Абай жетінші қарасөз. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, сабақ жоспары.


ІІ бөлім: ... Абайды оқы, таңырқа!

Абай Құнанбайұлының жетінші қарасөзі

Сабақ : № 27

Мектеп: Астана қ. ФМБ НЗМ

Күні :

Мұғалім: Меңдібаева С.Ә

Сынып: 6 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ мақсаты

Шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау..

Құндылықтарды игерту:

  • адамгершілік
  • сыйластық
  • құрмет

Бағалау критерийлері:

  • Шығарма композициясын біледі
  • Эпизодтарды талдайды
  • Маңызын сараптайды

Тілдік мақсаттар:

Тірек сөздер

Ойға жию, балалықты қию, сәнқой, даңғой

Осыған дейін меңгерілген білім

Абай Құнанбайұлының бірінші қарасөзі

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 – 7 минут

Қызығушылықты ояту кезеңі

Қарасөз құрылымы бойынша сәйкестендір.

Қарасөз кіріспесі

Негізгі бөлім

Дүние көрінген сырын түгендеп, білмесе де, орны болмайды. ....Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді. Тәннен артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді.

Қайта, бала күнімізде, жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен адамның баласы екенбіз.

Қорытынды

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады

Сабақтың ортасы

5 – 7 минут

5 минут

7 минут

Ауызша кері байланыс 3 мин

10

минут

Ауызша кері байланыс беру

2-минут

Саралау тапсырмасы

Мағынаны тану кезеңі

1-тапсырма

Тәннің (дененің) тамағы не? Жанның тамағы не?

Берілген жауапты тақтаға немесе флипчартқа жазып тұрады

Ас ішу

Кино көру

Ойнау

Қыдыру

Кітап оқу

Өзіңді дамыту

Музыка тыңдау

Жаңа нәрсені үйрену

  • Осы жазғандарымызды бір-біріне ауыстыруға бола ма? Кино көру неге жан тамағы бола алмайды? Деген пікірталастық сұрақтарға қарай бағыттап, оқушылардың пікірін тыңдаған соң:
  • Қандай қортындыға келдің? (жан мен тәнді бөлек қарастыруға болмайды)

2-тапсырма

Қарасөз мәтіні бойынша сұрақ құрастыр. Топта, жұпта талқыла.

Оқушылар төмендегі тәртіп бойынша жұмыс істейді:

  • Қарасөзде көтерілген маңызды мәселелерге қатысты кемінде 5 проблемалық

сұрақ ойлап жазады.

  • Құрастырған сұрақтарды жұпқа қойып, қарасөзде айтылған ойға баға беріп, өз

көзқарасыңызды басқаның пікірімен салыстырып талқылайды.

3. Топта ең үздік деген екі сұрақты таңдап алып, өзге топқа қойып, талқылайды.

Өзге топтардың сұрақтарынан ең үздік деген сұрақтарды жазып алады.

3- тапсырма

Ақынның бірінші қарасөзіндегі «Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық?» деген пікірін қазіргі кездегі діни экстремизммен байланыстыруға бола ма?

Оқушылар пікірлерін жұпта, топта айтады. Ортаға әр топтан екі оқушы щақырып, әр түрлі позицияда дәлел сөйлеп келтіруге дағдыландыру. Оқушылар көбінесе қате, келіспеймін деп екенін айта алғанымен, пікірін қорғайтын позицияны ұстай алмауы мүмкін. Оқушының мәселені екі жақты қарастыра алуы маңызды, сондықтан тапсырманы жұпта орындатқан кезде, төмендегі тәсілді қолданудың берері мол. Төмендегі схемада көрсетілгендей, 1-оқушы өз пікірін мәлімдеп айтады. Мысалы: Дінмен айналысуға білімің жетпесе, айналыспау керек. Өзің білмеген нәрсе елдің тынышын кетіреді. 2-оқушы жұбына сұрақ қояды. Мысалы: Неліктен олай ойлайсың? 1-оқушы ойын дәлелдеп айтады. 2-оқушы 1-оқушының пікіріне қарсы шығады. Мысалы:Дінмен айналысу арқылы елді тазалыққа, имандылыққа тәрбиелеуге болады 1-оқушы өз пікіріне өмірден мысал келтіріп, қазіргі діни экстремистер бейбіт елдің тынышын алып, адам көп жиналғанжерлерді жарып жіберіп жатқанын тілге тиек етеді. 2- оқушы қарасөзге сүйене отырып немесе өзінің жеке қорытындысына сүйене отырып 1-оқушы пікірін жоққа шығарады. Екеуі де ұстанған позициясы бойынша қорытынды жасайды.

Бұндай талдау оқушының ойын жүйелейді, пікірін дәлелді айтуға бағыттайды.

Бағалау дескрипторы

Қарасөз құрылымын біледі

Эпизодтарды талдайды

Маңызын сараптайды

Бұл тапсырма жұппен/топпен/сыныппен орындалады.

Мұғалім қолдауын қажет ететін оқушыларға арналған тапсырма:

Қарасөзде қанша абзац бар? Абзацтардағы ойларды өз сөзіңмен, бір сөйлеммен жаз.

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

https://www.youtube.com/watch?v=KSjN1XEDgXI

http://abai.kz/post/6

презентация

Сабақтың соңы

3 минут

Сабақ рефлексиясы

  • Не себепті қиын болды?
  • Сабақта нені білдім,қандай жаңа нәрсе үйрендім?
  • Сабақта сіздердің болжамдарыңыз орындалды ма?
  • Бүгінгі сабақтан не алдыңыз?
  • Сабақ сіздерге қандай ой тастады?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлан

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

  • Конспектілеуді пирамидалық тәсіл арқылы бергенім дұрыс, ұтымды болды

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

 

 

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.