра бастады. 1987 жылдың 19 қазанында АҚШ-тың негiзгi қор индикаторы Лоу Джонестiң көрсеткiшi 22,6 пайызға бiр-ақ төмендегенде «жаңбыр жаумай жатып су болған» инвесторлар байбаламға басқан едi. Осының салдарынан еуропалық және азиялық биржалар күтпеген жерден төменге қарай құлдилап, гонконгтық биржа 1 апта бойы жұмыс iстеген жоқ. Алайда, қаржылық дағдарысқа Жапония ғана селт етпедi. Сарапшылар пiкiрiнше, сол кездегi дағдарыстың тарихи маңызы, бүкiләлемдiк экономикалық және қаржылық билiк Американың қолынан Жапонияға өттi. Қазiрдiң өзiнде жапондар тұтынудан гөрi өндiруге көңiл бөлсе, АҚШ керiсiнше, өндiруден гөрi тұтынуға ден қойған. Сондықтан Жапония шет мемлекеттердегi активтерiн үстемелей түсiп, Америка қарызға белшеден батқан үстiне батты. Алайда, көп кешiкпей жапондар да сазға отырды. Өйткенi, 1998 жылғы дағдарыс азиялық қор нарығындағы құлдыраулардан басталған болатын. 1997 жылдың күзiнде Таиланд пен Гонконгтың қор нарығында орын алған тұрақсыздық 1998 жылғы дағдарысқа ұласып, Жапония, Индонезия мен Оңтүстiк Кореяның қор нарығына керi әсер еткен. Сол жылы Ресей ГКО бойынша дефолт жариялады. Орыстардың ұлттық валютасы – рубльдiң бағамы күрт төмендеп, Ресейдегi шетелдiк инвесторлар орыстардан сырт айналды. Бiрақ әлемдiк нарықтағы мұнай мен газ, металл бағаларының өсуi инвесторларды орыстармен қайта «қауыштырды». Үстiмiздегi жылы халықаралық қор қайтадан қиын кезеңдi басынан өткере бастады. Сарапшылар пiкiрiнше, Американың ипотекалық дағдарысы қытайлық экономиканың өсу қарқынына кесiрiн тигiзуi мүмкiн. Ал, бұл әлемдiк нарықтағы шикiзат бағасының төмендеуiне ықпал етпек.
Кейiнгi жылдары әлемдiк қаржы жүйесi орталық банктердегi ставкаларды тарихта бұрын-соңды болмаған төмен көрсеткiшпен ұстап тұрған болатын. Әрине, бұл бағытта қолданылған тәсiлдер түрлi болды. Бiрақ мамандар пiкiрiнше, ең негiзгi үш шара бар. Бiрiншiсi, банктiк несиелердi құнды қағазға айналдыру. Сатып алуға ниеттенген инвесторлар санының көптiгi нәтижесiнде iс сәттi өтiп, банк баланстары босады, бұл несиелеудiң көбеюiне ықпал еттi. Алайда тым күрделi саналатын несиенi құнды қағазға айналдыру тәсiлi Америкадағы ипотекалық дағдарыстың кесiрiнен тоқырауға ұшырап тұр. Екiншiсi, жекеменшiк кәсiпорындарды олардың қарыздарымен бiрге сатып алу арқылы ұлғаю. Бұл компаниялар несиенi инвестицияның бастау көзi ретiнде пайдаланып, кәсiпорындарға тиесiлi акциялардың бақылау пакеттерiн сатып алды. Несиелiк нарықтағы дағдарыс бұл шараны да тоқтатып тастады. Үшiншiсi, carry trade валютасын саудаға шығару. Аталған тәсiл жапондық иен арқылы қаржыландырылған болатын. Өкiнiшке қарай, carry trade те күткен нәтиженi бере алмады.
Активтердiң бiрiнен кейiн бiрiн саудаға шығару, банктердiң банкротқа ұшырау қаупi несиелеу нарығындағы дағдарысқа әкеп соғары сөзсiз. Өткен аптада АҚШ долларының бағамы күрт төмендедi (соңғы екi аптада доллар бағамы жапондық иенмен салыстырғанда, 18 айлық көрсеткiшке бiр-ақ әлсiреген). Оған тәуекелге бел буу арқылы пайдаға шаш-етектен кенелудi әдетке айналдырған инвесторлардың Федералдық қор жүйесi пайыздық ставканы мүмкiндiгiнше төмендетедi деген сенiмдерi себеп болған. Бiрақ доллардың иенге шаққандағы шығыны спиралдық жүйе бойынша көз iлеспес шапшаңдықпен өсе бастағанда үрейге бой алдырған инвесторлар байбаламға басты. «Аузы күйген үрiп iшедiнiң» керiн келтiрген инвесторлар ендi қаржыларын ақша нарығының сенiмдi активi – EPFR-ге салуды қолға алды. Ресми деректерге сүйенсек, 2007 жылдың 1-7 қарашасында ақша нарығына түскен инвесторлар қаржысы 20,5 миллиард доллардан асқан. Ал тамыз айындағы есеп бойынша, бұл көрсеткiш 100 миллиард долларға жуық. Қаржының басым бөлiгi облигация нарығы мен шикiзаттық инвестициялық нарығында қаржы қордаланып қалған дамушы елдерден келдi деген болжам бар. Доллардың әлсiреген бағамынан, АҚШ-тың бәсеңдеген экономикасынан, дағдарыс жайлаған нарықтан араша iздеген инвесторлар қолдағы мол қаржысын желге ұшырып алмаудың әдiс, айласын iздеп әлек. Халықаралық облигациялар қоры өзiне кеп құйылған қаржы ағыны туралы алғаш рет ақпарат таратты. EPFR тарапынан берiлген деректерге сүйенсек, дамушы елдердiң акциялар мен облигациялар қоры соңғы бiр аптада 2,69 миллиард доллар көлемiнде таза пайда түсiрген. Ал, АҚШ-тың акциялық қорынан инвесторлар керiсiнше, 8,44 миллард доллар қаржысын алып кеткен. Бұл еуропалық және жапониялық қаржы нарығының әлсiреуiн жеделдете түстi. Сонымен қатар инвесторларды iрi экономикалық жобалар да қызықтыруда. Мысалы, соңғы кездерi Бразилия, Корея, Қытай мен Ресей қорларына салынған қаржы 878 миллион доллардан асқан. Алайда, Халықаралық қаржы қоры Кавказ елдерi мен Орталық Азиядағы Қазақстан, Әзiрбайжан, Түркiменстан сияқты басқа да мемлекеттердiң қаржылық саясатында қатаң шаралар қабылдауға кеңес бередi. Қап тауының етегiндегi елдер мен орталықазиялық аймақ дүние жүзi бойынша экономикалық тұрғыда жедел дамып келе жатқан мемлекеттер қатарында. Ағымдағы жылы жалпы iшкi өнiм деңгейi орташа есеппен алғанда, 13 пайызға жеткен. Шетелдiк инвесторлар қаржысының аталған аймаққа үздiксiз құйылуы мен халықаралық нарықтағы азық-түлiк бағасының қымбаттауы кейiнгi кездерi инфляция деңгейiнiң тез өсуiне әсер еттi. Осыдан екi ай ғана бұрын 12 пайыздан асып кеткен инфляция ауыздықталған. Халықаралық қаржы қоры «қымбатшылықтың үсiгiне» шалынбас үшiн кейбiр елдерге пайыздық ставкаларды өсiру және ұлттық валютаның күшеюiне мүмкiндiк беретiн шетелдiк валюта нарығындағы бағамдық арақашықтықты азайту керектiгiн айтады. Сонымен қатар мемлекеттiк шығындарды да мүмкiндiгiнше азайта түскен жөн. Әлемдiк сарапшылар пiкiрiнше, экономикалық саясатты күшейткен кезде ғана аймақтағы экономикалық дамуын одан ары жақсартуға болады. Халықаралық беделдi ұйым тарапынан айтылған ақыл-кеңестi қазақ билiгiнiң қаншалықты ескерерi әзiр белгiсiз. Бiрақ өткен аптада бiрқатар шенеунiктi қызметiнен босатқан Президент Назарбаев Үкiметке қаржылық дағдарыстың алдын алуға қатысты шараларды жан-жақты қарастыруға пәрмен бердi.
Әлемдік дағдарыс ұлттық экономикаға және азаматтардың ахуалына соншалықты әсер етпейді – К. Мәсімов
Әлемдік дағдарыс елдің ұлттық экономикасына және азаматтардың ахуалына соншалықты әсер етпейді. Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ғаламдық қаржы дағдарысы мұнайға әлемдік бағаның жедел құбылуы және ғаламдық энергетикалық проблемалардың күшейе түсуіне байланысты болып табылатын түрге еніп отыр. Сонымен бір мезетте бүкіл әлем бойынша тағам түрлеріне бағаның қымбаттауын қамтыған азық-түлік дағдарысы да көрініс беріп келеді. Инфляция ғаламдық қатер саналып, оны ұстап тұру дамыған да, дамушы экономика үшін де маңызды міндетке айналды. Менің ойымша, әлемдік экономика әлі де жаңа қиыншылықтарға тап болуы мүмкін», деді К. Мәсімов.
Үкімет басшысының айтуынша, Қазақстан үшін отандық экономикалық жүйеге байланысы бар сыртқы жағымсыз себептердің объективті әсерлері әлі де сақталуы мүмкін. Дегенмен де, Премьер-Министрдің айтуына қарағанда, алдағы әлемдік дағдарыс елдің ұлттық экономикасына және азаматтардың ахуалына соншалықты әсер етпейді.
«Біріншіден, Елбасы жүктеген стратегиялық тармақтар және Үкімет тарапынан қолға алынған объективті шешімдер өздерінің дұрыстығы бойынша сынаққа жауап берді. Ресей мен батыс елдерінің қыркүйектегі дағдарысқа қатысты қабылдаған соңғы шешімдері Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған бірінші кезектегі шараларының дұрыстығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Екіншіден, бізде экономикалық өсімнің түбірі мен ұлттық экономикалық тұрақтылық сақталуда. Ең бастысы, мемлекетіміздің инвестициялық тартымдылығы да бұрынғы күйінде, жоғары қалпын сақтап тұр. Экономиканы әртараптандыру жұмыстары да жүргізіліп отыр.
Үшіншіден, қалыптасқан әлемдік нарықтың мониторингтік жүйесіне орай, біз жағдайды толық бақылай аламыз және туындаған мәселеге дер кезінде әрекет ету мүмкіндігіне иеміз. Яғни, ел экономикасы әрдайым тұрақты бақылауда болады», деді.
Әлемдік экономикалық дағдарыс кем дегенде екі жылға созылады
Дүниежүзін шарпыған экономикалық дағдарыс кем дегенде екі жылға созылады. Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін Көлік және коммуникация министрлігінде өткен алқа мәжілісінде осындай болжам жасады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"Мен кеше Халықаралық валюта қоры мен бірқатар халықаралық экономикалық ұйымдармен келіссөздер жүргіздім. Әлемдегі бұл дағдарыс ұзаққа созылмақ. Біз бастапқыда дағдарыстың шарықтау шегі 2009 жылдың көктем немесе күзіне дөп келеді деп болжаған болсақ, қазіргі жағдай осы жолғы дағдарыстың қысқа мерзімді емес, ұзаққа созылатындығын көрсетіп отыр", -деді премьер-министр.
Оның айтуынша, Қазақстанның саудадағы басты серіктестері Ресей мен Қытайда "егер экономикалық өсім болып жатса, ол өте төмен өсім болмақ". Көрші елдердегі жағдай Қазақстанның транспорт саласын дамытуға әсерін тигізбек, деді премьер-министр. "Қазақстанның өнім экспорттау 2008 жылдың төртінші тоқсанында төмендеді, бұл жайт 2009 жыл бойы жалғасатын шығар", - деді Кәрім Мәсімов....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат ҚАРЖЫЛЫҚ ДАҒДАРЫС ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат ҚАРЖЫЛЫҚ ДАҒДАРЫС ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, ҚАРЖЫЛЫҚ ДАҒДАРЫС ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС