Абай шығармашылығы. Отыз екінші қарасөз. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация.


https://www.youtube.com/watch?v=pzzYjmrbEkE

7.14.-7.55. уақыт аралығы

Абай шығармашылығы. Отыз екінші қарасөз

Оқу мақсаттары

Бағалау және салыстыру

10.3.2.1 - көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру

Түсіну және жауап беру

10.1.5.1 - ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру

Сабақ мақсаттары

Көркем шығармадағы көтерілген мәселеге заманауи тұрғыда баға беру;

Қарасөзден ұлттық құндылықтармен үндес контекстер арқылы жұмыс жасау

Бағалау критерийлері

Қарасөздің негізгі идеясын айқындайды;

Шығарма идеясының ұлттық құндылық тұрғысынан маңыздылығына баға береді.

1-тапсырма. ТЖ

«Өкіл» әдісі арқылы мағынаны түсіну

2 топқа 32-қарасөз бөлініп беріледі.

Оқып болған соң топтардан бір-бірден өкіл шығып келесі топқа өз мәтін бөліктерін түсіндіреді.

Дескрипторлар

Мәтін мазмұнын түсінеді;

Идеясы мен автор көзқарасын айқындай алады;

Келесі топқа түсіндіре алады.

2-тапсырма. ТЖ

«Сарапшы көзімен...»

Екі топ мүшелері кезегімен шығып, тақтада флип-чартта сызылып дайын тұрған Құндылық спектріне өз мәтін бөліктерінде кездескен құндылықтарды жазады. Мәтіннен үзінділер келтіре отырып, түсіндіреді. (Мысалы: көркем мінез, ақиқатқа жету, білім іздеу, мейірімді болу, ынтамен кірісу деген секілді)

Дескрипторлар

Құндылықтарды ажырата алады;

Жазғанын мәтіннен үзінділер келтіру арқылы дәйектей алады.

Бірлесе ынтымақтастықта жұмыс істейді.

 

3-тапсырма

«Салыстырмалы көзқарас» ТЖ

Слайдта көрсетілген кесте бойынша 32-қарасөзде айтылған мәселелердің көрінісін бүгінгі күнмен байланыста қарайды. Айырмашылығын ажыратады, ұқсастығын табады.

Бағалау: топтардың өзін-өзі бағалауы

Мәтінді түсінікті тілмен түсіндіре алдық;

Құндылықтарды дұрыс ажырата алдық;

Көзқарастарға талдау жасадық.

 

Кері байланыс/Рефлексия

(Мендік пікір)

Оқушылар аталған сөз оралымдарын өз ойларымен жалғастырады.

Мені таңдандырғаны:

Мені күйіндіргені:

Мені ойлантқаны:

Мені қуантқаны:

Мені жұбатқаны:

Мені мойындатқаны:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу