Тарихи шындық пен көркемдік шешім. Махамбет Өтемісұлы «Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны», «Мен, мен, мен едім», «Бағаналы терек». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, қосымша материал. 4-сабақ.
http://infoportal.kz/ru/content/kompoziciya-zhne-syuzhet
Сюжет - жалпы айтқанда, адамдардың өзара (французша - қарым қатынасы, байланысы, sujet- зат) қайшылықтары, жек көру, жақсы көру, әр алуан әдеби мінездің (образ мағынасында) өсу, жасалу тарихы.
Эпикалық, лиро-эпикалық немесе драмалық шығармаларды алсақ (оқиғаның неден басталуынан бастап, немен аяқталуына дейін), оқиғалары бір-бірімен байланысты және үзілмей дамып отыратындығын көреміз. Оқиғаның даму жолында оған қатысушы адамдар өзара байланыста, қарым-қатынас, күрес, тартыстарда болады.
Сюжетте кездесетін композициялық элементтердің негізгі бірі –дәлелдеу (орысша - мотивировка). Оқиғаның неге олай болуы, кейіпкерлердің іс-әрекет, амал, айла, күрес, тартыстары, күйініш-сүйініштері, қайғылы халдерге ұшырауы - бәрі де көркем шығармада дәлелделініп отырады. Шын мәніндегі көркем шығармада дәлелденбейтін бір амал, әрекет болмайды. Ең ақыры қатысушылардың сөйлеген сөздерінің өзі де дәлелденеді.
Қатысушылардың қарым-қатыстары, күрес-тартыстарының нәтижесінде әртүрлі эпизодтарда кездесетін жағдайларды ситуация дейді. Сюжетке құрылған қандай шығармаларды алсақ та, оқиға бөгетсіз дами бермейді.
Жазушы шығармасында не көрсетпекші, оқушыларын не нәрсеге жетектемекші, қандай идеяны үндемекші, соған сәйкес сюжет алса, оның шешуі де автордың негізгі идеясына бағынады. Мысалы, адам образын жасаудың әр алуан жолдары бар дедік. Олар - портрет, мінездеу, адамның басында болатын күйініш-сүйініштерді суреттеу т.б. Бірақ солардың араларын ұластыратын, қатысушылардың қарым-қатынастарын белгілі бір тұрғыдан көрсететін авторлық баяндаулар; оқиғаның қай кезде және қандай табиғат жағдайларында болғандығын көзге елестететін пейзаж болмаса, ешбір шығарманың құрылысы ойдағыдай шықпаған болар еді. Сондықтан бұл екі мәселе айрықша тоқталуды қажет етеді.
Автор адамды, олардың амалын және басынан өткізген күйініш-сүйініштерін суреттеумен қатар, оқиғаның болған жағдайларын да суреттейді. Шығармаға табиғатты не сол оқиғаның болған жерлерін де (мезгілін - жыл, ай, күн, ертеңгі, кешкі уақыттар) қатыстырады.
Бір сөзбен айтқанда, табиғатты суреттеуді пейзаж дейді. Пейзаж кейде жаратылыстың көрінісін суреттейді, кейде геройдың басында болған күйініш-сүйінішімен байланысып келеді, кейде оқиға қандай жағдайда болғанын көрсету үшін қолданылады. Кейде оқиғаның дамуына тікелей қатынаста болады. Шынына келгенде, пейзажды автор бір керегіне жаратады. Қандай пейзаж болсын, бір нәрсеге негізделініп алынады. Пейзаж автордың негізгі мақсатына байланысты болады.
Баяндау. Жазушы, ақындар оқиғаны бірөңкей суреттей бермейді. Портрет те, мінездеу де, күйініш-сүйініш те, пейзаж да, сайып келгенде, суреттеуге жатады. Сондықтан жазушылар кейде қатысушылардың монолог, диалогтерін араластырады. Бұлардың бәрі де керекті. Көркем шығарманың құрылысын талдағанда, мақсат тек байланысын, дәлелдеуін, шарықтау шегі, шешуін немесе образдың жасалу жолын, пейзаж, баяндауларын танып, білу ғана емес, әрине, олар да керек. Бірақ негізгі мәселе солардың өзара қалай қиюласып, бір бүтін нәрсе болып, жігін байқатпауларының заңдылығын, жазушының шеберлігін ашу және бәрі жиналып шығарманың идеялық мазмұнын оқушыларға жеткізу үшін қолданатындығын түсіну болу керек.
Көркем шығармадағы сюжет, портрет, қатысушы адамдардың сөздері, пейзаж, затты суреттеу тағы басқалардың бәрі бір-бірімен байланысты. Осылардың барлығы келіп бір бүтін нәрсе туғызады. Бұлардың барлығы да автордың өмірді қалай түсініп, қалай тануына қарай оның бір құбылысын суреттеу үшін пайдаланады.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру