Экология | Антропогендік ландшафт

Экология | Антропогендік ландшафт

Антропогендік ландшафт

Тірі ағзалардың жағдайының өзгерісіне байланысты дамып, жетіуін эволюциялық даму дейді. Ол тірі организмдердің экологиялық жағдайына бейімделіп сұрыптау процесі арқылы жүзеге асады. Экологиялық жағдайға бейімделу тірі организмдердің барлық ерекшеліктері мен қасиеттерін ұрықтану, төлдеу, көбек таралу ерекшеліктерін, формасыон түсіну, физиологиялық әрекетін, мінез – құлқынт.б. толық қамтиды. Атап айтқанда суық белдеудің өсімдіктері жатаған, жануарлары түкті, құрғақ белдеудегі өсімдіктер жапырақсыз ал жануарларының терісі мүйізденген болады. Тірі организмдердің ортаның экологиялық жағдайына бейімделуі табиғат ырғақтығына да байланысты. Мысалы, Қазақстам территориясында маусымдық өзгерістер айқын байқалады. Сондықтан өсімдіктер де, жануар-лар да жылдын жылы мезгілдерінде өнім беруге, суық мезгілдерінде бойына сіңірген нәрін, жинаған азықтық қорын үнем етіп, тіршілігін жалғас-тыруға өніп - өсуге, көбеюге бейімделген.
Чарльз Дарвин дамытқан эволюциялық теория бойынша өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің өзгергіштік қасиеті болады деп қарастырады. Олардың өзгергіштік қасиеті ортаның экологиялық жағдайының әсері мен тірі ағзалар мүшелерінің және олардың әрекеттерінің арасындағы корелляциясына (өзара байланыстылығына, арақатынастылығына) байланысты болады да, бір түрдін өзгерісі екінші түрдің өзгерісін туындатып отырады. Мы¬салы, климаттың өзтерісіне байланысты тас көмір дәуірінде құрлық беті өсімдіктері жетіліп, ормандар өсті, осыған орай құрлық бетінде бауырымен жорғалап жүріп тіршілік етуші жануарлар ағаштан ағашқа секіріп, одан ұшып жүріп тіршілік етуге бейімделген. Демек, бауырымен жорғалаушы жануарлардың прогресті бағыттағы дамыған өкілдерінен орман ландшафты сына бейімделіп сұрыпталған құстар (Архиоптерикс) пайда болған. Алайда сұрыпталу процесі нәтижесінде жаңа түрлердің пайда болуы тірі ағзалардың тұқым қуалау-шылық қасиетіне байланысты.
Тірі ағзалардың өніп - өсу, тіршілік ету әрекеті орталық экологиялық жағдайына тікелей байланысты болғанымен, олардың да соңғыларға тигізетін қарсы әрекетін ескермеуге болмайды. Тірі ағзалардың эволюциясы аз да болса айналадагы органын экологиялық жағдайын өзгертеді де, белгілі бір межеден өткен сон, ландшафтының, тіпті ландшафт сферасының тұтас бетіне қатысты жаңа сапаларға ие болады. Планетадағы тіршіліктің пайда болуы жер беті ландшафтысының құрамдас бөліктер санын көбейтіп қана қойған жоқ, сонымен бірге ландшафт сферасын құрайтын ауа қабатын бос өттегі, көмір қышқыл газы сияқты заттармен, жер қыртысын органогенді шөгін-ділермен толықтырады, құрлық бетінде жер бедерінің органогенді морфо-мүсіндік кешенін түзеді. Тіпті, осы кездегі жер бегі ландшафтысының құры-лымын неоген - антропоген дәуіріндегі биогикалық факторлардың туындысы деп қарастыруға болады. Өйткені палеогеографиялық зерттеулер неогенге дейінгі жер беті ландшафтысының зоналық құрылымының өте қарапайым-дығын, ал бөліктік (секторлық) ландшафтысы жүйесінің бөлінбегенін дәлел-деп отыр. Биотикалық факторлардық органы бейімдеуін адам әрекеті нәтиже-сінде байқалатын ландшафт өзгерістерінен айқын көруге болады.
Адам мен табиғат арасындағы өзара әрекет әр уақыгта да күрделі бір ғылыми проблема болып қала бермек. Адам іс - әрекеті техникалық прогрестін, артуына байланысты соңғы кезде ландшафтынын әсер етуші өте күшті факторлардың қатарына қосылуда.
Антропогенді процестердің қарқыны да, аумағы да күн сайын артып келеді. Қазір жер бетінде адам әрекетінің тікелей және жанама әсерлері тимеген бірде - бір ландшафт жоқ. Көптеген ландшафт адам әрекетінің, нәтижесінде табиғи қалпын өзгертіп, антропогенді ландшафтының тобын құрастыруда. Мысалы, Алматы қаласының маңындағы бау - бақшалар мен техникалық дақылдар бұрынғы құлазыған шөл далаға орналасқан. Олар қазір өте көп өнім береді, табиғи жағдайымен салыстырғанда биомассасы 250-300 есе артық, басқаша айтқанда, бұрынғы қара жұсамды шел дала жылына 2-3 ц ғана өнім берсе, оның орнына етілген қызылша тәлімдері тек қазір 300-4О0 ц өнім алынады.
Адам әрекеті ландшафтыны құрайтын құрамдас бөліктердің, бәріне бірдей әсер етпейді. Антропогенді факторлар лаидшафтынық геололиялық негізін, жер бедерін, климаттың басты элементтерін түбірлі өзгерте алмайды. Адам әрекетіне байланысты, негізінен, ландшафтының өзен жүйесі, жылу және ылғал балансы, топырақ, жамылғысы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі өзгереді. Бірақ адам әрекеті тоқталысымен, ландшафт табиғи жағдайын қалпына келтіруге тырысады. Бұдан антропогенді жолмен қалыптасқан туындылы ландшафтының, да территориялық табиғат кешендер қатарына жататындығын тусіну қиын емес.
Антропогенді фактор нәтижесінде жаңа сипатқа ие болатын ландшафт құрамдас бөліктертерінің, тұрақтануы ортаның экологиялық жағдайынан үйлесім тапқанда ғана байқалады. Олардың құрамдас бөліктер тізбегінен орын алуы тарихи жағдайлармен ландшафтының өздігінен да¬му ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Мысалы, 1859 жылы Австралия, жеріне Еуропадан алып барған қояндар, 1935 жылы біздің елге Америкадан әкелген ондатралар жані жерлерден қолайлы мекен тауып, ландшафт құрамына араласып кетті. Ал өткен ғасырдың 50-жы дарында Воронеж жерінен келген орыс шаруалары жерсіндірген Алматының апорт алмасы қазір сапасын қайта түлетуді қажет етуде.
Антропогенді фактордың тікелей әрекеті көбіне ландшафтының морфологиялық құрылымдық бөліктерінің өзгерісінде тез байқалады. Ондай құбылыстар мен процестерге жер бетінін, жыралануын, топырақ жамылғысының шайылуын, құм шағылдардың көшпелі құм жондарына айналуын, т.б. жатқызуға болады.
Жанама әсер ететін адам әрекеті негізінен ландшафт құрамдас бөлікті байланыстарын бұзады, Олар алғашқыда көзге көрінбейтін табиғат құбылыстарын қоздырады да, ұзақ уақыттардан кейін ғана нәтиже береді. Көпшілік жағдайда ландшафтының қалпына келмейтін өзгерісін тудырады. Ф.Энгельс "Табиғат диалектикасы" деген кітабында: "Месопотамияда, Грецияда, Кіші Азияда және басқа жерлерде егістік жер таппақ болған адамдар орман ағаштарын тұп-тамырымен қопара қазғанда, осы арқылы өздерінің бұл елдерді ормандарымен бірге ылғалды жиын, сақтайтын орталықтарынан айырғаны, бұл елдердің қазіргі тып-типыл қалыпқа түсуін бастап бергені түстеріне де кірген жоқ", — деп жазған. Кітапта: «Альпілік итальяндар таудың теріскей беткейінде мұқият сақталып күтілетін қылқанды ағаштарды.., кесіп тастағанда, олар осы арқылы өз аймағында биік тау баурайларындағы мал шаруашылығының тамырына балта шабамыз деп ойлаған жоқ, олардың мұнан да бетер бір болжай алмаған нәрсесі — олар осы арқылы өздерінің таудан шығатын бұлақтарын жыл ішінде көп уақыт бойы сусыз қалдырды" , — деп адам әрекеті мен табиғат құбылыстарының бір-біріне өтулері арқылы әсер ететінін өте нанымды тұжырымдады.
Ландшафтыны пайдаланудағы аһам әрекетінің жағымсыз жақтарын кейбір елдердегі жер өзгерісінен жиі байқауға болады. Мысалы, Вьетнам жерінің ландшафтысы 1965—1971 жылдары Америка Құрама Штаттары бом-балауынан айтарлықтай зардап шекті. Онда тасталған бомбалардың жалпы салмағы 6,2 млн. т-ға жетіп, диаметрі 9, терендігі 1,5 м-лік 21 млн. апан-шұңқыр пайда болған. Мұнымен бірге гербицидтерді пайдаланудың нәтижесінде Оңтүстік Вьетнамның 540 шаршы мильдей жеріндегі орман ағаштары біржолата жойылып кетті. Бұл мысалдан осы кездегі ғылыми-техникалық прогрестін, дамуына байланысты ландшафтының құрамдас бөлік аралық байланыстары мен морфологиялық түзіліс құрылымының, қарқынды түрде қатар күрделілене түсетінін айқын сезуге болады.
Тарихи деректер антропогенді фактор ізінің миллиондаған жылдармен есептелетінін дәлелдеп отыр. Ол техникалық прогрестің өзгерісіне байланысты бірпеше дәуірді қамтып келгеи. Алғашқы техникалық прогресс оттың пайда болуынан басталды. Ал оған дейінгі антропогенді өзгеріс адамның табиғат байлықтарын даяр өнім түрінде жинауына ғана байланысты болғандықтан, биотикалық фактор дәрежесінен асып кете алған жоқ.
Оттын, пайда болуы адам әрекеті мен табиғат арасындағы қатынастарды шиелеиістіріп, ландшафтынық антропогенді жолмен дамуындағы алғашқы дәуіріне есік ашты. От адамға табиғи заттарды бір сападаң екінші сапаға өзгертуге, еңбек өнімділігін арттыруға көмектесетін құрал-сайман жасап алуға, суық күндері жылынуға, жыртқыштардан қорғануға көмектесті. Отты сендіріп алмау үшін отын қорын жинауға тура келді. Отын қоры алғашында тоғайдан ағаш дайындау арқылы жиналын," кейіннен шымтезек, көмір, мұнай және жанғыш газ өндіру арқылы толықтырылатын болды. Осылай отын қорын өндіру, жинау мақсатымен істелген әрекеттерден орманды алқаптар мен кенді жерлердің, ландшафтысы өзгергені сөзсіз.
Ландшафтының антропогенді дамуының екінші дәуірі техникалық прогреспен байланысты. Машиналы техника көлік байланысын, егістік, жайылымдық және шабындық жерлерді өңдеуді, кен өндіру жұмыстарын игеруді, т.б. планетарлық аумаққа дейін көтерді де, техникалық процестердің қарқының арттырады. Бұл процестер ландшафтың түзілістік құрылымының қайта түзілуімен бірге ауа, су, жер беті жыныстары, топырақ, өсімдік, жануарлар дүниесі, жылу, ылғал, т.б. материалдық заттар балансының, аймақтық өзгерісіне әсер етті.
Химиялық заттарды халық шаруашылығында пайдаланудан антропогенді ландшафтының үшінші даму дәуірі басталды. Халық шаруашылығын химияландыру барысында егіншілік минералды тыңайтқыштармен тыңайтылып, егістік дақылдардын, өнімділігі артты. Пестицидтер, гербицидтер, ДДТ, т.б. химиялық заттар арамшөптер мен зиянкес жәндіктерге қарсы курес үшін пайдаланылды. Осылайша халық шаруашылығын химияландыру ландшафтының, химиялық және биохимиялық процестерінін, ырғағына күрделі өзгеріс енгізді. Соның нәтижесінде ғылым өндіргіш күшке айналды.
Атом энергиясын пайдалану жер шары ландшафтысының дамуындағы антропогенді фактор әрекетінің тари¬хи бетін ашты. Оны халық шаруашылығында тиімді пайдаланған жерлерде күн, су, отын энергия қорлары үнемделіп, оларды пайдалануға байланысты болатын табиғаттың, регресті өзгерісі тежелді, ландшафтының құрамдас бөлік аралық тепе-теңдігінің сақталуына қолайлы жағдай туды. Алайда атом энергиясын пайдаланудын, оң көріністері кең етек жая алмай отыр. Көпшілік жағдайда, оны со¬ғыс ісінде пайдалану көзделуде.
Ғылыми - техникалық революцияның, өнеркәсіптегі, ауыл шаруашылығындағы және медицииадағы барлық жетистіктері, бір жағынан халықтардың саные өсірді. Егер жер шары халықтарының саны ауыл шаруашылығы дамығанға дейін небары бірнеше ғана миллион болса, 1980 жылы 5 млрд. болды, ал 2000 жылы 6,5 млрд-қа жетпек, басқаша айтқанда, алғашында әрбір мың жыл сайын 2% өсетін халық саны қазір жыл сайын 2%-тен де артық өсетін болды. Екіншіден, ғылыми - техникалық революция нәтижесінде геометриялық прогреспен өскен антропогенді фактордың қарқыны еселеп артты.
Тарих беттерін ақтарғанымызда палеолит дәуірінде адамдар тонтанып жүріп, аңшылық пен тағамдық өсімдіктерді теруді кәсіп еткенін көреміз. Аң аулауда жер өртеу әдісін жиі пайдаланған, соның нәтижесінде дуниежүзілік орман алқабының ареалы тарылған, жиі ауланатын ма¬монт, жабайы түйе, жылқы сияқты жануарлар жойылып кеткен.
Неолит немесе жақа тас дәуірінде мәдениет артты. Неолит кезеңі қыш ыдыстардын, пайда болуымен басталып, металлургияның өмірге келуімен аяқталды. Неолит мәдениеті тараған аймақтарда алғашқы таптар мен мемлекеттер пайда болды. Халықтар аңшылық, балық аулау, мал бағу, егін салу кәсіпшілігімен айналысты. Казақстанда неолит қоныстары Жезқазған, Шығыс Қазақстан, Көктал, Байқадам, Үшбұлақ, Бүркітті жерлерінде табылған. Халықтардын, кәсіпшілігінің күрделіленуіне байланысты неолит дәуірінің өзінде-ақ осы кездегі антропогенді ландшафтының, негізгі түрлері түзілген болатын. Нақтылы әлеуметтік жағдайлар олардық бір сападан екінші сапаға өтуіне мүмкіндік туғызып отырған.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру