«Жемістер концерті». Музыка, 1 сынып. Сабақ жоспары.
7 - бөлім: «Тағамдар мен сусындар»
| Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: Магавина Г. Ғ. | |||||
Сынып: 1 «А» | Сабаққа қатысқан оқушылар саны: | Сабаққа қатыспаған оқушылар саны: | ||||
Тақырып: | «Жемістер концерті» | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 1.1 Ән айту және музыкалық аспаптарда ойнау (жеке және топ құрамында) 1.1.1.1 тосыннан қосыла отырып, қарапайым музыкалық материалды жатқа ойнап ән айту1 4.1 Музыканы талдау және бағалау 1.4.1.1 қажеттілігіне қарай өз жұмысы туралы пікірін айту; | |||||
Сабақ мақсаты |
| |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: музыканың түрлі көңіл-күйін нақты жеткізе алады. Пән лексикасы мен терминологиясы: Ырғақ Оркестр Дирижер Диалог үшін қажетті сөз тіркестері: Жеміс, жидек атаулары Талқылауға арналған сұрақтар: Бұл жеміске қандай аспап ұқсайды? Өз ырғағыңды сен қалай бағалайсың? Сен қандай музыкалық аспапта ойнадың? | |||||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтасық- басқалармен жұмыс істеу, пікірлерді құрметтеу. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Өнер – бейнелеу өнерінде де қолданылатын «ырғақ» тұсініктемесін музыка сабағында оның ұқсастығы мен айырмашылығын талқылайды Дүниетану- жеміс және жидекті атауларын айту, оқушылардан ол жемістердің қалай өсетіні жөнінде ақпарат беру. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация көрсетуде қолданылады | |||||
Бастапқы білім | Оқушылар пауза белгісімен танысты, «Жарайсың» әнін үйренді, пауза мен жемістерді қолдана отырып, ырғақ ойлап тапты | |||||
Жоспар | ||||||
Сабақ кезендері | Жоспарланған іс-шаралар | Ресурстар | ||||
Музыкалық сәлемдесу Сә-ле-мет-сіз-бе! (Соль-ми-соль-соль-ми) Ынтымақтастық ахуалын орнату «Мен өзімді қай жеміске ұқсатамын?» (Оқушылар кілемнің үстінде еркін түрде отырады Өздерін жеміс түрлене ұқсатып ассоциация ойларын білдіреді.) Мұғалім:
(әр оқушы өз ойымен бөліседі. ) Сабақ тақырыбын ашу:
Жеміс жидектер барлығы бір уақытпен, ырғақпен өседі, піседі. Ырғақ сөзі ол табиғаттағы барлық заттарға тән. Дүниетану сабағында сендер олардың өсіп пісуі туралы айтсаңдар. Ал музыка сабағында жемістерді қолдана отырып ырғақтар мен музыка ойнап көреміз. Сабақтың SMART мақсатымен оқушыларды таныстыру:
Ырғақтық тапсырма Оқушыларды топтарға бөлу Сыныптың ішінде ілініп тұрған жемістердің суреттері арқылы топтарға бөлу. 1 топ- алма 2 топ- шие 3 топ- құлпынай Оқушылар сынып қабырғасында ілініп тұрған түрлі жемістердің суреттерін тауып алады, сол жемістер бойынша үш топқа бөлінеді.
Балалар бұл жұмыстың тиянақты жақсы орындалуы үшін не қажет? (Оқушылармен топта жұмыс жасау ережесін еске түсіру, бағалау критерийлерін анықтау) (оқушылар топтарда берілген карточкалардан ырғақ құрастырады, құрастырған ырғақтарын қол шапалақтап ойнап көрсетеді.) Өзара бағалау Әр топ бір топты бағалап, ырғақты соғу кезінде тексереді. «Оркестр мен дирижер» ойыны
Қазір біз сендермен бір ойын ойнамыз. Әр оқушы бір аспапта ойнайды, және тек өзінің жемісінің суреті болған кезде ырғақ соғуы тиіс. Егер мен суретте бос орынға көрсетсем ол кез кідіріс деген сөз ал егер мен қолымдағы таяқшамен шеңбер жасасам онда барлық оқушылар бірге ойнайды деген сөз.
Екі оқушыға дирижер болуды ұсыну (Мұғалімнің көрсетуі бойынша оқушылар ырғақ соғады) Балалар, біз сендермен ырғақ соқтық, ал мен не істедім? (оқушыларды дирижер сөзімен таныстыру, дирижер туралы білетін ақпаратты сұрау)
оқулықта қандай оркестрдің суреті бар? Ал енді балалар біз сендермен оркестр жасаймыз. Айтыңдаршы, оркестр деген не? Оркестрді кім басқарады? Дирижер оркестрге не үшін қажет? Музыка тыңдау: Балалар біз де бүгін оркестр мүшесі боламыз, жаңағы ойын кезінде де біз ырғақтық оркестр жасадық. Ал енді біз балалар аспаптар оркестрін жасаймыз. Ол үшін ең алдымен оркестр мүшелері орындарына жайғасып, сүйемелдейтін музыканы тыңдауы қажет. (музыка тыңдау аймағында музыка тыңдау) М. Будашкин «Концерт №4» Оқушыларды топтарға алмастыру сандар бойынша 1 жұп - металлофон 2 жұп - бубен 3 жұп - маракастар 4 жұп - тоқылдақ, тұяқтас 5 жұп - үшбұрыш, асатаяқ Музыкалық-орындаушылық әрекет Балалар оркестрін құру
Оқушылар қай аспапта ойнағанын, және ол аспапта қандай дыбыстар шыққанын айтады? Өз орындауын бағалайлы Ән үйрену және айту «Жемістер концерті» сөзі А.Естенов, муз А.Тани Шие ойнап органда, Концерт берді орманда. Алма бұлбұл сайрады, Сауын айтап сол маңға. Қайырмасы: Әсем сазды ән өріп, Шырқап берді сары өрік Би билейді жүзімдер, Бойы балқып тәні еріп. Қобыз тартқан шабдалы Достарынан қалмады. Төкпе күйді алмұрт та Домбырада жалғады. Әнге аспаптармен ырғақтық сүйемелдеу жасап сыныппен орындау Рефлексия: «Жетістік баспалдағы» Оқушылар 1, 2, 3 деңгейге өздерінің есімдерін баспалдаққа жапсырып, түсініктеме береді. Сабақтағы іс-әрекеттер туралы өз ойларымен бөліседі | Металлофон аспабы Муляж жемістер салынған себет Презентация Алма, шие, құлпынай, алмұрт, шабдалы суреттері Пауза белгісі, және жеміс суреттерін әр топқа тарату Музыкалық аспаптар Синтезатор, оқушыларға әннің сөзін беру Музыкалық аспаптар | |||||
Дифференциация – көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Неғұрлым қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік | ||||
Аспапта ойнаған кезде оқушылардан дыбыс күшін қадағалауды сұрау. Ырғақты соғуда қиналатын оқушыларға жеке көмек көрсету, көпіршелер орнату | Бақылау, тыңдау Өзара бағалау Өзін зі бағалау Бағалау критерийлері бойынша | • сабаққа қажетті құралдарды алдын-ала қарап, оқушылардың денсаулығымен өмір қауіпсіздігіне қауіптің жоғына көз жеткізу Оқушылар жемістердің адам ағзасына пайдасы жөнінде ой білдіреді. | ||||
Рефлексия Сабақтың мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма? Оқушылар бүгін нені үйренді? Сабақтағы көңіл-күй неге ұқсас болды? Менің дифференциялық тұрғыдағы көзқарасым жақсы жұмыс істеді ме? Мен уақытында үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер енгізуді қалар едім? |
| |||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру