Музыкалық іздер. Музыка. 1 сынып. Сабақ жоспары.
Бекітемін : Оқу ісінің меңгерушісі : А.Алимова.
Бөлім : Менің отбасым және достарым. | Сабақ: Музыкалық іздер. | Мектеп : Ж.Мырзағалиев о/м | ||||||||
Күні : 12.11.2015. | Мұғалімнің аты- жөні : Кабулова Улжан Лухпановна. | |||||||||
Сынып : 1 «а,б,в,г.» | Қатысқандардың саны : | Қатыспағандардың саны : | ||||||||
Осы сабақты меңгеруге қол жеткізетін оқыту мақсаттары. | 1.3.1.2. Қарапайым тіді,ырғақтық қимылдарды және ұрмалы-шулы аспаптарды қолдана отырып, музыка жайлы өз ойлары мен сезімдерін жеткізу. | |||||||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар : Өз отбасы туралы әңгімелейді. Отбасы дегенді қалай түсінетінін әңгімелейді. Тілді барынша нақты пайдалануға ынталанады. Пән лексикасы мен тер минологиясы : Сүйемелдеу( аккомпанемент ) қатты,созыңқы .....секілді сезіледі ......секілді естіледі Диалог /жазу үшін қазетті сөз тіркестері : Талқылауға арналған сұрақтар: -Дыбысты қалай сипаттар едіңдер ? -Қандай сезімде боласың ? -....неліктен екендігін айта аласың ба? -Балғаның дыбысы қандай дыбысқа жатады.? -Етікші ата әніндегі тук-тук дыбысын қолмен көрсетіп,әндете орындай аласың ба? | |||||||||
Бастапқы білімдер | Оқушылар алдыңғы бөлімдерде ,сабақта және сабақтан тыс уақытта алған музыкалық білімдерін көрсетеді,орындайды,жасаған жұмыстарына пікір айтады.Өз шығармаларын көрсетеді. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақ сатылары | Сабақтағы жоспарланған әрекет | Ресурстар | ||||||||
0-5 минут | (Ұ,Қ ) Мұғалімнің қалауы бойынша отбасы туралы ән тыңдалады.Оқулықтағы сурет бойынша оқушылар пікірлерін айтады. Ән мазмұны мен сурет бейнесін байланыстырып өз ойларын жеткізе алады. |
Аудиожазба | ||||||||
Сабақтың ортасы 7-11 12-14 15-20 21-30 | (МК ,) Бірге қайталайық ;Отбасы-семья- family- қазақша,орысша,ағылшынша айтып үйретіңіз. (Т,Ө,Қ) Оқушыларға отбасы туралы жұмбақ жасырыңыз. Маған да,саған да Жақын туыс бес адам. Үш әріптен тұратын, Оңға оқы,солға оқы. Өзгермейді еш одан, Бәрі де өз жұратың, Айтады кәне кім атын? ( Ата,апа,ана,аға,іні. ) Оқушылардан ойланып,дұрыс шешім ұсыну-ды сұраңыз».Отбасы мүшелерінің ішіндегі ең үлкені кім?» Деген сұрақ қою арқылы» А Т А» сөзін шығарып аласыз.Оқулықтағы суреттен етікші атамен,оның құрал-саймандарымен танысып, баланың қызығушылығы ашылады. Ән үйрену;» Етікші ата» әні.Қайырмасындағы тук-тук деген балғаның шуылы дыбысын қол қимылымен көрсете отырып айырмашылығын анықтайды.Музыканың көңіл күйін эмоциялы түрде жеткізу үшін дауыс пен ұрмалы-шулы аспаптарды,музыкалық-пластикалық іс-әрекеттерді пайдаланыңыз.Есте сақтайық; Біз үйреніп жүрген барлық әндерді аспаптың сүйемелдеуімен орындаймыз.Оны музыкада сүйемелдеу деп атайды деп оқушылардың му- зыкалық сауаты ашылады. ( МК ) Сүйемелдеу-аккомпанемент- accompagnement-қазақша,орысша,ағылшынша айтып үйретіледі,танымдары дамытылады.Ән орындалып болған соң,оқулықтағы сызба бойынша оқушылар өз отбасы мүшелерінің аттарын айтып,таныстырып үйренеді.Қара - пайым тілді,қимыл және музыкалық көрсетіл - імдерді пайдаланып,музыка жайлы өз сезімде-рі мен әсерін түсіндіре алуға баулыңыз, |
Жұмбақтар жинағы.
Түрлі түсті суреттер Аудиожазба Етікші ата Д.Ботбаев Ұрмалы аспаптар. Түрлі-түсті суреттер Аудиожазба | ||||||||
Сабақтың соңы 30-35 | Ұ,Ө,Қ Қайталау.Оқушылар шеңберге тұрып,қимыл қозғалыс жасайды солға адымдау оңға адымдау, үшірет қол шапалақтау кідіріс паузы төртке дейін санау және басынан қайталау.Мұны 3 рет жасаңыз. Әрі қарай осы қимыл қозғалыстарды қайталай отырып оқушылар кідіріс кезінде « ата,әже,әке,ана »сөздерін айтады. | Ырғақтар жазылған карталар. | ||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||
Дифференциация- көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Неғұрлым қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау- оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыстар Денсаулық және қауіпсіздік АКТ-мен байланыстар Құндылықтармен байланыстар (тәрбиелік элемент) | ||||||||
Шығармашылық міндеттегі нәтижелерді дифференциациялау. Оқушы жүргізуші бола алады. Қорытынды міндеттегі неғұрлым күрделі ырғақтар | Бақылау,тыңдау,оқушыларға ойлауға берілген сұрақтар: -Отбасы дегенді қалай түсінесің? -Қандай ата туралы ән орындадық? -Әнде қандай дыбыстар кездесті? -Олардың дыбысталуының айырмашылы- ғын оқушылар ажырата ала ма? | Бейнелеу өнерімен қоршаған ортамен байланыс Басқалармен жұмыс істеу түрлі пікірлерды құрметтеу | ||||||||
Рефлексия Сабақтың мақсаттары /оқу мақсаттары шынай болды ма? Оқушылар бүгін нені үйренді? Сабақтағы көңіл күй қандай болды? Менің дифференциациялық әдісім дұрыс жұмыс істеді ме? Сабақтың барлық кезеңдерін берілген уақытта жүргіздім бе? Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер енгізуді қалар едім? | Бұл бөлімді сабақтың рефлексиясы үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағандағы өз сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз? | |||||||||
Қорытынды баға. Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті.(сабақ беру туралы,сондай-ақ үйрету туралы да ойлаңыз)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсартатын еді. 1. 2. Мен сабақ барысында сынып және жекелеген оқушылар туралы келесі сабаққа дайындалуыма көмектесетін қандай деректерді білдім? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру