Ақтамберді жырау «Балаларыма өсиет» толғауы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 17-сабақ.


Оқушыларға арналған дидактикалық материалдар

«Балаларыма өсиет»

  • Атақты жыраудың «Балаларыма өсиет» деп басталатын өлеңі түгел келешек жастарға арналған ақыл-нақылға толы дана сөздер:

Балаларыма өсиет:

Қылмаңыздар кепиет,

Бірлігіңнен айрылма,

Бірлікте бар қасиет.

Татулық болар береке,

Қылмасын жұрт келеке,

Араз болсаң алты ауыз

Еліңе кірген əреке.

Талпынып салдым егінді,

Ішсін деп əркім тегінді,

Ақылың барың ұғарсың,

Ойың болса сезімді.

Тоқсанға жас келген соң,

Өлім жақын көрінді.

Бар арманым айтайын,

Батырларша жорықта

Өлмедім оқтан, қайтейін!

Ел аман болсын ылайым,

Тілегім берді бəрін де,

Ризамын, Құдайым!

  • Ақтамберді жырау «адамның артықшылығы жомарт, жайдары мінезінде, ақылы мен білімінде», деп атап көрсетеді. Асыл ару, ақылды жас, жайдары да білімді, пейілді, өзіне-өзі сын көзімен қарай білетін, дандайсымай кішіпейіл жүретін ұяты мен ары таза əділ азаматты ардақтайды :

Ағайының көп болса,

Ұлы шерік қолмен тең,

Білімді туған жақсылар

Аз да болса көппен тең,

Жақсысы кеткен ауылдың

Артынан жақсы шықпаса

Өртеніп кеткен жермен тең, —

деп, ақын əрбір ел өз ішінен шыққан жақсысымен, білімді азаматымен берекелі, атақты болатынын ескертіп өтеді. Оларды ерекше қадірлеуді қажет ететін шешен афоризмдер термелейді :

Қайырлы болса баяжан

Дария шалқар көлмен тең,

Қайырсыз болса жаман бай

Ел қонбаған шөлмен тең,

Мінезді болса жолдасың

Күнде сонар қызбен тең,

Жаман болса жолдасың

Астыңнан өткен сызбен тең.

[attachment=28242:aza-debieti_8-synyp_-1-tarau_17saba_-didaktikaly-materialdar_1-nsa.docx]
Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу