Абай Құнанбайұлы «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал.
Сөздік жауап кілті:
Сұрақтар | Қайран | Ғаріп |
Сөзді немен байланыстырасыз? | Өмірдегі өткен нәрсеге деген сағыныш сезімі. | Бейшара, бақытсыздық. |
Қандай тіркес жасайсыз? | Қайран жұрт, қайран кездер, қайран күндер. | Ғаріп адам, ғаріп жан |
Қандай сезім туындады? | Сағыныш, қимастық | Аяушылық |
Осы сөзді қай жағдайда қолданады? | Жоқ нәрсеге сағынышпен қарауда. | Жағдайдың нашарлығын айтқанда. |
Оны қандай адам айтуы мүмкін? | Іші ашып, назданған адам. | Ауыр жағдайын есіркеген адам |
Аспектілер | Жауап |
Ұйқасы | Шұбыртпалы ұйқас (аааа) |
Өлшемі | 7,8 буынды, 6 шумақты, әр шумақ 4-5 тармақтан құралған. |
Поэтикалық фонетикасы | Жай қайталау кездеседі: Елің сонда жүргенде, Қызық дәурен сүргенде, Бәйшешек шығып бүргенге, Шаңына малың аунаған, Дәулетің өсіп қаулаған, Тел емес малды саумаған. |
Поэтикалық синтаксисі | Жай сөйлемдер: Ботадай бейне өскен тел. Тыныш еді еліміз. Ұстарасыз өскен мұрт. |
Көркемдегіш құралдары | Эпитеттер: қызық дәурен, қазақ деген қалың жұрт, еркін өскен қайран ел, Метафоралы теңеу: екі сұлтан сұңқарға, Теңеу: ботадай бейне өскен тел. |
Лирикалық кейіпкер | Ақынның өзі |
Тақырыбы, идеясы | Қазақ халқының қазіргі жағдайын айта келіп, ұлы тарихын дәріптейді. |
Жанры | Поэзиялық шығарма: өлең. |
Шығарма жазылған тарихи кезең | Отарлау саясатының күшеюі кезеңінде жазылған. |
Автор | Дулат Бабатайұлы |
Аспектілер | Абай Құнанбайұлы | Дулат Бабатайұлы |
Қысқаша мазмұны | Ақын қазақтың жағымсыз болмысы туралы жырлайды. Қазақтың көпшілігі - іске жоқ, қу, көп сөйлейтін, өзгені тыңдауды білмейтін адам. Өз малына өзі ие емес. Ақын халықтың кемшіліктерін әшкерелей отырып, жаман әдеттерден арылып, еңбекқорлыққа, білімге шақырады. | Автор өз заманындағы қазақ халқының жағдайын «Ұйқы басып сезбедік» дей отырып, «Шырмаған жаудың» ішінде қалғанын айтады да, еркіндік, өткен ұлылығын аңсап, тарихқа шолу жасайды. |
Тақырыбы | Қазақ елінің жағымсыз мінезін сынап, дамуға бағыттау | Қазақ халқының өткен ерлігі, елдігі. |
Идеясы | Сын арқылы халқының көзін ашу | Қазақ халқының бұрынғы қасиеттерін дәріптеп өз заманымен салыстыру. |
Лексикасы | Эпитеттер: Қалың ел, қайран жұрт Метафора: Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың | Эпитеттер: қалың жұрт, еркін өскен қайран ел, Метафоралы теңеу: екі сұлтан - сұңқарға Теңеу: ботадай бейне өскен тел. |
Қорытынды | Екі өлеңде де қазақ халқының отаршылдық заманындағы бейнесі тура және жанамалай берілген. |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру