География | Ландшафтану ғылымының дамуы

География | Ландшафтану  ғылымының  дамуы

Табиғатта шындарын мәңгі мұз басқан сеңгір таулар жазиралы жазықтармен, түгін тартса, майы шыққан құнарлы өңірлер құла түздермен, ит мұрны өткісіз ормандар құм-шағылды шөлейттермен алмасып жатады. Бұл ғылым тілінде жер шары мен оның табиғатын түзген әр түрлі географиялық кешендер деп аталады. Бұлардың құрамдас және құрылымдық бөліктерінен зат пен энергия алмасуы арқылы біртұтас жүйе құрылады. Бір құрамдас бөліктің өзгерісі екіншісінің, бір кешеннің өзгерісі басқаның өзгеріске ұшырауына әкеп соқтырады. Сонымен қатар жергілікті жағдайға байланысты әр түкпірде әрқилы территориялық табиғат кешендері түзіледі.
Жер бетіндегі жаратылыс жағдайы әр түрлі территориялық табиғат кешендерінің ерекшеліктерін, олардың құрамын, байланысын, бір-біріне тигізер әсерін, құрамдас бөліктерінің өзара орналасу заңдылықтарын ландшафттану ғылымы зерттейді.
Осы ғылымның қалыптасуына алғашқылардың бірі болып орыс ғалымы В. В. Докучаев айтарлықтай үлес қосты. Ол территориялардың табиғат жағдайларын зерттеуге кешендік принцип қолданды. Табиғи процестерді меңгеру үшін табиғаттың жеке бөлігін емес, тұтас бірлігін тани білу керек деп көрсетті. Ғалым табиғаттың геогендік және биогендік құрамдас бөліктерінің арақатынасы мен өзара әрекеттесу заңдылықтарын ашатын ғылымның керектігін ұғынды. Табиғат зоналары туралы 1898—1900 жылдары жазған көптеген мақалалары осы ғылымға негіз қалады.
Бұдан кейінгі кезде "ландшафт" ұғымын Л.С.Бергтің еңбектерінен кездестіреміз. Л.С.Берг ландшафтыға кең мағына берді. Ол географиялық кешендердің белгілі бір аймақта қайталана беретін типтерін де (батпақ, құмды шағыл, шыршалы орман, т.б.) немесе нақтылы бір территориямен шектелетін аймақгарын да (Сарыарқа, Бетпақдала, т.б.) ландшафт ден ұқты. Оның бұл тұжырымдары кейін ландшафт туралы теорияның дамуына негіз болды. Сөйтіп, XX ғасырдың 30-жылдарынан бастап ландшафТЫНЫ ТИПОЛОГИЯлық және аймақтық мағынада ұғыну география ғылымына берік енді.
Ландшафтыны территориялық кешендердің типі деп санаушылар жаратылысы бір текті, бірақ құрылымдық бөліктері әр түрлі болатын жер бөліктерін бір ландшафт түріне немесе территориялар типіне жатқызады. Мысалы, көк терек аралас қайыңды орман шоқтары өскен далалы ойыстар меи қара топырақты жазық жерлердегі астық тұқымдас шөптесінді дала екі түрлі ландшафтыға жіктеледі.
Ландшафтылы аймақты жеке-дара территориялық та-биғат кешені деп санаушылар оны бір-бірімен территориялық жағынан тұтасқан қарапайым табиғат кешендерінің өзіндік ерекшеліктерімен сипаталатын, қайталанбайтын күрделі территориялық жүйе ретінде таныды. Демек, жекелеген ландшафтының геологиялық негізі, жер бедерінің түрі, климат жағдайы, гидрологиялық режимі, биоценоздары бір-бірімен үйлесім тауып, көршілес жатқандарынан табиғи шекарасы арқылы межеленеді.
Ландшафттану ғылымының дамуы ландшафт картасын жасау ісімен тығыз байланысты. Бұрынғы КСРО-да жаппай ландшафт картасын жасау екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қолға алынды. Кейіннен ірі, орта, ұсақ масштабты ландшафт картасын жасауға Ленинград, Латвия, Воронеж, Львов, т.б. университеттердің ғалымдары мен Қазақстан ғалымдары атсалысты. Ландшафт картасын жасау мен далалық ландшафт зерттеулерінің қарқынды жүргізілуі, ландніафт іуралы теорияның терең талқылаиуы лаидшафттапу гылымы ауқымының кеңеюіне жолашты.
Қандай ғылымның болсын дамуында ғалымдар арасындағы пікір-таластың, өзекті мәсслелерді ауық-ауық бас қосып, талқылап отырудың маңызы ерекше. Ландшафттанушы ғалымдардын1963 жылы Алматыда өткен Бүкілодақгық кеңесі, 1965 жылы "Таулар мен шөлді аймақтардың ландшафтарын зерттеу" проблемаларыпна арналған аймақтық ғылыми симпозиум және басқа шаралар Қазақстан ландшафты туралы зерттеулердің өріс алуына елеулі ықпалын тигізді. Бұл орайда қазақстандық зерттеушілерден В.М.Чунахинді, М.Ш.Ишанқұловты, А.В.Чигар-кинді, Г.В.Гельдиеваны, т.б. атауға болады. 70—80-жылдарда
Қазақстандағы мұндай зерттеулер "Ертіс—Қарағанды" каналы мен Іле, Ертіс өзендеріндегі су техникалық кешендер құрылыстарына байланысты жүргізілді.
Ландшафты зерттеу барысында территориялық табиғат кешендерінің түзілісі, құрамдық және құрылымдық бөліктері, географиялық кешендерді түлетіп, түрлендіру жолдары, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану сияқты мәселелер тиянақты сөз етіліп, Қазақстанның ландшафтық географиясы ғылыми жағынан терең және ауқымды қарастырылды. Оқырмандарға ұсынып отырған осы еңбекте де бұл мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталамыз. Ал кітаптың соңғы тарауында республика территориясындағы ландшафтылардың географиялық таралу заңдылықтарын айқындайтып олардың зоналық жүйесі де, аймақтық және биіктік белдеулік жүйесі де сипатталады.
Құрметті оқырмандар! Кітап мазмұны туралы ой-пі-кірлеріңізді, әсіресе байқалған кемшіліктердің орнын то-лықтыруға бағыт сілтейтін ақыл-кеңестеріңізді зор ықыласпен қарсы аламыз.
Жоспар


1.Табиғат кешенінің сан және саны көрсеткіштерінің өзгерістері.

2.Терреториялық табиғат кешенінің құрамдас бөліктері.

3.Тнрреториялық табиғат кешендерінің бірнеше сатысы.

ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ ТАБИҒАТ КЕШЕНДЕРІНІҢ ШЕКАРАЛАРЫ
Іргелес жатқан территориялық табиғат кешендерінің сан және сапа көрсеткіштерінің өзгерістері байқалатын кеңістікті шекара дейді. Сондықтан бұлар жөнінде ғалымдар арасындағы пікір таласы толастар емсс. Н.А.Солицев бастаған ғалымдар тобы жас территориялық табиғат кешендерінің шекаралары уақыт өткен сайын өзгеріп отырады деген пікірді қостайды. Кандай да территориялық табиғат кешені болып өзінің пайда болған күнінен бастап ақ зат, энергия және басқалардың алмасу процесінде іргелес жатқан кешендермен әрекеттесіп отырады демек, олардың межелес бөліктерінде айырма белгілеріне қарағанда ортақ қасиепері басым боп келеді деп тұжырымдайды. С.В.Калсесник, Д.Л.Арманд бастаған ғалымдар төменгі сатыдағы территориялық табиғат кешендері сызықты, әрі өтпелі, ал жоғары сатыдағылары, әсіресе географиялық зоналар, көбіне өтпелі шекарамен межеленеді деген пікірді уағыздан келеді. Соңғылары климаттық белгілер бойынша шектелуі жиі байқалады деген қорытынды жасайды.
Көпжылдық ғылыми зертіеулер территориялық таби ғат кешендерінің шекаралары зоналық және азоналық фактордардың, қатар әрекет етуі нәтижесінде қалыптасатын дәлелдеп отыр. Әрбір нақтылы жағдайда белгілі бір фактордың шешуші рөл атқаруы мүмкін. Бірақ бір ғана фактордың әсері нәтижесінде қалыптасатын территориялық табиғат кешені мүлде сирек кездеседі, демек, шекара тіпті бір кешенің өзінде әр түрлі жолмен қалыптасады. Мысалы, Іле тауаралық жазығы ландшафтысының| Іле Алатауы мен Сөгеті тауіші жазығына ұласқан бөліктері өтпелі, ал Капшағай тауларымен көмкерілген бөліктері (күнгей бөлігі.) айқын байқалатын шекарамен межеленеді.
Территориялық табиғат кешендерінің құрамдас бөлік-тері бірімен-бірі тығыз байланысты. Олар үнемі өзара әрекеттесіп отырады. Бір құрамдас бөліктің өзгеруі міндет түрде екіншісінің өзгеруін туғызады. Белгілі бір территориялық табиғат кешенінің шекарасындағы өзгеріс геологиялық құрылысы, жер бедері, климат, топырақ, өсімдіктер жамылғысы, жануарлар дүниесі шекарасының өзгерістері арқылы сипатталады. Басқаша айтқанда, территориялық табиғат кешенінің шекарасы жеке құрамдас бөліктер шекарасының заңды үйлесімінен құралады. Алайда әрбір құрамдас бөлігі өз зандылығы бойынша өзіндік ерекшелігі бар кеңістік ауқымымен межеленеді. Климаттық, гидрологиялық және зоогеографиялық құрамдас бөліктердің шекарасы өтпелі, геоботаникалық фактор мен топырақтың түзілуіне байланысты қалыптасатын шекарасы өтпелі әрі сызықты, ал геологиялық және геоморфологиялық факторларға байланысты шекарасы сызықты бөлып келеді. Өтпелі шекараны да, сызықты шекараны да Батыс Қазақстан жерінен айқын көруге болады.
Оралдан Атырауға қарай жүрген кісі дала, шөлейт және шөл зоналарының территориялық табиғат кешендерін басып етеді. Олардың шекаралары климаттық белдеу арқылы межеленгендіктен, жай көзге ешқандай байқалмайды.
Шекаралар территориялық табиғат кешендерінің да-муына, әсіресе жеке құрамдас бөліктің өзгеру жылдамдығына байланысты болады. Табиғатга барлық құрамдас бөліктер бірдей жылдамдықпен өзгермейді. Ғылыми зерттеулер жер беті геологиялық құрылысы мен жер бедсерінін, өте баяу өзгеретінін дәлелдеп отыр Ал өте тез өзгеретін құрамдас бөлікке климат жағдайы жатады. Онық өзгеруі күн сәулесі сияқты сыртқы күші әсерлерімен бірге территориялық табиғат кешенінің құрамдас бөліктерінің әрекетіне де байланысты. Климат езгерістері ез кезегінде гидро логиялық, биогеографиялық прцестерді, топырақтың түзілу жолдарын өзгертеді. Адам әрекетіне байланысты көбіне өсімктер жамылғысы мен жануарлар дүниесінің ареалдары, жер бедері, езендер мен көлдер және олардың гидрологиялық режимдері өзгереді. Осылай жеке құрамдас бөліктердің түрлі дәрежеде, әр түрлі ауқымда, әр түрлі қарқында өзгеруіне байланысты территориялық табиғат кешендері шекарасының айқындаушы белгілері көмескіленіп кетеді.
Территориялық табиғат кешендерінің бірнеше сатылы морфологиялық құрылымдық және таксономиялық бірлік жүйесін құрайтыны мәлім. Олардың қай-қайсысы болсын фацияның занды түрде тізбектелген тіркестерінен құралады. Фация жаратылысына қарай жер бедерінің жеке элементтерінде, немесе микропішіндерінде қалыптасқандықтан, оның шекарасы, сөз жоқ, литогенді негіз бойынша межеленеді де, айқын байқалады. Ал морфологиялық құрылымдық немесе таксономиялық дәрежедегі территориялық табиғат кешендері өзінің құрамындағы фациялардың сан қатынасына, тіркестік сипатына, т.б. байланысты әрі өтпелі, әрі сызықты шекаралармен межеленеді. Шекаралардың қандай түрі болсын нақтылы жерлердегі жаратылыс жағдайларының ерекшелігіне қарай түзу немесе ирек сызықты болып келуі мүмкін.
Территориялық табиғат кешеидері ауқымды болғандықтан олардың төменгі және жоғарғы шекаралары болу керек. Осы кезге дейін айтылып жүрген пікірлердің ішінен Ф.Н.Мильконың тұжырымдарына тоқтала кеткен жөн. Ол территориялық табиғат кешендерінің төменгі және жоғарғы шекараларын зат және энергетикалық құрамдас бөліктердің тікелей әрекет етуінен байқалатын географиялық қабық бөлігімен (дандшафттық сфера) мәжелеу керек дейді.




Тақырыбы: Ертедегі үнділер мен парсылардың географиялық деректері
Жоспар:
1. Үнділер мен майалықтар зерттеген жерлер
2. Ертедегі парсылар
3. Гректер туралы қысқаша тусінік

Ертедегі үнділер мне парсылардың географиялық деректер.
Үнділер мен малайялықтар. Ертедегі Үнді мемлекеті Инд және Ганга өзендері бассейні мен Гималай тауларының аралығын мекендеді. Бұлар біздің заманымызға дейінгі 1000 жылдар шамасы бұрын Иран және Месопотамиямен сауда қарым-қатынасын құрлықпен де, сумен де жүргізіп отырды. Солтүстік және Оңтүстік үнділердің мәдени, сауда қарым-қатынасы өзара тығыз байланысты еді. Өйткені, ол кезде бұл өңірдің бәрі де, Шығыс та, Орталық Азия да түгелдей будда дінін қабылдаған. Үндістанда, Орталық Азия халықтарында бұл діннің ықпалы күшті болған. Біздің заманымызға дейінгі Ш ғасырда Үндістан императоры Магадха Ашока будда діншілдерінің көмегімен көрші іргелес елдерге дін таратып, олармен қарым-қатынас жасап отырды. Сөйтіп, Ашока дін таратушыларды Египетке, Сирияға, Ливияға, Грецияға, тағы басқа жерлерге аттандырды.
Біздің заманымыздың бірінші ғасырында үнділер будда дінін Тибет төңірегіне, Малакка түбегіне, Малайя архипелагының көптеген аралдарына таратты. Осы кезде Индонезияның басты аралдары Суматра мен Ява ашылып, ерте замандағы елдердің географиялық түсінігі кеңи бастаған еді. Сөйтіп, Индонезия аралдарына үнділер келіп қоныстана бастады.
Сол кезде үнділердің құрлықтағы географиялық зерттеулері күшті болса, малайялықтарда теңіз жағалауларын кемемен зерттеуі басым болды. Малайялықтар өздерінің жеңіл кемесімен бүкіл Индонезия аралдәрының жағалауларын аралап шықты. Олар Борнео, Целебес және Молукка аралдарын ашып, олардың тұрғындарымен сауда, қарым-қатынас жасап отырды. Кейіннен, Мадагаскар аралын ашып, оған өздері көшіп барып орналасты.
Ертедегі парсылар. Біздің жыл санауымызға дейінгі VI ғасырда Кир II өз империясына Батыс Ирандағы парсыларды қосып алып, Арменияға, Кіші Азия мен Месопотамияға ықпал жасады. Бұдан кейін Кир II Солтүстік Ирандағы көшпелі елдерді жаулап алды. Парсылардың солтүстік жорығы Гиркан (Каспий) теңізін ашты. Кейіннен оны парсы әдебиетінен алып, грек ойшысы Геродот толық сипаттады.
Парсылар Копет-Даг тауынан асып, Карақұмды көктей етіп, Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан жерінде болды. Олар Окс (Амудария), Яксарт (Сырдария) бойларын, Хорезм маңын білді, Ферғана ойпатында болды. Кейінірек Орта Азия мен Қазақстан жері Орталық Азиядан Европаға баратын жолдың үстінде болды, сондыңтан шапңыншылар бұл өңірдегі елдерді дүркін-дүркін күйзелушілікке ұшыратып отырды.
Гректер. Жерорта теңізінің, оның ішінде Эгей теңізі жағалауына ертедегі гректер орнығып алып, өз ыңпалын төрт құбыласына бірдей таратты. Гректердің батыс және солтүстік жорықтары қанатын кең жайды, олар біздің заманымызға дейінгі кездің өзінде-ақ Европаның көп жерлерін ашты. Сондай-ақ, гректер Қара теңіз, Каспий теңізі жағалауларын, Дунай, Дон өзендері бойларын отарлап алды. Сол кездегі грек отарына Орта Азия мен Оңтүстік және Батыс Қазақстан жерлері кірді,— дейді кейбір зерттеушілер.
Ертедегі гректердің нәтижелі географиялың зерттеулері бірнеше теңіз сапарларында толығырақ дәріптеледһ Бұған ең алдымен әйгілі Аргонавтар экспедициясы жатады. Тегінде, Аргоновтар аңызы ертедегі гректердің алысқа сапар шеккен экспедиция бағытына негізделіп айтылады. Аңыз өте құндыг өйткені ол сол кездегі гректердің бүкіл Жерорта теңізіндегі, оның жаға-лауларындағы жаңадан ашқан жерлерін, Азия, Европа жайында дұрыс түсініктерін көрсетеді. Оны Одиссея сапары анықтай түседі. Сондықтан Аргонавтар аңызы Одиссея мен Илиаданың таң ғажайып оқиғалары сол кездегі грек география тарихын бейнелейтін аса құнды ғылыми деректер болды. Кейбір зерттеушілердің болжамьіна және Аргонавтар аңызына қарағанда, бұл экспедиция біздің жыл санауымызға дейінгі 1350 жылы басталған тәрізді. Экспедиция ұйымдастырудағы мақсат аңыздағы «Алтын жабағыны» іздеу болған. Аргонавтар Қара теңізде, Колхида ойпатында болып, кейіннен «алтын жабағыны» қолға түсіріп, зор қиьшшылыңтарға кездесіп, өзінің шыққан жолымен Грецияға қайта оралады.
Эгей теңізінің Европалың және Азиялық жағалауларын мекендеген халықтардың ала ауыздығы біздің заманымызға дейінгі 1193 жылдан 1184 жылға дейін, яғни 10 жылға созылған — Троян соғысына әкеліп соққаны белгілі. Сөйтіп, ерте замандағы гректердің географиялық түсінігін көзге елестететін «Илиада» және «Одиссея» дейтін екі тарихи поэмасын шығарды. Оны гректің соқыр ақыны Гомер жазған. Ақын шығармаларын біздің жыл санауымызға дейінгі VII!—VII ғ. жазған, бірақ оқиға одан әлдеқайда бұрын, XII ғ. кезінде болғанға ұқсайды. Ақынның бұл шығармаларына арқау болған, грек тарихындағы шындың оқиға, сондықтан қаһарман жыр халық аузында үзілмей келе жатыр.
«Илиада» оқиғасы Троян соғысы кезінде, ахиллдықтар Кіші Азия қаласы Троянға немесе Илионға шабуыл жасаған кезде туған. Ал «Одиссея» оқиғасы одан кейін болған. Мұның негізіне грек патшасы Одиссейдің кемемен жасаған саяхаты арқау болған. Ол еліне ұзаққа созылған Троян соғысы аяңталған соң аралады. Бұл екі поэмадан сол кездегі гректердің саяси құрылысы, экономикасы, тарихы, географиялық түснігі қандай дәрежеде болғандығын байқауға болады. Ф. Энгельс қоғамның сол кездегі дәуірін «әскери-демократиялық» дәуір, кейінірек соның негізінде грек мемлекеті құрылды,— дейді.
Бұл екі поэмадан Гомердің географиялық түсінігі көрініп отырады. Оқиға өте әсерлі. Бірақ Гомердің географиялың түсінігі Эгей теңізі жайында болып, одан арғы жер — Жерорта теңізінің батыс, Қара теңіз маңы туралы деректер көрсетілмеген.
«Илиада» грек болмысының ішкі жағдайын дәріптейді де, «Одиссея» алысқа сапар шеккен жорық жағдайын әңгімелейді. Бұл оқиғаларға қарағанда, Гомерге Кіші Азия жағалауы, Египет және Ливия жерлері белгілі екендігі байқалады, Ақын шығыс пен батысты ғана меңзейді, оның солтүстік, оңтүстік деген ұғымы жоқ, солтүстікті батысқа, оңтүстікті шығысқа қосады. Шығыс күнге жақын, батыс одан алыс... Күн шығыста жерді айналып жатқан Өзен-Мұхиттан шығып, батыстағы сол Өзен-Мұхитқа қайта батады деп түсінеді. Жерді ол дөңестеу жазық, оны Өзен-Мұхит қоршайды деп білді, теңіз деген түсінігі жоқ. Көгілдір аспанда шығыстағы судан шығатын күн батысқа қарай қалқиды. Күнді айналдыратын, желді соққызып, жерді сілкіндіретін, бұлт көтеріп күн жауғызатын, нажағай шартылдап жай түсіретін «құдай» деп білген. Жер ауамен қоршалған, оның биік тау басында «құдай» тұратын жерін Эфир, жел құдайын Эол деп атайды. Аспанды «Аида», жер астын —«Тартар» дейді. Адам елгеннен кейін оның жаны «Аида» түнегінде сезімсіз жағдайда болады,— деп түсінеді. Міне, ертедегі гректердің, Гомердің географиялың әлем туралы түсінігі осындай болған. Сөйтіп, ерте заманда финикиялықтардан, парсылардан кейін дүние жүзілік толығырақ географиялық деректер гректерге көшті. Ертеде теңіз деген











ТақырыбыГеографиялық ашылулардың міндеті мен мақсаты


Жоспар

1.Географиялық ғылымының тарихы.
2. Географиялық ашылулар.
3. Географиялық деректер.

Осы заманғы дүние жүзілік ғылымның асыл мұрасы, алтын қоры, географиялық материалдар бірте-бірте жиналды. Оларды адам баласы зор қиыншылықтарды жеңе отырып жинап-терді: талай-талай саяхатшылар, ғалымдар бұл жолға бүкіл өмірін сарып етті, құрбан болды. Бірақ жеңімпаз адам алған бетінен қайтпады. Көздеген мақсатына жетті. Ақыры Жерді, оның формасын дұрыс түсінді. Адам жер шарын өзімен салыстырғанда орасан үлкен екенін, ал бүкіл әлеммен салыстырғанда соншалық кіші екендігіне көзі жетті. География — ғылымдардың ішіндегі ең көнелерінің бірі. Сондықтан да бұл ғылымды терең зерттеп, дұрыс түсінуді мектеп балалары, бүкіл жас-тар өзіне зор міндет деп санауға тиіс. Мұны білмей табиғатты, оның ұшан-теңіз құпия сырларын танып-біліп, оны қоғам пайдасына жарату мүмкін емес. География ғылымының тарихы бізді адам баласының жер шарын бірте-бірте қалай ашып білуімен таныстырады, Бұл ұзақ әрі тамаша тарихи оқиға. Біздің жыл санауымызға дейінгі ерте заманда алғашқы географиялық түсікік Нил өзені бойында — Египетте, жалпы Жерорта теңізі жағалауын мекендеген елдерде пайда болды. Бірақ олар сол өздері тұрган жерлері мен әрі кеткенде көршілес елдердің жерлерімен ғана танысты. Платон мен Аристотель әлем, адам баласы дегенде, олар тек қана Жерорта теңізі жаға-лауын мекендеген эллиндер мен кейбір жауынгер тайпаларды айтады. Біздің заманымызға дейінгі жыл санаудың V -— IV ғасырында Геродот, Пифагор, Аристотельдер ғана жерді шар тәрізді деп дұрыс тү-сінді. Бұған орта ғасырлардағы араб. Орта Азия та-ғы басқа елдер ғалымдары да өз үлесін қосты.
XV —XVI ғасырларда жер шарының ұлы географиялық ашулары басталды. Бұған дейін белгісіз болып келген жаңа жерлер ашылды. Кемелер алысңа сапар шекті. Испания, Португалия елдерінің Колумб, Магеллан сияқты саяхатшылары ұлы географиялың ашуларға аттанды. Кейінірек Англия, Франция, Голландия, Россия тағы басқа елдер саяхатшылары да жер шарын зерттеуге жұмыла кірісті. Енді белгісіз болып келген мұхиттар, теңіздер, құрлықтар, түбектер мен аралдар адамға аялы есігін аша бастады.
XVIII ғасырда Батыс Европа елдерінде капитализм-
нің дамып, өріс алуына байланысты оған жаңа ры-
нок, отар қажет болғаны белгілі. Осыған орай енді
сол бұрын ашылған жаңа мекендерді түбегейлі мұ-
қият зерттеу ісі нақтылы жүзеге асырыла бастады.
XIX гасырда дүние жүзілік географиялық зерттеу-
лердің құлаш жайғаны сонша, жер шарында елеулі
белгісіз мекенжай қалмады. Арктика, Антарктида
ашылды. Солтүстік Мұзды мұхиттың, Арктика мен
Антарктиданың жаратылыс байлығын дүние жүзі ел-
дерінің географтары өз ара және ресми келісім жа-
сау жолымен бірлесе отырып зерттеп, адам баласы-
ның игілігіне жаратуды көздеді.
Үстіміздегі ғасырда дүние жүзі географтары, әсіресе,
советтің ғалым-географтары осы күнгі ғылыммен техника табыстарына сүйене отырып, Арктиканы, Антарктиданы жан-жақты зерттеп, күрделі ғылыми табыстарға ие болып отыр.Сөйтіп география ғылымының әріден келе жатқан көне тарихына қарағанда, ол өзі басталуынан-ақ бүкіл адам баласының игілігін мақсат еткен, барша жұртқа ортақ ғылым болды. География ғылымының табысы, дінмен уланған

кейбір капиталистік ғалымсымақтардың ойлайтынындай, ешқашан да адам баласын апатка ұшыратпақ емес, тіпті олай деудің өзі де барып түрған надандың. Ңайта бұл ғылым адамзатты баңыт бас-палдағына ңарай өрлете бермек,
Мектеп окушылары, жастар география ғылымын не-ғұрлым жаксы біліп, окың тамаша тарихымен жете танысса, соғұртым олардың бұл пәнге деген ңұштар-лығы, сүйіспеншілігі арта бермек. Отанын, елін, же-рін жанындай жаксы керетін болады. Ңоғамда адам-дардың бәріне бірдей ортаң сөздер бар. Солардың ішіндегі ең бір асылы — Отан деген сөз. Отан ұғымы жастар журегіне мектеп ңабырғасында жүргенде-аң көкейіне ңона бастайды, олардың арман-ңиялымен біте ңайнап, бірге өседі. Олардың бойына абзал қа-сиет, ізгі ниет дарытады, Отанын, жерін, елін шын суйген адам өмірінде кездесетін ңиындыңтың ңан-дайын болса да жеңетіні даусыз. Сол жағдайларды ескере отырып, «Географиялыц ашулар» деп атала-тын осы кітапта отаншылдар туралы сөз болады. Кітап ерте заманнан бастап осы күнге дейінгі жер шарының зерттелу тарихын баяндайды. Бұл — өрісі кең, алуан түрлі окиғалы, үлкен маңызы бар тарих. Жер шарының жалпы зерттелу тарихынан көптеген кітап жазуға болар еді. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру