Жылдамдықты өлшеу. Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Пән: Ғылымға кіріспе Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім. Табиғат физикасы. Күш және қозғалыс | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Сарыева А.Т. | ||||||
Сынып: 2В | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақтың тақырыбы | Жылдамдықты өлшеу | ||||||
Оқу мақсаты | 5.1. Күш және қозғалыс | ||||||
Сабақтың мақсаттары | 2.5.1.1 түрлі денелердің түрлі жылдамдықпен қозғалу мысалдарын келтіру | ||||||
Бағалау критерийлері | Түрлі денелердің жүріп өткен жолы мен жұмсалған уақыты қозғалыс жылдамдығына тәуелді екенін біледі | ||||||
Тілдік мақсат | Бұл сабақта тірек сөз «жылдамдық», «жол». Осы сөздермен барынша көп тіркестер құрастырылады. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Жан- жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. | ||||||
Алдыңғы білімдер | Қозғалыс жылдам немесе баяу болатынын біледі | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы | (Ұ) Ұйымдастыру кезеңін өткізу. Кіріспе тапсырма. Оқушылардан олардың нені жылдам, нені баяу істей алатынын сұрап, тізімін құру (жүгіру, көлікпен жүру, ойлау, тамақ ішу, т.б.). Қозғалысқа қатыстысын ғана таңдату. -Зат қозғалғанда, оған не болады? (Бір орыннан екінші орынға ауысады.) - Зат қозғала бастауы үшін не істеу керек? (Күшпен әсер ету қажет, итеру немесе тарту.) Сабақтың мақсатын қою. | ||||||
Сабақтың ортасы | (Т) Оқушыларды топтарға бөліп, үлестірме қағаздарды бөліктерге орналастыруын сұрау. Үлестірме қағаздарда денелердің қозғалыс жағдайлары көрсетілген. Үстел үстінде ойын алаңы бар. Оқушылар топ ішінде талқылаудан соң өз үлестірме қағаздарын тиісті бөліктерге орналастырады. Соңында барлық топтардың нәтижелері салыстырылады. -Екінші және үшінші бөліктегі нысандардың қозғалыстары несімен ерекшеленеді? (Тура бағытта және тура бағытта емес.) -Траектория дегеніміз не? (Дене қозғалып келе жатқан сызық бойы.) -Траекториялар қандай болады? (Түзу сызықты, қисық сызықты.)» (Ұ) Жылдамдық. Негеш пен Эвриканың достарына қонаққа баруға жиналғанын айту. - Олар қай қалада тұруы мүмкін? -Олар қандай көлікпен қонаққа тезірек жете алады? -Неліктен? -Қонаққа жету үшін ұзағырақ уақыт кетеді? - Неліктен? «Нысан бір сағатта неғұрлым көп жол жүріп өтсе, соғұрлым оның жылдамдығы көп» деген қорытындыға жетелеу. Суреттер бойынша жұмыс(киік, тасбақа, қоян, кірпі). - Суреттерде қандай жануарлар бейнеленген? - Жануарлардың қайсысы жылдам жүгіре алады? -Бәрінен жылдам жүгіретін қай жануар? -Ең баяу қозғалатын жануар? -Бұл сұрақтарға нақтырақ жауап беруге бола ма? - Нақты жауап беру үшін нені білу қажет? (Жылдамдықты.) Оқушыларға мәліметтерді беру: киіктің жылдамдығы – 70-80 км/сағ., қояндікі – шамамен 50 км/сағ., тасбақанікі – шамамен 1 км/сағ., кірпі – шамамен 10 км/сағ. (Т) Зерттеуді ұйымдастыру. 1-2 топ: Оқушыларды төрт топқа бөлу. 1. Әр топтағы оқушылар қашықтықты кезек-кезек жүгіріп өтуі қажет. 2.Бір оқушы әрбір қатысушының жұмсаған уақытын секундомер көмегімен есептеп тұрады. 3.Нәтижелерді зерттеуші қойын дәптеріне жазып алады. 4. Салыстыру. 3-4 топ: 1. 8 секундты белгілеп алу. 2.Топтағы әр оқушы осы уақыт ішінде қашықтықты жүгіріп өтеді. 3.Өлшеуіш орамтаспаның көмегімен кімнің қанша жүгіріп өткенін өлшейді. 4. Салыстыру. Зерттеу нәтижесінде оқушылар уақыт пен қашықтықты өлшеуді үйренеді, жүріп өткен жол мен жұмсалған уақыттың қозғалыс жылдамдығына тәуелділігін біледі. (МК) Оқушыларға ең жүйрік жануар – қабылан екенін айту. Бейнематериалды көрсету. - Бұл жануардың қайда мекендейтінін білесіңдер ме? -Қабылан қандай жануарларды аулайды? - Басқа қандай жүйрік жануарларды білесіңдер? - Қабылан бір орнынан бірден жылдамдық алып жүгіреді, бірақ мұндай жоғары жылдамдықпен ұзақ уақыт бойы жүгіре алмайды. (Ұ) «Ойлан» тапсырмасы. - Жеңіл атлеттердің киімі күнделікті киімінен ерекшелене ме? - Несімен? - Неліктен? - Спортшы бұдан да жылдамырақ жүгіре алуы үшін оның киімінде нені өзгертуге болады? (Ө) Қайсысы жылдам, қайсысы баяу жүгіреді? Оқушылар жылдам жүгіре алмайтын жануарларды бояйды. Содан соң бәрінен жылдам жүгіретін жануарды қоршап сызады. | ||||||
Сабақтың соңы | Сабақтың мақсатына оралып, сабақты «ДЖИГСО» әдісі арқылы қорыту | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Көмекті қажет ететін оқушыларға жеке қолдау көрсету. | Сабақ барысында мадақтау сөздер айту арқылы бағалау. Оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау. Кері байланыс беру арқылы бағалау. | Сергіту сәтін өткізу |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру