Ақтамберді жырау «Балаларыма өсиет» толғауы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 17-сабақ.


Сабақтың тақырыбы:Ақтамберді жырау «Балаларыма өсиет»толғауы

Оқу мақсаты: А/И2.Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау

Сабақ мақсаты:

Оқушылар:Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдайды.

Миға шабуыл: «Сезім мүшелері» әдісі

Оқушылар шеңберге тұрады.

Мұғалім хош иісті балауыз шамын жағады.

Сынып бөлмесіндегі балауыз шамнан шыққан хош иіс пен жылы лептің оларға қалай әсер еткенін, бүгінгі сабақтан не күтетінін сұрайды.

Оқушылар өз ойларын айтады, бір-біріне жылулық пен жақсы көңіл- күй тілейді.

Оқушылар пікір алмасып болғаннан кейін сабақтың тақырыбы мен мақсатын бірлесе отырып анықтайды.

Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.

Бағалау критерийі

1- тапсырма:«Теннистік сұрақ» әдісі

Оқушылар Ақтамберді жыраудың «Балаларыма өсиет» аудиожазылымын тыңдайды. ( Асыл арна. Даналық дариясы)

Аудиожазылымды тыңдап болғаннан кейін алдын ала таратылған өлең нұсқасынан бір қысқа және бір көлемді үзіндіні таңдап алады. Екі қатарға қарама-қарсы қарап отырады.

Бірінші «Өлеңдегі басты тұлға кім?,Автор ойын бірінші жақтан жеткізудің ерекшелігі неде?, Автор өзінің идеясын нақты жеткізуде тілдік құрылымды қалай қолданған?, Автор нені толғана жырлады?», сұрақтарын қасында отырған оқушыға қояды, ол жауап бермесе қарама-қарсы отырған оқушыға қояды.

Бір-біріне сұрақ қою арқылы автордың өлең идеясын жеткізуде тілдік құрылымды қалай қолданғанын анықтап, зерттейді.

Бір оқушы ізденіс сұрақтарын үш оқушымен алмастырып, ой бөлісуі керек. Сұрақтардың жауабын екі жақтағы оқушылар да дәптерлеріне жазып отырады. Барлық оқушылар бір-бірімен ой алмасып, сұрақтарды талдап болғаннан кейін барлығының жұмыстарын біріктіріп, бір зерттеу жұмысын жазып шығарады.

2- тапсырма «Көзқарас- Атау- Тақырып» әдісі

К- Көзқарас

Автордың көзқарасын анықтау маңызды. Ақындар бір тақырыпқа байланысты қарама-қарсы көзқараста шығарма жазуы мүмкін.Сөздердің мағынасына назар аудар, толғауда қолданылған сөздерден автордың көзқарасын анықта.

А-Атау

Толғауға талдау жасап болғаннан кейін атауына қайта назар аудар. Толғаудың аты туралы не ойлайсыз?

Тақырып

Толғаудың тақырыбы туралы не ойлайсыз? Көтерілген мәселе туралы автордың ойы? Неліктен? Шығарманы оқырманның түсінуіне көркемдеуіш құралдар қалай әсер етеді?

3-тапсырма :«Аяқталмаған сөйлем» әдісі

Шығармадан дәлелді үзінді келтіре отырып, сөйлемдерді жалғастырып, тұжырымды ой айту

Сөйлемді жалғастырыңыз:

Ақын өзегін өртеген....

Ақын арманы....

Бекіту

4-тапсырма: «Теңдеу» әдісі

Сынып оқушыларына толғау үзіндісі жазылған қағаздар таратылады.

Оқушылар жыраудың көңіл- күй сезімін ерекше ашатын жолдарды тауып айтады.

Ойларын «Мысалы...»деген сөзбен байланыстырып отырады.

Толғау үзіндісінің бір шумағын оқиды да,«мысалы автор...» деген сөзбен аяқтайды,ары қарай екінші оқушы өз сөзімен толықтырады.

Екінші жұп тапсырманы осы ретпен ары қарай орындауды жалғастырады.

Барлығы өз көзқарастарын білдіріп, талдап болғаннан кейін ең соңғы оқушы «Сонымен автор көңіл-күйі арқылы... жеткізеді» деген сөзбен аяқтайды.

Автор атынан кейіпкерге эмпатиялық хат жазады.

Салыстыру

5-тапсырма «Бірге ойлаймыз» тәсілі

.

Бағалау

Маған қатты әсер етті

Себебі.............................................................................................

Мені таңғалдырды

Себебі...........................................................................................

Кері байланыс: «Борт журналы»

[attachment=28241:aza-debieti_8-synyp_-1-tarau_-17-saba_prezentacija_1-nsa.pptx]
Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу