Жануарлардың тіршілік ортасының өзгеруі. Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3

Жанды табиғат. Жануарлар

Мектеп:

Модератор: Увалиева А.К

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні:

Тақырыбы:

Жануарлардың тіршілік ортасының өзгеруі

Оқу мақсаты:

3.2.2.5 тіршілік ортасындағы жағдайдың өзгеруіне байланысты жануарлар санының өзгеруін түсіндіру;

3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;

 Сабақтың

 мақсаты:

Оқушылар:

жануарлардың тіршілік ортасының өзгеру себептерін анықтайды;

тіршілік жағдайы өзгеруінің жануарларға әсерін түсінеді.

 Бағалау критерийі

Жануарлардың тіршілік ортасы өзгергенде болатын жағдайларға нақты болжам жасайды. Табиғи апаттардың жануарлар тіршілігіне әсерін, салдарын біледі.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

жануарлар қандай жағдайға байланысты тіршілік ортасын өзгертетінін айтады;

қоныс аудару жануарлардың санына әсер ететін дәлелдейді;

мәтін бойынша сұрақтар дайындайды.

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

құрғақшылық, су тасқыны, батпақтану

 Құндылықтар

жануарларды қорғау

 Пәнаралық байланыс

әдебиеттік оқу, дүниетану

 АКТ қолдану

 дағдылары

презентация

Алдыңғы меңгерілген білім

жануарлардың тіршілік ету ортасы, бейімделуі, бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5

Ұйымдастыру.

«Иә немесе Жоқ»

Оқушыларға сөйлемдер оқу, «ия» немесе «жоқ» деп жылдам жауап беру және өз жауабын дәлелдеу.

  • Жануарлар суда, құрлықта, топырақ арасында тіршілік етеді.
  • Табиғат үшке бөлінеді.
  • Жануарлар өз тіршілігіне қолайлы жерде мекендейді.
  • Олар тіршілік ортасына дұрыс бейімделмеген.
  • Жануарлардың өздеріне қолайлы жерде мекен етуін тіршілік ортасы дейміз.
  • Жануарлар өсімдіктің көбеюіне көмектеседі.
  • Жыртқыш аңдар өсімдікке зиян келтіреді.
  • Өсімдіктердің тұқымын құстар таратады.
  • Жан-жануарлардың ортаға бейімді болуын бейімділік дейміз.
  • Жануарлар арасында бәсекелестік қарым-қатынас болмайды.
  • Жануарлар қорек пен тіршілік мекені үшін бәсекелеседі.

Аудиожазба

сұрақтарды дыбыстық жазба түрінде тыңдату

Сабақтың ортасы

5-7

7-10

10-13

13-15

15-25

25-32

32-36

  • Бәсеке. Оқулықтағы суретпен жұмыс.
  • Суретте қандай жануарлар бейнеленген?
  • Олар қайда мекендейді?
  • Олардың арасында бәсекелестік болуы мүмкін бе?
  • Олар не үшін бәсекелесуде?
  • Бәсекелестіктің соңы неге әкеліп соғады деп ойлайсың?
  • Егер жануарлар үйреншікті мекенінен айырылса, не болады?

Оқушылардың жауаптары мен болжамдарын тыңдау. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты айту.

  • Өзгерістер

Ғаламтордан немесе суреттер арқылы ғаламшарымыздағы табиғаты ерекше көркем жерлерді көрсету. Табиғатты сипаттау. Суреттердегідей әдемі жерлерде болған оқушыларға алған әсерлерін айтып беруге мүмкіндік беру.

Жиектемедегі сөздерге оқушылардың назарын аударып, олар нені білдіретінін сұрау.

  • Батпақтану, құрғақшылық, су тасқыны деген құбылыстар туралы не білесіңдер?
  • Бұл құбылыстар суреттердегі көріністің өзгеруіне қалай әсер етуі мүмкін?

Оқушылардың ойларын тыңдау.

  • Сызба. Жұмбақ­сызба. Топтық жұмыс.

Жетелеуші сұрақтар:

  • Көрсетілген жерлерде қандай жануарлар тіршілік етеді?
  • Кестедегі бағыттамалар нені білдіреді деп ойлайсың?
  • Бұл қандай жағдайда орын алуы мүмкін?
  • Олар бағыттама көрсеткен жерді мекен ете ала ма?
  • Егер жануарлар тіршілік ету ортасын өзгертсе, қандай өзгерістер болады?
  • Мәтінмен жұмыс.

Мәтінмен «Түртіп алу» стратегиясы бойынша танысу. Түсініксіз ақпараттармен жұмыс жасау. Мәтін бойынша жұбына 3 сұрақ дайындау. Бір-бірінің сұрақтарына жауап беру.

Зертте. Жануарлардың тіршілік ортасының жағдайы өзгерсе, не болуы мүмкін?

Кесте толтыру. Топтық жұмыс

Алдын-ала ақпарат көздерін, ресурстар дайындау.

Топпен таныс жануарлар тізімін жасау, мекен ету ортасын жазу, тіршілік ортасының өзгеру себептері мен салдарын кестеге толтыру.

жануар

Тіршілік ортасы

Тіршілік ортасының өзгеру себептері

Жануар тіршілігіндегі өзгеріс

Жұмыстарды қорғау. Нәтижелерді талқылап, қорытынды шығару.

  • Ойлан

Жер бетінде бунақденелілердің неліктен көп екендігін айқындау.

Жануарлар тобын еске түсіру.

  • Жануарлардың қандай топтары бар?
  • Оларға мысал келтір.

Бунақденелілерді ерекшелеп сызу. Жануарлардың ішінде ең көп тараған бунақденелілер екенін айту.

  • Бунақденелілер неліктен көп деп ойлайсың?

Оқушылардың болжамын тыңдау, жануарлар саны туралы қосымша ақпарат беру.

Қосымша тапсырма. Жұмыс дәптері 28-жұмыс парағы (30-б.)

табиғи апаттар суреті

энциклопедиякітап

кесте

ватман

маркер

сызба

Сабақтың соңы

36-40

Рефлексия. «Жетістік баспалдағы»

- Не білгім келеді?

- Неден қиналдым?

- Не білдім?

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Табиғат апаттарының жануарлар тіршілігіне әсері туралы ойтолғау жазу

Кесте толтыруға арналған топтық жұмысты бағалау

Топта, жұпта, жеке жұмыс жасау ережелерін сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу