Константин Ушинский
Ұстаз — ұлағатты есім.
Сәби үшін жақсы ойыншық ол алуан түрлі қылып өзгертуге келетін ойыншық.
Мұғалім тек өз пәнінен сабақ беріп қана қоймауы керек, сонымен қатар тәрбиеші адал, әділетті, шыншыл адам болуы керек
Көрнекілік арқылы бала зат пен сөздің арасындағы байланысты табуға үйренеді.
Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат.
Халық тілі – тарих шекарасынан әлдеқайда әріректен басталатын, оның күллі рухани тіршілігінің еш уақытта солмайтын және өмір бойы қайталап шешек атып тұратын тамаша гүлі.
Зейін есік тәріздес, ол арқылы бәрі өтеді, сыртқы дүниеден адамның жан–дүниесіне жетіп отырады.
Кітап оқу – мұның өзі әлі ештеңені білдірмейді, нені оқу және оқығанды қалай түсіну – басты нәрсе міне осында.
Өз ойларын көріктеп айта алмау — кемшілік, ал өзінің көкейіне түскен ойларының болмауы — одан да асқан кемшілік.
Жастық армандамаса, адам өмірі бір нүктеде қатып қалар еді, міне содан да жастық қиялының жарқ-жұрқ еткен қабығы ішінде ұлы-ұлы мұраттардың дәні көзден таса құпия өсіп-өніп шыққан ғой.
Саналы әрі еркін еңбек қана адамды бақытпен жарылқайды.
Егер еңбекті таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осы жолда өміріңізді сарп ететін болсаңыз, онда сіз бақытты болғаныңыз.
Оқу — бұл әлі ештеңені мандытпайды, нені оқу керек және оқығанда көңілге қалай тоқу керек — ең үлкен, ең үлкен шаруа, міне, осында.
Әйелдің өз перзентін үйретіп, өсіруге ұмтылуы қанында бар және оған мұнымен бірге осыған сай қабілет бар.
Саналы да ерікті еңбек қана адамды бақытқа кенелтеді.
Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.
Оқыту — тәрбиелеудің қуатты органы, бұл органды пайдалана білмеген тәрбиеші шәкірттерге әсер етудің ең басты және қажетті құралынан айырылады.
Өзінің ішкі сарайына көз жүгірте білетін әрбір адам — психологияның дап-дайын тұрған курсы.
Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойыладыЕгер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз.
Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі
Мұғалім - зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі іспетті.
...педагогикалық әңгіме өткізуге төселу үшін тіпті дарынды адамның өзіне де көп еңбек керек.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: қанатты сөздер Константин Ушинский туралы нақыл сөз, канаттты создер Константин Ушинский туралы накыл соз, афоризм казакша цитаты на казахском, Константин Ушинский