1.Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_41-сабақ_Түбір сөз және туынды сөз_ҚМЖ
Қысқа мерзімді жоспар
Пән:Қазақ тілі Бөлім:Уақыт Хронологиялық даталардың көмегімен өмірбаянымды жазамын. Сабақ тақырыбы 41-сабақ. Түбір сөз және туынды сөз | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні:Каирова К. У | |||||||||||||||||||||
Күні: | ||||||||||||||||||||||
Сынып: 3 «А» | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату; 3.3.2.1 өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік/өмірбаян жазу; 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету; | |||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасайды, түбірлес сөздердің мағынасын ажыратады; өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік/өмірбаян жазады; кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдетіп жазады. | |||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік сөздер Түбір сөз және туынды сөз, өмірбаян. Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар: Мәтін арқылы Бекжанның өмірбаянын біле алдың ба? Бекжанның өмірбаянын білу үшін сендер қандай сұрақ қояр едіңдер?(саралау сұрағы) | |||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Уақытты ұтымды, пайдалы іске қолдана білуге баулу; Оқушыларды уақыттың қадірін білуге, оны қастерлей білуге тәрбиелеу. | |||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Жаратылыстану | |||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын және оларды сөйлеу барысында қолдана біледі. | |||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 4 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі. (Ұ, Ж) «Карусель» жаттығуы Ойын шарты: оқушылар екі топқа бөлініп, ішкі және сыртқы қосарлы шеңберге бір-біріне бетпе-бет қарап, екі шеңбер құрады. Ішкі шеңбер – қозғалмайтын шеңбер, шеңбер ортасына олар арқасын беріп тұрады. Сыртқы шеңбер – қозғалмалы, шеңбер ортасына бетін қаратып тұрады. Әрбір оқушы өзіне қарама-қарсы тұрған оқушыға бір сөйлем айтып, оңға қадам жасайды. Сөйлем қойылған мақсатқа байланысты болады. Мысалы, «бұрыш» сөзін ауыспалы, тура мағынада мысалдар келтіре отырып, дәлелдеп айтуын сұрайды. Келесі оқушы сол сөздермен сөйлем құрап айтуына болады. Әрқайсысы жаңа әріптесі келген сайын өткен тақырыптарға байланысты сұрақтар қойып отырады. Мысалы:
Жаттығудың бұл түрі барлық оқушылардың белсенді жұмысқа тек өзінің таңдауымен ғана емес, әртүрлі серіктерімен бір мезгілде араласуына мүмкіндік береді. Қолдарына сөздер жазылған карточкалар таратып үш топқа бөлу: түбір, жұрнақ, жалғау Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады. | |||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 3 минут 3 минут 7 минут 4 минут 7 минут 8 минут | ІІ. Негізгі бөлім 3.3.6.1 (МК, Ө) Көркем жазу. Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету. Ее ЕЕЕ еее Ескендір ескек есім еңселі егеменді елтаңба елгезек Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады. 3.3.6.1, 3.3.2.1 (Т,Ж;МК; Т) 15-жаттығу. Мәтінді рөльге бөліп оқы. Оқушылар тыңдарманның назарын өздеріне аударып, мәтінді рөлге бөліп оқиды. Ден қояды сөзінің мағынасы ашылады. Орфографиялық сөздікпен жұмыс. Ден қою- назар аудару
Ақпаратты оқы. Қандай түсінік алдың? Өмірбаян – дегеніміз адамдардың өмірі туралы әңгіме. Жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат. Өмірбаян адамның туған жылы, айы, күнінен басталады. Одан кейін тұрған мекенжайы, отбасында қанша адам тұратыны баяндалады. Оқушылар мәтін арқылы Бекжанның өмірбаянын қаншалықты білгенін айтып, өз ойларымен бөліседі. Сұрақ дайындау үшін оқулықтағы жаңа ақпарат оқытылып, талдау жасалады. Бекжанның өмірбаянын білу үшін өздері қандай сұрақтар қоятынын топта талқылап, өз ойларымен бөліседі. А4қағазға жазады. Ортақ шешімге келіп, жұмыстарын топта жариялап іледі. Өмірбаян құрылымын талдау. Өмірбаян құрылымын талдауда төмендегі қадамдар ескеріледі: 1) өмірбаянның жеке адамның атынан жазылатыны; 3) қай жақтан берілетіні; 2) хронологиялық даталардың болуы. Оқушылар өмірбаян құрылымын басшылыққа ала отырып, өз өмірбаянын дәптерге жазады. Топтағы оқушыларға өмірбаян құрылымын сақтап, өз өмірбаянын жазу ұсынылады. Мұғалімнің басшылығымен өз жұмысын тексеріп, қатемен жұмыс жасайды. Сөздерді салыстырып, мағынасындағы өзгерісті байқату.
Түбір сөзге жұрнақ жалғау арқылы туынды сөз жасау туралы түсінік қалыптасады. Ата – ататай, қазақ – қазақша сөздерін сөз құрамына талдайды. Ым-ишара арқылы сезімін білдіру. Туған-туысқандарын қалай жақсы көретінін, сезімдерін қалай білдіретіндерін ым-ишара арқылы көрсетеді. Бағалау дескрипторы:
Сергіту сәті. Дене шынықтыру жаттығулары жасалады. 3.4.2.1 Шығармашылық үзіліс 17-жаттығу. Ойлан, тап! Сұрақтың жауабын сөздіктен біліп ал. Оқулықта берілген тапсырманы оқиды. Берілген сұрақ бойынша іздену жұмысын жүргізеді. Сұрақтың жауабын сөздіктен қарап анықтайды. Орфографиялық сөздікпен жұмыс. Қозы жасы- ұл бала 10 жасқа толған соң, оған қозы бақтырған. Сондықтан осы жасты "қозы жасы" деп атаған. Бағалау дескрипторы:
3.4.2.1 (Ө, Ж, Ж.) Кестемен жұмыс. Берілген сөздерді сәйкестендір. Оқушылар тапсырманы алдымен жеке орындайды. Содан соң жұпта тексеріп, бір-бірінің қатесін дұрыстап, түзетеді.
Бағалау дескрипторы:
3.4.2.1 (Ж, Ж) Берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырат. Оқушылар тапсырманы жұптасып орындайды. Жұпта талқылап болған соң ортада қорғайды. Құрақ, құрақтар, күйші, күйшінің, оқушы, оқушыға, теңізшіні, теңізшілер, теңізден, кітаптар, қобызшылар, ауылдарға, үйге, өнерлі. Қабілеті жоғары оқушыларға өздері қалаған екі-үш сөзбен сөйлем құрастырып жазу тапсырылады. Бағалау дескрипторы:
| №1 Дәптермен жұмыс 4-слайд «Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жумабаева А., «Атамұра баспасы» 2018 ж. №1 Дәптермен жұмыс 5-слайд Интерактив ті тақта 6-слайд | ||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 4 минут | Рефлексия: Сабақты қорытындылау. «Менің білетінім,...» «Бүгін білдім, ....» «Есімде сақтаймын, ...» оқушылардан кері байланыс алынады. Үй тапсырмасы 16-жаттығу | 7-слайд | ||||||||||||||||||||
Саралау– оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||
Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру. Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі. | Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалау, жұпта бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады. | Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | ||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру