Абай шығармашылығы. Отыз екінші қарасөз. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекшісі ___________________________________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Қалың елім, қазағым

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Абай шығармашылығы. Отыз екінші қарасөз

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Бағалау және салыстыру

10.3.2.1 - көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру

Түсіну және жауап беру

10.1.5.1 - ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру

 Сабақ мақсаттары

Көркем шығармадағы көтерілген мәселеге заманауи тұрғыда баға беру;

Қарасөзден ұлттық құндылықтармен үндес контекстер арқылы жұмыс жасау

Бағалау критерийлері

  • Қарасөздің негізгі идеясын айқындайды;
  • Шығарма идеясының ұлттық құндылық тұрғысынан маңыздылығына баға береді.

 Тілдік мақсаттар

Негізгі идея, жанама идея, жаңашылдық, ұлттық код т.б.

 Құндылықтарды дарыту

 

- Қазақстандық патриотизм және әлемдік азаматтық;

- жаңашылдық;

-ұлттық рухани жаңғыру

 Пәнаралық байланыстар

фольклор, мәдениеттану

 АКТ қолдану дағдылары

Аудио, видео құрылғылар

Бастапқы білім

10-сыныпта өтілген материалдар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу. Сыныпты түгелдеу.

Қызығушылықты ояту/Тақырыпты болжату

https://www.youtube.com/watch?v=pzzYjmrbEkE

7.14.-7.55. уақыт аралығы

Бейнекөрсетілім арқылы сабақ тақырыбын болжайды.

ОМ, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

Саналу ретімен сыныпты екі топқа бөлу.

https://www.youtube.com/watch?v=pzzYjmrbEkE

7.14-7.55. уақыт аралығы

слайд 1

Сабақтың ортасы

Оқуға 5 минут

Түсіндіруге

5 минут

Құндылықтар спектрі

10 минут

10 минут

3 минут

4 минут

1-тапсырма. ТЖ

«Өкіл» әдісі арқылы мағынаны түсіну

2 топқа 32-қарасөз бөлініп беріледі.

Оқып болған соң топтардан бір-бірден өкіл шығып келесі топқа өз мәтін бөліктерін түсіндіреді.

1-топқа

Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен табылмас.Әуелі - білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек. Оның үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда әрбір естігеніңді, көргеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады.Егер дін көңілің өзге нәрседе болса, білім-ғылымды бір-ақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейірімі асырап алған шешеңнің мейірімі секілді болады. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.Екінші - ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Бахасқа бола үйренбе, азырақ бахас көңіліңді пысықтандырмақ үшін залал да емес, көбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады. Оның себебі әрбір бахасшыл адам хақты шығармақ үшін ғана бахас қылмайды, жеңбек үшін бахас қылады. Ондай бахас хусідшілікті зорайтады, адамшылықты зорайтпайды, бәлкім, азайтады. Және мақсаты ғылымдағы мақсат болмайды, адам баласын шатастырып, жалған сөзге жеңдірмекші болады. Мұндай қиял өзі де бұзықтарда болады. Жүз тура жолдағыларды шатастырушы кісі бір қисық жолдағы кісіні түзеткен кісіден садаға кетсін! Бахас - өзі де ғылымның бір жолы, бірақ оған хирслану жарамайды. Егер хирсланса, өз сөзімшіл ғурурлық, мақтаншақтық, хусідшілік бойын жеңсе, ондай адам бойына қорлық келтіретұғын өтіріктен де, өсектен де, ұрсып-төбелесуден де қашық болмайды.

2-топқаҮшінші - әрбір хақиқатқа тырысып ижтиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айрылма! Егерде ондай білгендігің өзіңді жеңе алмаса, кімге пұл болады? Өзің құрметтемеген нәрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің?Төртінші - білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі - мұлахаза қылу, екіншісі - берік мұхафаза қылу. Бұл екі қуатты зорайту жаһатінде болу керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды.Бесінші - осы сөздің он тоғызыншы бабында жазылған ақыл кеселі деген төрт нәрсе бар. Содан қашық болу керек. Соның ішінде уайымсыз салғырттық деген бір нәрсе бар, зинһар, жаным, соған бек сақ бол, әсіресе, әуелі - құданың, екінші - халықтың, үшінші - дәулеттің, төртінші - ғибраттың, бесінші - ақылдың, ардың -бәрінің дұшпаны. Ол бар жерде бұлар болмайды.Алтыншы - ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың? Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын! Бұл беріктік бір ақыл, ар үшін болсын! 

Дескрипторлар

  • Мәтін мазмұнын түсінеді;
  • Идеясы мен автор көзқарасын айқындай алады;
  • Келесі топқа түсіндіре алады.

2-тапсырма. ТЖ «Сарапшы көзімен...»

Екі топ мүшелері кезегімен шығып, тақтада флип-чартта сызылып дайын тұрған Құндылық спектріне өз мәтін бөліктерінде кездескен құндылықтарды жазады. Мәтіннен үзінділер келтіре отырып, түсіндіреді. (Мысалы: көркем мінез, ақиқатқа жету, білім іздеу, мейірімді болу, ынтамен кірісу деген секілді)

Дескрипторлар

  • Құндылықтарды ажырата алады;
  • Жазғанын мәтіннен үзінділер келтіру арқылы дәйектей алады.
  • Бірлесе ынтымақтастықта жұмыс істейді.

3-тапсырма «Салыстырмалы көзқарас» ТЖ

Слайдта көрсетілген кесте бойынша 32-қарасөзде айтылған мәселелердің көрінісін бүгінгі күнмен байланыста қарайды. Айырмашылығын ажыратады, ұқсастығын табады.

Бұрынғы көзқарас

Бүгінгі көзқарас

Білімді шын көңілден іздеу, бахасқа бола іздемеу керек

Бүгінде білімді білім алу үшін, сонымен бірге мол ақша табу үшін де іздейді

Бағалау: топтардың өзін-өзі бағалауы

  • Мәтінді түсінікті тілмен түсіндіре алдық;
  • Құндылықтарды дұрыс ажырата алдық;
  • Көзқарастарға талдау жасадық.

Кері байланыс/Рефлексия (Мендік пікір)

Оқушылар аталған сөз оралымдарын өз ойларымен жалғастырады.

Мені таңдандырғаны:

Мені күйіндіргені:

Мені ойлантқаны:

Мені қуантқаны:

Мені жұбатқаны:

Мені мойындатқаны:

слайд 2

https://www.bilimland.kz/kk/content/lesson/7601

https://soundcloud.com/nursultan-kazbekov/32-mp3

https://www.youtube.com/watch?v=8BiASx7BJ9Y

Слайд 3

Слайд 4

Слайд 5

Слайд 6

Сабақтың соңы

1 минут

Үйге тапсырма: Абайдың қарасөздерімен танысу

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу