«Менің дауысым». Музыка, 1 сынып. Сабақ жоспары.


1А бөлім: Өзім туралы

Көкшетау қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 15.09.2015

Мұғалімнің аты-жөні: Магавина Г.

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

«Менің дауысым»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1 Ән айту және музыкалық аспаптарда ойнау (жеке және топпен)

        • тосыннан қосыла отырып, қарапайым музыкалық материалды жатқа ойнап ән айту

1.2 Музыкалық түсінікті дамыту

1.1.2.1 өзге орындаушыларға тосыннан қосылу

 Сабақ мақсаттары

  • оқушылар музыкадағы «екпін» термині мен оның сипаттамаларымен танысады;
  • жылдам және баяу әндерді орындайды;
  • екпіні жылдамнан баяуға немесе керісінше ауысатын музыка ойлап табады.

 Жетістік

 критерийлері

қажет уақытта өзге орындаушыларға тосыннан қосыла алады

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:дыбыстардың құрылуы мен өзгеру тәсілдерін сипаттап, олардың музыкадағы мағынасын түсініп көрсете алуы керек..

Пән лексикасы мен терминологиясы

екпін- темп- tempo

баяу-медленно-slowly

жылдам-быстро-quickly

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері

Музыка қалай өзгерді?

• Музыка нені еске түсіреді?

• Музыканы басқаша қалай өзгерте аламыз?

• Сіздің ұсынысыңыз қандай?

 Құндылықтарды

 дарыту

Ынтымақтастық

Ағылшын тілі

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану – оқушылар күнделікті өмірдегі жылдам және баяу қозғалыс жайлы айтады.

Математика- оқушыларға суреттерде көрсетілген өлшем бірліктері туралы түсіндіріледі

 АКТ қолдану

 дағдылары

Бұл сабақта АКТ дағдылары қолданылмайды

Бастапқы білім

Оқушылар соль и ми ноталарымен танысты, қол белгілерін қосып айтып үйренді. Сыныппен біргі «Сәлем» әнін орындады. Қатты және ақырын ұғымымен танысып әнді қатты және ақырын айта білді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

Оқушылардың сыныпқа кіру кезінде жылдам және баяу музыка кезекпен қосылады

Музыкалық сәлемдесу:

«Қайырлы күн»,

«Добрый день»

«Good day»

Әуеннің қозғалысын мұғалім қолымен көрсетіп сәлемдесуді өзі бастайды

кейін бүкіл сыныппен қайталайды

қол белгілерін қолдана отырып, «соль-ми» интонациялық әуенімен орындау

  • Балалар сендер сыныпқа кірген кезде қандай музыка тыңдадыңдар? Музыка қалай өзгерді?

/Екпін жылдам немесе баяу сияқты суреттелуі мүмкін./

Музыкалық шығарманың екпіні оның сипаттамасы, мазмұны және көңіл-күйіне байланысты.

Ұлудың қимыл екпіні ең баяу, ал гепардтың қимылы – ең жылдам болып табылады. Екі жануардың суреті көрсетілген. Сонымен бірге олар баяу және жылдам қозғалыс жылдамдықтары арқылы қарама-қарсы нұсқада көрсетілген. / оқушыларға суреттерде көрсетілген өлшем бірліктері туралы түсіндіріледі/

Музыка тыңдау: В. Косенконың «Жаңбыр» пьесасы

- Пьесада тамшылардың тез, содан соң баяуырақ түсу бейнелеу әдісі жақсы көрсетілген.

Оқушылардың музыкада жаңбырдың баяу басталып жылдам жаууға ауысқанын тыңдауларын сұраңыз.

Оқушылардан сынып бөлмесіндегі заттарды қолдана отырып жаңбырдың дауысын қалай келтіреді

/Мысалы, оқушылар жаңбыр дыбыстарын қарындашты тоқылдатып көрсетулері мүмкін./

Шығармашылық тапсырма:

топтарда жаңбыр музыкасын шығару

Бұл тапсырма үшін оқушылар топтарға бөлінеді. Жаңбырдың ақырын басталып, күшейгенін көрсетуді дайындайды

Орындау-ән айту:

Оқушыларға ағылшын тілінде «Twinkle Twinkle Little Star» әнін тыңдату

Бейнекөрсетілім қарай

«Twinkle, Twinkle Little Star» В.А.Моцарт

Twinkle, twinkle, little star,

How I wonder what you are!

Up above the world so high,

Like a diamond in the sky!

В небе звёздочка гори,

Нам дорожку освети.

Нам дорожку освети,

Будет нам легко идти.

Оқушылар сабақ барысында тыңдаған әуендер туралы өз ойларымен бөліседі.

Қай әуеннің екпіні жылдам, ал қай әуен баяу ойналғаны туралы айтады.

Cабақты «Қайтала» ойынымен аяқтау.

Жылдам және баяу музыка

Презентация

https://www.youtube.com/watch?v=Bw-uTiN7pXg «Дождик» В. Косенко музыка тыңдау

ағаш таяқшалар, қарындаштар, сызғыш т.б

https://www.youtube.com/watch?v=yCjJyiqpAuU

әннің сөздері әр оқушыға таратылады.

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Ән айту барысында дарынды оқушыларға «Twinkle, Twinkle Little Star» әніне 2 шумақ шығару ұсынылады

Оқушылар осы сабақта өз музыкаларын жасау үшін орындаған барлық тапсырмалар кезінде сынып бөлмесінде жүріп барлық оқушылардың қатысулары мен қаншалықты креативті екендіктерін бақылау

Жаңбырды қозғалыспен бейнелеу

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу