Дұрыс тамақтану. Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Ғылымға кіріспе

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ: Ғылымға кіріспе

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кудабаева А.К

Сабақтың тақырыбы: Дұрыс тамақтану

Мұғалімнің аты-жөні: Турарова Фариза

Сынып: 1В

Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.3.3 адамның өсуі мен дамуына керек қажеттіліктерді анықтау

Сабақтың мақсаттары

Пайдалы және зиянды тағамдарды ажырату

Бағалау критерийлері

Пайдалы және зиянды тағамдарды ажыратады

Тілдік мақсаттар

Пайдалы, зиянды, тағамдар, денсаулық

Құндылықтарды дарыту

Ас-адамның арқауы. Асты құрметтеу туралы түсіну.

Пәнаралық байланыс

Математика, музыка, бейнелеу өнері.

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйенеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

  • минут

Шаттық шеңбері

Жарқырап күнде ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!

Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз.!

- Ас дайындайтын адамды кім дейміз?- Мектептегі ас дайындайтын адамдар кімдер?- Ал үйде тамақты кім дайындайды?- Өсімдік тектес азық - түлікті кім атап береді?- Жануар тектес азық - түлікті кім атап береді?

Сабақтың ортасы

30 минут

Видеофильм көрсету. «Дұрыс тамақтану туралы білу» /1 минут/ (Ұ) «Сәби нені қажетсінеді?» (тамақ, киім, жылу, махаббат, үй, ұйқы). Осының барлығы оқушыларға қажет пе?

(Ж,Қ) Балалар бүгін не ішті, не жеді, осыны сыныппен бөлісу/жұпта айту/сұрау. Салауатты тамақтану рационына не кіретінін талқылау. Қандай тағамдар мен сусындар пайдалы болып келеді?

(Ұ,Т) Рөлдік ойын үшін азық-түлік дүкенін ұйымдастыру. Оқушыларды «азық-түлікке» жұмсап, пайдалы тағам алып келуін сұрау. Олардың таңдауын талқылау – олар алып келген азық-түліктің қайсысы пайдалы, ал қайсысы зиянды.

(Ө,Қ) Журналдардан қиып отырып, картон қағазда пайдалы, зиянды тағамдардан коллажын жасау.

(Т) Дұрыс тамақтану ережелерін құру

(Ұ) «Бізбен бірге қайтала!»Мұғалім сөзі: Жеміс пенен көкөнісНан, сүт, ет берер күн.Витамин - тағам нәр берерОны жұрт бағалар.Видеофильм – слайд көрсету «Дәрумендер сыры»Дәрігерлермен кеңес:Сұрақ:1. Қандай дәрумендерді жиі қолданған дұрыс?2. Қандай тамақ түрлерін жиі қолданған дұрыс?3. Бой өсу үшін қандай витаминдер көп жеу керекпін?4. Мен неге көп терлеймін?5. Тіс ауырмау үшін не істеу керек?Мақал - мәтелдермен жұмыс:• Денсаулық - зор байлық.• Тазалық - саулық негізі, саулық – байлық негізі.• Тазалық бар жерде денсаулық бар.

Тамаққа арналған бос контейнерлер

Журналдар, қайшы, желім, картон.

Оқу сағаттары

Сабақтың соңы

2 минут

Қорытындылау

Кері байланыс.

Бүгін не білдім?

Мен үшін қызықты болғаны

Әлі де түсініксіз...

Қосымша ақпарат

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу