Табиғи жарық көздері дегеніміз не? Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.
|
| ||||||||
| Табиғи жарық көздері дегеніміз не? | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.5.2.2 жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажырату; | ||||||||
Сабақтың мақсаттары | Жарықтың табиғи көздерінің ерекшеліктерін танып, білуге жағдай жасау, басқа жарық көздерінен ажырата білу дағдыларын қалыптастыру. | ||||||||
Бағалау критерийлері:
| -Табиғи жарық көздерін біледі (мысалдар келтіреді) және ажырата алады. -Олардың тіршілік иелері үшін қажеттілігін түсінеді. | ||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: Табиғи және жасанды жарық көздері тақырыбына қатысты сөздер мен терминдерді біледі және қолданады:
-Сіздің ойыңызша жарық қайдан пайда болады? -Қандай жануарлар қараңғыда тіршілік етеді? Неліктен қараңғы түсетінін айта аласыз ба? , | ||||||||
Құндылықтарды дарыту | Еңбек және шығармашылық | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | Сауат ашу, математика пәнімен байланысты | ||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Аспан денелері туралы біледі. | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы | (Ұ)Ұйымдастыру кезеңі Ай, Күн, Найзағай, жарық қоңыздар, Жұлдыз деген сөздерді алып топқа бөлініп отырады. (Ұ)Ойын «Кім тапқыр?» Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында ойын өткізіледі. Оқушыларға жұмбақтар жасырылады. Оқушылар шешуін табады. Ақ сандығым ашылды, Ішінен жібек шашылды. (Күннің көзі) Қараңғыда жымыңдай жанады,Жарық түссе бірден сөніп қалады (Жұлдыз) Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады. /Күн/ Қызыл күлше тау асады, Ыстық нұрын шашады. /Күн/Кейде орта, кейде толы бір тегене, Көрінер кейде күндіз, кейде түнде, Бетіне ақ шағыдан перде тартқан, Балалар, ойлап қара, бұл немене? /Ай/Су ішінде екі жайын, Бірі кетсе, бірі дайын./Ай мен күн/ -Балалар, жұмбақтардың шешуі не болды? -Суреттерге назар аударыңдаршы. Бұл не? -Бұлардың ортақ қасиетін анықтаңдар. /оқушылардың жауаптарын тыңдау/ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. ТАБИҒИ ЖАРЫҚ КӨЗДЕРІ «Таза тақта» әдісі
| Кеспе суреттер Тақырыптық суреттер мен жұмбақтар тақта | |||||||
Сабақтың ортасы | Суретпен жұмыс - Суретте тәуліктің қай мезгілі ? - Суреттен қандай тіршілік иелерін, өсімдіктерді көріп тұрсыңдар және олар қандай іс-әрекет істеуде? (сауысқан, аю, қоян, бәйшешек) Дүниежүзі бойынша 19-сәуірде Бәйшешек күні аталып өтіледі. Бәйшешек туралы аңыз айтып беремін. «Ертеде бір Қыс есімді әже өзінің Аяз және Жел деген қызметшілерімен бірге жер бетіне Көктемді келтіргісі келмейді. Бірақ батыл бәйшешек бой түзеп, жапырақтарын жазып, Күннен көмек сұрапты. Күн ержүрек бәйшешекті көріп, жер бетіне күн шуағын шашып, Көктемге жол ашады.» Суреттерді салыстырыңдар
«Жарық-қараңғы» ойыны (Рет-ретімен тәулік суреттерін көрсетемін. Оқушылар күнделікті тәжірибелеріне сүйене отырып, әр уақыттағы адамның іс-әрекетін көрсетеді) -Неліктен адам күндіз белсенді болады? Кинометафора (Күннің шығуы, найзағай жарқылы, жарық қоңыздарды көрсету) -Табиғи жарық көздеріне нелер жатады? - Ай жарығының күн жарығынан айырмашылығы қандай? - Егер қаласақ, қажет болса Күннің жарығын қосып немесе сөндіре аламызба? Дәптермен жұмыс 49 бет Зерттейік Топтық жұмыс -Белсенді тіршілік иелерін жазып отырыңдар. - Адамдар немен шұғылданады? - Өсімдіктер не істейді? -Жануарлар ше? Ойлан! Дүниежүзінде жарық жоқ деп елестетіңіз. Не болады? (ҚБ) Критерийлері
1-тапсырма. Суреттегі табиғи жарық көздерін атаңыз. Табиғи жарық көздерін қоршап сыз. Дескриптор: -суретте берілген табиғи жарық көздерін атайды. -табиғи жарық көздерін анықтайды. 2-тапсырма. Табиғи жарық көзі не үшін қажет? Дескриптор: -Табиғи жарық көзін жазады. -Олардың қажеттілігі туралы жазады. | Тақырыптық суреттер https://www.youtube.com/watch?v=a20eai3UOtk Көңілді әуен Жұмыс дәптері Таратпа материалдар | |||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия: -Не білдім? -Не қызықты болды? -Қандай қиындықтар кездесті? «Басбармақ» арқылы өздерін бағалайды. | Тақтадағы сұрақтар | |||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | П әнаралық байланыс-денсаулық, қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс | |||||||
Әр сәтті іс- әрекеттеріне мадақ айту, бір –біріне бағалату. | Сауат ашу, математика пәнімен байланысты. Ойындар | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? 1. 2. |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру