Сократ

 Сократ

Егер сендер дауыс беру арқылы бәрiн шешуге болады деп ойласаңдар, онда Афинаның бар иттерi атқа айналсын деп дауыс берiп көрiңдер.

Мен сенi көруiм үшiн, сөйлегiн.

Жақсылық дегенiмiз даналық пен бiлiм.

Табиғат көп көріп, көп тыңдау үшін екі көз, екі құлақ берді, ал аз сөйлеу үшін бір ғана ауыз берді.

Арманым азайған сайын, Құдайға жақындай түсемін.

Достарыңның жүрегін құр қошеметпен емес, көңілден шыққан шынайы сөздермен жаулап ал.

Талқыға салған кезде ғана ақиқаттың беті ашылады.

Абыройсыздықпен өмір сүргенше, батылдықпен өлген артық.

Өлімді білмей тұрып, одан қорқу қисынсыз сияқты.

Ештеңеге қарамастан үйлен. Жақсы әйел түссе бақытты боласың, жаман әйел түссе ойшыл боласың.

Ізгілік пен игілік жоқ жерде әсемдік те жоқ.

Өз шаруаларыңды өзгемен ақылдасу үшін, алдымен оның өзінің шаруаларымен қалай айналысып жатқанын қара.

Әлемді өзгертпес бұрын, өзіңді өзгерт.

Ашулы адам ешқандай пайдасыз басқаларды зәбірлейді.

Өмірлік тәжірибесі аз адамның айтқан сөзі аса сенімнен шыға бермейді. Мейлі маған еліктеп айтса да.

Адамдарды таныған сайын, өзімнің итімді қатты қадірлеймін.

Мен өмір сүру үшін тамақтанамын, ал кейбіреулер тамақтану үшін өмір сүреді.

Тек бір ғана жақсылық бар ол - білім, тек бір ғана жамандық бар ол - надандық.

Әрбір адам күн сияқты, тек оған жарқырауға мүмкіндік беру керек.

Астың тұздығы — аштық.

Асқа ең жақсы дәмдеуіш - аш қарын.

Сөз сүйектен өтпесе, таяқ та көмектеспейді.

Қалаған адам - амал табады, қаламаған - себеп табады.

Мен көп нәрсені білмейтінімді білемін, алайда басқалар мұны да білмейді.

Ақшасы жоқ адам кедей емес, арманы жоқ адам кедей.

Ең кедей адам үйі, жанұясы, ақшасы жоқ адам емес, арманы жоқ адам

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру