1.Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_42-сабақ_Түбір сөз және туынды сөз_ҚМЖ
Қысқа мерзімді жоспар
Пән:Қазақ тілі Бөлім:Уақыт Сабақ тақырыбы 42-сабақ. Түбір сөз және туынды сөз | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні:Каирова К. У | |||||||||||
Күні: | ||||||||||||
Сынып: 3 «А» | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау; 3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату. 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзету | |||||||||||
| ||||||||||||
Бағалау критерийлері | негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасайды, түбірлес сөздердің мағынасын ажыратады; өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік/өмірбаян жазады; жіберілген орфографиялық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзетеді. | |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік сөздер Түбір сөз және туынды сөз, өмірбаян. Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар:
| |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Уақытты ұтымды, пайдалы іске қолдана білуге баулу; Оқушыларды уақыттың қадірін білуге, оны қастерлей білуге тәрбиелеу. | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Жаратылыстану | |||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасай алады, түбірлес сөздердің мағынасын ажырата біледі. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі. (Ұ, Ж) «Он сұрақ» әдісі Мұғалім кез-келген бір оқушыны ортаға шақырады. Оның маңдайына тақырып (түбір сөз, туынды сөз т б) жазылған стикерді жабыстырады. Оқушы сыныпқа он сұрақ қояды. Оқушылар сұраққа қысқаша «ия», «жоқ» деп жауап қайтарады. Мысалы:
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады. | |||||||||||
Сабақтың ортасы 4 минут 8 минут 5 минут 5 минут 8 минут | ІІ. Негізгі бөлім (МК, Ө) Көркем жазу. Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету. Оо ООО ооо Отан озық олжа оңға оқымысты оқушы отбасы 3.2.4.1, 3.4.2.1 (Т,Ж;МК; Т) 18-жаттығу. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді түсініп оқы Ұтымды жауап
Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылады. Берілген сұрақтарға жауап алу арқылы мәтіннің негізгі ойы анықтатылады. Атақты суретші туралы не білетіндерін әңгімелеп, ой бөліседі. Сонымен қатар Ә. Қастеевтің Н.Г. Хлудовқа берген жауабын топта талқылайды. Мәтіннің кімнің атынан баяндалып тұрғанын анықтайды. Мәтіннен туынды сөздерді тауып, дәптерге қатесіз көшіріп жазады. Бағалау дескрипторы:
3.4.2.1, 3.3.5.1 (ҰЖ) Шығармашылық диктант
Мен бақытты баламын. Мен бақыт… баламын , Шырқап әнге саламын. Егемен... елімнің, Жұлдызы боп жанамын. Каирова К. У. Оқушылар шығармашылық диктантты топта талқылап, дәптерлеріне көшіріп жазады. Туынды сөздің жасалу жолына назар аударады. Бағалау дескрипторы: - Көп нүктенің орнына тиісті жұрнақты қояды; - Туынды сөз жасайды; - Қатесіз көшіріп жазады; 3. 4.2.1, 3.3.5.1 (МК; Ө; Ұ; Қ) 19-жаттығу. Мақалдың қатесін түзеп жаз.
Оқушылар тапсырманы жұпта орындайды. Болған соң ортаға шығып ой бөліседі. Соңында дәптерге көшіріп жазады. Бағалау дескрипторы:
3. 4.2.1 (МК; Ө; Ұ; Қ) 20-жаттығу. Берілген жұрнақтардан жаңа сөз жаса.
Ой сергек! Бейнежазбадағы әуен ырғағымен билеу. 3.4.2.1, 3.3.5.1 Шығармашылық үзіліс. Саралау. «Балық аулау» ойыны Түбір сөз бен туынды сөзді тап!
1-топ
2-топ
Оқушылар екі топқа біріктіріледі. Ойын шарты түсіндіріледі.Әр топқа берілген тапсырмаларды өзара ақылдасып, дұрыс шешім қабылдайды. Топтар білімдерін ортаға салады. Балықты көп аулаған топ жеңімпаз атанады. Болған соң дәптерге қатесіз көшіріп жазады. Бағалау дескрипторы: - жұрнақтардан жаңа сөз жасайды; - түбір сөздерді табады; - туынды сөздерді ажырата алады; - сөздерді қатесіз жазады. | №1 Дәптермен жұмыс 4-слайд «Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жумабаева А., «Атамұра баспасы» 2018 ж. №1 Дәптермен жұмыс №1 Дәптермен жұмыс №1 Дәптермен жұмыс 5-слайд Интерактив ті тақта 6-слайд №1 Дәптермен жұмыс | ||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия: Сабақты қорытындылау.
Оқушылардан кері байланыс алынады. Үй тапсырмасы 16-жаттығу | 7-слайд | ||||||||||
Саралау– оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру. Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі. | Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалау, жұпта бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады. | Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру