Заттардың өзгеруі. Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 4

Бөлім: Заттар және олардың қасиеттері.

Мектеп:

Мұғалім:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні:

Тақырыбы:

Заттардың өзгеруі

Оқу мақсаты:

• құрылған эксперимент жоспарына сәйкес жаңа зат алу;

• алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың бәрі: заттардың қайда қолданылатынын білу

Оқушылардың көбі: заттардың қалай өзгеретінін, оған не әсер ететінін түсіну

Оқушылардың кейбірі: өздері мысал келтіру.

Бағалау критерийі

Заттың қасиеттерін сипаттау;

Заттың қасиетіне байланысты қайда қолданылатынын анықтау;

Өздері мысал келтіру.

Тілдік мақсат:

Пәндік терминология мен тірек сөздер

өзгеру

Құндылықтар:

Өзара сыйластық, ынтымақтастықта жұмыс істеу. Өз денсаулығын күту және саламатты өмір салтын сақтау.

Пәнаралық байланыс

дене шынықтыру

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Заттардың қасиеттерін біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Мотивация.

  • Cұрақ қою: Көңіл-күйің қандай? Неліктен? Сыныптастарыңа не тілейсің?
  • Бүгін таңертең жаттығу жасадыңдар ма? Қане, бірнеше жаттығу жасап көрейік!

Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау.

Кіріспе тапсырма.

Псіп жатқан тамақ қатты қайнап, тасыған кезде не болады? (Төгілген тағам күйіп, жағымсыз иіс шығарады және қарайып, қатты затқа айналады.)

Заттар басқа затқа айналуы мүмкін бе?- деген сұрақ қойыңыз.

Бүгінгі сабақ заттар қандай болатынын хабарлау.

Доп

Сабақтың ортасы

Топтық жұмыс.

Дастарқанға қалай келді?. Оқушылардан «Жент (қоспа) дегеннің не екенін білесіңдер ме? Жентті жеп көрдіңдер ме?» – деп сұраңыз. Оның құрамындағы заттарды атауды ұсыныңыз. Қалай жасалатынын еске түсіріңіздер. Сыныптағы осы үдерісті білетін, қалай жасайтынын көрген балаларға айтқызыңыз. Немесе оқулықтағы суретке қарап, женттің құрамын айтқызуға болады. Балалар суреттен женттің құрамында тары, құмшекер және май болатынын көреді. Жентті (қоспаны) әр өңірде әрқалай жасайтындықтан, оқулықта берілген инфографикадан өзгеше болуы мүмкін. Оқулықтағы инфографиканы зерделей отырып (немесе жергілікті тәжірибені пайдаланып), жент жасау үдерісін айтып береді: алдымен жуып, кептірілген тарыны қазанға қуырады, одан соң оны келіге салып түйеді, алынған ұнтақты елеуіштен өткізеді. Ұнтақталған тарыға қант және сары май қосып араластырады. Нәтижесінде жент алынады. Бұл заттар араласқанда олардың қасиеттері өзгере ме? Қалай ойлайсыңдар? – деп сұраңыз. (Женттің құрамындағы заттарды араластырғанда қасиеті өзгерді, мысалы, қатты тары ұнтақталды, сары май мен қант еріді.) Эврика мен Негеш заттың басқа затқа айналуы мүмкін бе деген сұраққа жауап тапты ма? Сендер қалай ойлайсыңдар? (Иә. Тарыны қуырып, ұнтақтап, басқа заттармен араластырып, жаңа зат алынды.)

Білімді аралық бекіту. Оқулықтағы мәтінді оқу. Мәтіндегі ақпаратты зерттеу жұмысы бойынша жасаған қорытындыларымен (әңгімелерімен) салыстыру.

ҚБ өзін өзі бағалау.

Зертте.

Зерттеу жұмысы барысында картоптың құрамын зерделеп, қасиетіне байланысты қолданылуын анықтайды. Оқушыларға ресурстарды (картоп, үккіш, екі шыны ыдыс, тамшуыр, құйғы, сүзгіш, йод ерітіндісі), зерттеу нәтижесін тіркейтін парақтар мен маркерлерді таратып беріңіз. Жұмысты тиімді ұйымдастыру үшін топтарға біріктіріңіз. Үккішпен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін ескертіңіз Бұл эксперимент уақыт алатындықтан оны екі бөліп өткізуге, яғни үккіштен өткізіп, жылы суға салып қойып, ол тұнғанша басқа тапсырманы орындата беруге болады.

Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық

• Оқушылардан «Картоп қоспа затқа жата ма, таза затқа жата ма?» – деп сұраңыз. Олар ешқандай үдеріс көздеріне көрінбеген соң оны таза затқа жатқызуы мүмкін. Таза зат компоненттерге ажырамайтынын, ал қоспаның құрамындағы компоненттерді бөліп алуға болатынын еске түсіріңіздер. Осыдан соң оқушыларға картоптың қандай затқа жататынын, оның құрамын анықтайық деп зерттеу сұрағын нақтылаңыздар. Оқушыларға болжам жасатыңыз, олар картоп қоспа болса, заттарға ажырайды, таза зат болса, ешқандай компоненттерге бөлінбейді деп болжам жасауы тиіс. Содан кейін тәжірибені нұсқайлық бойынша жасатып бастаңыз.

• Тазартылған картопты үккіштен өткізеді;

• Үккіштен өткізілген картопты шыны ыдыстағы жылы суға салады;

•Біраз уақыттан соң шыны стаканға құйғы мен сүзгішті орналастырып, картопты сүзіп алады;

• Сүзгіш арқылы өткен сұйықтықтың астында, ыдыс түбінде ақ түсті зат – крахмалдың тұнғанын көреді;

• Шыны ыдыстағы тұнбаның жоғарғы жағындағы суды басқа ыдысқа құйып алады;

• Нәтижелерін тіркейді, қорытынды жасайды.

Зерттеу барысында картоптан крахмал бөлінгенін бақылады. Крахмалдың қайда және қандай қасиеті үшін қолданылатыны туралы қорытынды жасалады. (Крахмалдың қоюландырғыш қасиеті үшін оны қамыр, печенье, кекс, кисель, тұздық жасауда қолданады және кепкенде крахмал қатаяды, сондықтан киімдерді крахмалдауға қолданылады, киімді үтіктегенде формасын ұстайды).

Жұптық жұмыс

Сүттен не жасалады?

Сүттен әзірленетінін тағамдарды атауды өтіңіз.

Оқушылар «Қай кезеңде заттың күйі өзгерді? Қай

кезеңде жаңа зат пайда болдыдеген сұрақтарға

жауап табуы тиіс.

  • Сүтпісіру (піскен сүт) – ұйыту (айран) – сүзу

(қатық немесе сүзбе) – кептіру (құрт);

2) Сүтмайын айыру (қаймақ және көк сүт) – қаймақты шайқау (май);

3) Сүтіріту (іріген сүт) – қайнату (ірімшік).

42-жұмыс парағы. «Заттардың өзгеруі»

Заттардың құрамы мен үдерістер.

Оқушылар күнделікті тұрмыста қолданылатын заттардан қоспаларға мысалдар келтіріп, құрамы мен қандай үдерістер жүретінін анықтап, кестені толтырады.

Сусындар. Тапсырма оқушылардың түрлі үдерістердің нәтижесінде жаңа зат алынатыны туралы түсінігін кеңейтуге бағытталған.

Жауабы

Құрамы Қандай үдеріс жүреді? Қандай сусын алынды? Сүт, қайнаған су, шай, қант араластыру сүтті шай Жеміс-жидектер, қант, су қайнату компот

Биенің сүті ашыту қымыз

Сүр ет, әртүрлі жармалар/дәндер, айран, ұн, тұз, су жеті түрлі тағам араластыру, қайнату наурызкөже

43-жұмыс парағы. «Заттардың маңызы»

Сәйкестендір. Тапсырманың мақсатызаттардың қасиетіне қарай қолданылуы туралы білімін пысықтау. Оқушылар заттарды қолданылу аясына қарай сәйкес- тендіреді.

Жауабы 1 – Г; 2 – В; 3 – Ғ; 4 – Д; 5 – А; 6 – Ә, 7 – Б. Заттарды қайда қолданады? Су ен темірдің қолданылуы жайлы кластер құрастырады. Ықтимал жауабы Су: ішуге, тағам дайындауға, жуынуға, өндірісте, т. с. с. Темір: көлік жасау, үйдің есігі, орындықтың аяғы, т. с. с.

ҚБ мұғалімнің жазбаша кері байланысы

/ Оқулықтағы сызба/

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс

Зерттеу нәтижесін жазуға арналған

үлестірме парақшалар,

әртүрлі дене үлгілері

Сабақтың соңы

Рефлексиялық кезең.

Кері байланыс.

ҚБ мұғалімнің кері байланысы

Кері байланыс парағы

Слайд №7

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Жұптау бойынша саралау
  • Сұрақ қою барысында саралау
  • Тапсырмалар бойынша саралау:

-Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру.

-Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру

Қалыптастырушы бағалау құралдары:

-мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту);

- жұптардың эксперимент туралы есебін өзара бағалауы;

- өзін өзі бағалау;

- мұғалімнің жазбаша кері байланысы;

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу;

-оқушылардың жазбаша кері байланысы

-Сабақ барысында іс әрекет, дене жаттығулары көптеп орындалады (ұйымдастыру шеңберінде, зерттеу жұмысы барысында);

- әрекеттер жиі ауыстырылады;

- қауіпсіздік ережелерін сақтауға назар аударылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен?

Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу