Ақтамберді жырау «Балаларыма өсиет» толғауы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 17-сабақ.
Аудиожазылым : Асыл арна. Danalik_Dariyasi. Ақтамберді Жырау. Даналық дариясы
https://www.youtube.com/watch?v=HtlHXKFZi7I
Ақтамберді жырау СарыұлыАқтамберді- әкесі Сары мен шешесі Сырбикеден жалғыз туады. Сары - Найман Сыбан ішіндегі орташа ғана дәулеті бар, қақ-соқта жұмысы жоқ момын адам екен. Сондықтан да ол өз малы өз қызығына жұмсай алмай ағайын-туғаннан зорлық-зомбылықты көп көреді. Бұл күн сүйеніші, жанашыры жоқ жас бала Ақтамбердінің де басына туады. Алайда жүрегінде от бар болашақ жырау жасымайды, өзіне, ата-анасына теперіш көрсетушілерден именбей, реті келген жерде көңілдегі сөзін айтып салатын болады. Жырау өзінің алғашқы туындыларын осы шамада, 10-11 жасында шығара бастайды. Ақтамбердінің бұл кездегі өлеңдері мұң, зар, жалғыздыққа налу түрінде келеді.Жағалбай деген ел болар,Жағалтай деген көл болар,Жағалтайдың жағасыЖасыл да байтақ ну болар.Атадан алтау туғанныңЖүрегінің бастарыАлтынменен бу болар,Атадан жалғыз туғанныңЖүрегінің бастарыСары да жалқын су болар,Жалғыздық ,сені қайтейінБала сонымен қатар ертең-ақ (жасы он беске жетіп, кеңеске кірер) күн туатынын, болашақтан үміті зор екендігін жырға қосады. Міне, осы өлеңдерді құлағы шалған қара жүрек ағайындарының бірі Жангөбек Ботағара деген Ақтамбердіні қамшының астына алады. Алайда жазықсыз жас балаға аталас туысы Бердіке ара түседі. Сол күннен бастап бұғанасы қатқанға дейін болашақ жырау Ақтамбердінің ақындық даңқымен палуандық, батырлық даңқы қатар шығады. Алайда, ол күні кеше ғана өзіне теперіш көрсеткен ағайындарына қарсы күш жұмсауды нәмарттық деп біліп, бүкіл ел мүддесін ойлай бастайды, ру, ата намысын емес, исі қазақтың намысын қуады.Дұшпаннан көрген қорлығымСары су болды жүрекке,Он жетіде құрсанып,Қылыш ілдім білекке,Жауға қарай аттандым,Жеткіз деп құдай тілеккеБұл-Орта Азия хандықтарымен, қалмақтармен үздіксіз соғыстар дәуірі еді. Ақтамберді қанды ұрыстардың талайына қатысады, өзінің ерлігімен , ұйымдастырғыштық, қолбасылық қабілетіменен көзге түседі. Батырдың басынан бақ тайып, сәтсіздіктерге ұшыраған кездері де болады. Мәселен, бірде ол түрікпендерге тұтқынға түсіп, ажал пышағы кеңірдегіне төніп тұрған соңғы сәтте ғана ретін тауып қашып құтылады.Ақтамберді жер ортасы қырықтан асқанда үш жүздің тізгінін ұстап отырған Әз-Тәуке хан дүниеден қайтады. Тәукенің көзі жұмылысымен-ақ қазақ сұлтандарының арасындағы ежелгі бақастық ашық жаулыққа айналады, үш жүздің жігі ыдырайды. Міне, осы сәтте бұдан гөрі құдыреттірек кезінде де ел шетіне ене алмаған жоңғарлықтар қазақтарды аяусыз соққының астына алады. Ауыр күрес жылдары басталады. Ақтамбердінің осы кездегі елеулі тарихи оқиғалардың бел ортасында жүргенін көреміз. Ақындық даңқы жас кезінде-ақ шыққанына қарамастан, Ақтамберді тіршілігінде бел шешіп өнер жолын қумаған тәрізді. Әйткенмен де, оның өз артына елеулі мұра қалдырғандығы, жырау поэзиясы тақырып жағынан да бай болғандығы аңғарылады.Ақтамберді өзінен бұрынғы Доспамбет, Шалкиіз дәстүрін алға апарушы еді.Жырау туындылары негізінен көне қазақ поэзиясы үлгісіндегі:Түйе мойнын тұз кесер,Жігіт мойнын қыз кесер,Сартылдаған сары аязЖылқының мойнын мұз кесер.Бұлан да бұлан, бұлан сан,Бұланның санын оқ тесер,Бұлаңдап жүрген жігіттіңЖомарт қолын жоқ кесер-деген сияқты нақыл, афористік толғаныстар түрінде келеді. Ақтамберді жырлары көшпенді қазақтардың ой, арманынан, мақсат, мүддесінен елес береді, сахара тұрғындарының өмір, тұрмыс жайлы түсінігін бейнелейді. Жыраудың кейбір толғауларынан халқымыздың мінез-құлық ерекшеліктері. болмысқа өзіндік көзқарасы айқын аңғарылады.Мәселен, жыраудың (Күлдір-күлдір кісінетіп) деп басталатын ұзақ толғауын алайық. Қазақтар өзінің қонақжайлығымен , меймандостығымен ежелден-ақ мәшһүр. Халқымыздың бұл қасиетіне өткен ғасырларда қазақ топырағын басқан европалықтардың қай-қайсысы болмасын ерекше назар аударып, өздерінің шын көңілден шыққан ризашылықтарын білдіргені мәлім. Қазақтардың осы ұлттық қасиеті-қонақжайлық, меймандостық-толғаудың лирикалық кейіпкері жас жігіттің арманында ең өзекті орындардың бірін алады. Өзім бір бөлек жайласам,Жігіттен нөкер сайласам,Ойпаң жерге он отау,Қыраң жерге қырық шатыр тігіп.Қонағымды жайғасамПышақтан малым кетпесе,Қазаным оттан түспесе,Ауылдан топыр үзілмей,Ошақтың оты өшпесеМай жемесе қонағым,Қан жемесе барағым,Он кісіге жараса,Бір кісіге арнап тартқан табағымХалыққа атым білініп,Шүлеңгір мырза атанар ма екемізЖомарт болған, шүлен болған жақсы-ақ, бірақ бұл-кез келген қара сирақ кедейдің қолынан келе бермейді. (Ойпаң жерге он отау, қыраң жерге қырық шатыр тігіп) сансыз қонақты атқару үшін, (ауылдан топыр үзілмей),күніне он-ондап мал сойылып, қазан астынан от кетпеуі үшін мыңғыраған бай болу керек . Қазақ үшін байлық-малда. Малдың еті, сүті-тамақ та, жүні, терісі-киім – мал қазаққа көшсе - көлігі, мінсе-жүйрігі, яғни малсыз тірлік жоқ. Сондықтанда ескі патриархалдық-феодалдық қазақ қоғамында қай көшпендінің болмасын арманының асқарларының бірі-мал. Міне, бұл жай да толғау кейіпкерінің назарынан тыс қалмайды. Ол (алғайдың құба жонына сыймас)ақтылы қой, (көлге түссе көз жетпес) көк алалы көп жылқы, боздаған даусы (жаралы қудай ыңырантып, жарылған мұздай күңірентіп)күй боп төгілетін сансыз түйе жайлы армандайды, төрт құбыласы тең басқанын қалайды.Мал... Көшпенділер үшін өмірдің қуанышы, тіршілік көзі болған осы бір тақырыпқа Ақтамберді өз толғауларында қайта-қайта оралып соға береді.Қазақтар үшін мал асылы-жылқы екені мәлім. Ешбір халықтың әдебиетінде жылқы дәл біздің әдебиетіміздегідей дәріптелмейтін шығар. Әйткенмен де, мал атаулының, оның ішінде жылқының көшпенділер өміріндегі алатын орны жайлы Ақтамбердідей толғаған қазақ ақыны жоқ.Аурудан асқан жар барма,Жылқыдан асқан мал барма,Биенің сүті сары бал,Қымыздан асқан дәм бар маЖеліде құлын жусаса,Кермеде тұлпар бусансаСәні келер ұйқының,Жылқы қолдан тайған соң,Қызығы кетер күлкінің.Қыздың көркі құлпыда,Жігіттің көркі жылқыда.Жыраудың жылқы малын ерекше көтермелеуінің тағы бір мәні бар. Қолбасы батыр болған Ақтамберді сайгүлік тұлпарды ер жігіттің жан серігі, ең жақын досы деп есептейді.Сондықтанда ол:От басар орны отаудай,Қабырғасы халық орнаған жонсаудай,Ор қояндай қабақты,Қиған қамыс құлақты,Сары мысықтай азулы,Саптаяқтай ерінді,Қидасын кәрі жілікті, Омырау еті есіктей,Ойынды еті бесіктейТабаны жалпақ тарланды-мадақ етіп жырға қосады.Ақтамберді қазақ тарихындағы ең қиын кезеңдердің бірінде өмір сүрді. Ол ауыр жеңілістерді, дұшпанға бет қарай алмай дүркірей қашқан босқыншылықты өз көзімен көрді. Бірақ атақты батыр, ел тірегі, орта жүздің көсемдерінің бірі қажырлы жыраудың еңсесін қайғы баспайды. Ол ойраттарға қарсы күресті ұйымдастырушылардың алдыңғы сапында жүреді, елге ұйытқы болады. Басынан таяқ өтіп, қаннан қаймыққан, бет-бетімен бас сауғалап кетуге айналған жұртқа жанқияр ісімен де, жалында жырымен де дем береді. Ақтамберді творчествосындағы ең басты сарын - ерлікке, батырлыққа шақыру, дұшпаннан именбеуге, тайсалмай шабуға жігерлендіру.Балпаң, балпаң кім баспасБасарға балтыр шыдамас,Батырмын деп кім айтпас,Барарға жүрек шыдамас.Жалтара шапсаң жау қашпас,Жауды аяған бет таппас,Уа жігіттер, жандарыңЖаудан аяй көрмеңіз,Ғазірейіл тура келмей жан алмасҚалмақтардан жеңіліс, ата-мекен - шығыс облыстар мен Жетісудан айрылу, көптеген рулардың жау табаны астында қалуы бүкіл қазақ халқының қабырғасына қатты батқан еді. Жұрт дұшпаннан кек алар, жау қолында қалған ескі қонысты азат етер күн тууын аңсады. Өз заманының талабын, өз ортасының тілек мүддесін білдірген Ақтамберді исі қазақ болып атқа қонуды, дұшпанға соққы беруді армандайды.Күлдір-күлдір кісінетіп,Күреңді мінер екенбіз,Күдеріден бау тағып,Кіреуке тон киер ме екенбіз,Жағасы алтын, жеңі жез,Шығыршығ торғай көзСауыт киер ме екенбізҚоңыраулы найза қолға алып,Қоңыр салқын төске алып,Жау қашырар ма екемізЖырау өз арманына жетеді: сақал-шашын ақ қырау басып, қартайған шағында ол талай жеңістердің куәсі болады, туған жердің бір бөлегі иесін қайта тапқан күнді де көзімен көреді. Жау қолынан азат етілген шығыс облыстарға қазақ рулары қайтара қоныс аударған кезде ата мекенді жатырқап қалған жұртты орнықтыру жолында қарт батырдың белсенді қызмет атқарғандығы аңғарылады. Ол тіпті, өз қол астындағы елді отырықшыландырмақ болып, егін де салғызады. Шыңғыс, Аягөз, Қарақол өңірінен Ақтамберді қаздырыпты дейтін тоғандардың жер болып кеткен орындарын әлі де көруге болады.Ақтамберді тоқсан үш жасында дүние салыпты. Туған жердің топырағын мәңгі жастанар алдында айтқан толғауында жырау өзінің өмірлік мақсаты тегіс орындалғанына ризашылығын білдіре келіп, (батырларша оққа ұшпай, төсекте жатып тек өлгендігін) арман етеді.Ақтамбердінің мазары қазір Семей облысы Абай ауданының шегіндегі Шет өзенінің бойындағы Құндыздағы Қос деген жердегі Жүрек Жота деген төбенің басында тұр
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру