Негізгі және туынды сын есім_104_сабақ_ КМЖ


Пән: Қазақ тілі

Бөлімі: Су

Сабақ тақырыбы: № 104 сабақ Негізгі және туынды сын есім

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Калимова З:Б.

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

-мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;

– сөз құрамы сызбасы негізінде негізгі және туынды сын есімдерді анықтайды;

-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;

Оқушылардың көбі:

-мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;

-негізгі және туынды сын есімдерді ажыратады;

-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;

Оқушылардың кейбірі:

-мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;

-туынды сын есімдер жасай алады

-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;

Бағалау критерийлері

- мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;

-негізгі және туынды сын есімдерді ажыратады;

-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;

Тірек сөздер

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Негізгі және туынды сын есім

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

  • Бүгін неге жаңбыр жаумайды деп ойлады?
  • Не себепті үйден жейдешең шықты?
  • Бір уақытта не басталды?
  • Бұлттар неден жылдам екен?
  • Өлеңге қандай тақырып ұсынар едің?

Құндылықтар

Судың маңызы туралы түсінік беру

Алдыңғы меңгерілген білім

Сын есім тақырыбынан игерген білімдеріне негізделіп меңгертіледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

«Бір қадам алға» әдісі

Мұғалім есіктен кіргеннен өткен материалдарға байланысты сұрақтар қояды.Жауап дұрыс болса, бір қадам алға жылжиды, қате болса, бір қадам артқа шегінеді. Мұғалім үстеліне жеткенше, бірнеше сұрақ қою арқылы оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландырып алады.

  • Сын есім дегеніміз не?
  • Сын есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?
  • Туынды сын есім дегеніміз не?
  • Негізгі сын есім дегеніміз не?
  • Туынды сын есімге мысал айт
  • Негізгі сын есімге мысал айт

ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.

Қосымша №1

Сабақтың ортасы

5-35 минут

5 минут

5-7 минут

1минут

10 минут

ІІІ. Негізгі бөлім

3.2.4.1 , 3.4.2.4 (МК; Ө;Ж; Ұ) 5-жаттығу

Өлеңді суреттердің көмегімен оқы.

1.Суреттердің көмегімен өлеңді түсініп, мәнерлеп оқиды. Негізгі ой «Сұрақ- жауап» әдісі арқылы жүзеге асырылады.

Сұрақтар

  • Күн қандай?
  • Бүгін неге жаңбыр жаумайды деп ойлады?
  • Не себепті үйден жейдешең шықты?
  • Бір уақытта не басталды?
  • Бұлттар неден жылдам екен?
  • Өлеңге қандай тақырып ұсынар едің?

Соңғы сөйлемге сүйеніп, автордың айтқысы келген негізгі ойы тапқызылады.

2. Керекті сөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап жазады.

Сын есімдердің астын сызады.Туынды сын есімді сөз құрамына ажыратады.

Күн қандай?

Аспан қандай?

Аспанды қандай бұлт торлады?

Керекті сөздер: ашық, бұлтсыз, бұлтты, қалың

Керекті сөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап жазады.

Жұптық жұмыс ұйымдастырылады. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы орындалады. Жұпта талдайды, пікірлерімен бөліседі. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.

Бағалау дескрипторы:

  • өлеңді түсініп оқиды;
  • сұрақтарға жауап береді;
  • негізгі ойын анықтайды;
  • туынды сын есімдерді сөз құрамына ажыратады;

Сергіту сәті

Оқушылар қимыл жаттығуын жасайды.

3.4.2.4, 3.3.5.1 (МК; Ө; Қ) 6- жаттығу. Мақалдың қатесін түзеп жаз. Сын есімдерді тауып, негізгі, туынды екенін ажырат.

Оқушы мақалдың қатесін түзетіп жазады, сын есімдерді тауып, негізгі, туынды екенін ажыратады.

Оқушылар интерактивті тақта арқылы тексереді

Бағдаршам түстері арқылы өзін- өзі бағалайды.

қызыл түс- қате жоқ

сары түс-1 қате бар

жасыл түс- 2-3 қате бар

Бағалау дескрипторы:

  • қатені тауып түзетеді;
  • сын есімнің негізгі, туынды екенін ажыратады;

3.4.2.4 (МК; Ж;Т; Қ) 7- жаттығу. Берілген сын есімдерді кестеге орналастыру.Туынды сын есімдерді сөз құрамына талдау. Олардың түбірі қай сөз табынан жасалғанын айту.

Негізгі сын есім

Туынды сын есім

тұнық су

жаңа дәптер

әдемі қыз

биік тау

жүйрік ат

әсерлі әңгіме

атақты кенші

ізгі ой

сүтті сиыр

шөпті жер

Туынды сын есімнің түбірлері зат есімнен жасалған. Сын есім зат есіммен байланысып тұр.

Оқушылар жұпта орындайды, сонан соң топтан бір оқушы шығып талдау жасайды.

Қалыптастырушы бағалау өзара бағалау арқылы жүзеге асырылады. Әр топ келесі топ туралы пікірлерін айтады.

Бағалау дескрипторы

  • туынды сын есімді сөз құрамына талдайды;
  • түбірі қай сөз табы екенін біледі;

3.4.2.4 (МК; Ж;Т; Қ) Шығармашылық үзіліс

«Ойлан, тап» ойыны. Берілген сөздің атын айтпай, оның мағынасын түсіндіреді, яғни сипаттап айтады. Ал екінші оқушы ол сөзді табады.

Мысалы: Мөлдір, түссіз, аққыш, дәмсіз,сұйық (су)

Ақ, ұлпа,ерігіш, мұздай,қалың, қиыршықты (қар)

Сұйық,өткінші, қарлы,ақ, сылбыр (жаңбыр)

3.4.2.4 (Ұ, Ө. Т) Тест. Саралау тапсырмасы

1.Түбір сөзден болған сын есім

а) туынды ә) негізгі б) сын есім

2. Туынды сын есімдер қатарын тап

а) сүтті, ұсақтау, көкшіл ә) таза, қалың, әдемі б) әдепті,ақ, жүзгіш

3. Түбірі зат есімнен жасалған сын есімдер қатарын тап

а) сүтті, ақылды, бұлтты ә) білгіш, тапқыш,жүзгіш б) мөлдір,биік, кішкентай

4.Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есім

а) сын есім ә) негізгі б) туынды

Бағалау дескрипторы

  • туынды және негізгі сын есімді табады;
  • негізгі, туынды сын есімді ажырата алады;

«Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. «Атамұра баспасы» 2018 ж.

Қосымша №2

оқулық

Слайд-1

Слайд -2

Слайд -3

Қосымша №3

Қорытынды бөлім

35-40 минут

5 минут

Рефлексия

Оқушыларға сұрақтар қойылады:

- Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

- Сабақтан не үйрендіңдер?

- Саған не ерекше қызықты болды?

(Ө; Қ) Өзін-өзі бағалау кестесін толтыру.

Бағалау критерийлері

Қолым

нан келеді

Көмек

қажет етемін

- мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтаймын;

-негізгі және туынды сын есімдерді ажыратамын;

-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетемін;

Үй тапсырмасы: 8- жаттығу, ұйқасын тауып оқу

Қосымша №4

Қосымша ақпарат

Саралау

Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланысденсаулық пен қауіпсіздік

Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін,

көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі.

Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалау, жұпта бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдері.

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі әдіс.

1:

2:

Келесі сабақты жоспарлауға септігін тигізетіндей осы сабақтан сыныптағы және жеке оқушылар жайлы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу