Қожа Ахмет Ясауи

 Қожа Ахмет Ясауи

Ынтасыздың күні қараң.

Кекірейген кердеңдерден қаш.

Нәпсіне ерген адам адасады. Енді жатса да, тұрса да оның жолдасы шайтан болады.

Үлкен-кіші адамнан иба кетті,
Қыз-бозбала жастардан әдеп кетті,
Мінез-құлық бұзатын әдет жетті,
Бұл не деген заман болды, достар?!

Халықтан мейірім кетті,
Момынға телі-тентек тақымы өтті,
Талтүсте талапайда ақым кетті,
Бұл не деген заман болды, достар?!

Заман азар уағында - патша айналар залымға.

Жамағаттың жақсыға құрметі жоқ,
Кішілердің үлкенге ізеті жоқ,
Патшалардың әділдік міндеті жоқ,
Бұл не деген заман болды, достар?!

Әділ сөйлеп, адал жүр.

Айтылған сөз, уәденің байламы жоқ,
Өтірікке шындықтың қайраны жоқ,
Шындық айттым осылай шырқыраған,
Құл Қожа-Ахмет сөзінің жалғаны жоқ.

Құштарлықсыз жаратқанды да тани алмайсың.

Тақуа болма, тентек болма - ғашық бол.

Махаббат дәмін татпаған, жар сүйіп, қызығын көрмеген, үйін ойлап дүние таппаған, ойсыз-қамсыз шайтандыққа бой алдырғаннан иман қашады.

Арыңды сақта, болсаң да малға кедей.

Не болса да - сабыр қыл.

Мал-мүлік жидым деп мәз болма - жан кеткенде кетеді.

Бай малына мәз.

Көзі жанып тұрмағанның ғашық болдым дегені бекер.

Ғашық патша да, ғашық пақыр да жауласа алмас.

Қам көңілдің қайғысына дауа бол,
Жолда шаршап шалдыққанға сая бол.

Кісі малын қымқырып, ары азғандар оңбайды.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру