Бауыржан Момышұлы
Бауыржан Момышұлының нақыл сөздері
Атаның маған айтқан ақыл сөздері
Алатын кезде – алға озып,беретін кезде артта бұғып қалатын,алғаны мен бергенін жіпке тізіп санайтын адамнан аулақ жүр.Ондай адамнан құтылудың өзі-үлкен олжа.
* * *
Адам ешкімге сенбей,бәріне күдіктеніп,айналасындағыларды ылғи “алдамшы”, “қу ”, “ нашар адамдар” деп ойлап жүрсе,тура сондай сұмырайлар кездесе береді,қасыңа топталып,жинала береді.
* * *
Өзгеден артық боламын деп арындама,шамаңды шақта.Тең түскенге қанағат ет. “Қанағат қарын тойғызар,қанағатсыздық жалғыз атын сойғызар” деген ата- бабаң.Бірақ тепкіге төзбе,ешқашан аяққа басылмағын.
* * *
Адам өмірге,мынау жарық дүниеге жылап келеді.Ата-ана,туған-туыс айналасы шат-шадыман қуанады.Кетеріңде өзгелер жылап,өзің ризашылықпен қуанып кететіндей істе...
* * *
Ғылым-білім деген-түпсіз тұңғиық.Жұмыр жердің бетінде оның түбіне жеткен жан жоқ.Дегенмен шетсіз-шексіз ілім-білім жолында әркім өзінің өресі,шама-шарқы жеткен жерге бір белгі-шыбық шаншып қалдырса,сол шыбық өсіп,өзінен кейінгіге сая болып,жол нұсқап жатса,есте қалған деген сол болады.
* * *
Мынау пәни жалғанда мінсіз адам болмайды.Бұл дүниедегі періштелер – сәбилер.Айыбың мен мініңді өзің түсінсең,санасыз болмағаның.
* * *
Өзіңді сыйлайтын жерге қайта-қайта жылтыңдап бара берме,қадірің кетеді.
* * *
Арман жаста да,кәріде де болады.Адамның ой-арманы ешқашан таусылмайды,оны орындауға жолың таусылады.
* * *
Іргетас мықты болуы керек деп көп айтамыз.Егер іргетастың үстіне қабырға берік қаланбаса,төбесі биіктеп еңселенбесе ,шатыры жақсы жабылмаса,қанша мықты болса да,іргетастың құны шамалы болып қалады.
* * *
Пышақ қаламның орнын ауыстыра алмайды.Пышақ кескен жер жазылып кетеді,қалам жазылған жер жазылмас жараға айналады.
* * *
Заң деген-әдет,адамгершілік деген-әдеп.Әдеп деген-басқаларға мейірімді болу.
* * *
“ Алла-аспанның да,жердің де сипаты ” деп жазылған Құранда.Кейбір адамдар оны сезінбесе де,жүрегінің бір түкпірінде осы өмірдегі арманынан басқа,мәңгіліктің,шексіз әлемнің шет жағасын көру арманы болады.
* * *
Бағың жанып,тасың өрге домаласа,арзанқол достар мен нағыз дұшпандарың көбейеді.
* * *
Человеку важно очиститься самому,сделать свою жизнь чистой,иначе он всю жизнь будет гоняться в слепую за счастьем спотыкаясь падая и калеч других.Нечистый не может быть счастливым.
* * *
Сырттай қарағанда бір-бірінен аумайтын ұқсас екі шам болыпты.Біреуі:“ Мен неткен әдемімін,мен қандай жарықпын,мен алаулап тұрмын,мені жұрт түгел көруге тиіс,көруге міндетті.Егер маған назар аудармаса,құлаймын да,бәрін өртеп жіберемін”,-депті.Екінші шам: “Менің жарығым айналама жетер ме екен,төңірегіме жарығым түгел түссе ғой,адасқан жолаушы сәулені көріп,жол тапса,менің жарығыммен біреу-кітап оқып,біреу-жазу жазса,енді біреу-кесте тіксе,менің жарығымның септігі тиіп,сәби шошымаса”,-депті.Мұны не үшін айтқанымды ары қарай өзің ойлан.
* * *
Ақымақтығыңды өзің ұғып түсінсең,ақылды болғаның,ал өзіңді ақылдымын деп сенсең,нағыз ақымақсың!
Дайындаған-Шраздин Мадияр
Зейнеп Ахметова «Бабалар аманаты» Алматы 2017 225-230 беттер
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: Бауыржан Момышұлы