Жануарлардың тіршілік ортасының өзгеруі. Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқау

Жаратылыстану пәні 3 сынып

2 тарау 6 сабақ

Сабақ тақырыбы: Жануарлардың тіршілік ортасының өзгеруі

Сабақты «Иә немесе Жоқ» ойынынан басталады. Ойынның мақсаты жануарлар туралы тақырыптарды қайталау. Оқушылардың тыңдалым дағдыларын дамыту үшін сұрақтарды жазбаға түсіріп тыңдату.

  • Жануарлар суда, құрлықта, топырақ арасында тіршілік етеді. (иә)
  • Табиғат үшке бөлінеді. (жоқ)
  • Жануарлар өз тіршілігіне қолайлы жерде мекендейді. (иә)
  • Олар тіршілік ортасына дұрыс бейімделмеген. (жоқ)
  • Жануарлардың өздеріне қолайлы жерде мекен етуін тіршілік ортасы дейміз.(иә)
  • Жануарлар өсімдіктің көбеюіне көмектеседі. (иә)
  • Жыртқыш аңдар өсімдікке зиян келтіреді. (жоқ)
  • Өсімдіктердің тұқымын құстар таратады. (иә)
  • Жан-жануарлардың ортаға бейімді болуын бейімділік дейміз.(иә)
  • Жануарлар арасында бәсекелестік қарым-қатынас болмайды. (жоқ)
  • Жануарлар қорек пен тіршілік мекені үшін бәсекелеседі. (иә)

Бәсеке. Оқулықтағы суретпен жұмыс жасалады.

  • Суретте қандай жануарлар бейнеленген? (құлан мен қарақұйрық)
  • Олар қайда мекендейді? (шөл далада)
  • Олардың арасында бәсекелестік болуы мүмкін бе? (иә)
  • Олар не үшін бәсекелесуде? (қорек үшін)
  • Бәсекелестіктің соңы неге әкеліп соғады деп ойлайсың? (біреуі басқа жаққа кетеді)
  • Егер жануарлар үйреншікті мекенінен айырылса, не болады? (олар тіршілік ету ортасын өзгертеді)

Оқушылардың жауаптары мен болжамдары тыңдалған соң жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады.

Өзгерістер

Ғаламтордан немесе суреттер арқылы ғаламшарымыздағы табиғаты ерекше көркем жерлерді көрсету. Оқушылар табиғатты сипаттайды. Батпақтану, құрғақшылық, су тасқыны деген құбылыстар туралы оқушылардың алғашқы білімдері тексеріледі.

  • Бұл құбылыстар суреттердегі көріністің өзгеруіне қалай әсер етуі мүмкін? деген сұраққа оқушылардың жеке ой-пікірлері тыңдалады. (табиғи апаттар, климат және ауа райындағы өзгерістер тірі табиғатқа әсерін тигізеді)

Сызба. Топтық жұмыс

Оқушылар жұмбақ­сызбаны шешу үшін топта жұмыс жасайды.

Мәтінмен жұмыс. Мәтін бойынша жұбына 3 сұрақ дайындау. Бір-бірінің сұрақтарына жауап беру.

Зертте.

Жануарлардың тіршілік ортасының жағдайы өзгерсе, не болуы мүмкін? Оқушылар кестемен жұмыс жасайды. Олар өзіне алдыңғы сабақтардан таныс немесе бұрыннан білетін жануарлар тізімін жазып, ақпарат көздерін пайдаланып кестені толтырады.

жануар

Тіршілік ортасы

Тіршілік ортасының өзгеру себептері

Жануар тіршілігіндегі өзгеріс

Ойлан. Жер бетінде басқа жануарларға қарағанда бунақденелілер көп. Неліктен?

Жануарлардың сүтқоректілер, құстар, балықтар, бауырмен жорғалаушылар, қосмекенділер, бунақденелілер болып бөлінетінін оқушылар естеріне түсіреді. Оларға мысалдар келтіреді.

Бунақденелілер саны туралы қосымша мәліметтер: Сүтқоректілердің – 5000 түрі бар. Олардың айырмашылығы балаларын өз сүтімен асырайды. Құстар-8600 түрі бар. Ерекшелігі ұшады. Балықтардың 20 000 түрі бар. Олардың ерекшелігі жүзеді. Жорғалаушылардың – 8000 түрі бар. Олардың ерекшелігі бауырымен жорғалайды. Қосмекенділердің-4000 түрі бар. Олардың ерекшелігі құрлықта да, суда да тіршілік етеді. Жәндіктердің – 700 000 түрі бар.

-Неліктен бунақденелілер саны көп? (олар ғаламшардың кез - келген түпкірінде таралған жануарлардың ең үлкен тобы)

«Жетістік баспалдағы» арқылы сабаққа рефлексия жасау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу