Омар Хайям
Адам деген — әлемнің анық бағы,
Түсінер мұны олардың данышпаны.
Түсінер мұны олардың данышпаны.
Әділетті болу үшін алдымен мейірбан болу керек.
Көздер сөйлей алады. Қуаныштан күле де, жылай да алады. Көздермен естен адастыруға да, жылата да аласың. Сөздермен алдауға болады, бірақ көзбен алдау мүмкін емес. Адамның көздерінде тылсым күш жатыр.
Бәрін түсіндіруге болады, бірақ бәріне емеc.
Біреуге риясыз сену оның қолына өз еркіңмен өткір қанжар ұстатқаның. Лыпып тұрған қанжармен ол сені қорғауы да мүмкін, бауыздауы да мүмкін.
Ей, көңілім, сыйлық күтпе бұл заманнан қараңғы,
Уақыт озар барлығынан шаң қаптырып адамды.
Дертің әр сәт күшейеді, ауырады тынымсыз,
Күткенменен мына уақыт емдемейді жараңды.
Уақыт озар барлығынан шаң қаптырып адамды.
Дертің әр сәт күшейеді, ауырады тынымсыз,
Күткенменен мына уақыт емдемейді жараңды.
Жас та өтер, бірте-бірте кәрі де өтер,
Баянсыз бұл жалғанның бәрі бекер.
Жаһанда мәңгі жасар жан жоқ, сірә,
Кетеміз, кетті, келер, тағы кетер...
Баянсыз бұл жалғанның бәрі бекер.
Жаһанда мәңгі жасар жан жоқ, сірә,
Кетеміз, кетті, келер, тағы кетер...
Жұлынған гүл сыйлануы тиіс, жазыла басталған өлең - аяқталуы, ал сүйікті әйелің - бақытты, олай болмаса, әлің жетпес тірлікті бастамауың керек.
Уайым ертеңгі мәселені шешпейді, тек бүгінгі мазаны алады.
Маған адамның кедейлігі емес, оның ойы мен жанының кедейлігі қынжылтады.
Әрекет етпей арманға жетуді ойлау, егін екпей, оны жинаумен тең!
Ақымақпен достық құрып, жетіспейсің. Дананың берген уын қабылда, ақымақтың қолынан алтын алма.
Өмірде дана секілді сүргің келсе, екі басты қағиданы жаттап ал: әр нәрсені жегенше, аш қалған дұрыс; әркіммен өмір сүргенше, жалғыз болған дұрыс.
Жұрттың бәріне бірдей дос боламын дегендер ешкімге де дос бола алмайды.
Бөтенге шексіз сеніп қалудан сақтан, дос деп құрмет тұтып жүрген адамыңның өзі сені сатып кетуі мүмкін.
Өмір сүрудің екі заңын білген адам бақытты болар. Бірі — не болса соны жей бермей, азығына талғаммен қарайтын жан; бірі — кім болса, сонымен дос болмай, айналысындағы достарын жөнімен таңдай білетін адам.
Адамның санасы қаншалықты төмен болса, ол мұрнын соншалықты аспанға шүйіреді.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: қанатты сөздер Омар Хайям туралы нақыл сөз, канаттты создер Омар Хайям туралы накыл соз, афоризм казакша цитаты на казахском, Омар Хайям