Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Тақырыбы: Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару

Оқу мақсаты: 6.2.1.13

сандармен байланысты есептер шығаруда жазуларын қолдану;

Әдістемелік нұсқау.

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері:

Оқушыларды жұптарға біріктіріп, оларға тапсырма беріңіз. Мысалы:

№1. Әріпті өрнек түрінде төмендегі сандарды жазыңыз:

  • х ондық, у бірлік;
  • х жүздік, у ондық және z бірлік;
  • х жүздік, 3 ондық және у бірлік.

№2. а) және ; б), және сандарының қосындысын әріпті өрнек түрінде жаз.

№3. а) және ; б) , және

сандарының қосындысын әріпті өрнек түрінде жаз.

Оқушыларды жұптарға біріктіріп, тапсырмалар беріңіз.

Мысалы:

№1. Екі таңбалы сан өз цифрларының қосындысынан 9-ға артық. Егер бұл санның бірінші цифры екіншісінен 6-ға кем болса, осы санды табыңыз.

№2. Екі таңбалы сан өз цифрларының қосындысынан 18-ге артық. Егер бұл санның бірінші цифры екіншісінен 6-ға кем болса, онда осы санды табыңыз.

І. Ұйымдастыру.

Амандасу. Ынтымақтастық ахуал орнату.

Оқушылар бір-бірлеріне жылы лебіздерін айтады.

Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылар бір-бірінің дәптерлерін алып тексереді (өзара тексеру), тақтаға бағалау критерийлері шығарылады.

Бейнебаян көрсету.

Оқу мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру

Оқушылардан 2584 санын разрядтық қосылғыштар түрінде жазуын сұрау.

2584 cаны 4 бірлік, 8 ондық, 5 жүздік, 2 мыңдықтан құралған. Осы санды олардың қосындысы түрінде жазып көрсетуге болады:

2584 = 2*1000 + 5*100 + 8*10 + 4*1.

Сыни сұрақ: Оқушылардан және жазылуындағы айырмашылықты сұрау.

Теориялық мәлімет:

Мәтіндік есептерді шешу барысында бірлікті, ондықты, жүздікті және т.б. әртүрлі әріптермен белгілейміз және оны осындай әріптер арқылы берілген сандармен шатастырмас үшін әріптердің үстіне сызықша қоюмыз керек.

Мысалы:

Екі таңбалыс сандарды

Үш таңбалы сандарды

Төрт таңбалы сандары

Топтық тапсырма:

Дескрипторлар:

  • екі таңбалы санды формула көмегімен аша алады
  • кемінде екі есепті дұрыс орындай алады.

Мысалмен тақырыпты бекіту:

Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы 12-ге тең. Егер оның цифрларының орындарын ауыстырсақ, соңғы шыққан сан алғашқы саннан 54-ке артық болады. Алғашқы екітаңбалы санды табыңыз.

Шешуі:

Екі таңбалы санның формуласын қолданып есептеудің алгоритмін оқушыларға беріп, түсіндіру:

Жұптық тапсырма:

№1. Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы 9-ға тең. Егер оның цифрларының орындарын ауыстырсақ, соңғы сан алғашқы саннан 45-ке артық болады. Алғашқы екі таңбалы санды табыңыз.

№2. Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы 9-ға тең. Егер оның цифрларының орындарын ауыстырсақ, алғашқы саннан 63-ке кем сан шығады. Алғашқы сан қандай сан?

№3. Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы 10-ға тең. Егер осы цифрлардың орындарын алмастырып, шыққан санның бірлік цифрын 1-ге арттырсақ, онда берілген саннан екі есе үлкен сан шығады. Берілген екі таңбалы санды табыңыз.

Дарынды және қабілетті оқушыға шығармашылық тапсырма:

Бағалау критерийі:

Дескриптор

1

негізгі белгісізді анықтайды

2

негізгі белгісізді пайдаланып өрнек құрастырады

3

теңдеулер жүйесін құрады

4

теңдеулер жүйесін шешеді;

5

есептің жауабын табады

Сергіту сәті.

Фигуралардың аттарын айта отырып оқушыларға ауада орындату. Әуелі бір қолмен үшбұрыш, төртбұрыш сыздырту, сосын бір аяқпен плюс, ромб салдырту, кейін мұрын немесе көздің көмегімен басқа да фигуралар салдырту. (дене жаттығуларын орындату)

Сабақ соңында рефлексия жүргіземіз. (3 мин)

«Табыс баспалдағы» (дәптерге жазады).

  • Мен дұрыс түсінбедім . . .
  • Менде қиыншылықтар болды . . .
  • Маған барлығы түсінікті.

Үйге тапсырма:

Өзін-өзі бағалау нәтижесі бойынша өзінің ақсаған тұсын анықтап, үйден қайталау.

№1. Берілген екі таңбалы санның ондық цифры бірлік цифрынан үш есе артық. Егер осы цифрлардың орнын ауыстырсақ, онда берілген саннан 36-ға кіші сан шығады. Берілген санды табыңыз.

№2. Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы 11-ға тең. Егер осы цифрларының орындарын алмастырып, шыққан санның бірлік цифрын 7-ге кемітсек, онда берілген саннан екі есе үлкен сан шығады. Бастапқы екі таңбалы санды табыңыз.

Оқушылар бірлесе отырып жұппен жұмыс жасайды. Олар бір-біріне көмек көрсету арқылы тапсырмаларды бірлесіп шығарады. Жұппен жұмыс бойынша әр жұп шығарған есептерін талдайды.. Баяулау келе жатқан оқушыларға озық оқушылардың жеткен жетістігіне жету үшін үйде толықтырулар жасауларын сұраймын.

Оқушы бірін –бірі бағалау арқылы неге жеткенін және неге әлі қол жеткізу керектігін бағалап отырады.

Әрбір оқушыны назардар тыс қалдырмай жеке қадір-қасиетін сезіну үшін іс-әрекетіне қарай мадақтау алады.

Денсаулық сақтау технологиялары:

Баланың жас ерекшелігін ескеріп үй тапсырмасын өлшемді етіп беремін.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары: Талас тудыратын мәселеде оқушылар бірлесе жұмыс жасау мәдениетін ұстануына, белгілі бір тәртіптің болуына жағдаяттар туындатамын.

«Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару» тақырыбының 6.2.1.13 оқу мақсаты бойынша оқушыларға міндетті үй жұмысын орындауға 15-20 минуттан аспайтын уақыт жұмсайтындай тапсырмалар саны беріледі. Үйде орындау үшін тапсырмаларды күрделілігіне қарай дифференциациялауды, соның ішінде талдау, синтез және бағалауға байланысты тапсырмаларды қосуды ұсынамыз. Бұл ретте, мүмкіндігінше, оқушыларға практикалық сипаттағы тапсырмаларды ұсынған жөн.

Пайдалы сілтемелер мен әдебиеттер тізімі

  • “Tarsia” бағдарламасын жүктеу: http://soft.mydiv.net/win/download-Formulator-Tarsia.html
  • Математика. 6-сынып. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық/Т. Алдамұратова. – Алматы: Атамұра.
  • Математика. 6-сынып. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық/А. Әбілқасымова. – Алматы: Мектеп баспасы.
  • Рабочая тетрадь по алгебре: 7 класс: к учебнику А.Г. Мордковича и др. «Алгебра. 7 класс. В 2-х частях» / Е.М. Ключникова, И.В. Комиссарова. –М. : Издательство «Экзамен», 2013. –144 с. (Серия «Учебно-методический комплект»).
  • Алгебра. 7 класс : учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений / Ю.Н. Макарычев, Н.Г. Миндюк, К.И. Нешков, И.Е. Феоктистов. – 8-е изд., стер. –М. : Мнемозина, 2008. – 335 с. : ил.
  • https://twig-bilim.kz/kz/film/the-arabic-science-of-balancing
  • https://twig-bilim.kz/kz/film/european-mathematical-symbols


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу