«Ауа райы». Музыка, 1 сынып. Сабақ жоспары.


4 - бөлім: «Қоршаған әлем»

Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні: Магавина Г. Ғ.

Тақырып:

«Ауа райы»

Сынып: 1

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.1.1 ұлттық музыканы және өзге әлем мәдениеті музыкасын тыңдау және сезіну

1.3.1.2 қарапайым тіл, қимыл және музыкалық көрсетілімді қолдана отырып өз ойлары мен сезімдерін испаттау арқылы музыканы сезіну

1.1.1.1 тосыннан қосыла отырып, қарапайым музыкалық материалды жатқа ойнап ән айту

1.1.2.1 өзге орындаушыларға тосыннан қосылу

1.4.1.1қажеттілігіне қарай өз жұмысы туралы пікірін айту;

Сабақ мақсаты

Ауа райы туралы музыканы тыңдау, музыкалық терминдерді қолдана отырып музыкадан алған әсерін, музыканың көңіл-күйін қарапайым тілмен жеткізу

Дыбыстар мен символдар арсындағы байланысты түсіндіру

 Жетістік

 критерийлері

Табиғат құбылыстарын бейнелей алады

Соль және ми ноталарын металлофон аспабымен әндетіп бере алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

музыканың түрлі көңіл-күйін нақты жеткізе алады.

Пән лексикасы мен терминологиясы:

  • жылы
  • суық
  • жаңбыр
  • күн
  • жел
  • дауыл
  • ауа райы
  • мажор
  • минор

Диалог үшін қажетті сөз тіркестері:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Музыкадан сіз қандай әсер аласыз?

Сіздер естіген дыбыстарды сипаттай аласыздар ма?

Неліктен... екенін айта аласыздар ма?

…солай ойлайсыз ба?

 Құндылықтарды

 дарыту

Ынтымақтасық - басқалармен жұмыс істеу, пікірлерді құрметтеу.

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүние тану сабағымен байланыс- ауа райы құбылыстарын тыңдау, қимылмен бейнелеу.

 АКТ қолдану

 дағдылары

Бейне көрсетілім қарау

Бастапқы білім

Оқушылар кіші терция интервалын қолдана отырып дыбысты таза алу қабілеттерін дамытып, ырғақты сақтай отырып, әндерді жаттап,музыкалық-шулы аспаптармен тәжірибелер жүргізуді бастады. Олар қарапайым ырғақтық суреттерді ажырата және динамикалық қарама-қайшылықтар мен тәжірибе жүргізе алады..

Жоспар

Сабақ кезендері

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Кіріспе бөлім

Негізгі бөлім

Қорытынды бөлім

Оқушыларды ұйымдастыру

  • Сәлеметсіздер ме, балалар!

Оқушылар әуендеп амандасады

  • Сәлеметсіз бе!

Дыбыстарды тыңдау:

  • Балалар, біз түрлі дыбыстарды тыңдаймыз. Бұл қандай дыбыстар? Оларды қайда естуге болады?

(оқушыларға әр түрлі ауа райы құбылыстарының дыбыстары тыңдатылады)

  • Балалар, сіздер жаңа қандай дыбыс естідіңдер? Осы дыбыстарды қандай бір топқа жүйелеу болады?

Оқушылар (ауа райы құбылыстарының дыбыстары: жаңбырдың жауғаны, желдің лебі, күн күркіреуі және т.б. деп жауап береді.)

Сергіту сәті:

  • Қазір осы дыбысты қайта тыңдап дыбысқа сәйкес қимылдар жасаймыз!

Балалар, қанеки бәріміз шеңберге тұрайық

(балалар мұғаліммен бірге шеңбер бойымен тұрып, дыбыстарға сәйкес қимылдар жасайды.

Мысалы, жел болса, қолдарын көтеріп шайқайды, жаңбыр болса қолдарын жиі- жиі шапалақтатады ж.т.б.)

  • Жаңа естіген дыбыстарға сіздер әр түрлі қимыл жасадыңдар. Қимылдардың өзгеруі арқылы біз табиғаттың құбылыстарын қалай жеткіздік?
  • Қимылдар қандай болды? Неліктен?
  • Бұл ауа райы құбылыстарының әрқайсысы қай жыл мезгілдерінде болады?

(оқушылармен осы сұрақты талқылау)

Ән орындау

В. Емельяновтың фонопедиялық жаттығулары жасалады

Соль және ми ноталарын қайталау

  • Балалар, бүгін жаңа ән үйренеміз, ол ән соль-және ми ноталарымен айтылады. Олай болса соль, ми ноталарын қол белгілерімен есімізге түсірейік.

(Соль ми ноталарын синтезатор аспабы сүйемелдеуімен қайталайды.)

Бейнекөрсетілім қарау:

«Жау, жау, жау жаңбыр» әні

Мұғалім аспапта жаңа әнді орындап береді

  • Жау-жау, жау жаңбыр,

Күннің көзі шыққанша

Қуанамыз біз саған

Шаттанамыз біз саған!

  • Жау- жау, жау жаңбыр!

Көңілімді көтерші

Жау- жау, жау жаңбыр!

Қолдарымды сулашы!

  • Жау- жау, жау жаңбыр!

Соль ми соль соль ми

Доппенен мен ойнаймын

Соль соль ми ля, соль соль моль

Жау- жау, жау жаңбыр!

Фа ре фа фа ре

Достарыммен ойнаймын.

Соль фа ми ре ми до,до

Шығармашылық жұмыс:

  • Балалар, енді осы әннің ырғағын қол шапалақтап соғып көрсетейік.

Оқушылар мұғаліммен бірге әннің ырғағын соғады

-Ал адымдап ырғағын жеткізуге бола ма?

Ырғақты адымдау арқылы соғу.

Аспаптата сүйемелдеу

  • Әнді тыңдадық, айттық, келесі кезекте менің қолымдағы аспаппен орындап көреміз.

Мына аспапта әр дыбыс әр түрлі түспен белгіленген

Ал біз үйренген әнде екі нота бар ол біз қайталаған соль және ми ноталары. Қазір мен әрқайсыларына карточка таратып беремін. Осы карточкаға карап кай буынға қандай түс ойналатынын білесіңдер.

Соль

Ми

Соль

Соль

Ми

жау

жау

жау

жаң

быр

  • Балалар, біз қазір бірінші жолын аспапта ойнап айтамыз, егер бір бала аспапта ойнаса қалғандарымыз қол белгілерін көрсетеміз. Және әуендеп айтамыз.

Оқушылар бір- бірден аспапта ойнайды, қалған балалар әннің сөздерін айтып, қол белгілері арқылы көрсетеді.

  • Ал, енді балалар әнімізді толық орындайық. Аспаптарды алып өздерің сүйемелдеу жасаңдар.
  • Балалар, бүгінгі сабағымыз аяқталды. Енді сабақта қандай көңіл- күйде болдыңдар, соны алдарыңда жатқан смайликтер арқылы көрсете аласыңдар.

Оқушылар өз көңіл-күйлерімен смайликтерді арқылы көрсетеді.

Қызыл- қызықсыз, ештеңе түсінбедім,

Жасыл- бәрі тамаша, түсіндім

Сары- ішім пысты

синтезатор

Шегіртке, құстар, жаңбыр, күн күркіреуі, судың аққаны, боранның дыбысы

Слайдта дыбысқа сәйкес суреттер көрсетілген

Кервиннің жүйелік қол белгілері- соль және ми ноталары

Бейнеролик «Жау, жау, жау жаңбыр»

https://www.youtube.com/watch?v=Izq1E6b4WlQ

Интерактивті тақтада әннің сөздері

Тақтада әннің ырғағы флэш- картада көрсетіледі.

Металлофон аспабы

Оқушылар интерактивті тақта арқылы ноталарға тиесілі түстерді көреді.

Музыкалық шулы аспаптар, оқушылар қолдарымен жасаған аспаптар

Бағдаршам түстерімен жасалған смайликтер

Дифференциация – көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Неғұрлым қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Құндылықтармен байланыстар (тәрбиелік элемент Пәнаралық байланыстар

Денсаулық және қауіпсіздік

Ауа райы құбылыстарының қимылдарын жасаған кезде кейбір оқушыларға көмек көрсету.

Аспапта ойнаған кезде оқушылардан дыбыс күшін қадағалауды сұрау.

Бақылау, тыңдау

Оқушылар уақытында тоқтап, қосыла алама?

Дыбыстарды қайталап даусымен шығара ала ма?

Үнтаспадан естілген дыбыстарды анықтай ала ма?

дыбыстарды аспаптармен келтіре ала ма?

Металлофон аспабында әуенге сәйкес ойнай ма?

• сабаққа қажетті құралдарды алдын-ала қарап, оқушылардың денсаулығымен өмір қауіпсіздігіне қауіптің жоғына көз жеткізу

Рефлексия

Сабақтың мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма?

Оқушылар бүгін нені үйренді?

Сабақтағы көңіл-күй неге ұқсас болды?

Менің дифференциялық тұрғыдағы көзқарасым жақсы жұмыс істеді ме? Мен уақытында үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер енгізуді қалар едім?

Осы бөлімді сабақтың рефлексиясы үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағандағы Сіздің сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу