Негізгі және туынды сын есім_ Презентация
Қазақ тілі 3- сынып
Тарау аты Су – тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы
№ 104сабақ. Негізгі және туынды сын есім
(«Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Ә.Е. Жұмабаева, Г.И. Уайсова, Г. Т. Сәдуақас Алматы «Атамұра», 2018 ж.)
Құрастырған Калимова З.Б.
Сабақтың мақсаты
мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;
сөз құрамы сызбасы негізінде негізгі және туынды сын есімдерді анықтайды;
мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
«Бір қадам алға» әдісі
Мұғалім есіктен кіргеннен өткен материалдарға байланысты сұрақтар қояды.Жауап дұрыс болса, бір қадам алға жылжиды, қате болса, бір қадам артқа шегінеді. Мұғалім үстеліне жеткенше, бірнеше сұрақ қою арқылы оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландырып алады.
Сын есім дегеніміз не?
Сын есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?
Туынды сын есім дегеніміз не?
Негізгі сын есім дегеніміз не?
Туынды сын есімге мысал айт
Негізгі сын есімге мысал айт
Сұрақтар
Күн қандай?
Бүгін неге жаңбыр жаумайды деп ойлады?
Не себепті үйден жейдешең шықты?
Бір уақытта не басталды?
Бұлттар неден жылдам екен?
Өлеңге қандай тақырып ұсынар едің?
Шығармашылық үзіліс
«Ойлан, тап» ойыны
Мөлдір, түссіз, аққыш, дәмсіз, сұйық (су)
Ақ, ұлпа,ерігіш, мұздай,қалың, қиыршықты (қар)
Сұйық,өткінші, қарлы,ақ, сылбыр (жаңбыр)
Тест
1.Түбір сөзден болған сын есім
а) туынды ә) негізгі б) сын есім
2. Туынды сын есімдер қатарын тап
а) сүтті, ұсақтау, көкшіл ә) таза, қалың, әдемі б) әдепті,ақ, жүзгіш
3. Түбірі зат есімнен жасалған сын есімдер қатарын тап
а) сүтті, ақылды, бұлтты ә) білгіш, тапқыш,жүзгіш б) мөлдір,биік, кішкентай
4.Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есім
а) сын есім ә) негізгі б) туынды
Рефлексия
- Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
- Сабақтан не үйрендіңдер?
- Саған не ерекше қызықты болды?
Өзін-өзі бағалау кестесі
Сен
мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтай аласың;
сөз құрамы сызбасы негізінде негізгі және туынды сын есімдерді анықтайсың;
мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзете аласың;
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру