Ақтамберді Сарыұлының «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Балаларыма өсиет» толғаулары. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 15-сабақ.


Аудиожазылым:Бекболат Тілеуханның орындауындағы «Күлдір күлдір кісінетіп» толғауы

https://www.youtube.com/watch?v=15VisMaPUy4

Ақтамберді жырау

http://old.el.kz/blogs/entry/content-2680

 Жоңғар басқыншылығына қарсы күрестің жыр байрағы осы тұста биікке көтеріліп, асқақтай түседі. Бұл жөнінде жазушы М.Мағауин былай дейді: «Осы дәуір әдебиетіндегі сырт жауларға қарсы күрес, ерлік сарыны Ақтамберді, Тәттіқара, Үмбетей жырауларың творчествосынан, ал қазақ даласында болған кейбір өзгерістер негізінен Бұқар жырау шығармашылығынан өз көрінісін тапты».

 Қазақ әдебиетіндегі азатшыл ой, азатшыл рухтағы жыр-өлеңдердің арғы бастауларына назар салған тұста, XVIII ғасыр әдебиетіндегі  М.Мағауин атаған жыраулардың ішінен Ақтамберді мен Бұқар жырау поэзиясы айрықша көзге шалынады. Ақтамберді әрі батыр, әрі жырау ретінде жауға қарсы жорықтарда ер намысын жаныған жорық жыршысы сипатында көрінсе, Бұқар хан кеңесшісі, қара ақылшысы бола жүріп, ел еркіндігін өзек еткен толғауларын ақыл мен даналыққа толтыра алған дангөй жырау. Ерлік пен батырлықтың, ақылгөйлік пен даналықтың бірін-бірі толықтырар осынау қос арнасы – қазақ поэзиясындағы ұлттық рухтың кейінгі арынды ағысының бастау бұлағы.

 Ақтамберді толғаулары көбіне ерлікті әспеттеп, ел тәуелсіздігін ардақтаған тегеуріні тым қатты, рухы биік отты жыр жолдарынан өріледі. Әсіресе «Күмбір-күмбір кісінетіп» толғауының екпіні ерекше. Жоңғардан туған жерді азат етер арпалыстың от жалынында туған, ерлердің ертеңгі жеңіске деген құштарлығын оятар, жеңістен кейінгі бейбіт күндердің берекелі шаттығын көзге елестетер жігерлі жыр, ұранды рухымен сүйсіндіреді. Ерлікті жанына жалау қылған жыраудың ел тәуелсіздігі жолына жанпидалық ұранды ту еткен түйіні ұзақ тлғаудың төменгі төрт жолында берілген:

 Кеуде бір жерді жол  қылсам,

 Шөлең бір жерді көл қылсам,

 Құрап жанды көп жиып,

 Өз алдына ел қылсам!

 Азаттық жолындағы күрестің басты мақсаты – «өз алдына ел болу», қантөгіс қырғын, жас кеткен боздақ – осы бір ұлы арманның құрбаны.

 Жырау сипатайтын жеңістен кейінгі мамыражай заман суреттері – еркіндікке жеткізер ерлік қайрағы. Ал көңіл көздеген түпкі мақсат – ел қамы.

 Тобылғы сапты қамшы алып,

 Тұмар мойын ат мініп,

 Қоныс та қарар ма екенбіз!

 Ел жазылып жайлауда

 Жақсылар кеңес құрғанда

 Мұртымыз өрге шаншылып,

 Бұрын да сөйлер ме екенбіз!

 Жырау көрер қуанышты, келер бақытты көшпелі жұрттың қызықты өмір салтынан ала отырып, күнделікті күйбең тіршіліктің күнгейінен сағалап кетпейді. Елінің жайын ойлайды. «Кеңес құру», «Қоныс іздеу» осының көрінісі. «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» жұмақ заманды бейнелеп, тәуелсіз елдің тыныштығын аңсаған ақынды береке-бірліктің құтын қашырмаудың  қиындығы қатты толғандырады.

 Осындай берген дәулетті,

 Көтеріп тұра алар ма екенбіз?

 Ел бірлігін  өміршеңдігін қалаған осынау үмітті тілек-түйіннің айтары көп, берері мол. Жырауды ұлы күрестің баяндылығы толғандырады. Ұрпағына соны аманат етеді.

 Ақтамберді толғауларындағы басты идея – ата жауға қарсы күреске шақыру, ерлікке жігерлендіру. Азаттықты аңсаған азатшыл сарын – жырау поэзиясының басты желісі.Оның азатшыл мұраттағы алғашқы өлеңдерінен-ақ өршіл сарынның от-жалынды лебі сезіліп тұрады.

 Жасым жетіп он беске,

 Кірер ме екем кеңеске,

 Бұғана қатып, бел бекіп

 Ерегіскен дұшпанмен

 Шығар күн туса күреске!

 Жыраулық кезеңдегі кейінгі азаттық жырға өнегелік сарын тартқан ұлы толғаулардың бастысы – Ақтамберді толғаулары. Жыраудың кез келген толғауында ер қамын жеген ер тұлғаның бейнесі мен мұндалап тұрады. Оның толғауларында ер мен ел тұлғасы тұтасып кетіп, толыққанды бірлік табады.

 Жауға шаптым ту байлап,

 Шепті бұздым айғайлап,

 Дұшпаннан көрген қорлықтан,

 Жалынды жүрек қан қайнап,

 Ел-жұртты қорғайлап,

 Өлімге жүрміз бас байлап..

 Ту ұстаған батыр, ел бастаған би, сөз бастаған жырау Ақтамберді «Балаларға өсиет» деп басталатын толғауында:

 Бар арманым, айтайын,

 Батырларша жорықта

 Өлмедім оқтан қайтейін!

 Ел аман болсын ылайым,

 Тілегім берді бәрін де,

 Разымын, құдайым!- деп, тоқсанға келген жасында қартайып өлген өлімнен, ел тыныштығын қорғап жүріп жорықта өлген өлімді артық көреді. Жарақты жауға жалғыз шабудан қаймықпаған тарланбоз батыр-жырау,бір сөзбен айтқанда, Ақтамберді – қаһармандық поэзияны ұрпағына мәңгілікке мұра еткен жырау.

[attachment=28235:aza-debieti_8-synyp_-1-tarau__15-saba_-osymsha-resurs_1-nsa.docx]
Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу